Өнер халықпен бірге жасап, бірге өмір сүреді



Pdf көрінісі
Дата27.10.2023
өлшемі97,48 Kb.
#188763
Байланысты:
1 СРСП бейнелеу Мұқаметнұр А



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ 
АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ 
ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ ИНСТИТУТЫ 
Баяндама 
Тақырыбы: Қазақстандағы бейнелеу өнерінің даму тарихы 
Орындаған: Мұқаметнұр А. М 
Қабылдаған: Жакупова А. Ж 
Алматы, 2023 


Өнер халықпен бірге жасап, бірге өмір сүреді. Өнердің дамуы, халықтың тарихымен, 
қоғамдағы өзгерістерімен тығыз байланысты. Біз қандай халықтың тарихына үңілсек те, сол 
халықтың өнерге баланы ерте жастан баулуға мән беретіндігін көруге болады. Сол сияқты 
қазақ халқы да ерте кезден өз ұрпағын өнерге баулып, баланың көркемдік тәрбиесіне дер 
кезде назар аударып отырған. 
Қазақтың көркемдік білім беру саласында жас ұрпақтарды көркем сурет өнеріне баулуда 
халық шеберлерінің еңбегі орасан зор. Олар өзінің меңгерген шеберлігін, ұрпақтарына 
үйретіп, мұра ретінде қалдырып отырған. Академик Ә.Марғұланның зерттеуіне қарағанда 
ХҮІІ ғасырда өмір сүрген халық шебері Бұлан Баянауыл өңіріндегі қолөнердің бір топ 
шеберлерін тәрбиелеген. Олардың ішінде Құлбас, Ыбырай және Әбдірахман сияқты дарынды 
шәкірттерінің даңқы кең көлемде белгілі болған. Құлбастың көркемдік- ағартушылық 
дәстүрін жалғастырушы ХІХ ғасырдың ағаш шебері Құлмағанбет Байбақұлы (1 27-1889) 
болған. Қ.Байбақұлы ер шауып, сәукеле жасаған. Баянауыл, Қарқаралы, Ертіс жағасындағы 
Манай және Қадыр Байжанов сияқты ағаш ою шебері, зергер Әбдікәрім Есалинге өзінің 
өнерін үйреткен. Әбдікәрімнің көркемдік дәстүрін Ақбөпе, Жүсіп, Ұлтарақ, Таутан, 
Әзмаханбет сияқты халық шеберлері жалғастырған. 
Халық шеберлері арнайы мектеп ашып сабақ өткізбесе де олар өз шәкірттеріне жеке тәлім-
тәрбие беру арқылы, көркемдік білім беру ісі атадан- балаға, ұстаздан шәкіртке өту дәстүрі 
жүйелі сақталған. 
ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басында Қарқаралы даласында Қаржаспаев 
Құлбек деген шебер ағаш ою өнерін жете меңгерген. Ол өз өнерін Битібаев Толғанбайға, 
Қарынбаев Захаринге, Қожағұлов Қалиға үйреткен. Құлбектің замандасы Ханасов Асқар, 
Құлмаханов Құйқалықтардың шәкірттері Жұман, Орманбайлар сәндік өнер бұйымдарын 
жасайтын Ақмола өңіріне танымал шеберлер атанған. Бұлармен қатар Сарысу өзені бойында 
Атакен, Ахмет шеберлердің Дайыр Салықов атты шәкірті, Торғай жеріндегі Құлмұрат, Есжан, 
Бимағанбет деген ұсталарда соның шәкірті болған. Осы өңірде Көгентаев Садуақас деген 
шебер өмір сүрген. Бұл зергердің бабасы Қойбас, одан Көгентай туып, шеберлер ұрпағының 
өнерін жалғастырған. 
Батыс Қазақстанда Мұқаш және Елемес деген шеберлер зергерлік іспен айналысқан. 
Бұлардың көркемдік дәстүрін шәкірттері мен туыстары Назархан, Шаншар, Тауасарлар мұра 
тұтқан. Арал теңізі мен Сырдария бойында білезік, сырға, алқа, шашбау соғатын Қарамырза 
шебер өмір сүрген. Жаңақорғанда Алданазар шебердің шеберханасы болған, оның ісін ұлы 
Әлімбет жалғастырған. Сырдария өңірінен шыққан Жолтай шебер өз шеберханасын, сырға, 
білезік соғатын құралдарын баласы Налжігіт Берсүгіровке қалдырған. 
Қызылорда маңынан шыққан ұста Қабыл Аманжолов (1897ж.т.), шиелілік шеберлер Исак 
(ХІХ ғ.) және Жүсіп Тонабаев (1904-1969ж.ж.) атақты Қарамырза ұстаның шәкірттері болған 
екен. 
Жетісу өңірінде ер-тұрман, белдік және теріден тұсқа тұтатын безендіру үлгілерін жасайтын 
Шоқпар атты шебер- өнерін баласы Дәркенбай Шоқпаровқа үйретіп кеткен. Ал қазір 
республикада Дәркенбай шәкірттері ондап саналады. 
Сонымен қазақтың сәндік қолданбалы өнері саласындағы көркемдік білім, қазан төңкерісіне 
дейін атадан-балаға үйретілетін өзіндік көркемдік дәстүрі бар халықтық мектеп болған. Бұл 
халықтық дәстүрдегі мектеп қазірге дейін жалғасып келеді. Қазіргі кезде қандай ауыл, қала 
болмасын халық шеберлері көптеп саналады. Олардың жұмысының бір бөлігі ұрпақты 
халықтың көркемдік дәстүріне үйрету болып табылады. Халықтың ежелгі өнеріндегі дәстүрі 
қазіргі кезде де өнер шеберлерімен жалғасу үстінде. 
Республикаға белгілі ою-өрнек шебері ғани Иляевтің балалары Сұлтан мен Марал ата 
дәстүрін жалғастырып қазірде сурат өнерімен айналысады. С. Иляев Қазақстан Суретшілер 
Одағының мүшесі. Қазақ ою өрнек өнерін зерттеп, оны жаңа мазмұнда жандандырып, ою 
өрнектерді мыңдаған үлгілерін келер ұрпаққа мұра етіп қалдырған даңықты өнер шебері 


болған. 
Сондай-ақ, Отырарлық кілемші Бибайша Романованың шәкірттері Н.Исмайылова, 
Р.Жамалова, Н.Төлепбаева, К.Каленова, Д.Тынысбековалар ұстаз жолын қуып, түкті кілем 
тоқып, киіз бен текемет басып ел құрметіне бөленген жандар. 
Ою-өрнек шебері, суретші- педагог Сапар Төленбаев, өзбекстандық академик, суретші Орал 
Таңсықбаевты ұстаз санайды. Ол өз әңгімесінде:- Орал аға мені ою-өрнектермен айналысуыма 
жол көрсетті, одан мен өнер туралы ақыл-кеңестер алып отырдым, сондықтан, мен ол кісіні 
ұстаз санаймын - деп отырады. 
Баланың көркемдік тәрбиесі тек жеке ұстаздардың шешетін мәселесі емес, ол қоғамдық жүйе 
негізінде қаралатын күрделі іс болып табылады. Кеңес үкіметінің алғашқы жылдары 
Қазақстан халық ағарту комиссариаты көптеген іс-шаралар жасады. Сауатсыздықты жоюдың 
науқаны кезінде халықтың өнері арқылы әсемдік тәрбиесін жүргізуге жол ашылды. Еңбекші 
халық үшін көруге бұрынғы кезде мүмкіндігі бола бермейтін өнер туындыларын білуге 
жағдай жасалды. Республикада өнерге байланысты мәселелермен айналысатын әлеуметтік 
тәрбиенің бас басқармасында (Главсоцвос) көркемдік тәрбие бөлімі ашылды. Ол көркемдік 
тәрбиенің түрлі мәселелерімен айналыса бастады. Бұл бөлім өз жұмысын ауылдарда, 
уездерде, облыстарда жүргізді. Әлеуметтік тәрбиенің бас басқармасында (ӘТББ) қатысты 
көркемдік бюро (КБ) негізінен өнердің әр түрінен сабақтар өткізу үшін мектептер мен бала 
бақшаларға материалдар дайындаумен, оны таратумен айналысты. Көркемдік тәрбие 
жұмысына арнап педагогтардың білімін көтерумен шұғылданды. Балаладың көрмелерге 
қатысуына, өнерді тануына көмекші құралдар дайындады. 
ӘТББ-ның көркемдік бюросының өнер секциясында еңбек мектептерінің оқу бағдарламасына 
көркемдік тәрбие беретін сурет пәнін қосуды ұсынды. Сурет мұғалімдерін дайындайтын Орал 
қаласында 1921 жылы 76 адамға арналған мемлекеттік көркемсурет шеберханасын 
ұйымдастырды, онда бейнелеу өнері материалдары мен заттарын шығаратын зауыт-
шеберхана болған. 
1917-1918 жылдары Қазақстан мектептерінде оқу- көне оқулықтармен, оқу жоспарлары және 
оқу бағдарламаларымен жүргізілді. 1918 жылы 16 желтоқсанда халыққа білім беру 
комиссариаты Сырдария мен Жетісу облыстарында бір ғана оқу жоспарын қолдану жөнінде 
нұсқау берді. Бұл нұсқауда оқу жоспарына сурет пәні де енгізілді. Аталған облыс 
мектептерінде 1919-1920 оқу жылында сурет аптасына 1 класта 3 сағат, ІІ-ІІІ кластарда 1 
сағаттан өткізілді. 1925-1926 оқу жылында сурет пәні Ү-ҮІІ кластарда аптасына екі сағат 
өткізіліп, І-ІҮ кластарда жалпы жоспарланған жоқ. Сурет пәні үшін 1928 жылы І-ІІ кластарға 
жылына 30 сағат, ІІІ-ІҮ кластарға 40 сағаттан уақыт беріле бастады. 1937-38 оқу жылынан 
бастап сурет сабағына І-ІІ кластарға 1 сағат беріліп, ІІІ-ІҮ кластарға сағат жоспарланған жоқ. 
Ал Ү-ҮІ кластарға 1 сағаттан бөлінеді. Мұнан соң 1958-59 оқу жылынан бастап сурет сабағы 
І-ҮІ кластарда өткізіліп аптасына 1 сағаттан берілді. 
Ал пәннің оқыту мақсаты мен міндетінің өзгеруіне байланысты 1969 жылдан бастап сурет 
пәні бейнелеу өнері болып аталады. Бұл кезеңде сурет пәні басқа пәндермен қатар оқытылса 
да, ол жөнінде нұсқаулар мен көмекші құралдар шығарылып жатса да оқыту әдістері мен 
тәсілдері әлі жеткіліксіз дәрежеде болды. Кеңес дәуірінде бейнелеу өнері пәнін оқытудың 
барысында қазақ мәдениеті жеткілікті дәрежеде орын ала алған жоқ.Кеңес Одағының алғашқы 
жылдарында көркемөнер кадрларының алғашқы буыны шыға бастады. Оларды дайындауға 
Ресейден келген мамандар белгілі дәрежеде ықпал етті. 
50 жылдардың басы мен 60 жылдардың аяғында мектептегі оқу мен тәрбие жұмысындағы 
баланың жеке басының дамуына деген көзқарас жаңа сипат алды. Бұл кезде Халық ағарту 


министрлігі бірінші рет суреттің бағдарламасын шығарды. Бағдарламада Кеңес 
суретшілерінің шығармаларын таныстырумен қатар, халықтың сәндік қолданбалы өнер 
туындыларымен таныстыру көзделінді. Ал 1960-70 жылдардағы суретті оқу бағдарламалары 
бұдан бұрынғы бағдарламалардың идеясын жалғастырып шет елдердің, орыс және кеңес 
бейнелеу өнерінің классикалық шығармаларымен таныстыру мәселесі қарастырылды. Бірақ 
бұл кезде қазақ бейнелеу өнерінің озық үлгілері оқу материалы ретінде қолдану ісі жылжымай 
сол қалпында тұрып қалды. Бұл кемшіліктің бір себебі маман суретші-педагог кадрларының 
жетіспеушілігі, оқу кабинеттерінің, оқулықтардың, оқу-әдістемелік құралдары мен 
нұсқаулардың кемшілігі болды. 
30-60 жылдар арасындағы сурет пәнінің оқу бағдарламалары мен әдістемелік 
әдебиеттерге талдау жасағанда сурет сабақтарының мазмұны білімдік және тәрбиелік сипат 
алғанын байқауға болады. Сонымен қатар оқу-тәрбие міндеттері, оқу тапсырмалары 
айқындалып, тақырыптары көлемі кеңіп, бейнелеу нысандары ұлғая түскендігі. Бұл кезеңде 
сурет сабағының нұсқаға қарап сурет салу, сәндік сурет салу, бейнелеу өнері туралы әңгіме 
сабақ түрлерін жүргізудің ғылыми негізі жасалды. Оқу бағдарламалары мен көмекші 
құралдарда нұсқаға қарап сурет салу, қоршаған ортаны танып білудің басты мүмкіндігі 
екендігі көрсетілді. 
1943 жылға дейін педагогикалық әдебиеттерді ұлттық бейнелеу өнері мен халықтық сәндік 
қолданбалы өнерін тәрбие ісінде қолдану, балалардың бейнелеу қызметі мен еңбек қызметіне 
байланысты қарау мәселелері көтерілген жоқ. 1942 жылдан бастап 1951жылғы жалпы білім 
беретін мектептерде суретті оқытудың негізгі міндеттеріне көлемді өзгерістер енгізілген жоқ. 
Сурет пәнінің 1950-1960 жылдардағы оқу бағдарламасының мазмұнын талдау нәтижесі, бұл 
кезеңдегі бағдарламаларда бейнелеу жолдарын үйрету, қабылдау дағдыларын қалыптастыру 
міндеттері қойылмағанын байқауға болады. Бұл бағдарламаларда шығармалар тізімі 
көрсетіледі, бірақ бұл шығармаларды таныстыру берілген уақыт өте аз болды, оқушылардың 
бейнелеу өнерінің түрлері туралы түсініктерін қалыптастыруға, олардың бейнелеу 
мүмкіндіктерін ойластыруға көңіл бөлінген жоқ. Бағдарламаның Өнер туралы әңгіме 
бөлімінде бейнелеу өнері шығармаларын таныстыру көрсетіледі. 
1964 жылы СССР Ғылым Академиясының Көркемдік тәрбие беру институты, В.И.Ленин 
атындағы Москва педагогика институты, Москваның сырттан оқитын педагогика 
институтының ғылыми қызметкерлері бірлесіп жасаған жаңа бағдарлама жарық көрді. Бұл 
бағдарлама бойынша сурет пәні бейнелеу өнері пәні деп аталды. Бағдарламада нұсқаға қарап 
сурет салу және бейнелеу өнері туралы әңгіме сабақтарын өткізу міндеттері нақты 
қарастырылды. 
Еліміздегі ғылым мен техниканың қарқындап өсуі мектептегі білім мен тәрбиенің мазмұнын 
қайта қарау қажеттігін туғызды. Осыған байланысты КССРО Ағарту министрлігі, КССРО 
Ғылым Академиясының Көркемдік білім берудің ғылыми зерттеу институты мен 
шығармашылық одақтарға эстетикалық циклдағы пәндердің білім мазмұнын анықтау және 
эстетикалық тәрбие берудің ортақ жүйесін жасау жөнінде тапсырма берілді. Бағдарлама 
мазмұнын жетілдіруге арналған эксперимент жұмыстары 1972-1980 жылдар аралығында 
Кеңес Одағының мектептерінде өткізілді. Бұл бағдарламаның мазмұнында оқу 
материалдарын, әр түрлі сыныптың мүмкіндіктеріне қарай дұрыс бөлу принципі негіз болды. 
Оқу мазмұны негізгі мынадай міндеттердің негізінде құрылды: 
Бірінші- жазықтың бетіне бейнелеудің жалпы мәселелері (нұсқадан сурет салу, елестету мен 


еске түсіру арқылы бейнелеу және аппликация); Екінші- жапсыру мен мүсін;Үшінші- 
сәндік қолданбалы өнер (жазықтық бетінде немесе көлемді бейнелеу); Төртінші- 
қоршаған орта әсемдігі мен өнер шығармаларын қабылдауға үйрету мақсаттары қойылды. 
Бұл бүкілодақтық эксперимент қорытындысы бойынша одақтас республикалар ағарту 
министрлігінің 1981 жылғы қаңтардағы коллегиясында бекітіліп, барлық мектептерге 
таратылды. Осыдан кейін 1984жылы республика мектептерінің ерекшеліктері ескерілген 
Е.П.Митрофанова мен М.Кенбаевтың жасаған жаңа бағдарламасы жарық көрді. Бұл 
бағдарламада оқушыларға Қазақстан суретшілерінің шығармаларын таныстыру ісі 
қарастырылды. Мұнан соң Ә.Камаковтың жасаған бағдарламасында Қазақстанда бұрын 
шыққан бағдарламадан айырмашылығы жапсыру мен мүсін, қоршаған орта нысандарының 
әсемдігін қабылдау сабақтарының міндетті түрде қосылуы, сәндік сурет салу жұмыстарының 
құрамына заттарды конструкциялау мен моделдеу істерінің қосылуы болды. Сонымен қатар, 
бағдарламаға оқыту мәселелері болып табылатын балалардың түстерді тануы, табиғат 
нысандарын танып білу, өндіріс шығарған бұйымдарды көркемдік талдау сияқты жұмыс 
түрлері енгізілді. Бұл атқарылған істер белгілі дәрежеде Қазақстандағы көркемдік білім 
берудің сапасын арттыруға ықпал етті. Қазақстандағы көркемдік білім беру ісінің дамуына 
білім беру министрлігіне қарасты республикалық оқу методикалық кабинеті мектептің 
бейнелеу өнері мұғалімдеріне үнемі көмек көрсетіп келеді. Осы кезге дейін бұл әдістемелік 
кабинет көптеген көмекші құралдар, бағдарламаға арнап нұсқаулар шығарды. 
Соңғы кезде республика облыстарындағы суретші педогогтардың мамандық сапасы арта 
түседі. Олардың ішінде С.Ысқақов (Алматы), А.П.Белова (Талдықорған), Ш.А.Абдуллаева 
(Алматы), А.О.Марова, Л.Жүзеева (Шымкент) сияқты мұғалімдердің тәжірбиелерін атау 
орынды. Бұлар ұлттық өнер туындыларын оқушыларға таныстыру, терминдерді орынды 
пайдалану, кеңістік көріністері туралы түсініктерді қалыптастыру мәселелерін орынды шешіп, 
мұғалімдерге өз іс тәжірбиелерін зерттеуде облыс көлемінде де көптеген маман – педагогтар 
игі істердің басында жүрді ,облыстық халыққа білім беру бөлімдері мұғалімдердің білімін 
жетілдіру мақсатында курстар ұйымдастырып, озық тәжірбиелерді жинақтап, оларды білім 
беру салаларына таратып отырды. 
Соңғы кезде республикада арнаулы көркем- сурет мектептерінің, мектептер мен мектептен 
тыс мекемелердің материалдық базасын жақсартуға көңіл бөлінуде. Қазіргі кезде 30-ға жуық 
арнаулы көркемсурет мектебі, 15 төрт кластық көркем сурет мектебі, 1 республикалық 
көркемсурет мектеп- интернаты, 3 көркемсурет колледжі, 11 көркемсурет- графика және өнер 
факультеті, 1 көркемсурет академиясы жұмыс істейді. Кейінгі жылдары бұл көркемдік білім 
беру жүйесіндегі оқу мен тәрбие беру ісіндегі республиканың егемендік алуына байланысты 
ұлттық көркемдік тәрбие беру, халықтық көркемдік дәстүрін қолдану бағытында игі істер 
атқарылуда. Дегенмен, бұл салада әлі де болса кемшіліктер мен шешуін күткен мәселелер 
баршылық. 
Қазақстандағы көркемдік білім беруді сөз еткен жалпы білім беретін мектептердегі бейнелеу 
өнері, сызу және еңбекке баулу пәндерінің оқу бағдарламаларына тоқталмай кете алмаймыз. 
Бұл пәндердің бағдарламалары Кеңес өкіметінің алғашқы кезеңінен бастап 80 жылдарға дейін 
Ресейдің мектептеріне арналған көркемдік білім беру пәндерінің бағдарламаларының қазақ 
тіліндегі аудармасы түрінде болып, сабақ сол бағдарламалар шеңберінде жүргізілді. Бейнелеу 
өнері сабағының бағдарламасында қазақ халқының көркем мәдениеті, бейнелеу өнері, даңқты 
суретшілері, олардың әлемге танылған туындылары, еліміздің дәстүрлі сәндік қолданбалы 
туралы мәліметтер болған жоқ. Кеңес Одағы халықтарының мызғымас бірлігін сақтау саясаты 
үстемдік етіп тұрған кезде ұлттық өнердің озық үлгілерін оқу материалдарына айналдыруға 


қандай педагогтың болса да батылы барып, бұл іске кірісе алмады. 
Сонымен жалпы білім беретін мектеп оқушылары 70-ші жылдарға дейін қазақтың 
көркемсурет өнері туралы қарапайым мәліметтердің өзін ала алған жоқ. Олар тек қана Кеңес 
Одағы бейнелеу өнерінің кейбір озық туындыларымен танысумен ғана шектелді. Бірақ осы 
кезде Ресейде В.С.Кузин, Т.Я.Шпикаловалар, Украинада Н.Кериченко, Балтық жағалауында 
Н.Шепетис, Азербайжанда С.Алиев, Өзбекстанда Р.Хасанов, Қырғызстанда Э.Муратовлар 
ұлттық бейнелеу өнері мен халықтың сәндік қолданбалы өнерін көркемдік білім беру мен 
эстетикалық тәрбие беру ісінде қолданудың мазмұнын, формаларын, әдіс тәсілдерін іздестіру 
бағытында ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізіп, мәселені шешу жолында біраз нәтижелерге 
жеткен болатын. Зерттеу қорытындысы бойынша әдістемелік мақалалар, нұсқаулар, мұғалімге 
көмекші құралдар шығарылып, В.С.Кузин, Т.Я.Шпикалова, С.Алиев, Р.Хасанов, 
Э.Муратовалар ұлттық бейнелеу өнері саласынан кандидаттық дессертациялар қорғағады, 
бірақ өкінішке орай бұл кезде де қазақ бейнелеу өнерінің білімдік, тәрбиелік, мүмкіндігін ашу 
қолға алынбай қалды. Мұның басты себебі Қазақстанда жастарға көркемдік білім беріп, 
әсемдікке тәрбилеу ісі мен айналысатын суретші- педагог кадрларының басқа 
республикалармен салыстырған да кеш дайындалуы болды. 
Қазақстанда жас жеткіншектерге көркемдік білім беру саласындағы ұлттық өнер дәстүрін 
үйрету, қазақ бейнелеу өнер шығармаларымен, өнер шеберлерімен оқушыларды таныстыру, 
қазақтың ұлттық сәндік қолданбалы өнерінің білімдік, тәрбиелік мәнін зерттеп, оқытудың 
жаңа әдіс-тәсілдерін табуға деген бетбұрыс 70 жылдардың екінші жартысынан бастап байқала 
түсті. Осы бағыттағы кейбір ізденістер нәтижелері бойынша Қазақстанның педагогикалық 
институттарының оқытушылары Ж.Балкеновтің (КазПи), Ә.Қалмақовтың (Жамбыл Пи), 
К.Әмірғазиннің (Семей Пи), Қ.Ералиннің (Шымкент Пи) мақалалары Қазақстан мектебі
Бастауыш мектеп , Білім және еңбек , Мәдениет және тұрмыс журалдарында жарияланып 
ұлттық бейнелеу өнері жүйесіндегі лайықты материалдарды оқу бағдарламаларына кіргізу 
туралы батыл ойлар айтылды. Ұлттық өнердің көркемдік білім беру мен тәбие процесіндегі 
ролі, оны оқытудың тәсілдері жайлы педагогтар Е.Асылхановтың, Ұ.Ибрагимовтың, 
Д.Садығалиевтің, Қ.Тастеміровтің, С.Төленбаевтің әдістемелік зерттеу нәтижелері педагогтық 
басылымдарда жарияланып, жасөспірімдерге көркемдік білім беру саласын дамытуға қомақты 
үлес қосты. 
1980-1990 жылдар аралығында Қазақстанда көркемдік білім беру жүйесіндегі ізденістер 
нәтижелері қазақ бейнелеу өнері, халықтық қол өнері, еліміздің өнердегі мәдени дәстүрі 
ескеріліп көңіл бөлінген Ә.Камаковтың, Қ.Әмірғазиннің, Ұ.Ибрагимовтің, К.Болатбаевтің, 
Е.Асылхановтың, К.Ералиннің басшылығымен бірнеше бағдарламалар жарық көрді. Бұл 
жағдай мектеп мұғалімдерінде өзі тұрған өлкеге, табиғи ресурстарға, сол өлкенің қол өнеріне, 
халық шеберлеріне лайықтап жасалған бағдарламаны таңдап алуға мүмкіндік туғызды. 
Мысалы Ұ.Ибрагимов бағдарламада ұлттық өнерді мектепке дейінгі бала-бақшаларда 
таныстыру көзделсе, Ә.Қалмақовтық бағдарламасында қазақтың сәндік өнеріне көңіл 
бөлінеді. К.Әмірғазиннің бағдарламасында көркем еңбектің мәні басты назарда тұрады. 
Қ.Болатбаев бейнелеу өнерін оқыту барысында халықтық дәстүрді үйретуге, К.Ералин қазақ 
бейнелеу өнерінің шығармаларына, халық шеберлерінің еңбектеріне терең мән береді. 
Е.Асылханов халық өнерін оқытудағы бала бақшадан институтқа дейінгі жүйені сақтауды 
ұсынды. Бұл зерттеу нәтижелерінде жасаған бағдарламалар Қазақстандағы көркемдік білім 
беру жүйесінде атқаратын лайықты міндеті бар оқу мен тәрбие құралдары болып табылады. 
Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру жайындағы мақалалар Қазақстан журналдарының 70 
жылдық алғашқы кезеңінде жарық көре бастады. Олардың ішінде Ж.Балкеновтың, 


А.Камаковтың, К.Ералиннің, М.Әлімбаевтің, Б.Өмірбековтың, С.Төленбаевтің, С.Мәмбеевтің 
еңбектерін айтуға болады. 
Республика көлеміндегі журналдарындағы 80 жылдары жарияланғанғылыми-методикалық 
мақалалар саны жағынан да, сапасы жағынан да артып, тақырып ауқымы кеңейе түсті. Бұл 
еңбектердің мазмұны өнер зерттеу, эстетикалық тәрбие, бейнелеу өнерін оқыту, бейнелеу 
өнерін оқытудың психологиялық негіздері, оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту 
мәселелерін қамтыған. Бұлардың ішінде бейнелеу өнері сабақтарын оқыту мәселелерін 
қарастыратын Ж.Балкеновтың, оқушылардың кеңістік туралы түсініктерін қалыптастыру және 
қазақ бейнелеу өнері шығармаларын оқу тәрбие жұмысында қолдану мәселелерін көтерген 
К.Ералиннің, оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту мәселелерімен айналысқан 
Р.Мизанбаевтың, А.Камаковтың, Қ.Әмірғазиннің еңбектері жарық көрді. 
Халық өнерін зерттеу және оның тәрбиелік, білімдік мәнін ашу осы кездегі тақырыптарының 
бірі. Бұл салада В.Ивахнова, Р.Ыдыросова, Т.Козловская, Ш.Әбдуаллиева өз іс тәжірбиесін 
баспа беттерінде жариялады. Өнер зерттеу тақырыбы бұл кезеңдегі мерзімді баспасөз 
назарынан тыс қалған жоқ. Бұл салада Д.Шоқпаровтың, С.Мұхтарұлының, А.Ниязовтың, 
С.Төленбаевтың, Қ.Ыбыраеваның қазақ суретшілерінің шығармашылығы мен сәндік қолөнері 
жайлы мақалалары жарық көрді. 
Осы кезеңде жас ғалымдар Ж.Балкенов, Қ.Ералин, А.Ниязов, О.Сатқанов, 
Е.Райымжановтардың бейнелеу өнеріне, еңбекке және болашақ мұғалімдерді дайындау ісіне 
байланысты шағын кітаптары шыға бастады. 
90 жылдары бейнелеу мен оны оқыту және болашақ мұғалімдерді дайындау мәселелері 
бойынша көптеген мақалалар республикалық мерзімді баспасөз беттерінде жарық көрді. 
Ғылыми әдістемелік жинақтар шығарылды. Суретші-ұстаздар М.Әбдірасиловтың, 
Д.Садығалиевтың, Қ.Болатбаевтың мақалалары осы кезде баспасөз жарияланды. 
Жасөспірімдерге көркемдік білім беруде бейнелеу өнерінен сыныптан тыс жұмыстар: әңгіме, 
баяндама, кездесу өткізу, үйірмелер ұйымдастыру, бейнелеу өнері кеші мен апталық 
ұйымдастыру, көркемсурет көрмелеріне бару сияқты іс-шаралары бар. Бұлардың ішінде 
көркемсурет студиялары мен үйірмелері көркедік білім беруде маңызды роль атқарады. Бұл 
салада ізденістерімен жаңа оқу әдістерін, формаларын айқындаған тәжірбиелі ұстаздар 
республикада көптеп саналады. Бұл ұстаздар арасында халық ағарту ісінің озық 
қызметкерлері: Алматының 2 мектеп-интернатының бейнелеу өнері пәнінің мұғалымы Сапа 
Ысқақовты, Түркістан қаласындағы №6 М.Мәметова атындағы қазақ орта мектебінің мұғалімі 
Шарбану Ысқақованы, Қызылорда қаласындағы суретші-педагог С.Ержанованы, 
А.Жидебаевты ерекше атау қажет. Бұлармен қатар жезқазғандық Б.Еспенбетовтың ши тоқу 
үйірмесінің, шымкенттік А.Жаппарқұловтың ер шабу, ағаш өңдеу үйірмесінің, Түркістандық 
Ә.Құдайбергенованың кілем тоқу үйірмесінің жастарға көркемдік білім берудегі ролі ерекше. 


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет