Өлшенген шамаларды тахеометрдің жадына жазу.
Геодезиялық аспаптарды жұмысқа дайындау. Геодезиялық аспаптар конструкциясы, оны далалық жағдайда дәлдеу мүмкіндігін қарастырады. Аспапты дәлдеу қажеттігі, оның конструкциясында салынған геометриялық, оптикалық, механикалық және электрлік жағдайларды тексеру нәтижелеріне негізделіп анықталады. Аспапты жұмысқа дайындау, аспаптың конструкциялық жағдайларын тексеру және дәлдеу, жұмыс кешенін пайдалану кезінде тексеру құрамына кіреді. Геодезиялық аспапты пайдалану кезінде тексеру – зертханалық жағдайда, сондай-ақ далалық жағдайда мерзімінде тікелей бақылау жүргізер алдында іске асырылады. Геодезиялық аспаптарды пайдалану кезіндегі тексерудің типтік тәсілдерін қарастыралық.
1. Штатив орнықтылығын тексеру. Бақылау (тексеру) кезінде штатив, аспаптың тік жазықта және бүйір бағытта қозғалмай тұруын қамтамасыз етуі тиіс. Тексеру – аспаптың көру түтігі арқылы қандай да бір анық көрінетін қозғалмайтын нүктені байқап көру, бақылау арқылы іске асырылады. Штатив бөліктерінің ығысуы анықталған жағдайда, штатив аяғын (головка) және ұшының аяғымен қосуды қатайту керек.
2. Тіреуіштің орнықтылығын тексеру. Тіреуіш көтергіштің бұрандасы оңай, ол жеңіл бұралуы керек, бұранданың ауытқуына жол бермейді. Бұранданың ауытқуы есебінен тіреуіштің ығысуын, штативті тексеруде сипатталғандай етіп тексереді. Дәлдеу кезінде барлық көтергіш, винттің бірдей айналу сапасын қамтамасыз етіп, реттейтін гайканы шпилькамен (өзек) айналдырады.
3. Деңгейлеуішті орнату дәлдігін тексеру. Аспаптың цилиндрлік деңгейлеуішнің осі оның вертикаль осіне перпендикуляр болуы тиіс. Тексеру үшін деңгейлеуішті екі көтергіш бұранда бағыты бойынша орнатып, солардың көмегімен көпіршікті ортасына салады. Деңгейлеуіш бар аспаптың жоғары бөлігін 180°-қа бұрады. Егер деңгейлеуіш көпіршікті орташа орыннан бірден артық бөлікке ығысса, осы деңгейлеуіштің жөндеу бұрандасымен көпіршікті ампуланың ортасына, ауытқудың жартысына орналастырады. Бұдан кейін тексеруді қайталайды. Дөңгелек қондырғы деңгейлеуіші болған жағдайда, оның осі аспаптың вертикаль осіне параллель болуы керек.
Аспапты тексеру үшін цилиндрлік деңгейлеуіш бойынша оны горизонталь орналастырады. Содан кейін дөңгелек деңгейлеуіштің дәлдеу бұрандасымен, оның көпіршігін ортасына салады.
4. Көру дүрбісінің жіп торы дұрыс орнатылуы тиіс. Көру дүрбісі арқылы қандай да бір анық көрінетін нүктені бақылап, тексеру жүргізіледі. Дүрбіні горизонталь және вертикаль жазықтықта ауыстыру кезінде тор штрихының (горизонталь не вертикаль) нүкте бейнесімен үйлестігін тексереді. Тор орнын түзету үшін оның жақтауын қажет бағытта, бейнелейтін түзету бұранда көмегімен бұрайды.
5. Көру дүрбісінің көздеу (визир) осінің орнын тексеру. Нивелирде көру дүрбісінің көздеу осі мен деңгейлеуіш осі арасындағы бұрыш минималь (ең аз), яғни нормативтік құжаттамада белгіленген шектен аспауы керек. Теодолитте дүрбінің көздеу осі горизонталь оське перпендикуляр болуы тиіс. Тексеру үшін нивелирде белгілі әдіспен (мысалы, екі рет нивелирлеу арқылы) i бұрышын, ал теодолитте – коллимациялық қателікті с – 0,5 (КЛ–КП) анықтайды.
6. Бұрыш өлшеуіш аспаптың вертикаль дөңгелегінің (шеңбер) есептеу индексі дұрыс белгіленуі тиіс. Деңгейлеуіш көпіршігі ортасына орнату кезінде, түтіктің көлденең орнына сәйкес есептеу – нөл орны (зенит орны) деп аталады. Бұл шарт деңгейлеуіш немесе тордың дәлдеу бұрандасымен түзетіледі.
7. Аспапқа орнатылған центрирдің қондырылуын тексеру. Оптикалық центрирдің көздеу осі, аспаптың вертикаль осімен сәйкес келуі тиіс. Тексеру үшін аспаптың жоғары бөлігінің үш орында (1200 сайын) центрир торының горизонталь жазықтыққа қиылысу жобасын алу қажет, яғни қателік үшбұрышын анықтау керек. Дәлдеу үшін центрирдің оптикалық бөлшектерінің бірін, тордың қателік үшбұрышының ауырлық центрімен қабысқанға дейін орнын ауыстырады. Кейбір аспаптарда оптикалық центрирді дәлдеу, тек шеберханаларда жүзеге асырылады.
8. Оптикалық көздеу (визир) осінің орнатылуын тексеру. Оптикалық көздеу осі, көру дүрбісінің көздеу осіне параллель болуы керек. Тексеру үшін көру дүрбісін алыстағы нысанаға апарып, содан кейін осы нысананы көздеу (визир) осі арқылы бақылайды. Егер көздеу осінің сызығы нысана бейнесімен қабыспаса, онда көздеу осіне түзету жүргізіледі. Ол үшін көру дүрбісінің қабына орнатылған көздеу осін бекітетін бұрандалары босатылып, көздеуді нысанға бағыттап, бұрандаларды қатайтады.
Достарыңызбен бөлісу: |