1. Фольклор сөзінің аудармасы не? а) «халықтың ауызша шығарған көркем сөздері» ә) «халықтың жазбаша шығарған көркем сөздері» б)өлеңдер,тақпақтар в) бір ақынның өмірбаяны 2. «Ер Төстік», «Керқұла атты Кендебай», «Алтын сақа» ертегілердің қайсы түріне жатады ? а) тұрмыс –салт ертегілері ә) қиял – ғажайып ертегілері б) хайуанаттар туралы ертегілер в) шыншыл ертегілер 3. Шыншыл ертегілердің аттары берілген қатарды табыңдар. а) «Ыста тас», «Тас болған шаһар» ә) «Арыстан, қасқыр, түлкі, түйе», « Күшік пен мысық» б) «Аяз би» , « Атымтай жомарт» в) « Бозінген», «Аю, түлкі жәнеқойшы» 4. Қиял –ғажайып ертегілерінде зұлымдықты жеңетін күш? а) адам ә) аң б) тұлпар в) қырғауыл 5. «Алтын сақа» ертегісінде суда жүзіп жүрген кімге айналып кетеді? а) бай адамға ә) балаға б) Жалмауыз кемпірге в) сәйгүлікке 6. «Алтын сақа» ертегісінде бай ескі жұртқа нені тастап кетеді? а) қотыр тайын ә) алтын сақасын б) жалғыз баласын в) итін 7. «Толағай» ертегісінің авторы кім? а) Ә. Тәжібаев ә) М. Әуезов б) А.Құнанбаев в) Ш. Уәлиханов 8. «Толағай» ертегісінің басқа ертегілерден қандай ерекшілігі бар? а) «Толағай» ертегісінің авторы бар ә) «Толағай» ертегісінің авторы жоқ б) «Толағай» ертегісін халық шығарған в) «Толағай» ертегісі қиял-ғажайып ертегі 9. Мақалды толықтырыңдар. Отансыз ......., ормансыз ........ а) күрес, үлес ә) елінде, жерінде б) сұлтан, ұлтан в) адам, бұлбұл 10. Мақалдың тақырыбын анықтаңдар. «Білекті бірді жығар, Білімді мыңды жығар» а) Отан туралы ә) білім туралы б) сөз туралы в) әдептілік туралы
Тест сұрақтары. Қазақ әдебиеті 6- сынып ІІ тоқсан 1. Тапқырлықты,білімділікті керек ететін ауыз әдебиетінің түрі не деп аталады. а) мақалдар; ә) жұмбақтар; б) ертегілер; в) әндер; 2. «Загадка» деген сөздің дұрыс аудармасын табыңдар. а) мақал- мәтел ; ә) жұмбақ ; б) ертегі ; в) ән, жыр ; 3. Жұмбақтардың тақырыбы қандай. а) әр алуан ; ә) бір түрде ; б) оқу жөнінде; в) табиғат туралы ; 4. Берілген жұмбақтың тақырыбын анықтаңдар. Зер зер кілем, зер кілем. Көтерейін десем зор кілем. а) ғарыш туралы ; ә) хайуанаттар туралы ; б) жер туралы ; в) құстар туралы; 5. Жұмбақтың шешуін табыңдар. Жаны жоқ болса да, Ақылы адам ісін істейді. а) кітап ; ә) өшіргіш ; б) қарбыз; в) бес саусақ ; 6. Аңыз әңгімелердің ертегілерден айырмасы неде екенін белгілеңдер. а) ойдан құралған әңгімелер ; ә) жұмбақтар,жаңылтпаштар ; б) мақал – мәтелдер; в) тарихта болған адамға байланысты болады ; 7. Қобыз аспабының атасы кім? а) Қорқыт ата ; ә) Асан қайғы ; б) Алдар көсе; в) Жиренше шешен ; 8. Жиренше шешен қаздың етін бөлгенде, ханға не деп береді . а) Қаздың басы сізге, сіз басымызсыз ; ә) Құс мойынсыз, хан ханымсыз болмайды, мойын ханымға ; б) Екі балаңыз қанатыңыз, қанат оларға; в) орта адам менмін,ортасы маған ; 9. Қорқыт ата Желмаясымен дүние шарлап, не іздейді. а) Жерұйықты ; ә) түйесін ; б) сәйгүлігін ; в) туған жерін; 10. Қорқыт ата қобыз жасауды қай жерде ойлап табады. а) ел аралап жүргенде ; ә) түсінде аян береді ; б) жолаушылап жүргенде ; в) үйінде отырғанда ;
Тест сұрақтары. Қазақ әдебиеті 6 - сынып ІІІ тоқсан 1. Шоқан Уәлихановтың шын аты қалай аталады. а) Ибрагим ә) Мұхаммедханафия б) Әбілмансұр в) Сәкен 2. Шоқан Уәлиханов қашан және қай жерде туылған. а) Семей облысында 1845 жылы ә) Қостанай облысында 1835 жылы б) Қостанай облысында 1841 жылы в) Алматы облысында 1894 жылы 3. «Кел ,балалар,оқылық» өлеңінің авторы кім. а) Шоқан Уәлиханов ә) Абай Құнанбаев б) Сәкен Сейфуллин в) Ыбырай Алтынсарин 4. Алғашқы қазақ мектебін ашқан тұңғыш педагог кім? а) Ыбырай Алтынсарин ә) Абай Құнанбаев б) Сәкен Сейфуллин в) Мұқтар Әуезов 5. Абай Құнанбаев орыс ақыны М.Лермонтовтың неше шығармасын аударған. а) 15 шығармасын ә) 27 шығармасын б) 30 шығармасын в) 26 шығармасын 6. Абайдың мәдениет пен білімге арналған өлеңдері қатарын табыңдар. а) « Әсемпаз болма әрнеге», « Жазғұтырым» ә) «Жасымда ғылым бар деп ескермедім», «Ғылым таппай мақтанба» б) «Құлақтан кіріп бойды алар», « Қараңғы түнде тау қалғып» в) «Бойы бұлғаң», «Қыс» 7. Абайдың әжесінің атын анықтаңдар. а) Зере ә) Ұлжан б) Әйгерім в) Тоқжан 8. А. Байтұрсынұлының «Аққу,Шортан һәм Шаян» мысалында не мақсат қойды? а) жұмыс істеуге шақыру ә) қазақ елін тұтастыққа шақыру б) айтқанын орындамауға в) топастықты әшкерелеуге 9. Ж. Жабаев Ұлы Отан соғысы жылдарында жауынгерлерді жігерлендіретін қандай өлең жазды . а) «Ленинградтық өренім» ә) «Балаларға» б) «Алатау» в) «Өтеген батыр» 10. С. Сейфуллиннің тұңғыш өлеңдер жинағы «Өткен күндер» қашан және қай жерде басылып шықты. а) 1917 жылы Бұғылыда ә) 1914 жылы Қазанда б) 1911 Орынборда в) 1908 Ақмолада