ОҚО ӘКІМШІЛІГІ
Білім, жастар саясаты және
тілдерді дамыту басқарамасы
Сарыағаш ауданы
«№13 колледж»
МКҚК
Дөңгелек үстел
Ұйымдастырушылар: «Жас Отан»ЖҚ-ның колледждегі жетекшісі: Е. Ә. Мамбетов
Тақырыбы: «Басты байлық – ел бірлігі»
Мақсаты: а) оқушыларды елін сүюге, бірлікке, достыққа, ынтымаққа, ел тарихын білуге, Отанымыздың байлығын қорғауға, елімізді өркендетуге, білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу.
ә) Елбасы жолдауын насихаттап, Елбасындай Отанын, халқын сүюге, нағыз азамат, шынайы патриот болуға тәрбиелеу, жастардың бойында Елбасына деген сүйіспеншілік, құрмет сезімдерін қалыптастыру.
Өтілу формасы: Дөңгелек үстел.
Өткізу әдісі: әңгіме-сұхбат, сұрақ-жауап, пікір-талас.
Көрнекілігі: Компьютер, графопроектор, нақыл сөздер, түрлі-түсті суреттер мен слайдтар.
Барысы: Бар әлемге шын танылдық міне біз,
Елін сүйген елбасы деп білеміз.
Тең аталып Қазақстан – Нұрсұлтан,
Нұрсұлтан мен Қазақстан тұр егіз.
Күнге беттеп бара жатыр көш жүріп,
Елдің даңқы бар жақанға естіліп.
Елбасын құрметтейтін ерекше
Армысыздар, ақ пейілді көпшілік!
Қайырлы күн, қадірлі дөңгелек үстел басына жиналған қауым! Армысыздар, ел ертеңіне жанашыр жастар мен ұлағатты ұстаздар!
Азаттық пен елге қонды тосқан бақ,
Қазақ елін мойындауда дос таңдап.
Елбасының еңбегімен нұрлана
Қазағымның мерейі тұр аспандап.
Елі үшін олжа салып қиырдан,
Ықпаған еш ауыртпалық, қиыннан.
Мерекеңіз құтты болсын көпшілік
Жолдаудың құрметіне жиылған! – деп бүгінгі «Басты байлық – ел бірлігі» атты дөңгелек үстелге қош келіпсіздер!
Елбасы Н.Ә.Назарбаев «нұрлы жол – болашаққа бастар жол» тарихи Жолдауында еліміздің жақын келешектегі даму бағытын айқындады. Президент жолдауының күтпеген жерден болуы, кезектен тыс өтуі соншалықты маңыздылығын да көрсетіп отыр. Бұл ауқымды жолдау, жылдағыдан өзгеше, өйткені, онда өте үлкен жоспарлар белгіленіп, халыққа мемлекет тарапынан зор көмектер жасалмақ. Елбасымыздың жыл сайынғы жолдауы әр-түрлі бағытта ерекше тоқталып, көңіл бөліп келеді. Жастар мәселесіне ереше тоқталып өтетіні біз жастарға үлкен серпін береді.
Баяндама: №62 топ студенті: Төрәлі Әйгерім.
Елбасымыздың жаңа жолдауы нақты іс-әрекет жасауға баса назар аударылған, яғни бүкіл әлемді дендеген дағдарыстың әсерінен болатын зардаптарға төтеп беруге бағытталған іс-шаралар кешенін қамтитын жалпыұлттық даму жоспарына айналып отыр. Жолдаудың алдыға қойған мақсат-міндеттерін жүзеге асыруға Ұлттық қордан қыруар қаржы бөлініп отыр. Қаржы маңызды саналатын бес бағытқа жұмсалатыны айтылды. Біріншісі, шағын және орта бизнесті несиелеуге. Екінші, банк секторын жақсартуға. Үшінші, арнайы экономикалық аймақтарды дамытуға, атап айтсақ, «Қорғас шығыс қақпасы» мен Атырау және Тараз қалаларында «Ұлттық индустриалды мұнай-химия технопарктерін» дамытуға. Төртінші, ЭКСПО – 2017 көрме кешенін несиелеуге. Бесінші Астана әуежайын жаңғыртуға жұмсалмақ.
Елбасының халыққа жолдаған Жолдауындағы жастарға арналған негізгі үш бағытқа тоқталғым келеді:
Бірінші – білім мәселесі. Президент дәстүрлі жолдауында «Мәңгілік ел» қағидасына айрықша көңіл бөлуі тегін емес. «Нұрлы жол» даму бағыты аясында жастардың болашаққа деген сенімін айқындап, қажырлы еңбек ете отырып, келешектегі кемел ету жолында жастардың үлесі зор екендігін баса айтты. Болашақта тәуелсіз еліміздің тұғыры биік, қарыштап дамуы үшін сапалы білімі, саналы тәрбиесі бар отансүйгіш жастар ғана бар белесті бағындырары хақ. Бүгінде дамыған елдердің барлығы осы білім саласына ұдайы инвестиция құйып келеді. Соның нәтижесінде, табиғи байлықсыз-ақ, олар өздерін әлемдік сахнада экономикасы жетілген, табысты мемлекеттер ретінде танытты. Елбасының білім саласына қыруар қаражаттың бөлінетінін және еліміздің беделді 10 ЖОО әлемдік стандартқа сай етіп жасақталатынын мәлім ету біздің дамыған ел болуға бағыт алғанымызды көрсетеді.
Мәңгілік ел – елдің біріктіруші күші, ешкашан таусылмас қуат көзі десек Жаңа Қазақстан, Патриотизм дегеніміздің өзі - Мәңгілік ел ол біздің құндылығымыз оны әр бір жас ұрпақ білуі шарт деп ойлаймын.
Екінші мәселе – ұлт аралық достық. Еліміздің бүгінгі әлемге үлгі болар тұсы бұл – ұлттар арасындағы татулық, осы жағдайларды жастарға ұғындыру керек екені айтылды. Менің ойымша, достық пен келісім болмаған жерде ешқандай даму болмақ емес. Елбасымыздың халқына арнаған жыл сайынғы жолдауы менің көңілімнен шығады. Себебі Қазақстандықтарға болашағын тайға таңба басқандай етіп тың идеяларын ұсынып отыр.
Үшінші мәселе – жас отбасыларға баспана. Баспана бүгінгі жас отбасылардың басты мәселесі болып отырғаны аян. Жолдауда тұрғын үйдің қолжетімділігін қамтамасыз ету ерекше назарға алынуы жастарға үлкен үміт, ерекше қуаныш сыйлайды. Ия қазақтың нақыл сөздері «Өз үйім өлең төсегім», «Үйі жоқтың күйі жоқ» деп бекер айтылмаған. 2015 жылдан бастап жас отбасыларға бастапқы жарнасыз және төмен пайыздық көрсеткіште үйлер салуға 180 миллиард тенге қаражат бөлінетінін жеткізді. Өзімізге белгілі баспананың жоқтығынан жас отбасыларда ажырасу секілді түрлі әлеуметтік мәселелердің туындап отырғаны шындық. Кейбір мәліметтерге қарасақ қазір жас отбасылардың 80 пайызы баспанасыз жүр. Елбасы Н.Ә.Назарбаев жастарды қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету мәселесі дөп басып айтты.
1997 жылдың 16 қазанында жарияланған «Қазақстан-2030» Стратегиясы.
1998 жылғы 20 қыркүйектегі Жолдауы: «Елдегі жағдай мен ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттары туралы: Қоғамды демократияландыру, жаңа ғасырдағы экономикалық және саяси реформа»;
1999 жылғы 16 қыркүйектегі Жолдауы - «Елдің жаңа ғасырдағы тұрақтылығы мен қауіпсіздігі»;
2000 жылғы 16 қазандағы Жолдауы - «Еркін, тиімді және қауіпсіз қоғамға қадам»;
2001 жылғы 3 қыркүйектегі Жолдауы - «Елдегі жағдай және 2002 жылға ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттары туралы»;
2002 жылғы 16 сәуірдегі Жолдауы - «Ішкі және сыртқы саясаттың 2003 жылға негізгі бағыттары туралы»;
2003 жылғы 4 сәуірдегі Жолдауы - «Ішкі және сыртқы саясаттың 2004 жылға негізгі бағыттары»;
2004 жылғы 19 ақпандағы Жолдауы - «Бәсекеге қабілетті Қазақстан, бәсекеге қабілетті экономика, бәсекеге қабілетті ұлт» деп аталды.
2005 жылғы 18 ақпандағы Жолдаудың тақырыбы - «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» болды.
2006 жылғы 1 наурызда Жолдау - «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында! Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» деген атаумен жарияланды.
2007 жылғы Жолдаудың тақырыбы - «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан!» деп аталды. Бұл Жолдау Қазақстанды жан-жақты жаңартудың жаңа кезеңіндегі басты басымдықтары мен ішкі және сыртқы саясаттың аса маңызды 30 бағытын қамтыды.
2008 жылғы 6 ақпандағы Елбасының Жолдауы «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру - мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» деп аталды.
2009 жылғы 6 наурызда Президенттің жариялаған Жолдауы «Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға!» деп аталды.
2010 жылғы 29 қаңтарда жариялаған жолдауы «Жаңа онжылдық - Жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» деп аталды.
2011 жылғы 28 қаңтар «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз»
2012 жылғы 27 қаңтар «ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҢҒЫРТУ - ҚАЗАҚСТАН ДАМУЫНЫҢ БАСТЫ БАҒЫТЫ»
2013 жылғы «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты
(2012 жыл 14 желтоқсан)
2014 жылғы 17 қаңтар «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ»
2014 жыл 11 қараша «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол»
Отан туралы мақал-мәтелдер:
Отан – отан да (ыстық)
Отансыз адам – (ормансыз бұл(
Туған жердей жер болмас, (туған елдей ел болмас)
Отанды сүю – (отбасынан басталады)
Ел іші – (алтын бесік)
Туған жердің қадірін (шетте жүрсең білерсің)
Кісі елінде сұлтан болғанша, (өз еліңде ұлтан бол)
Отан – елдің анасы, (Ел – ердің анасы)
Отаны бірдің жүрегі бір, (жүрегі бірдің тілегі бір)
Ер жігіт елі үшін туады, (елі үшін өледі)
Туған жердің күні де ыстық, (түні де ыстық)
Отан үшін отқа түс (күймейсің).
Достарыңызбен бөлісу: |