Оқиғаның ықтималдығы және оның қасиеттері Оқу бағдарламасына сілтеме



Дата07.02.2022
өлшемі3,34 Mb.
#88610
түріБағдарламасы
Байланысты:
презентация №18
еңбекті қорғау, Жүрек-қан тамырлары жүйесінің аурулары, Жүрек-қан тамырлары жүйесінің аурулары, Қанайналым жүйесі, Нурметова Сарвиназ, Нурметова Сарвиназ, Ақпан 19, Ақпан 19, слайд розак, loglog 1431414032 129234, тест, физика 2019 нов 152сағ. 6-11-топ (1), ҚР 2050 стратегия, Білім коды мен бейіні, Қаз құқық 1

Оқиғаның ықтималдығы және оның қасиеттері
Оқу бағдарламасына сілтеме
10.3.2.1 кездейсоқ оқиға ұғымын, кездейсоқ оқиға түрлерін білу және оларға мысалдар келтіру;
10.3.2.2 ықтималдықтар қасиеттерін қолданып, кездейсоқ оқиғалардың ықтималдығын есептеу;
Сабақтың мақсаты
Кездейсоқ оқиға анықтамасын және оның түрлерін білу;
Кездейсоқ оқиғалар түрлеріне есептер шығару.
Жетістік критерийлері
Кездейсоқ оқиға анықтамасын және оның түрлерін ажырата алады;
Кездейсоқ оқиғалар түрлеріне есептер шығара алады.
Жұмыс жоспары
  • Кіріспе
  • Кездейсоқ оқиға
  • Жаттығулар орындау
  • Қорытынды

Кіріспе.
Оқиғаның ықтималдығы нені зерттейді ?
Математика, физикада қарастырылатын есептер көбінесе бір мәнді
анықталады. Мысалы: қолымызбен тасты лақтырсақ, онда тастың
орнын кез-келген уақыт кезеңінде анықтай аламыз. Бірақ ғылымның
әр саласында, техникада, шаруашылық саласында қолданылатын
көптеген есептер бір мәнді анықтала бермейді.
Тиынды лақтырып, оның қай жағымен түсетінін нақты айтуға болмайды. Мұндай жағдайда осы сияқты есептерді шешуде белгілі бір нақты шешім айтуға болмайтын тәрізді көрінеді. Алайда бұл тәжірибеде керісінше. Ойын практикасы көрсеткендей тиынды неғұрлым көбірек лақтырсақ, соғұрлым әрекеттің жартысында елтаңба жағы түссе, енді жартысында цифр жағы түсетіні байқалды.
Ықтималдық теориясы, жаппай кездейсоқ оқиғалардың заңдарын зерттейді.
Геометрияда фигуралардың, нүктелердің, түзулердің және т.б. қасиеттері оқытылады. Шынайы өмірде ондай фигуралар жоқ. Сондықтан біз шынайы өмірдің белгілі бір жақтарын модельдеу, схемалау, абстракциялау нәтижесінде алынған модельдермен жұмыс жасаймыз.
Физикада материалдық нүкте, идеал газ және т.б. қарастырылады. Бұл да шынайы өмірдің белгілі бір жақтарын модельдік елестету болып табылады – табиғатта материалдық нүкте және идеал газ жоқ.
Ықтималдықтар теориясы қандай модельді қарастырады?
Кездейсоқ оқиға
Оқиғалар ұғымы ықтималдықтар теориясының негізгі ұғымдарының бірі болып табылады. Белгілі бір шарттар орындалғанда пайда болатын құбылысты оқиға дейміз.
Мысалы: Лақтырылған асықтың түсуін бақылайық. Ол бүк, шік, алшы,тәйкі деген жақтарымен түсе алады. Алдын-ала асықтың қай жағы түсетіні белгісіз болғандықтан оқиға кездейсоқ оқиға деп аталады.
Оқиғаларды бас әріппен белгілейді. Мысалы: тиынды лақтырғанда Елтаңбамен түсуін «Е» әрпімен белгілейді.
Ойын сүйегін лақтыру .
Ойын сүйегін лақтыруда қандай оқиғалар болуы мүмкін?
“1 ұпай түсті”
“2 ұпай түсті”
“3 ұпай түсті”
“4 ұпай түсті”
“6 ұпай түсті”
“5 ұпай түсті”
“түскен ұпайлар саны жай сан”
“түскен ұпайлар саны 3-ке бөлінеді”
“түскен ұпайлар саны жұп”
“түскен ұпайлар саны тақ”
Сынақ жүргізгенде оқиғаның бірі пайда болғанда, екіншісі пайда болмайтын екі оқиғаны үйлесімсіз оқиғалар дейді.
Сынақ жүргізгенде оқиғаның бірі пайда болғанда, екіншісінің де пайда болуы мүмкін болатын екі оқиғаны үйлесімді оқиғалар деп атайды.
Мысалы, кубтың жұп нөмірінің шығуы (А оқиғасы) және екі санына еселік нөмірдің шығуы (В оқиғасы) үйлесімді. Өйткені кубтың 6-нөмірінің шығуын көрсететін А6 оқиғасы А оқиғасы пайда болғанда да, В оқиғасы пайда болғанда да пайда болуы мүмкін.
Сынақ жүргізілгенде А оқиғасы пайда болуы да, пайда болмауы да мүмкін болса, ондай оқиғаны кездейсоқ оқиға дейді. Сынақ нәтижесінде оқиға (А оқиғасы) сөзсіз пайда болатын болса, ондай оқиғаны ақиқат оқиға дейді. Сынақ нәтижесінде оқиға (А оқиғасы) сөзсіз пайда болмайтын болса, ондай оқиғаны мүмкін емес оқиға дейді.
Ойын сүйегін лақтыру кезінде орындалатын үйлесімді оқиғаларды атаңыздар
Жаттығулар орындау
Рефлексия
- Мен үйрендім…
- Менің білгім келетіні…
- Нені жақсартуым керек?

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет