Оқылым 8-сынып І нұсқа
1-тапсырма. Мәтінді оқып, астындағы тест тапсырмаларын орындаңыз.
Байлық дегеніміз не?
Бесінші сыныпта «Байлық дегеніміз не?» атты ашық сабақ жүріп жатты. Оқушылар бір-бірімен әңгімелесіп, өз ойларын айту үшін дайындалып жатыр. Мұғалім үстел бетіндегі қағаздарға қарап, іске кірісті.
Балалар, байлық дегеніміз не?
Бірінші партада отырған Сәбит қолын көтерді.
— Байлық дегеніміз – көп ақша, жаңа машина, — деп ойланып қалды.
— Отыр, Сәбит. Тағы кім жауап береді?
Келесі Алмас қол көтерді.
— Байлыққа қора-қора қой, үйір-үйір жылқы және алты бөлмелі әдемі үй жатады.
Мұғалім бұл жауаптарға көңілі толмағанын білдірді.
— Қане, кім қалай жауап береді? Иә, Сайлаубек, сен айта қойшы!
— Байлық дегеніміз-кітап, білім,- деп жауап айтты.
— Жарайды, отыра ғой. Жақсы жауап.
Біраз уақыттан бері қол көтеріп отырған Сәулеге де сөз берілді.
— Біздің үйде түрлі-түсті теледидар, бейнемагнитофон және жаңаүй жиһаздары көп. Байлық дегеніміз осы.
— Жақсы, отыра бер.
Бұдан кейін Серік, Нұрболат, Құралай есімді оқушылар үйдегібайлықтарын ортаға салды. Оқушылардың берген жауаптарымұғалім көңілінен шықпады.
Бір кезде оның көзі артқы партада үндемей, өзімен-өзі отырғанАманжолға түсті.
— Аманжол, сен неге үндемей отырсың? Қане, байлық дегеніміз не? Айта қойшы.
— Апай, мен бай емеспін. Мен үшін ең үлкен байлық – әкем мен анам, — деп жауап берді. Мұғалімге оқушының жауабы қаттыұнады.
— Көрдіңдер ме, балалар, байлық дегеніміз тек ақша емес. Сендердің ең бірінші байлықтарың – Аманжол айтқандай, ата-аналарың мен бауырларың, туысқандарың. Сондықтан әрқашанотбасыларың аман болсын. Міне, байлық деген – осы.
Бұл жауаптан кейін ешкім қол көтермеді. Оқушылар ойланыпқалды.
Мәтін бойынша тест тапсырмалары:
1. Мәтінде жауабы бар сұрақты таңдаңыз.
А) Бірінші байлық дегеніміз не?
В) Отбасы тәрбиесі қандай?
С) Қалай бай болуға болады?
Д) Ашық сабақ қайда өтті?
2. Мәтінге сәйкес ақпаратты таңдаңыз.
А) Сайлаубек байлықты кітап оқу деп түсінеді.
В) Балалардың байлық туралы түсініктері бірдей.
С) Сәуле байлықты теледидар көру деп түсінеді.
Д) Балалардың байлық туралы түсініктері жоқ болып шықты.
3. Мәтіндегі басты тірек сөздерді табыңыз.
А) байлық, кітап, білім, жиһаз
В) мұғалім, ашық сабақ, оқушы, байлық
С) отбасы, байлық, теледидар, көзқарас
Д) байлық, ата-ана, ашық сабақ, бейнемагнитофон
4. Мәтін мазмұнына сәйкес жауапты табыңыз.
Байлық туралы Аманжолдың ойы қандай?
А) Адамға керегі – жиһаз, ақша..
В) Байлық дегеніміз – кітап, білім.
С) Өмірде ең басты байлық – әке-шеше.
Д) Адам үшін бірінші байлық – алты бөлмелі үй.
5. Мәтіндегі негізгі ойды анықтаңыз.
А) Аманжолдың ата-анасы.
В) Отбасы басты байлық болып саналады.
С) Байлық-денсаулық кепілі бола алады.
Д) Мектепте ашық сабақ өткен.
Оқылым 8-сынып ІІ нұсқа
1-тапсырма. Мәтінді оқып, астындағы тест тапсырмаларын орындаңыз.
Құмырсқа
Бір құмырсқа өз илеуінен бөлініп, ара, қоңызбен дос болыпты. Жем іздеп шыққан құмырсқа жол үстінен бір дән тауып алыпты. Жалғыз өзі әрі-бері әуреленіп, қозғалта алмапты. Енді көмек сұрау үшін достарын іздейді. Гүлден гүлге ұшып–қонып жүрген араға жолығып,
- Досым, маған көмектесіп жіберші,-деп өтініпті.
- Көрмей тұрсың ба, мен де жұмыс істеп жатырмын ғой! – деп көнбепті ара. Енді, құмырсқа доңыздан көмек сұрапты:
- Сен үшін өз жұмысымды тастай алмаймын! – деп, қоңыз да кете барады.
Екі досынан көмек болмаған құмырсқа ренжіп келе жатса, алдынан өзінің ұялас достары кездесіпті. Олар мұның түрін көріп: Не істеп жүрсің? – деп сұрапты. Құмырсқа өз басынан кешкенін айтады. Достары көмектеседі де, дәнді бірігіп көтеріп алып кетеді. Құмырсқа қайта үйіріне қосылады. «Жаңа достың қадірі ескі достай бола алмас» деген сөз содан қалыпты.
Мәтінге байланысты тест тапсырмалары:
6. Құмырсқа қандай қателік жасады?
а) достарын сатып кетті
ә) ескі достарымен бірге болды
б) үйінен алысқа кетіп қалды
в) жазда дән жинамады
7. Мәтінде қандай антонимдер бар?
а) қоңыз, ара
ә) жаңа, ескі
б) көмек, жұмыс
в) сұрау, айту
8. Мәтінге сәйкес мақалды белгілеңіз.
а) Нағыз дос дұшпан болмас
ә) Өмірдің өзі — ұлы ұстаз.
б) Күлме досыңа, келер басыңа.
в) Заттың жаңасы жақсы, достың ескісі жақсы.
9. Нағыз дос қандай сөздерді айтпайды?
а) Бірге көтерген жүк жеңіл.
ә) Сен үшін өз жұмысымды тастай алмаймын!
б) Бір–бірімізге көмектеспесек, қалайша дос боламыз?
в) Жолдасын тастаған жолда қалар.
10. «құмырсқа» сөзін қай топқа қосуға болады?
а) құстар
ә) балықтар
б) жәндіктер
в) аңдар
Достарыңызбен бөлісу: |