ОҚытуда инновациялық Әдістер



Дата22.06.2017
өлшемі89,16 Kb.
#19723
ОҚЫТУДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӘДІСТЕР МЕН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚҰРАЛДАРДЫ ПАЙДАЛАНУ ҮЛГІЛЕРІ
Қылышпай Б.С.

педагогика ғылымдарының магистрі, аға оқытушы

«Қазақ мектебінің даму мәселелері»

зертханасының меңгерушісі

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті,

Алматы қ.
Заман талабына сай оқу үрдісін ақпараттандырылған технологиямен жүргізіп, жас ұрпақты тәрбиелеу бүгінгі күннің басты талабына айналып отыр. Осы орайда Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «Жаңа заманның жаңа адамын тәрбиелейтін, ұстаздар,сіздер ізденіс пен ілгерілеуден жалықпаңыздар. Олар заман талабына сай тәрбиеленуі тиіс» деген болатын.

Қазіргі ғылым мен техниканың кең қанат жайған кезеңінде оқыту әдістерін жетілдіру тікелей білім беру жүйесінде де, тұтастай ақпарат технологияларды пайдаланудың негізгі артықшылықтары мынадай:

1. Олар оқушыларға тақырып шеңберінде немесе белгілі бір уақыт аралығында айтылуға тиіс мәліметтер көлемін ұлғайтады.

2. Оқыту жүйесінің көп деңгейлі жетілдірілуі олардың тарамдалуы мен оқу материалының сапасын арттырады.

Оқытудың «Нені оқыту? Қалай оқыту? » деген мәңгілік сауалдары күн өткен сайын күрделеніп келеді. Білім ауқымы адам айтқысыз кеңейді, технология дамып, ақпаратты таңдай білу мәселесі алдыңғы қатарға шықты. Ендеше, «Мұғалімге жаңа технологияны ғылыми негізінде меңгерту және терең білімді, ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу» мәселесін өз жұмысына арқау еткен мұғалімнің мақсаты төмендегідей болуы тиіс:

-озық тәжірибелерді, түрлі педагогикалық әдістерді, жаңа педагогикалық технологияны ұтымды енгізу және пайдаланудың соңғы нәтижелерін дамыту.

-өз білімін жетілдіру негізінде оқушының жеке тұлға болуына ықпал ету.

-оқушылардың маңызды мәселелерді өздері талдап, қорытындылауына жол ашу.


Бірақ бұл технологияларды біз қалай қолдауымыз керек?

Егер біз бұл технологияларды бұрынғы білім беру жүйесіне бұлжытпай кірістірсек, компьютер сабақта тек қана техникалық құрал ретінде қолданып қала береді. Компьютерді-білім беретін бағдарламалық педагогикалық құрал ретінде қарастыру қажет. Яғни, компьютерді тек қана техникалық жағынан қамтамасыз ететін құрал ретінде ғана қолданып қоймай, оқушымен сұхбаттасатын таза білім «сақтаушысы» ретінде қарастырған жөн.

Сонда ғана мультимедия жүйесі:

- қазіргі қоғамды ақпараттандыру жағдайдағы жеке тұлғаны дамытуға арналған міндеттерге сәйкес білім мазмұнын, оқыту әдістері мен ұйымдастыру түрлерін іріктеу әдіснамасын жетілдіруге.

-оқушының интеллектуалдық потенциалын дамытуға, өз бетімен білім алу біліктіліктерін қалыптастыруға, ақпараттық оқу, зерттеу әрекетін ұйымдастыруға;

-оқушының оқуға деген қызығушылығын қазіргі кездің кешенді ұсынатын және көру, есту негізінде қабылданатын ақпаратты құбылтып өзгертетін құралдарды қолдану арқылы арттыруға мүмкіндік береді.

Оқу үрдісін ақпараттандыру арқылы нәтижеге жетемін деген мұғалім , алдымен, келесі міндеттерге мән беруі керек.

1.Компьютерлік оқу құралдарын зерделеу және қолдану.

2.Тиімді тәсілдерді анықтау .

3.Ақпараттық технологияларды зерделеу.

4.Тәсілдер мен материалдарды құрастыру және қолдану.

5.Қолданылған тәсілдердің нәтижесін бағалау.

Ақпараттық-анықтамалық бағдарламалар керекті ақпаратты алуға арналған. Оқушы компьютер арқылы кез-келген ақпарат қорынан керек ақпаратын жинай алады.
Компьютерлік оқу құралдарының бірі-электрондық оқулықтар мен кешендер. Республикалық білім беру жүйесін ақпараттандыру ғылыми-әдістемелік орталығы 6-сыныптан бастап 11-сыныпқа дейін электрондық оқулықтар шығарған. Оқулықтарда 6-10 тақырыптарында қарастырылған.
Электрондық оқулық биологияны оқытуда тек тиімді теориялық материал мен тапсырмалардан құрастырылған оқу құралы ғана болып қалмай, бақылау және бағалау қызметін де атқарады.
Қазақ тілі мен әдебиетін оқытуда оқушының бейімділігіне, қабілетіне, шеберлігіне бағыт беріп, тұлға ретінде қалыптасуына мүмкіндік туғызатын жаңа технологияларды тиімді пайдалануы-ұстаздың міндеті. Қазіргі кезде ұтаздардың қазақ тілін және әдебиетін оқытуда қолданып жүрген сын тұрғысынан ойлау, деңгейлеп оқыту, сатылай кешенді талдау, дамыта оқыту технологиялары оқушыларды еркін ойлануға, пікір таластыруға, пікір алмастыруға, өз көзқарсын ерікті түрде жеткізуде тез ойлануға, жылдам әрі нақты жауап беруге баулитындығы анықталып отыр.

Бағдарламалық-техникалық кешеннің құрамына кіретін интерактивті тақтаны мұғалімге сабақты қызықты және динамикалық түрде мультимедиялық құралдар көмегімен оқушылардың қызығушылықтарын тудыратындай оқуға мүмкіндік беретін визуалды қор деп те атауға болады. Сабақты түсіндіру барысында мұғалім тақта алдында тұрып, бір мезетте мәтіндік, аудио, бейне құжаттарды DVD, CD-ROM және Интернет ресурстарын қолдана алады. Бұл кезде мұғалім қосымшаны іске қосу, мазмұнын қарастыру, ақпарат сақтау, белгі жасау, тышқан түймені ауыстыратын арнайы қалам арқылы жазулар жазу және т.б. әрекеттерді жеңіл орындай алады.

Интерактивті құралдарды сабаққа пайдалағанда дидактикалық бірнеше мәселелерді шешуге көмектеседі: пән бойынша базалық білімді жүйелеу; өзін-өзі бақылау дағдыларын қалыптастыру; жалпы оқуға деген ынтасын арттыру; оқушыларға оқу материалдарымен өздік жұмыс істегенде әдістемелік көмек беру. Бұл технологияны оқу материалын хабарлау және оқушылардың ақпаратты меңгеруін ұйымдастыру арқылы көзбен көру жадын іске қосқанда арта түсетін қабылдау мүмкіндіктерімен қамтамасыз ететін әдіс деп қарауға болады.
Оқушылардың көпшілігі естігенінің 5%және көргенінің 20% есте сақтайтыны белгілі. Аудио және видеоақпаратты бір мезгілде қолдану есте сақтауды 40-50%-ға дейін арттырады.
Қазіргі кезде сабаққа дайындалу барысында мұғалім сабақ мазмұны оқушылар үшін танымдылығы жағынан қызықты әрі жаңаша өтуі үшін өзінің бағалы уақытын қажетті материалды іздеу мен жүйелеуге жұмсайды. Ал, жекелеген курс бойынша мәселелік-бағдарлы оқу бағдарламалары пакетінің болуы мұғалімге «мұғалім-оқушы» жүйесінде ақпаратты беруді, өңдеуді және қайталауды жаңаша ұйымдастыруына мүмкіндік береді. Бірақ мұның барлығы жүзеге асу үшін мұғалім компьютерлік оқыту технологиясы бойынша білімдер мен іскерліктерді игеруі қажет. Бұл дайындық дифференциалды болуы тиіс. Себебі, әрбір пән мұғалімдері үшін компьютерді оқыту үрдісінде пайдалану әр түрлі сипатқа ие.

Ғылым ғасырының табалдырығынан аттағалы тұрған қазіргі таңда компьютер өмірдің барлық саласына кеңінен енуде. Сабақта уақыты үнемдеу, демонстрациялық тақтамен материалдар даярлау мақсатында интерактивті тақтаны пайдаланған тиімді. Интерактивті тақтаның үш режимінде де жұмыс жасауға болады. Ақ тақта режимі –ең қарапайым режим. Ақ тақта режимін қолданғанда оны ақ бет қағазбен жұмыс жасағандай және тақырыпқа қажетті жерін белгілеулер мен, негізгі ұғымдарын ерекшелеу үшін түрлі-түсті қаламды қолдануға болады. Ақ беттің артына фон ретінде мазмұнды суретті пайдалануға болады.

Екінші режим-Office режимі. Бұл режим сабаққа қажетті дайындық жұмыстарын, яғни,материалдар даярлауға ыңғайлы. Сабаққа дайындық жұмыстары Word мәтіндік редакторының, Excel электрондық кестесінің құжаттары, Power Point презентациясы болуы мүмкін. Мысалы, Microsoft Word құралдарымен төрт түрлі мәтіндік тапсырмаларды қамтитын құжат әзірлеуге болады. Осы құжатта тапсырмаларды қайталап, жауаптарының дұрыс нұсқаларын немесе амалдардың дұрыс тізбегін көрсету керек. Қайталанған тапсырмаларды сурет салу панелінің «төртбұрыш» объектілерімен жасырамыз. Сабақта қажет кезде бұл құжатты интерактивті тақтаның Microsoft Office-нің барлық мүмкіндігін ұсынады. Сондай мүмкіншіліктерінің бірі-құрылған құжатқа мәтінді қосуға болады, яғни, экраннан түсірілген суретпен емес, құжатпен тікелей жұмыс жасаймыз.

Үшінші режим-тақтаның интерактивті режимдегі жұмысы. Сабақтарды жүргізуде өткен материалды қайталау қажет, сондай жағдайда интерактивті тақтаның сілтеме жасауға арналған компонентін қолдануға болады.Бұл компонент арқылы Microsoft Officeқұралдары арқылы құрылған құжаттарға, графиктік редакторлардың немесе бағдарламалау ортасының көмегімен құрылған файлдарға, интернет беттеріне сілтемелерді ұйымдастыруға мүмкіншілік береді.


Ақпараттық қоғамның негізгі талабы – оқушыларға білім негіздерін беру, логикалық-құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту, ақпараттық технологияны өзіндік даму мен оны іске асыру құралы ретінде пайдалану дағдыларын қалыптастырып, ақпараттық қоғамға бейімделу.
Олай болса, ақпараттық бейнесін оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен құндылық бағдарларын дамыту арқылы қалыптастырудың бір жолы. Ақпараттық бірлікті қалыптастыру: мектептің материалдық –техникалық базасына; ақпараттық қоғам саясатының мақсаты мен міндеттеріне; оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру жүйесіне; оқушылардың жас ерекшеліктері мен меңгеру қабілетттеріне, педагог мамандардың информатикадан білім деңгейлерінің сапасымен шеберліктеріне, оқу-тәрбие бағытының ақпараттық қоғам бағытымен өзара байланасына тәуелдеу. Қазіргі уақытта барлық сабақтарда ғылыми білім беруде сабақ барысында интерактивті құралдары қолдануда.Интерактивты құралдардың көмегімен мұғалімнің, оқушының шығармашылықпен жұмыс істеуіне жол ашылып отыр. Білім берудегі интерактивті технология-мұндағы интерактивті сөзі-inter(бірлесу),act(әрекет жасау) ұғымын білдіреді, сабақ барысында оқушының топпен жұмыс жасауға қатыспауы мүмкін емес, бірін-бірі толықтыратын, сабақ барысында барлық оқушылардың қатысуын ұйымдастыратын оқыту барысы.
Ақпараттық және коммуникациялық технологиялардың кеңінен етек жайып, қоғам өмірінің барлық салаларына енуі соңғы онжылдық ішінде әлем дамуының жаһандық үрдісіне айналды.
Жан дүниесі азат еркін тұлғаны тәрбиелеу, балалардың бойында өз бетінше ойлау, іздену және білім дағдыларын қолдана білу, жан-жақты тыңғылықты ойланып барып шешім қабылдау, іс әрекеттерін нақты жоспарлау, құрамы бойынша және кәсіби бағдары жағынын әрқилы жұмыс топтарымен тиімді ынтымақтастықта болу, жаңа әлемдік қатынастар мен мәдини байланыстар үін ашық болу қабілетін тәрбиелеу-міне, бүгінгі күн талабы осындай. Білім беру мекемелерінің алдына қойылған маңызды міндеттерінің бірі-оқушыларды өмір шындығына және ертеңгі жоғары технологиялы қоғамда еңбек етуге дайындау. Шынайы өмірде бұл-табысқа, әлеуметтік өзін-өзі билеуге қол жеткізу деген сөз.Тек қана ашық әлемде шын мәніндегі іс-әрекеттің барысынла ғана оқыту мен тәрбиелеудің мұндай сатысына қол жеткізуге болады.

Алға қойылған мақсатқа жетудың тиімді құралдарының бірі-нәтижеге қол жеткізуге бағытталған қызметті үйымдастыруда ұстанған жобалық әдіс болып табылады. Оның барысында жаңа білім іс-әрекеттері игерілмек.

Соңғы жылдары да қазақ тілінен көптеген компьютерлік бағдарламалар құрастырылып жатыр. Компьютерлік оқыту бағдарламаларының қазіргі кездегі қолданысына қарай бірнеше түрге бөлуге болады:

1.Қолданбалы компьютерлік бағдарламалар. Бұл бағдарламалар мақсаты-оқу үрдісіндегі ақпаратты ұсыну арқылы білім алушының жеке қабілетіне қарай белгілі бір білімділік пен дағдыны қалыптастыру.

2.Жаттықтырушы компьютерлік бағдарламалар. Олар бұрынғы материалды бекіту үшін қолданылады.

3.Тестілік диагностикалық материалдар. Олардың мақсаты-білім, дағды, іскерлікті бағалау. Білімділіктің, зияткерліктің деңгейін айқындау.

4. Ақпараттық-іздестіру бағдарламалары. Олар қолданушыға қажет ақпаратты таңдауға және оны анықтауға бағытталады.

5.Ойын арқылы оқу бағдарламалары. Білім алуда жағдаяттарды ойын түрінде ұсыну арқылы дұрыс шешім, әрекетті таңдауға үйрететін бағдарламалар.



6.Аудармашы-сөздік бағдарламалар. Олар тек сөздерді аудару ғана емес, сөз тіркестерін, мәтіндерді аударуға арналған бағдарламалар. Сабақтың сапалы болуы-оның ғылыми тұрғыдан, теориялық жағынан жоғары дәрежеде дәлелденуі-ұстаздың шеберлігі мен жаңа технологияны тиімді қолдана білуінде. Біз бейбіт елде, мемлекеттік білімді жетілдіруге аса мән берген елде тұрамыз. Жалпы, білім берудің мақсаты-терең білімнің,кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі дамытуға ,адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдерді қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру,яғни,жеке тұлғаны қалыптастыруға негізделген, ақпараттық технологияны терең меңгерген, жылдам өзгеріп жататын бүгінгі заманға лайықты,жаңашыл тұлғаны қалыптастыру. Қорыта келгенде,сапалы білім мен саналы тәрбие ұштасқанда ғана ұлт тілегін,мемлекет,халық мүддесін ойлайтын жеке тұлға қалыптасады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Ж. Букенева. «Қазақ тілін компьютерлік технология арқылы меңгерту мәселелері»(Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде.2008.№6.)

  2. Ж. Кеңшілікқызы,А.Сағымбайқызы. «Қазақ тілін оқытуда жаңа ақпараттық технологияларды қолдану» (Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде. 2009, №6)

  3. А.Рахимова. «Ақпараттық компьютерлік технологияларды қазақ тілі сабағында қолдану-заман талабы»(Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде.2012.№2)

  4. А. Абдуллаева. «Компьютерді қолдану тиімділігі.» (Қазақ тілі мен әдебиеті.2004.)

  5. М. Әнуарбекқызы «Ақпараттық және компьютерлік технология арқылы оқушылардың қабілетін дамыту» (Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде.2012.№3

Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
publications -> Жаппарқұлова Анар Абусайылқызы ОҚмпи қазақ және әлем әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ. к. Шымкент қаласы. Майлықожа ақынның шығармашылық ықпалы
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> Қазақ халқының шешендік өнері Абилбакиева Ғ. Т
publications -> 1903 жылы Санкт-Петербургте «Россия. Біздің Отанымыздың толық географиялық сипаттамасы» деп аталатын көп томдықтың XVІІ томы қазақ халқының тарихына арналып, «Киргизский край» (Қазақ өлкесі) деген атаумен шықты
publications -> Олжастанудың деректі көздері
publications -> Өмірде өнегелі із қалдырған, халықаралық қатынастар факультетінің тұңғыш деканы Гүлжауһар Шағатайқызы Жамбатырова
publications -> С. торайғыров мұрасының ТӘуелсіздік тұсында зерттелуі
publications -> Жамбыл жабаевтың арнау өЛЕҢдері сағынған Назерке Берікқызы
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет