Молекулалық биология және биохимия тарауына жиынтық бағалау №1
Оқыту мақсаттары
10.4.1.1 Жердегі тіршілік үшін судың іргелі маңызын түсіндіру
10.4.1.2 Көмірсуларды құрылымы, құрамы және қызметтері бойынша жіктеу
10.4.1.4 Майлардың химиялық құрылысы мен қызметтерін сипаттау
10.4.1.5 Нәруыздарды олардың құрылымы, құрамы, атқаратын қызметтері бойынша жіктеу
10.4.1.8 ДНҚ құрылымы мен қызметі арасындағы байланысты орнату
10.4.1.9 Чаргафф ережелері негізінде ДНҚ репликациясы үдерісін сипаттау
10.4.1.10 РНҚ типтерінің құрылысы мен қызметтерін ажырату
10.4.1.11 РНҚ және ДНҚ молекулаларының құрылысын салыстыру
Бағалау критерийі
Білім алушы
Жердегі тіршілік үшін судың маңызын түсіндіреді
Көмірсулардың құрылымын, құрамын және қызметтерін сипаттайды
Майлардың химиялық құрылысы мен қызметтерін сипаттайды
Нәруыздарды құрылымы, құрамы және атқаратын қызметтері бойынша жіктейді
Чаргафф ережелері негізінде ДНҚ репликациясы
үдерісін түсіндіреді
РНҚ типтерінің құрылысы мен қызметтерін сипаттайды РНҚ және ДНҚ молекулаларының құрылысын салыстырады
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты Тапсырма
20 минут
1-суретте табиғатта су қоңызының су бетімен жеңіл қозғалып жүргенін көруге болады.
1-сурет
(а) Су қоңызының су бетінде жүгіруіне мүмкіндік беретін судың қасиетін атаңыз.
Суды полярлы молекула атауының себебін түсіндіріңіз.
2-суреттегі заттың физикалық қасиеті бойынша түссіз, аморфты кристалл – карамель түзеді, суда жақсы ериді, дәмі тәтті.
(а) Глюкоза мен фруктоза монометрлері болып табылатын күрделі көмірсуды атайды.
2-сурет
Көмірсулардың қызметін сипаттаңыз.
Omega-3 қанықпаған май қышқылдарынан түзіледі. Қанықпаған май қышқылдарын сипаттаңыз:
Төмендегі 3 - суретте нәруыздың үшінші реттік құрылымы және оны түзуге қатысатын байланыстар түрлері берілген.
3-сурет
(а) 3-cуреттегі ақпаратты пайдаланып нәруыздың құрылымы бойынша түрін анықтаңыз. Шаршының ішіне V немесе X белгісін қойыңыз.
Глобулалық
Фибрилярлық
(іі) Берілген құрылымдағы нәруызға мысал келтіріңіз. (2- ден кем емес)
(іі) Глобулалық және фибрилярлық нәруыздарды салыстырып, ерекшелігін сипаттаңыз.
4-суреттегі сызбада ДНҚ репликациясы көрсетілген.
4-сурет
(а) ДНҚ репликация үрдісіне қатысатын 3 және 6 сандармен берілген ферменттерді атаңыз.
3_______________________________ 6_______________________________
ДНҚ репликациясы нәтижесінде екі жаңа тізбектің түзілу ерекшелігін Чарграфф ережесі негізінде түсіндіріңіз.
5 - суретінде берілген ақуыз синтезін сипаттайтын сызбанұсқадан Y құрылымын анықтап, X құрылымның қызметін сипаттаңыз.
5 - сурет
Y-______________________________________________________
X – қызметі______________________________________________
ДНҚ және РНҚ молекулаларының құрылысындағы (кем дегенде бір) айырмашылығын анықтаңыз.