12)Кәсіпорындағы жұмысшылар санаттарына анықтама беріңіз.
Әрбір саланың еңбек ресурстары келесі санаттарға бөлінеді: жұмысшылар, басшылар, бас мамандар, қызметшілер, кіші қызметкерлер. Бір жұмысшының тиімді жұмыс уақыт қоры мына түрде есептеледі:
ФРВ = (Дк-Дп-Дв-Доо-Ддо-Дпр)х tсм - (Дв + Дп - Дот) х tc. (27)
мұнда Дк – күнтізбелік күндер саны;
Дп – мейрам күндер саны;
Дв – демалыс күндер саны;
До,Ддо – негізгі және қосымша демалыс күндер саны;
Дпр – басқалай күндер (ауырған және мемлекеттік міндет
орындаған күндер)
tсм – жұмыс ауысымының ұзақтығы;
Дв – демалыс алдындағы күндер;
Дп – мейрам алдындағы күндер;
Дот – мейрам және демалыс күндеріне сәйкес келген демалыс күндері;
Tc – мейрам немесе демалыс алдындағы қысқартылған уақыт.
Қызметкерлердің құрамы тізімдік және жұмысқа келу саны болып бөлінеді. Тізімдік құрамға барлық тұрақты және уақытша қызметкерлер, және іс сапардағы мен демалыстағылар қоса енгізіледі. Келу құрамы – тәулік ішінде жұмысқа келген қызметкерлер саны.
Жұмысшылардың қажетті санын анықтау:
А) еңбек сыйымдылығы бойынша
Nр=Nз х ti/ФРВ х Квн (28)
Nз – бағдарлама бойынша шығарылған өнім;
ti - өнім бірлігін дайындауға кеткен нормалы еңбек сыйымдылығының мөлшері, сағ/бір;
Квн – жұмысшылардың өнімділік нормасын орындауды ескеретін коэффициент.
Б) қызмет көрсету нормасы бойынша:
Nр=NқхNcм/Но (29)
Nқ – құрал-сайман саны;
Ncм – тәуліктегі ауысым саны;
Но – қызмет көрсету нормасы.
В) өнімділік нормасы бойынша
Nр= Qөн /Wт (30)
Qө – кез келген өлшем бірлігіндегі өндіріс көлемі;
Wт – бір жұмысшының сәйкес бірліктегі өнімділік нормасы.
#
13)Жұмысшылардың кәсіпорындағы қозғалысын анықтау көрсеткіштері.
Жұмыскерлер санын анықтағанда олардың келу және тізімдік санын есептейді.
Жұмыскерлердің келу саны – өндірістік бағдарламаны орындауға қажет жұмыскерлердің саны.
Жұмыскерлердің тізімдік саны – кәсіпорынға қабылданған, оның кадрлық тізімінде тіркелген жұмыскерлер саны (іссапарларда, демалыстарда, мемлекеттік және қоғамдық міндеттерді атқаратын, сырқатқа байланысты келмеген жұмыскерлерді есебке алғандағы).
Жұмысшылардың саны келу және тізімдік саны бойынша табылады, қалған жұмыскерлер категориялары тек тізімдік саны бойынша табылады.
Жұмысшылар саны үш әдіспен анықталады:
Уақыт нормасы бойынша:
ti – i-й бұйымды өңдірудің еңбек сіңіргіштігі, нормо-сағат.
Ni –i-й бұйымды өңдіру жоспары.
- бір жұмысшының нәтижелі уақыт қоры.
Квн – нормаларды орындау коэффициенті
Штаттық жұмыс орындары бойынша:
- жабдықтың нәтижелі жұмыс уақыт қоры.
Ri – i-й жабдыққа қызмет көрсететін жұмысшылар нормасы, саны.
Қызмет көрсету нормалары бойынша:
Но – бір адам қызмет көрсететін агрегаттар саны, қызмет көрсеті нормасы.
S – сменалар саны.
ИТЖ саны жұмысшылардың жоспарлы саны және басқару нормасы негізінде анықталады. Мамандар және қызметкерлер саны штаттық кестеге қарай анықталады. КҚП саны қызмет көрсету нормалары арқылы табылады. Оқушылар саны кадрларды даярлау жоспарына сәйкес есептейді. Қорғау бөлімінің адам санын қорғалатын территория ауданына, пост санына, жұмыс смендылығына, жергілікті қалыптасқан криминальды жағдайға қарай анықталады. ӨӨП жалпы саны барлық жұмыскерлер катеорияларды қосу арқылы табылады.
Еңбек өнімділігі - тірі еңбектің нәтижелігін сипаттайды. Еңбек өнімділігін үздіксіз өсіру – өндірісті кеңейтудің және ішкі жалпы өнімді өсірудің бірден-бір қайнар көзі болып табылады.
Кәсіпорындағы еңбек өнімділігі келесі көрсеткіштермен сипатталады:
өңдірумен (ПТ) – уақыт бірлігінде шығарылған өнім көлемі:
еңбек сіңіргіштікпен – өнім бірлігін шығаруға қажет уақыт:
Іс жүзінде еңбек өнімділігін келесі формула бойынша есептейді:
#
Достарыңызбен бөлісу: |