Жоспар: 1.Отбасындағы әкенің рөлі 2.Отбасындағы әке рөлінің параметрлері 3.Әке-жаратылыс бастауы
Әр шаңырақта әкенің рөлі ерекше. Әке- отбасының асыраушысы,отбасы мүшелерінің тірегі, қамқоршысы. Әкенің мінез-құлқы, өзгелермен қарым-қатынасы, өнері мен білімі-баланың көз алдындағы үлгі өнеге алатын, оған қарап өсетін нысанасы. Отбасының пейіл-береке, ынтымағы үшін отбасының әділ, ұстамды болуы орасан маңызға ие.
Отбасындағы әкенің рөлі өте күрделі мазмұнда болады; ол келесі параметрлер бойынша айқындалады деп саналады:
*әкесінің отбасындағы адамдар саны мен соларға жауап беретіндердің саны;
*оларға жүргізетін үстемдігінің дәрежесі;
*тура жақындықта баласымен өткізетін уақыттың саны;
*әйелімен және балаларымен өткізетін уақыты және осы байланыстардың сапасы; қандай тәсілмен ол балаларын күтумен айналысады;
*әкесі балаларды іскерлік пен дағдылыққа тура және жанама үйретуде қаншалықты жауапты болады;
*оның балаға қатысты рәсімдерге, іс-шараларға қатысуы;
*отбасыны ұстау үшін қаншалықты еңбек етеді;
*отбасының ресурстарын ұлғайту және қорғау үшін оған қаншалықты күш жұмсау қажет;
«Ондаған, жүздеген мамандықтар, кәсіптер бар: бірі темір жолын құрайды, басқасы үй салады, үшіншісі бидай өсіреді, төртіншісі адамдарды емдейді, бесіншісі киім тігеді. Бірақ, өзі әмбебап, өзі күрделі және өзі асыл жұмыс бар, барлығы үшін біртұтас болып тұрған, сонымен бірге өзіндік және әрбір жанұяда қайталанбас біртума,-бұл адамды жарату... Күзетшіден бастап министрге дейінгі кез-келген қызметкермен, одан да талапты адаммен ауыстыруға болады. Ал жақсы әкені дәл осындай жақсы әкемен алмастыру мүмкін емес» В.А.Сухомлинский
. Асу-асу бел десем, айтқан сөзім жетер ме?! Айдын-шалқар көл десем, айтқан сөзім жетер ме?! Аспанды алты айналсам, Жерді жеті айналсам, Теңеу таба алам ба, теңдесі жоқ әкеме! Жалғыз едің, ұрпағың орман болды, жан әке! Бақ ұялап іргеңе, арман қонды, жан әке! Еркелеттің, тербеттің, қиындықсыз ер жеттік, Өнеге ғып бір өзің салған жолды, жан әке!
Әке мінезі балаға жұғады Баланың бойындағы ер мінезділік, өжеттілік, мәрттік қасиеттер әке арқылы қалыптасады. Әкенің бойындағы қасиет балаға беріледі немесе «жұғады». Қазір балабақшадағы, мектептегі, университеттегі тәрбие әйел адамдардың қолында екендігі де жасырын емес. Әсіресе осы кезеңде әкенің тәрбиеге араласуы өте маңызды. Қарапайым ғана шеге қағу, балға ұстау, шұрып бұрау, ат міну, аяқ киім тігу, электр тоғын жалғау сынды әйелдің шамасы келмейтін шаруаларға баулу да әке мойнына артылған. Әке көрмеген бала ертең балға сұраса ара әкеліп жатса таңғалмаймыз. Баланы өзімен бірге ертіп жүру, шамасы жетпейтін шаруа болса да жай ғана қарап тұруға қалдыру, көлік жуғызу, анасы мен қарындастарына ауыр заттарды көтертпеуге үйрету – ертеңгі күні жеміс беретін әдістерден.