Оқыту технологиялары Қабылдаған:Сарман.М.
Тобы: 1505-20
Орындағандар:Донбаева.А.
Жоспар
1.Оқыту технологиясы
2.Оқыту технологияларының түрлері
3.Оқыту технологияларының мақсаттары
Қорытынды
Қазіргі уақытта педагогика ғылымының бір ерекшілігі – баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын өмірге енгізуге ұмтылуы.
Оқыту технологиясы- мектепте жалпы білім беру бағдарына, оқытудың мақсаты мен мазмұнына негізделген, жақсы нәтижелерге жету кепілдігін беретін оқыту жүйесін құрастыру
Оқу технологиясы бірқатар маңызды да ұнамды тараптарымен еленген. Олар – үнемділігі , күрделі материалды түсінуді жеңілдетуі, білім-тəрбие процесін тиімді басқаруды қамтамасыз етуі, білім ұсынудың жаңа əдіс –тəсілдерін пайдалануға икемді келуі
Оқыту технологияларының түрлері
Ойын технологиясы
Проблемалы оқыту технологиясы
Сын тұрғысынан ойлау технологиясы
Деңгейлік саралау технологиясы
Жекелеп оқыту технологиясы
Топтық технология
Кезеңдеп оқыту технологиясы
Өзіндік дамыту технологиясы
Модульдік оқыту технологиясы
Ойын технологиясы-педагогикалық жұмысты ойын түрінде ұйымдастырудың әдістері мен тәсілдерінің жиыны. Ойын түріндегі жұмыстар сабақ үстіндегі қолайлы деген жағдайларда пайда болып, оқушыларды қызықтырушы құрал ретінде қолданылады.
Проблемалы оқыту – мұғалім басшылығы мен қиын мәселелерді туғызу және оқушылардың белсенді түрде өз беттерімен мәселелерді шешу. Қорытындысында олардың ойлау қабілеттері дамып, шығармашылық іскерліктері мен дағдылары қалыптасуына жағдай жасайды.