Oh 1 «Мұғалім мамандығының ерекшеліктерін білу,оның қызметінің ерекшеліктерін талдау,профессиограмма жасау»тәжірбиесі бойынша есеп



Дата06.06.2023
өлшемі7,74 Kb.
#178355
Байланысты:
Ақбота есеп


(OH 4.1) «Мұғалім мамандығының ерекшеліктерін
білу,оның қызметінің ерекшеліктерін талдау,профессиограмма жасау»тәжірбиесі бойынша есеп
Мен Танат Ақбота «13.10.22-26.10.22» Қазан аралығында «Павлодар қаласының №37 Жалпы Орта білім беру» мектебінде (OH 4.1) «Мұғалім мамандығының ерекшеліктерін білу,оның қызметінің ерекшеліктерін талдау,профессиограмма жасау»тәжірбиесін өттім.
Тәжірбие кезінде көп қиындықтар болған жоқ.Алғашында балалардың атын жаттап,балалармен араласу қиынға түсті.Бірақ қоңырау кезінде олармен ойын ойнап,сынып құжаттарын толтыру арқылы олар туралы көп мәліметтер біліп алдым. Қонырау кезінде үлгерімі төмен балалармен жұмыс істеп,олардың дәптерін тексердім.Тек ол ғана емес мұғалімнің жеке құжаттарын толтыруға көмектесіп,кейбір сабақтарды мұғалімнің көмегімен өткізіп көрдім.Ол маған мұғаліммен және оқушылармен жақсы қарым- қатынасқа түсуге көмектесті.Балаларды қалай тыныштандыруға болатынын,жалпы мұғаліммен сабаққа назарын қалай аудартуға болатынын білдім.Үлкен қоңырауда әртүрлі ойындар ойнатқыздырдым,соның арқасында балалар сергіп,көңілдері көтеріліп қалатын.Оқушылардың мұғаліммен арақатынасын бақылап,жіті назарда ұстадым.Тек сабақ уақытында ғана емес,сабақтан тыс уақыттада мұғаліммен оқушылардың іс-әрекеттерін бақылаумен болдым. Республика мерекесіне орай бастауыш сынып оқушыларының салған суреттерін жинап,әділ бағалап,орын бердім.Бұл іс мен үшін үлкен мәртебе,әрі жауапкершілік болды.
Бұл тәжірбиелік жұмыстан мен үлкен сабақ алдым,өзім білмейтін нәрселерді үйреніп,өз мамандығымды басқа қырларынан тани алдым.Осыған дейін мен шыны керек мұғалім мамандығын тек балаларға сабақ түсіндіріп, олардың тәрбиесін бақылайтын адам деп қана танып едім,бірақ осы тәжірибесінде менің ойым түбегейлі өзгерді.Мұғалім тек педагог емес ол тәрбиеші,психолог керек десен дәрігерде бола алады екен.Жұмыстың оңайы жоқ.Басында оқушылармен жұмыс жасау қиын менің қолымнан келмейді деген сан түрлі ойлар миымды жегідей жеген болатын.Бірақ,екі апта көзді ашып жұмғанша өтіп кете шықты,азғантай уақытта мен балаларға,мұғалімге бауыр басып қалдым.Ең бастысы мен өзіме керекті заттарды ала алдым.Әлі күнге дейін мамандық тандағанда қателеспегеніме қуанамын.Алдағы уақытта тағыда басқа мектептерге барып өз тәжірбиемді жетілдірем деген ойдамын.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет