Оқылым Мәтінді оқып, төменде берілген тапсырманы орындаңыз



Дата07.02.2022
өлшемі14,67 Kb.
#89131
Байланысты:
Қазақ тілі СОЧ
ОШ ДОП СОЧ Қазақ тілі Т1 9 класс каз, ОШ ДОП СОЧ Қазақ тілі Т1 9 класс каз, Қазақ тілі СОЧ, Қазақ тілі СОЧ

«Қазақ тілі » пәнінен 1-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
«Мәңгілік Ел – мұратым», «Жаһандану мәселелері» бөлімдері бойынша
Оқылым
Мәтінді оқып, төменде берілген тапсырманы орындаңыз.

Ел ішіндегі тұрақтылық пен тұтастықтың бірқалыпты дамуының шешуші факторы болып табылатын ұлттық бірлік қоғамдық келісімге бастайды. Ал бұл құндылықтар «Мәңгілік ел» жалпыхалықтық идеясында көрініс тапқан. Мәңгілік елге айналу үшін тәуелсіздікті сақтап, елдігімізді нығайту басты мақсат болып табылады, өйткені тәуелсіздік ұғымы халқымыздың мұраты, ғасырлар бойғы арманына айналған, сонау алаш тұлғаларының зердесі мен өнегесімен келген аманат дүние болатын. Бұл Елбасымыздың: «...біздің бір ғана Отанымыз – тәуелсіз Қазақстан. Біз болашаққа көз тігіп, тәуелсіз елімізді «Мәңгілік Ел» етуді мұрат қылдық. Осы идеяны әрқайсысымыз сезініп, өмірлік сабақ ретінде түйсек, осы жолда бар әлеуетімізді салсақ, 2050 жылы мұрат еткен «Мәңгілік Елге» жететінімізге сенімдімін..., ...өткен тарихымызға тағзым да, бүгінгі бағытымызға мақтаныш та, гүлденген келешекке сенім де «Мәңгiлiк Ел», – деген сөздерімен толыға түседі. «Мәңгілік Ел – ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы. Ол арман – әлем елдерімен терезесі тең қатынас құрып, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын Тәуелсіз Мемлекет атану еді.




Тапсырма: Мәтін құрылымына сай мәтін бөліктерін анықта.
I Кіріспе
II Негізгі бөлім
III Қорытынды


Жазылым
Төменде берілген екі тақырыптың бірін таңдап, жазба жұмысын орындаңыз. Стильдік және жанрлық ерекшеліктеріне сай тілдік бірліктерді орфографиялық нормаға сай дұрыс қолданыңыз.



  1. Бүгінде біз – тарихымызды танып, әлем жұртына өзімізді танытып, қарқынды түрде дамып келе жатқан мәңгілік елміз. Ана тіліміз арқылы мың жасап, ана тіліміз арқылы таныларымыз хақ, олай болса, келешекте қазақ тілін әлем деңгейі тілдері қатарынан көруіміз мүмкін бе? Оқырманға әсер қалдыратындай етіп баяндама жазыңыз.




  1. Жаһандық қоғам әлдеқайда ашық бола түсуде: капиталдың, қаржының, адамдардың, ақпараттың еркін қозғалысы осы заманғы «шекараларсыз әлем» тұжырымдамасының негізіне айналды. Осы жаһандық байланыстың елімізге деген пайдасы мен зияны қандай? Екіжақты пікірдің біреуіне таңдау жасап, өз ойыңызды дәлелдеп эссе жазыңыз.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет