Оларды білмей іздегенмен табылмас Білім – ғылым үйренбекке талап қылушыларға әуелі білмек керек. Талаптың өзінің біраз шарттары бар. Оларды білмек керек
Оларды білмей іздегенмен табылмас... Білім – ғылым үйренбекке талап қылушыларға әуелі білмек керек. Талаптың өзінің біраз шарттары бар. Оларды білмек керек.
Білім-ғылымды көбейтуге екі қару бар адамның ішінде: бірі-мулахаза (ойласу, пікір алысу). Екіншісі – мухафаза (сақтау, қорғау). Бұл екі қуатты зорайту жаһатінде болмақ керек. Бұл зораймай ғылым зораймайды.
Сабақтың мақсаты: Темір металы жөнінде білімдерін кеңейту. Оқушылардың білімдерін жүйелендіру, пәнге деген біртұтас көзқарас қалыптастыру.
Сабаққа дайындалуда оқушы мен оқытушы іс-әрекеті: Оқытушы мен оқушы алдын ала дайындалуы, оқушының өздік жұмыс орындауы. Ізденгіштік қабылетін ескере отырып, оқушыға тапсырма беру.
Сабақтың міндеті:
Білімділік:Темір элементін жан – жақты зерттеу арқылы темір, оның қосылыстары,қолданылуы, маңызы жөнінде білімдерін кеңейту.
Тәрбиелік:Оқушылардың шығармашылық мүмкіндігін дамыту, қабілетін арттыру, қосымша материалдар арқылы эстетикалық тәрбие беру.
Көрнекілік: Слайдтар (интернеттен алынған материалдар), электронды оқулық
(9 сынып химия ), металдар коллекциясы, табиғи минералдар коллекциясы, периодтық кесте, суреттер, реактивтер, қосымша әдебиеттер, химия энциклопедиясы, интерактивті тақта..
Кесілген алма неліктен қызарады?
Проблемалық сұрақ
Сабақтың тақырыбы:
Темір
Жаңа тақырыпты түсіндіру жоспары:
1. Темірдің периодтық жүйедегі орыны; (химик)
2. Атом құрлысы(электрон, протон, нейтрон саны, салыстырмалы атомдық масса) (химик)
3. Табиғатта таралуы және маңызы; (геолог, географ, астроном)
Темір десек біздің көз алдымызға шойын мен болат келеді «Жер бетінде темір жойылып кетсе, не болады деп елестетсек, көшелерде сұмдық көрініс, темір жол да,поездар да, машиналар да жоқ, көпірлер үйіндіге айналған ,өсімдіктер семіп ,өле бастаған.Адам денесіндегі 3г темір жойылса , тіршілігін тоқтатып , өліп қалар еді.» ,бұл көріністі суреттеген , темірдің маңыздылығын айтқан атақты минералог , академик А.Е.Ферсман.
Химик: Темір периодтық жүйеде:
4-период, 4 - қатар, 8 - топ, қосымша топша, реттік нөмірі 26.
26 электрон, 26 протон, салыстырмалы атомдық массасы 56, 30 нейтрон.
4 электрондық қабат, 2)8)14)2), электрондық конфигурациясы
1s2 2s2 2p6 3s2 3p6 3d6 4s2
Тотығу дәрежесі 0,+2,+3, кейде +6; тотықсыздандырғыш болып табылады.
Физик
Ақ сұр түсті, металдық жылтыры бар,
электр тогы мен жылуды жақсы өткізетін,
магнитке тартылатын,
жұмсақ, созылғыш металл.
Тығыздығы 7,864 г/см3 , балқу t ═1539 С.
Осыдан 2000 жыл бұрын Қытай ғалымы Сума Тзян магниттік компасты тапқан. Ол темірдің магниттік қасиетіне сүйенген.Магниттік қасиеті күшті металдар: темір, никель, кобальт. Ферромагнетиктерден магнит құралы, компас жасалады. Радиотехникада, электротехникада қолданылады.
Месопотамия өркениеті метеориттік темірді білген, олар б.з.д. ІІІ мыңжылдықта темірді қолданып оны «аспаннан түскен от» деп атаған. Оның құймасынан қару-жарақ, әсемдік бұйымдар жасаған. Египет фараоны ІІ Рамзес хеттер патшасына (б.з.д. 2500 жыл) жазған хатында кендерді тотықсыздандыру арқылы темір алу туралы мәліметтер бар. Жер бетінде темір алтыннан да бағалы болған уақыттар болды. “Темір ғасыры” деген терминді ғылымға ХІХ ғасырдың басында дат ғалымы Томсен енгізді. Бұл темір металлургиясы дами бастаған кез. Әйгілі Дамаск болаты Шығыста тіпті Аристотель (б.з.д. ІҮғ) кезінде жасалған. Болат қылыш жасау құпияда сақталып келді.
Темірден жасалған бұйымдар
Темірден жасалған бұйымдар
Next
Балта.
Ұзындығы – 16 см. ХІ ғасыр.
Next
Темірден жасалған құлып.
Ұзындығы – 8,5 см.
ХІІ ғасыр.
Next
Темірден жасалған бұйымдар
Next
Темірден жасалған әр түрлі қару-жарақтар.
Х – ХІІ ғасырлар.
Next
Темірден жасалған кілттер
Back
Ат әбзелдері. Құрамы: темір,
күміс және т.б.
Ұзындығы 24 см.
ХІ ғ-да жасалған.
Next
Ерте кездегі темірден жасалған қайшы. Ұзындығы – 15,5 см. XIV ғасырдың екінші жартысы.
Next
ХҮІ-ХҮІІ ғ темірден жасалған бұйымдар(шкатулка,есік өрнегі)музей,Санкт-Петербург.
Делидегі темір
бағана (б.э.д. ІҮ-Ү ғасыр)
(Дели) Индияда б.э.д. ІҮ-Ү ғасырда 415 жылы тұрғызылған темір бағана биіктігі 7 метр, салмағы 6,5 тонна 99,72% таза темірден тұрады, осынша уақыт таттанбауының себебін ғалымдар анықтай алмай отыр.
айналған мұнара биіктігі 300 метр, таза темір металынан тұрады.
Астроном
Темірді ертеде «Аспан тасы» деп атаған. Жер бетіне жылына мыңдаған метеорит бөлшектері түседі, олардың құрамында 90% темір бар. Ең үлкен метеорит 1920 ж Америкадан табылған,салмағы 60т .1895 жылыГренландия мұздағынан салмағы 34т темір метеорит табылған ,қазір Нью-Иоркте сақталуда.Темір күн жүйесінде ең көп тараған элемент.Жер ядросының 90%темір құрайды.Жер мантиясында 12%,жер қыртысында 5%темір бар.Жер қыртысында таралуы бойынша -6 орында
Геолог
Темірдің табиғи минералдары:
Fe 3O4магнитті темір немесе магнетит (72% Fe)
Fe 2O 3 қызыл теміртас немесе гематит (70% Fe)
Fe 2O3 · 3H2O лимонит (50% Fe)
FeS2 пирит немесе күкірт колчеданы (52% Fe)
FeSO4· 7H2O темір купоросы
Темір кендерінің ең үлкен қоры Уралда .Онда таулар толық темірден құралған.Курск,Кольск жартылай аралында Шығыс және Батыс Сібірде темір кенінің Үлкен қорлары бар.Қазақстанда темір кендері Оралдың шығыс беткейінде, Қостанай өңірінде көптеп кездеседі(Соколов-Cарыбай).
Темір табиғи суларда ең кең тараған элементтердің бірі болып табылады,
оның орташа құрамы 0,01 -20 мг/л интервалында тербеліп тұрады.
Қазақстанның қазба байлықтары
Биолог: Темірдің биологиялық маңызы
Адам денесінде темір құрамы 3-7 гр дейін (ткань, қан, ішкі органдарда) болады. Темір біздің организмге тамақ арқылы келеді. Ересек адамның тәулік қажеттілігі 11-30 мг құрайды.
Бұлшықет белогы – миоглобин, құрамында Fe+3 катионы етке қызғылт түс береді. Қан белогы – гемоглобин, құрамында Fe+2 катионы, қанға қызыл түс береді, сүйек кемігінде түзіледі.
Темір барлық жасыл өсімдіктер құрамына кіреді, хлорофилл түзуге, тыныс алуға қатысады.
Адамда ,өсімдіктерде, сүтте нанда темір кездеседі.
Адам ағзасында темір мөлшері жетіспеуінен –қан аздық(анемия ауруы пайда болады. Ол дұрыс тамақтанбаудан,экологиялық себептерден,әлсіреу ,көп қан кету т.б. пайда болады.
Медицинада қаназдық ауруын емдеуде ферумлек,ранферон дәрілері пайдаланылады.
Медицина
«Біз темірді жараттық. Темірде күш-қуат және адамзат үшін көп пайда бар..”
(Хадид сүресі, -аят)
Меккедегі қара тас - таза темірден тұрады.Оның ауада тіреусіз қалқып тұруы темірдің магниттік қасиетіне негізделген.
Әдебиетші:
Бұл жерде біз данышпан Абайдан бір үзік жұмбақ келтірелік:
Қара жер адамзатқа болған мекен,
Қазына іші толған әр түрлі кен.
Ішінде жүз мың түрлі асылы бар,
Солардың ең артығы немене екен?
Шешуі: темір.
Батырлар жырында темір қосылыстары қылыш ,найза мылтық жебе туралы айтылады.
Темір жөнінде мақал-мәтелдер:
«Темірші – көміршіге үйір»
«Темірді қызған кезде соқ»
«Болат қайнауда шынығады
Батыр майданда шынығады»
«Алмас пышақ қап түбінде жатпас»
«Темірдің бір басы-ыстық, бір басы-суық»
«Көптің аузы-темір талқы»
«Темір кессең қысқа кес,
Ұзартуың оңай.
Ағаш кессең ұзын кес,
Қысқартуың оңай».
«Болат бүгілмес-морт сынар».
«Оқ жетпес жерге қылыш сілтеме».
«Болған іске болаттай берік бол»Төзімі темірдей- қайратты деген мағынада.