Күні: 06.04.2017ж. Тобы: 9-10 сыныптар
Мақсаты: Оқушылардың білім, білік дағдыларын байқау, өздерін еркін ұстай білуге үйрету, шапшаң ойлау және бәсеке ге қабілеттіліктерін дамыту.
Көрнекілігі: қанатты сөздер, слайд, әнұраны, үлестірме материалдар, т.б.
Ұйымдастыру: сәлемдесу, сабақтың мақсатын ашу, шарттарымен таныстыру, әділ қазылар алқасын сайлау.
Жарыс ұйымдастыру
Жеңімпазды анықтап, құттықтау
Жүргізушінің кіріспе сөзі: Армысыздар құрметті оқушылар, аяулы ұстаздар! Бүгін сіздер үздік оқушылар арасында өтетін ХХІ ғасыр көшбасшысы атты интеллектуалды сайыстың куәгері боласыздар. Олай болса, «Егемен елге - білімді ұрпақ!» - дей келе, интеллектуалдық ойынымызға қош келдіңіздер! Енді бүгінгі ойынымызға қатысушылармен таныстыруға рұқсат етіңіздер!
Шын жүйрік шабысынан танылады,
Қатты білім, терең ой саналады.
Баға берер әділқазы ортамызда
Сізге құрметпен қол соғылады! – деп,
бүгінгі ойыншыларымыздың жауаптарын әр кезеңде сараптап, бағалайтын әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар!!!
Ойынымыз 6 кезеңнен тұрады.
1 - кезең. «Бәйге». сұрақтарға жауап беру.
2 - кезең «Кім жүйрік?»
3 - кезең. «Қызықты жетілік». Ұяшықтардан таңдап алынған сұрақтарға жауап беру.
4 - кезең. « Полиглот»
5 - кезең. « Сөз тапқанға»
6 - кезең. « Жорға»
Ойынның шарты: Алғашқы 2 кезеңге 6 оқушы қатысады. 2 - кезеңнен кейін ұпай саны аз 2 оқушы ойыннан шығады. 4 - кезеңнен кейін ұпай саны аз 2 оқушыны шығарып саламыз. Соңғы кезеңнен екі оқушыдан жеңімпаз анықталады.
Сәт – сапар тілеп бәріңе,
Сайысты біздер басталық.
Көрсетіңдер өнерді,
Қалмаңыздар жасқанып - деп біз ойынымызды бастаймыз.
І кезең «Бәйге». Бәйге десе бұлқынбас жас болама демекші 1- Бәйге кезеңін бастайық. Тақтадағы сұрақтарға жазбаша жауап беру. Әрбір дұрыс жауап үшін 5 ұпай.
1. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күні қай кезде аталып өтеді?
( 1 - желтоқсан)
2. 22 - қараша 2012жыл Қазақстан халқы үшін қандай жақсы хабар мен ерекшеленді? (ЭКСПО - 2017 Халықаралық көрмесі Қазақстанда.Оның жас елордасы Астанада өтетіндігі)
3. «Президент» сөзі латын тілінен аударғанда қандай мағына білдіреді?( алдында отырған)
4. 1999 жылы Астана қаласы ЮНЕСКО - ң қандай сыйлығымен марапатталды?
( «Әлем қаласы» )
5. Қ. Р – ң тәуелсіздігі қашан жарияланды? (1991 ж. 16 - желтоқсан)
6. Н. Ә. Назарбаев қашан, қай жерде дүниеге келді?( Алматы облысы, Қарасай ауданы, Шамалған ауылы 1940ж. 6 - шілде)
7. Ғарышта Абайдың қандай әнін, қай ғарышкер орындаған?
(Талғат Мұсабаев Абайдың «Айттым сәлем, Қаламқас» әнін орындады
8. Қазақ тарихында тұңғыш рет ғарышқа кім қай жылы ұшты?(1991ж. 2 - қазанда Т. Әубәкіров)
9. Заң шығару міндеттерін жүзеге асыратын орган қалай аталады? ( Парламент)
10. Семей полигоны қай жылы жабылды? ( 1991ж. 29 - тамыз)
11. Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасы – теңге айналымға қашан келді? (1993ж. 15 - қараша)
12. Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан - 2030» стратегиялық бағдарламасы қай жылы жарияланды?( 2003 ж)
13. Қазақ тілі мемлекеттік мәртебесін қай жылы алды?( 1989 ж. 22 - қыркүйек)
14. Неге Бәйтерек монументінің геометриялық өлшемдеріне дейін ( 97м) символдық мәні бар дейді?( Елорда Алматыдан Астанаға көшіп келген жылдың соңғы екі цифріне сәйкес келеді
15. Қазақстан 2010ж. қандай халықаралық ұйымға төрағалық етті?( ЕҚЫҰ)
16. Қазақстанда Президент сайлауы қанша рет болды?( 1991, 1999, 2005, 2011,)
17. Конституцияда не туралы жазылған?( құқық пен міндет)
18. ҚР – ң Премьер Министрі кім? ( Серік Ахметов)
19. Н. Ә. Назарбаевтың сүйікті спорт түрі ( теннис)
20. «Невада-Семей» ядролық қаруға қарсы халықаралық қозғалыстың президенті? (Олжас Сүлейменов)
Қатысушылармен әңгімелесу.
II - кезең «Кім жүйрік?» Ортақ сұрақтар оқылады, тетікті бірінші болып басқан қатысушы жауап береді, жауап қате айтылған жағдайда «қарсыластар» деген сөзден кейін басқа қатысушылар жауап беру мүмкіндігіне ие болады. Дұрыс жауап 5 ұпаймен бағаланады.
What is the name of the queen of Britain? (Elizabeth ІІ)
Қазақ тілінде қанша сөз табы бар? Оларды атап шығыңыз! 9
What money can you use in Britain? ( pound)
Бес арыс (Ш. Құдайбердіұлы, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов А.Байтұрсынов, М.Дулатов)
Что изучается в синтаксисе? (словосочитание и предложение правила их построение)
Very popular shopping street in London? (Oxford street)
Үш бәйтерек (І.Жансүгіров, Б.Майлин, С.Сейфуллин)
Кратер дегеніміз не?
Синоним сөздерге мысал келтіріңіз.
Қазақстанның жер көлемі? ( 2724,9 мың км2)
Омоним сөздерге мысал келтіріңіз.
Very popular sport in Britain? (rugby)
Что обозначает слово синтаксис? (составление построение от греков)
Есімдік мағынасына қарай қалай бөлінеді? (жіктеу, сілтеу, сұрау өздік, белгісіздік, болымсыздық, жалпылау)
Very exciting and rather dangerous game? (cricket)
Қазақтың үш биі (Төле, Қазбек, Әйтеке)
When do people of Great Britain celebrate Christmas? (25 December)
Ұлттық валютамыздың қолданысқа енген жылы? (1993ж. 15 қараша)
Where is big-ben situated? (in London)
Талапты оқушыларымыздың 2 кезеңде жинаған ұпай сандарын қазылар алқасы хабарлайды. « Шын ер жеңсе тасымас, жеңілсе жасымас» демекші ойыннан шыққан оқушыларымызды шығарып саламыз. Ұпай сандары аз 2 оқушы ойыннан шығады.
IIІ кезең. « Қызықты жетілік»
Талапты бала талпынған құстай
Құмары қанбас аспанға ұшпай,-дей келе келесі кезеңімізді бастаймыз.
Look at the blackboard. There is numerals with questions.
You will choose any number and I will ask you question.
Назарларыңызды тақтаға аударыңыздар! Мұнда жеті ұяшық берілген. Ұпай саны аз ойыншы таңдайды. Білмей қалған жағдайда қарсыластардың жауап беру мүмкіндігі бар.
Ғылым 10 20 30
Тұлға 10 20 30
Спорт 10 20 30
Математика 10 20 30
Қазақ тілі мен әдебиеті 10 20 30
Орыс тілі мен әдебиеті 10 20 30
Ағылшын тілі 10 20 30
“Ғылым”
10. Ғарышты зерттеумен айналысатын ғылым саласы қалай аталады? (космонавтика )
20. Ежелгі дәуірден жеткен жәдігерлер арқылы өткенді зерттейтін тарих ғылымының саласы. (археология )
30. Иіріле оралып, тостағанға үңіле қарап тұрған жыланның бейнесі қай ғылым саласының таңбасы? (медицина )
“Тұлға”
10. Қазақтың арасынан шыққан тұңғыш ғарышкер, ҚР - ның Халық Қаһарманы
(Т. О. Әубәкіров )
20. Еліміздегі жетім балаларды қорғау үшін құрылған «Бөбек» балалар қайырымдылық қорының негізін салушы және президенті (С. А. Назарбаева)
30. Қазақ Ғылым Академиясының тұңғыш президенті, (Қ. И. Сәтбаев )
«Спорт»
10. 2004 жылы Афины қаласында өткен олимпиадада бокстан алтын медальді жеңіп алған қазақ спортшысы. (Б. Артаев )
20. «Азиада–2011»-дің нышаны ретінде қандай жануардың бейнесі таңдалды? ( ілбіс)
30. Спорт саласында «пентакампеон» сөзі қандай мағына береді? (Бес дүркін чемпион).
Математика
10. Тік төртбұрыш пішінді суқойманың ұзындығы 18 м, ені 8 м. Тіктөртбұрыштың ауданы неге тең? ( 144 м2)
20. Пифагор теоремасы (с2=а2+в2)
30. Негізгі тригонометриялық тепе-теңдік (sin2α+cos2α=1)
Биология
10. Тұқымқуалаушылық пен өзгергіштікті зерттейтін ғылым қалай аталады? (Генетика)
20. ДНК-ң құрылысы қандай? (қос спиральды)
30. Адининге сәйкес нуклеотитті атаңыз? (тимин)
Орыс тілі мен әдебиеті
10. Какое прозвище было у А.С.Пушкина (француз)
20. Сколько частей речи в русском язке? (10)
30. Кому А.С.Пушкин посвятил строки:
Подруга дней моих суровых,
Голубка дряхлая моя...
Ағылшын тілі
10. Мy native land is Kazakhstan. Сөйлемді қазақшаға аударыңыз.
20. How many regions are there in Kazakhstan? (14)
30. What river is Astana situated on? (The Ishim)
ІҮ кезең. «Полиглот» Сіздерге жұмбақ жасырылады, ал сіздер сол жұмбақтың шешуін орыс және ағылшын тілдеріне аударып айтатын боласыздар.
Бүгін киген ақ тоңым
Ертең болар қара тон.
Қара тоным аздан соң
Болып кетер ала тон. (жер, земля, earth)
Үй үстінде ұсақ тас,
Ұстайын десем ұстатпас (жұлдыз, star, звезда)
Қабат -қабат қаттама,
Ақылың болса аттама. (кітап, книга, book)
Құрғақ жерде сақтайсың
Менсіз тамақ татпайсың (тұз, соль, salt)
Қардай аппақ, балдай тәтті. (қант, сахар, sugar)
Ұрсаң оны зулайды, Қарғып жерде тұрмайды (доп, мяч, ball)
Әрі қызыл, әрі тәтті Татқан жанды таңырқатты (алма, яблоко, apple).
Fish ( балық )
milk (сүт)
coat (пальто)
kitchen (ас бөлмесі )
watch ( сағат)
butter (май)
gloves ( қолғап)
green (жасыл)
door (есік)
cake (торт)
water ( су)
vegetables (көкөністер)
carrot (сәбіз)
shirt ( жейде)
orange (апельсин)
brown (қоңыр)
potato (картоп)
white ( ақ)
teacher (мұғалім)
swimming ( жүзу)
Жеңсең де, жеңілсең де қалма жасып, - дей келе, ойыннан тағы 2 оқушыны қошеметпен шығарып саламыз.
V кезең. « Сөз тапқанға» Бұл кезең оқушылардың сөз сөйлеу шеберлігіне негізделген. Өзбектің ойшыл ақыны Ә.Науаи: «ас тұзбен дәмді, су мұзбен дәмді. Ал адам салиқалы, сапалы сөзімен мәнді», деп көрсетеді. Тылсым табиғаттың адам баласына сыйлаған ең бір бағалы да құнды байлығы – тіл. Ана тілі – ең жақсы тіл дегендей, келесі кезекті шешендік кезеңге береміз.
Шарты: 2 минут ішінде «Мен қандай мемлекетте өмір сүргім келеді?» деген тақырыпта эссе жазып, өз мемлекеттеріне арнап 4 жол өлең шумақтарын арнау керек. 30 балдық шкаламен бағаланады.
Осы кезеңнен кейін жеңімпаз оқушыны анықтаймыз.
VI - тур. Жорға. Басталады жорға деген сайысым,
Бұл сайыста озып шығар қайсысың?
Ойынның шарты: екі ойыншымызға да 15 сұрақтан беріледі. 1минут ішінде неғұрлым көп сұраққа жауап беру керек. Әрбір дұрыс жауап 1 ұпай болып есептеледі.
1 - Ойыншыға сұрақ.
1. Сиырдың пірі( Зеңгі баба)
2. Жылдан құр қалған жануар( түйе)
3. Бір заттың өлшемін кішірейтетін не?( масштаб)
4. ҚР - ң мемлекеттік тілі( қазақ тілі)
5. Басты байлық ( денсаулық)
6. Ел басқару саласындағы ең жоғарғы лауазымды адам( Президент)
7. Қара алтын( мұнай)
8. «Ақтабан шұбырынды» оқиғасына байланысты дүниеге келген ән
( «Елім - ай»)
9. 12 ай( жыл)
10. « Кел балалар оқылық!» өлеңінің авторы( Ы. Алтынсарин)
11. Алтын киімді адам қай жерден табылды? ( Есік обасынан 1969ж)
12. Абайдың әжесі ( Зере)
13. 2008 жылы жазғы олимпиада өткен қала( Қытай)
14. Қазақ хандығының негізін қалаған кімдер? ( Керей, Жәнібек)
15. Жер бетінің қағазға кішірейтілген бейнесі( карта)
2 - ойыншыға сұрақ.
1. Түйенің пірі ( Ойсыл қара)
2. Жыл басы ( тышқан)
3. Жер бетіндегі өсімдік өсетін борпылдақ жұмсақ қабаты ( топырақ)
4. ҚР – ң ұлтаралық тілі ( орыс тілі)
5. Үкіметті кім басқарады? ( Премьер – министр)
6. Ақ алтын ( мақта)
7. Жеті күн( апта)
8. Шоқанның әжесі ( Айғаным)
9. Елбасы Н. Ә. Назарбаев басына шығып Қазақстанның туын тіккен
шың. ( Талғар шыңы)
10. 30 - тамыз қандай мереке ( Конституция күні)
11. Айтыскер адам ( ақын)
12. 16 - желтоқсан қандай күн ( Тәуелсіздік күні)
13. Баланы тәй – тәй бастырып күрмеу жібін шешетін кезең ( тұсаукесер)
14. Менің атым Қожа повесінің авторы ( Б. Соқпақбаев)
15. Қазақстанның « Швейцариясы» аталатын қала ( Көкшетау)
Әділ – қазылар алқасына сөз кезегін беріп жеңімпаз оқушыны марапаттау.
Мақтанамын кең - байтақ елім үшін,
Құнарлы мол шырынды жерім үшін.
Әрқашан биік шыңнан көрінсін деп,
Тілеймін, о, туған жер, пейілім шын, – деп, тәуелсіз елімізге лайық еркін де шығармашыл, ізденгіш, білімді ұрпақ болып өсіңдер! Тәуелсіздігіміз баянды болсын!
«ХХІ ғасыр көшбасшысы» зияткерлік ойынының әнұраны шырқалады.
Достарыңызбен бөлісу: |