Тақырыбы: «Наурыз - Көктем мерекесі»
Мақсаты:
Наурыз мерекесі туралы түсінік беру. Шығыс халықтарының мерекесі екендігін түсіндіру.
Наурызкөже, ұлттық ойын түрлері, т.б туралы айту.
Ұлттық мерекеге құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: қазақтың ұлттық тағамының суреттері, наурыз мерекесіне арналған суреттер.
Адын ала жасалатын жұмыс: суреттер қарау, қосымша әңгіме жүргізу.
Әдіс-тәсілдер: сөздік, көрнекілік, ойын, практикалық.
Іс-әрекет кезеңдері
|
тәрбиеші
|
балалар
|
Мотивациялық кезең
Ұйымдастыру кезеңі
|
Шаттық шеңбер:
Көтеріліп шаңырақ,
Уықтары шаңшылар.
Керегелер керіліп,
Өрімдей боп өрілер.
Бәріміз жүрсек айналып,
Киіз ұй боп көрінер.
Балала, қазір жылдың қай мезгілі?
Көктем мезгілінде болатын мерекелерді ата?
Наурыз мерекесі туралы не білесіңдер?
Ұлттық тағамдарын атайықшы?
Қандай Ұлттық ойындар
білесіндер?
Қонақ шақырғандағы көңіл күйіміз қандай болуы керек?
Балалар мақал мәтелдер тыңдайықшы:
« Ақ мол болсын,
Қайда жүрсен, жол болсын»
«Сәуір болмай-тәуір болмас».
«Жаңа айдан-жақсылық»
«Наурызкөже қалғанша,
Жаман қарын жарылсын»
«Жамандық жерге енсін»
Сергіту сәті: « Орамал тастау»
Шеңберге тұрамыз.
Ұжымдық жұмыс:
Қазақтың Ұлттық тағамы. Әртүрлі тағамдардың суреттерін ақ ватман қағазға жапсыруды ұсыну.
-Қандай қазақтың ұлттық тағамдарын білесіңдер?
- қазақтың Ұлттық ойындары?
-сабақ ұнады ма? Несімен?
Ұжымдық жұмысты талдау арқылы сабақты қорытындылау.
|
Балалар шеңбер бойына тұрып жаттығуды орындайды.
наурыз, сәуір, мамыр айлары
Олар: 8-ші наурыз және де Ұлыстың Ұлы күні наурыз мерекесі.
Бала өздерінің өткен жылғы мерекесі туралы айтады.
Бауырсақ, шелпек, наурызкөже, талқан.т.б.
«Көкпар», «Арқан тарту», « Асық», «Орамал тастау», «Алтыбақан» «Қыз қуу»т.б.
Мейірімді, сыпайы, жақсы көңіл күй болу керек.
Балалар өздерінің мақал-мәтел туралы түсінгендерін айтып береді. Мысалы: жаңа айдан тек жақсылық күту.
Жамандықтын бәрі де артта қалсын. Т.б.
Ұлдар шеңберге тұрады, ортаға бір қыз шығып орамал тастап ойынды қызықтырып жалғастырады.
Бала алған карточкасы арқылы тақырып бойынша әр тағамдардың суреттерін ватманға орналастырып, әңгімелеп береді.
Балалар өз білген, түсінгендері жайлы әңгімелеп береді.
|
Күтілетін нәтиже:
Біледі:Наурыз Шығыс халықтарының Жаңа жылы. Наурыз достық, еңбек, бейбітшілік мерекесі. Наурызкөже пісіру, ағаш отырғызуды, қазақтың ұлттық ойындарын.
Игереді: дастарханның басты асы Наурызкөже екендігін. Ақсақалдар бата беруін, жақсы тілектер айтылуын, ұлттық көкпар, күрес, қыз қуу ойындарын.
Меңгереді: Наурыз мерекесін қалай дайындау керектігін, ұлттық тағамдар, наурызкөже.
Достарыңызбен бөлісу: |