Жұмыстың мақсаты: Electronics Workbench мәзір құрамын оқып, танысу. Резисторларды тізбектей, параллель және кернеу көздерін тізбектей жалғаған кездегі схемаларды зерттеу.
Қысқаша теориялық мағлұмат «Электротехника» пәнінен зертханалық жұмысты жүргізу кезінде Electronics Workbench (EWB) программасы қолданылады. Electronics Workbench (EWB) – ЭЕМ қолданатын электрлік электронды схемада эксперименттік зерттеуді жүргізуге мүмкіндік беретін қажетті құралдары бар қарапайым виртуалды жұмыс.
EWBпрограммасы Windows ортасында жұмыс жасауға мүмкіндік береді. Electronics Workbench программасында барлық элементтер қатаң бекітілген параметрлермен сипатталады, сондықтан әрбір эксперименттің қайталануы кезінде есептеу алгоритмі мен элемент параметрлерімен анықталатын нәтиже қайталанып отырады.
Electronics Workbench программасы бір уақытта схеманың барлық элементтері көрініп тұратындай етіп, электрлік схеманы жинауға мүмкіндік береді.
Өткізгіштер түсін өзгерту мүмкіншілігі схеманы қарапайым үлгіде қабылдауға мүмкіндік береді. Оған қоса графиктерді де әртүрлі түспен көрсетуге болады, ал бұл бір уақытта бірнеше тәуелділікті алуға мүмкіндік береді.
EWB бағдарламасын қосу (іске қосу – программалар - Electronics Workbench).
Негізгі мәзірді қарап шығу.
EWB программасының терезесінде мәзір, библиотека компоненттерінің сызығы мен бақылау-өлшегіш құрылғылар сызығынан тұрады. Әрбір қажеттілік кезінде нәтижелерді бақылау және оның жұмысын бақылау үшін әрбір құралдың орнын ауыстыруға болады. Схеманы жинағаннан кейін оны ток көзіне қосу қарапайым қосқышты басу арқылы жүзеге асады.