Қоңырбаева а 62-сұрақ. Психикалық депривация және оның балалардың өмірлеріне әсері



бет1/2
Дата06.05.2020
өлшемі22,09 Kb.
#66190
  1   2
Байланысты:
БПП.62-сұрақ.


Қоңырбаева А

62-сұрақ.

Психикалық депривация және оның балалардың өмірлеріне әсері.

Психикалық депривация (лат. deprivation—бірдеңені жоғалту) - адамның негізгі қажеттіліктеріне қол жеткізуіне ұзақ уақыт бойы шектеу жасау нәтижесінде пайда болады. Толық даму үшін ең қауіптілері сенсорлық, эмоционалдық, байланыс түрлері. Депривация эмоционалдық және интелектуалдық дамуда кемшіліктердің болуымен (эмоционалдық байланыстың бұзылуы, тіл дамуының, әлеуметтік және гигиеналық дағдылардың, нәзік моториканың, интелектінің кемшілігі) сипатталады.

Депривация – психология мен  медицинада кең қолданылатын термин. Бұл термин ағылшынның «deprivation» сөзінен шыққан, қазақша мағынасы: өмірлік маңызды қажеттіліктерді қанағаттандыру мүмкіндігінің шектелуі немесе жойылуы .

Көптеген зерттеушілер депривацияны адамның өмірде қандай да бір маңызды қажеттілікке толық қанағаттанушылығының жоқтығы деп тұспалдайды. Баланың өмірін әлеуметтік шектеу жағдайы және басқа да әсерлер ерекше психикалық күй – психикалық депривацияның пайда болуына әкеледі. Жетім балаларға қатысты осы мәселені қарастыруда ұзақ уақыт аралығында маңызды психикалық қажеттіліктен айырылу ерекше әлеуметтік мағына болып есептеледі. Депривация тұлғаның қалыпты эмоциялық көрініс шеңберінен шықпай-ақ жеңіл өзгерістер түрінде пайда болуы да мүмкін.

Психикалық депривация проблемасын ғылымда ұзақ уақыт зерттеуді қажет етеді. Алайда депривация тұжырымдамасының өзіндік шығу тегі бар. Кез келген құбылыстың дамуын қарастырғанда ғана оның нәтижесі соншалықты толық әрі түсінікті болуы мүмкін.

Бұл терминнің этимологиясына үңілсек, ағылшын, француз, испан тілдерінде  «бөлу»,  ал орыс тілінен аударғанда «жеке, жабық, бөлек» мағынасында айтылады. Этимологиялық талдаудың өзі айтып тұрғандай, депривация қажеттіліктердің  өтелмеуі,  соның нәтижесінде оларды қанағаттандыратын қайнар көздерден бөлінуі.

«Депривация» терминін ағылшын психологы Дж. Боулби еңгізді. Ол өзінің 1952 жылы жарияланған «Ана қамқорлығы және психикалық денсаулық» атты еңбегінде, екінші дүниежүзілік соғыстан кейін ана қамқорлығынан және сүйіспеншілігінен айырылған балалар эмоциялық, дене және интеллектуалды дамуы жағынан артта қалғанын атап өткен.

Депривация феноменінің ашылуы ғылымда өте маңызды орынға ие болды. Аталған ұғымға қызығушылық білдірген бірқатар зерттеушілер түрліше анықтама береді, дегенмен де олардың мағынасы бірдей. Мәселен, В. Каган «депривация» терминін субъектінің өзіне маңызды, қажетті нәрселерден айырылып қалғанда білінетін күй деп санаса, үлкен психологиялық түсіндірме сөздіктің авторы А. Ребердің ойынша, "қандай да бір қалаған объектіден немесе адамнан айырылғанда немесе оны жоғалтқанда көрінетін күй". Ал Ч. Райкофт психоаналитикалық терминдер сөздігінде, депривацияны «қажеттіні ала алмау тәжірибесі» деп анықтаған.



З. Матейчик, Й. Лангмейердің депривация тұжырымдамасында отбасынан тыс тәрбиеленіп жатқан бала тұлғасының дамуы ішкі және сыртқы жоспардағы кикілжіңдер арқылы жүзеге асырылады. Сыртқы жағдайда – тұлға мен қоғам арасында, ал ішкі жағдай тұлғаның 3 субстанция арасында жоғары «Мен» (тұлғаның ұғынылатын әлемі) және «Оно» (іс жүзіне аспайтын, меңгере алмайтын) болады. Бұдан шығатын қорытынды, отбасын жоғалтқан баланың тұлғалық даму заңдылықтары динамикалық және әртүрлі қажеттіліктеріменмотивтердіқанағаттандыруды зерттеуден туындайды. Бұл тұжырымды жақтаушылар депривацияны балалар үйінде тәрбиеленушілердің ерекше психикалық күйі ретінде бөліп көрсетеді де, онда ұзақ уақытқа шектелген психологиялық қажеттіліктерді төмендегідей типтерде көрсетеді:

  • сенсорлық – әртүрлі модальді ынталандырулардың жетіспеушілігінен туындаған (көру, есту);

  • когнитивтік – оқуға және әртүрлі дағдыларды меңгеруге қанағаттанбаушылықтан және ортаның жұпынылығынан туындаған;

  • эмоциялық – үлкендермен, ең алдымен, анасымен және өз құрбыларымен қарым-қатынастың жетіспеушілігінен туындаған;
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет