САБАҚ ЖОСПАРЫ
Күні: Пәні:қазақ тілі Сынып:7
Сабақтың тақырыбы: Наурызда берілетін баталар
А оқушы: барлық тапсырмаларды орындайды, нашар оқитын оқушыларға көмектесіп отырады.
В оқушы: тапсырмаларды сенімсіздікпен орындайды, жеңіл сұрақтарға ғана жауап бере алады.
С оқушы: өз бетінше тапсырмаларды жасай алмайды, сұрағанда жеңіл сұрақтарға жауап бере алады.
Жалпы мақсаты:оқушыларды наурыз мерекесінде берілетін баталардың мазмұнын түсіндіру және оны өмірде қолдануға мүмкіндік жасау.
Күтілетін нәтижелер: өз бетімен білім алады, ізденеді.Оқушылармен диалогтық қатынасқа түседі.Сыни ойлауға төселеді.Өздерін еркін ұстай отырып, ойларын тиянақты жеткізеді, тапқырлық қасиеттерін шыңдайды.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: ассоциация, РАФТ,топтық әңгіме, талдау, постермен жұмыс
Оқыту формалары: жеке, жұптық, топтық
Сабақтың түрі: жаңа білімді игеруге арналған сабақ.
Құрал-жабдықтар, көрнекіліктер: интерактивтік тақта, мәтін жазылған қағаздар,үлестірмелі карточкалар
САБАҚ БАРЫСЫ:
Сабақ кезеңдері
|
Мұғалім әрекеті
|
Оқушы әрекеті
|
Кіріспе
(5 мин)
|
Ұйымдастыру кезеңі.
1.Оқушылардың көңіл-күйін, сабаққа белсенділігін арттыру үшін, бәріміз бір-бірімізге жылы сөздер немесе жақсы тілектер айтамыз.
Жұмыс ережесімен танысу.
|
Шеңбер бойымен тұрады, тілектерін айтады.Оқушылар өздерінің қалаулары бойынша екі топқа бөлінеді.
Топ ережелерін естеріне түсіреді:
1.Оймызды ашық айтамыз;
2.Бір-бірімізді тыңдаймыз.
3. «Қол көтеру» ережесін сақтаймыз;
4.Бір-бірлеп сөйлейміз;
5.Бір-бірімізді түсінуге тырысамыз;
6.Уақытты үнемдейміз;
7.Әділ бағалаймыз.
|
Үй жұмысын сұрау
|
Грамматикалық тақырыпты бекіту үшін тест жұмысы жасалады.Компьютерде сол жерде тексеріледі. «Галереяға саяхат» әдісі. Сабақтың тақырыбын анықтау үшін презантация көрсетіледі, сол арқылы сабақ тақырыбымен танысу, күтілетін нәтижені анықтау. (Презентация көрсету)
|
Есімдік және оның мағыналық түрлері туралы айтады.Презентация арқылы тест жұмысын орындайды.Оқушылар презентацияны көріп, сабақ тақырыбын айтып береді.
|
Жаңа сабақ
Білу
(10 мин)
|
Әрбір оқушы алдын ала жаттап келген наурызда берілетін баталарын айтады.
Сөздікпен жұмыс
Наурыз-март
Парсы-персидский
Мереке-праздник
Теңелу-приравниваться,равняться
Тілек-желание
Бата-благословение
Тақырыпқа байланысты сұрақтар қоямын.
Миға шабуыл әдісі
1.Наурыз қандай мереке?
2.Наурыз мерекесін кімдер тойлайды?
3.Наурыз мерекесінде қандай тілектер айтылады?
4.Наурыз мерекесі жөнінде кімдер жазған?
5.Наурыз мерекесінде не пісіріледі?
6.Бата – тілектердің маңызы қандай?
-Балалар, осы сұрақтарды қою үшін мен қай сөз табын қолдандым?
- Сұрау есімдіктерін. (Сұрау есімдіктері туралы сұраймын).
|
Оқушылар жаңа сөздермен танысады. Сол сөздерді пайдаланып сөйлем құруға машықтанады.
|
Түсіну (5 минут)
|
Постермен жұмыс
1-топ: Наурыз мерекесі
2-топ: Наурызда берілетін баталар
|
Оқушылар берілген сөздерге ассосация жасайды.
Наурыз мерекесі: 22-наурыз,жаңа күн, жыл басы, бата-тілектер,наурызкөже,мұсылман халқы,табиғаттың жандануы,ұлттық ойындар,ұлттық киімдер ,күн мен түннің теңелуі
Наурызда берілетін баталар: жақсылық тілеу, қуаныш сыйлау,береке – бақыт ,той-мереке, жақсы сөз – жарым ырыс,ұлттық құндылықтарымызды сақтау, төрт түліктің амандығы.т.б.
|
Қолдану
(5 минут)
|
Дәптермен жұмыс.
Сұрау есімдіктерін қолданып, бүгінгі тақырыпқа өзара диалог құрастыру.
|
Оқушылар өздеріне берілген тапсырмаларды орындайды.
|
Талдау
( 7 минут)
|
Талдау жұмыстарын жүргізу.
1-топ: наурыз сөзіне математикалық талдау.
2-топ: кітаппен жұмыс.
|
Кітаппен жұмыс жүргізеді.
|
Топтау
Сергіту сәті
|
РАФТ әдісін қолданамын. Роза Рымбаеваның орындауындағы «Наурыз айы туғанда» әні тыңдалады.
|
Оқушылар ән мәтінінен зат есімдерді теріп жазып, бір сөзді таңдап алып, болашаққа хат жазады.
|
Қорытынды
|
Бүгінгі тақырыпқа қатысты бекіту сұрақтарын қоямын.
Сонымен, балалар наурыз мерекесінің басқа мерекелерден айырмашылығын білдіңдер ме?
Сұрау есімдіктерін қандай мақсатта қолдануға болады?
|
Оқушылар бұгінгі сабақтан алған білімдерін жинақтап, ойларын қорытындылайды.
|
Кері байланыс
|
Рефлекция. «Менің алған әсерім».Стикерге бүгінгі сабақта алған әсерлері мен тілектерін жазып, тілек ағашына жабыстырады.
Үй тапсырмасы: Буриме тәсілін қолдана отырып, наурыз мерекесіне арнап бата-тілек жазып келіңдер.
Бағалау: Оқушыларды алған білімдеріне қарай бағалаймын.
|
Оқушылар сабақтан алған әсерлерін тілек ағашына әкеліп жабыстырады.
|
Достарыңызбен бөлісу: |