Электромеханикалық құралдар қарапайымдылығымен және өте жоғары сенімділігімен көзге түседі. Бұл құралдардың дәлдік класы 0,05, электромеханикалық құралдардың құрылымы жалпы мынадай элементтерден тұрады: өлшеу тізбегі; өлшеу механизм; демпферлеуші механизм; тіл; шкала; бірқатар қосымша құрылғылар.
Өлшеу тізбегі өлшейтін шаманы өлшеу механизміне әсер ете алатындай шамаға түрлендіру үшін қажет.
Өлшеу тізбегі өлшейтін шаманы өлшеу механизміне әсер ете алатындай шамаға түрлендіру үшін қажет.
Өлшеу механизм өлшеу тізбегінен келетін электрлік шаманы механикалық орын ауыстыруға (көбіне бұрыштық) түрлендіру үшін қажет.
Демпферлік құрылым теңбе-теңдік айналасында тілдің (стрелканың) тербелісін болдырмау үшін керек.
Құралдың корпусы механизмді ылғалдылықтан, шаңнан, механикалық бүлінуден сақтайды. Кейбір құралдарда корпус сыртқы электромагниттік өрістен сақтайтын экран рөлін атқарады.
Қосымша құрылғылар Мқа қарсы әсер етуші моментті тудыруға, соның нәтижесінде тіл, балансир, нөлге келтіру жүйелерінің және т.б. еркін айналуын жүзеге асырады.
Магнитоэлектрлік жүйенің құралдары. Қарастырылып отырған құрал өте жоғары дәлдікті, қуатты аз пайдаланады, шкала, көбіне, амперметр, вольтметр және омметр ретінде пайдаланады.
Магнитоэлектрлік жүйенің негізіндегі құралдарда магнит өрісіндегі тогы бар өткізгішке оның күшпен әсер етуі пайдаланылған. Магнитоэлектрлік өлшеу құралы (6.3-сурет) мынадай элементтерден тұрады: 1-тіл; 2-шкала; 3-полюстердің ұштары; 4-тұрақты магнит; 5.9-пружиналар; 6-қозғалмалы катушка; 7-қозғалмайтын цилиндр; 8-өс; 10-нөлге келтіру тетігі; 11-қарсы салмақ.
Магнитоэлектрлік құралдардың жұмыс істеу принципі мынадай: құралдың тілінің бұрылу бағыты катушка арқылы жүретін токтың бағытымен бағыттас. Демек, тұрақты ток тізбегіне құралды қосқанда оның полярлығын сақтау керек.
Магнитоэлектрлік құралдардың құндылығына жататындар: шкаласының бірдей бөлікке бөлінгендігі; өлшеу кезінде өзіне токты аз жұмсауы; дәлдігінің жоғарылығы және үлкен сезгіштігі; аз токты өлшегеннің өзінде де, жеткілікті мөлшерде айналдырушы моментті тудыратын, өзінің күшті магнит өрісінің болуы.
Құралдың кемшілігі мынада: айнымалы токты өлшеуге жарамсыздығы және тұрақты ток тізбегіне қосқанда полярлығын мұхият сақтау керектігі.
Электромагниттік жүйенің құралдары.
Мұндай кұралдар тұрақты және айнымалы ток тізбектерінде өлшеу мақсатында амперметр, вольтметр және фазаметр есебінде пайдаланылады. Құралдың құрылысы қарапайым, қалқан (кедергі) ретінде кең қолданылады, бірақ дәлдігі және сезгіштігі төмен.
Электромагнитгік өлшеу құралының (6.5-сурет) жұмыс істеу принципі магнит өрісі мен ферромагниттік өзекшенің өзара әсеріне негізделген. Электромагниттік өлшеу құралы мынадай элементтерден тұрады: 1-тіл,
Электромагниттік жүйенің құралының артықшылықтары мынадай. оның құрлысының қарапайымдылыгы және сенімділігі; бағасының төмендігі; артық жүкке жоғары төзімділігі; айнымалы және тұрақты ток тізбектеріндегі өлшеулерге жарамдылығы.
Кемшіліктеріне жататындары: сезгіштігінің аздығы; шкаласының бөліктерінің бірдей еместігі; кернеулерінің сыртқы магнит өрісінен және айнымалы ток жиілігінен тәуелділігі.
Электродинамикалық жүйенің құралдары
Бұл құралдар тұрақты және айнымалы ток тізбегінде қолданылады. Өте жоғары дәлдігімен (0,1; 0,2; 0,5 дәлдік класы) айырықшаланды, бірақ өзіне көп энергия жұмсайды, салыстырмалы түрде алғанда сезгіштігі төмен. Электродинамикалық өлшеу құралдарының негізгі элементтері: 1-серіппе; 2-қозгалмайтын катушка; 3-қозгалмалы катушка; 4-тілдің механизмі; 5-демпферлік құрылғы (6 .6- сурет).
Электродинамикалық құралды токтың (бұл жағдайда екі катушка да тізбектей қосылып, олар арқылы бір ток жүреді), қуатын немесе фазометр ретінде, фазасын өлшеу жұмыстарына пайдаланылады. Электродинамикалық жүйенің амперметрлері мен вольтметрлерінің шкалалары бірдей бөліктерге бөлінбеген.
Электродинамикалық құралдың артықшылығы: тұрақты және айнымалы токтарды өлшеуге жарамдылығы; айнымалы ток тізбегін өлшеуге арналған басқа құралдарға қарағанда өлшеу дәлдігінің жоғарылығы.
Кемшіліктеріне жататындар: өлшеу дәлдігіне сыртқы магнит өрісінің күшті әсері, артық жүкке сезімталдығы және бағасының жоғарығылығы, шкалаларының бірдей бөліктерге бөлінбеуі.