Орфографияны оқыту әдістемесі хабиева Д,Г., «Педагогика және психология»



Pdf көрінісі
Дата26.03.2020
өлшемі347,01 Kb.
#60799
Байланысты:
Хабиева


ОРФОГРАФИЯНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ

Хабиева Д,Г

.,

«Педагогика және психология» 



кафедрасының оқытуишсы

Орфография  немесе  емле,  дұрыс  жазу  нормаларын  белгілейді,  Ал  дұрыс  жазу 

нормаларының 

көздейтін  негІзгі  мақсаты  -  айтайын  деген  ойды  жазба  түрде  дэл,  айқын

жеткізіп беру.

Орфография  (грек,  orfos  — дұрыс, 

cjrapho 

  жазамын)  -  жазба  тілде  пайдаланылатын 



жазудың  тарихи  қалыптаскан  жүйесі,біркелкі  жазуды  камтамасыз  ететін  ережелер  жүйесін 

жасайтын 

және  зертгейтін  тіл  білімінің  саласы.  Қазақ  тілін  оқытудың  теориясы  мен

технологиясы курсы барысында



студентгерді  қазақ орфографиясының  негізгі  мәселелерімен таныстыру,  орфографиялық

білім, білік, дағдыларын қалыптастыру мыңызды мәселе болып саналады.  Курс алдына - казақ 

орфографиясыньгң 

зерттелу  тарихы, 

қазак  орфографиясының 

негізгі 


принциптерін, 

орфографиялық 

сөздікпен жұмыстану әдістемесін, сондай-ақ, бастауыш сынып окушыларында 

жиі 


кездесетін 

орфографиялық қателер жэне оларды түзету жолдары секілді міндеттерді қояды. 



Оқытуда салыстыру, жинактау, бақылау, көрнекілік эдістерін колданған тиімді болмак.

Дәрісте 

студенттер  алдымен  казақ  орфографиясынын  зертгелу  тарихымен  танысудан 

бастайды,  онда 

мынадай  тарихи  мэліметгерді  беруге  болады.  Ә.Сыздыкулының  1931жылы 

шыққан 

«Сауатсыздарды  оқыту  методикасы»  атгы  енбегі,  Қ.Басымовтьщ  1932  жылгы 

«Жака 

эріп  пен жаңа емле және дыбыстарымыздьщ жіктері», Ғ.Бегалиевтщ  1940 жылғы  «Қазақ 

тш.н 

бастауыш 

кластарда  окьпу  методикасы»,  Мұнда  казақ  тілінін  мектепте  окытылуы  жаиынан 

шолу  жасады,  жеке  категориялар  мен  сабақгарды  окыту  улгісін  берді,  С.Жиенбаев  «Орталау 

жэне орта мектептерде 

қазактілін 

окыту методикасы», (1941ж.) - окыту принциптері мен окыту 

эдістері, грамматикалык талдау жүргізудің маңь,зы ыен талдау түрлер,, к,тап окьпу методикасы 

сөз  болады,  М.Балақаевтың  (1952*)  «Вопросы  казахской  графики  и  орфоФафии»,

Г.Жәркешованың  (1960ж) 

«Біріккен  сөздер 

мен  сөз  тіркестерінің 

орфографиясы»,

Н.Оралбаеваның (1968ж) «Қазақ графикасы мен орфографиясының негіздері» Р.Сыздықованың 

(1974ж)  «Қазақ  орфографиясы  мен  пунюуациясы  жайында  анықтағыш»,  К.Жолымбетовтің 

(1974ж)  «Қазақ  орфографиясын  оқытудың  ғылыми  негіздері»,  Т.Жексенбаевтың  (1976ж) 

«Қысқарған  сөздер  жэне  олардың  орфографиясы  мен  орфоэпиясы»,  Н.Уэлиев  пен 

А.Алдашеваның  (1988ж)  «Қазақ  орфографиясындағы  қиындықтар»  Р.Сыздықованың  (1991ж) 

«Орфографиялық  анықтагыш»,  С.Мырзабековтің  (1991ж)  «Қазақ  орфографиясының  арнаулы 

курсы  бойынша  методикалық  нүсқау»  еңбектерімен  таныстырылады.  Бұл  мәліметгерден 

байқайтынымыз, қазақ орфографиясының тарихы біздің көз алдымызда дүниеге келген.

Ал,  орыс  орфографиясының  тарихы  ғасырлармен  өлшенеді.  Ресейде  ең  алғашқы 

методикалық туынды Ф.И.Буслаевтың  1844 жылы шыққан “Отандық тілді оқыту туралы  деген 

еңбегімен  басталады.  Федор  Иванович  Буслаев  -  XIX  ғасырдағы  көрнекті  орыс 

филологтарының бірі. Ол салыстырмалы-тарихи тіл білімінің негізін қалады.

Орфографияны  оқыту  жөнінде  Буслаев  пікірі  есте  тұтарлық  пайдалы  эдістемелік  кеңес: 

«...  Емлені  грамматикалық  жолмен  оқыту  калай  сөйлесең,  қалай  естісең,  солай  жаз  деген 

кағидамен  шектелмейді,  қайта  грамматика  бойынша,  сөздердің  өзгеруі  мен  түрленуі  және 

сөйлемдердіңбайланысу заңдылықтарын ескере отырып, жазудыталап етеді...  емлені үйретуде 

өзінше  жаңалық  енгізуге  болмайды,  тіпті  емлені  жетілдіруде  айтарлықтай  кемектесерлік 

жаңалық болганның өзінде де жалпы пайдаланудагы ізбен жүру керек».

Буслаевтың  орфографиялық  дагдыны  игеруде  бір  ізділікті  сақтау  жөніндегі  талабы  да 

күптарлық: «Окушылар көрсеткенді эбден берік меңгергенше, жаңаны бастамау керек».

Орфографиялық  принцип  (лат.  principium -  негіз,  бастау)  -  бір  сөз  екі түрлі  не  одан  көп 

түрде  жазылатын  жагдайда  соның  біреуін  таңдап  алуды  айқындайды.  Қазақ  тілінің 

орфографиясы үш принципке негізделеді:

1.  Морфологиялық принцип

2.  Фонетикалық принцип

3.  Дәстүрлі (тарихи) принцип.

Морфологиялық  принцип  сөздің  морфологиялық  қүрамын  ескеріп,  морфемалар  (сөз 

жэне қосымша) қүрамында болатын дыбыс алмасуларын елемей, бастапқы қалпын сақтап жазу. 

Мысалы:  жан,  жамбады,  жаңғанда  түрде  айтылатын  сезформаларға  ортақ  түбір  -   жан, 

сондықтан: жан, жанбады,  жанганда деп жазылады.  Ал:  жаз, жазса, жазшы, айтуда: жаз, жасса, 

жашшы, алайда түбір (жаз) сакхалып жазылады.

Фонетикалық  принцип  бойынша  сөз  айтылуындағыдай  жазылады,  яғни  эрбір  эріп 

фонеманы емес, дыбысты білдіреді. Сонда: жаз, жасса, жашшы, жан, жамбады, жаңғанда түрде 

жазылады да, фонетикалық транскрипцияға жуыктайды.

Дәстүрлі  принцип  сездің  бір  кезде  жазылып  қалыптасқан  дэстүрге  айналган  түрін 

сактап  жазу.  Бұган  казақ  тіліндегі:  хат,  хабар,  халық,  қаһар,  жаһан  сияқты  сәздерде  х,  н 

әріптерін  пайдалануды  жатқызуға  болады.  Дәстүрлі  принцип  тілдің  қазіргі  қалпына  қайшы 

келуі де, келмеуі де мүмкін.

Қазақ  орфографиясының  негізгі 

принципі  -   морфологиялық 

принцип. 

Орыс 


орфографиясында да  солай.

Осы  принциптердің  негізінде  «Қазақ  тілінің  орфографиясының  негізгі  ережелері» 

жасалған.

Студенттер курс барысында орфографиялық сөздікпен де танысады.

Жазу  сауаты  сөз  болганда  орфографиялық  сөздік,  ережелерді  айналып  өту  мүлдем 

мүмкін  емес.  Сауатымыздың  басы  да,  діңгек,  деңгейі  де  орфографиялық  сәздікте  жатыр. 

Сондықган сөздіктерге аз-кем тоқталып етсек.

“Қазақ  тілінің  орфографиялық  сөздігінің”  өңделіп,  толықтырылып,  3-басылуы  (1988

жыл) тшге деген ықылас, ілтипаггың айрықша артқан тухына орайлас келді. Жауапты редактор 

-  Р.Сыздыкова.

Сөздік  біршама  әрленіп,  енсесі  биікгеп,  бұрынгыларға  Караганда  жұқарып  қалған. 

Сөздіктш бірінші  басылымында 575  бет балса,  екінші  басылымында (1977  жыл)  480  бет,  енді 

ол  400  бет  кана.  Ягни  сөздіктің  колемін  ыкшамдай  түсу  мақсатында  біршама  сөз  тіркесгерін 

азаиткан.  Сөздікте  9000-ға  жуық  тіркес  берілген.  Соның  ішінде  3,5  мывдай  фразеологиялық 

жэне баска тіркес бар. Оны әріптер бойынша көрсетсек:  Қ -  625, А -  515,  Б -  449,  К -  305, Т -


Орфографиялық  сөздіктің  негізгі  міндеті  сөздердің  қолданылуын  нормалаудан  гөрі, 

дұрыс  жазуын  анықгау  болып  табылады.  Сөз  толық  қамтылған  жағдайда  ол  сол  тілдің 

лексикалық  байлығының  да  біршама  көрсеткіші  бола  алады.  Мэселен,  орыс  тілінің 

орфографиялық  сөздігІнде  106  мың  сөз  бар.  Біз  б^л  жағынан  эзірге  мақтана  алмасақ  керек. 

Сөздігіміздің  алғашқы  басылымыңда  34720  сөз,  екіншісінде  37656-ға  жетті.  Ал  үшінші 

басылымында  40000-нан  астам  желі  (реестр)  сөз,  9000-ға  жуық  тіркес  беріледі.  Бұл  салада 

соңғы шыққан, төртінші басылымы 2001  жыл, сөздікте 50000 сөз бар.

Орфографиялық қателермен жұмыс жүргізу орфографияны үйретудің қажетті элементі 

болып табылады. Оның мэні ереженІ игеру мен жаттығу орындаудан кем түспейді. Өйткені 

қатемен жұмыс жүргізу оқушылардың қандай материалды нашар меңгергендігін нақты 

көрсетеді. Оқушылардың жіберген қателерімен жүмыс жеткІлікті дәрежеде жүргізілмесе, 

олардың үлгерімі төмендейді.

Қате жазудың басты себебінің бірі —

 сол материалды  өтуді дұрыс жолга қоймағандықтан 

да болуы мүмкін.

Қатені  болдырмау  үшін  грамматикалық  ережеге  қайта  орапу  жеткіліксіз,  сонымен  бірге 

оқушылардың  өздігінен  орындайтын  жаттығу жұмыстарына  мол  орын  берілуі  керек.  Жаттыгу 

тек  көшіріп  жазу  түрінде  ғана  болмай,  оқушылар  саналы  әрекет  ететіндей  дәрежеде 

ұйымдастырылуы  тиімді.  Сөйткенде  ғана  қатенің  себебін  түсініп,  болашақта  ондай  қате 

жібермейтін болады.

Қазақ  тілі  орфографиясында оқушыларға барлық  сөздердің  емле  ережелерінің  жазылуы 

бірдей  қиындық  туғызып  жүрген  жоқ.  Солардың  ішінде  жазу  жұмысында  қиындық  келтіріп 

жүргендері мыналар:

1.  Кейбір  дауысты  (ә,ө,ұ,ү,ы,і,и),  дауыссыз  (ф,в,ц,ч,ш,х,ь)  эріптердің  қолданылуы. 

Мысалы:  данышпан  (данішпан  емес),  әрдайым  (ардайым  емес),  бәйтерек  (байтерек  емес), 

бөлшек (бөлшөк емес),  мақүл (мақыл емес), оқу (оқыу емес), ызақор (зақор емес), қияды (қиады 

емес), сұйиды (сұиды емес), цифр (сипр емес), хабар (қабар емес) т.б.

2.  Кейбір  түбір  сөздің  жэне  қосымшалардың  жазылуы.  Мысалы:  қарындаш  (карандаш 

емес), институтқа (институтке емес), жұмысшы (жүмышшы емес) т.б.

3.  Сөздердің бірге,  бөлек жэне дефис  арқылы жазылуы.  Мысалы:  ат  қора (атқора  емес), 

ортан  жілік  (ортанжілік  емес),  ала  қарға  (алақарға  емес),  ала  бота  (алабота  емес),  аз-аздан 

(азаздан емес) т.б.

4.  Шылау  сөздердің  жазылуы.  Мысалы:  бұл  сөзіңіз,  сірэ  да  естен  кетпес  (сірэда  емес), 

қарағым-ау (қарағмау емес), ал, сен ше? (сенше емес), киноға билетІң бар ма (барма емес).

5.  Сөздердің тасымалдануы.  Мысалы:  ала-қан (а-лақан емес),  театр-лар (теат-рлар  емес),

қарт-тар (қар-ттар емес) т.б.

Емле ережелерін үйретуде мүғалімнІң мынадай  методикалық эдістер мен тэсілдерді жэне

педагогикалық талаптарды пайдаланғаны жөн.



1. Салыстыру әдісін қолдану.

а)  сөздің  жуан-жіңішке  к&сиеттерін  мағына  ерекшеліктеріне  қарай  карама-қарсы  қойып 

салыстыру:  сан-сән,  ал-эл, құн-күн, ұн-үн, нар-нәр, қүз-күз, ұш-үш, тұс-түс, ұю-үю т.б.

ә)  сөзге  эр  түрлі  қосымшалар  қосып,  оның  жуан-жіңішкелік  касиеттерін  түрлендіре 

салыстыру:  күннің-құнның,  үннің-үнның,  түстІң-тұстың,  күздік-қүздық,  саншыл-сәншіл,

сандық-сэндік, құны-күнІ, нардың-нэрдің. 

.  . 

„ 

.



б)  эр  түрлі  түлғадағы  сөздер  мен  сөз тІркестерінің айтылу  жэне  жазылу  ерекшеліктерін

оқушылардың есту, көру қабілеттеріне сэйкес, сөздерді қатар қойып салыстыру.

айтылүы

жазылуы


1. Құлүн, бұлдұр,

өмүр, төсөк 



4

түбір сөзде

құлын, бүлдыр, өмір, төсек

2. Бұрұнғұ, күнгү, қашаңғы, 

түңгү, жұмышшы, Жампейісч-

түбір сөз бен 

-қосымшалар 

арасында


бұрынғы, күнгі, кашангы, 

жұмысшы, Жанпейіс

3.  Қарагүйе, орымбасар, 

өгүзшағала, жарғабақ 

шегара, көзбе-гөз

біріккен сөздер 

мен кос 

сЗздерде


қаракүйе (күрт) 

орынбасар, өгізшағала (қүс), 

Іиекара, көзбе-көз


4. Торат, ағ ешкі, сарала, 

балалар доб лактырыб 

ойнаб жүр.

^өз тіокестері 

мен сейлем 

аралықтарында

торы ат, ақ ешкі, 

сары ала, балалар доп 

лІкгырып ойнап жүр.

в)  Сөздің  мағыналық жэне  тұлғалық  ерекшеліктерін,  буын  жігін сапыстырмалы  эдіспен 

айқындау:

Оның екі беті бүлк-бүлк етеді. Бүз бүлік (бү-лік) салушыларды жек көреміз.

Оқушылардың эр түрлі жазу жұмысында  көп  қате жІберетіндерінің бІрі — шылау  сөздер. 

Мұғалім  шылау  сөздердің  емлесін  әңгіме  еткенде,  ыңғайластық  жалғаулыққа  жататын  -  мен, 



бен,  пен,  да,  де,  та,  те,  -  лердің  емлесіне  көбірек  көңіл  аударғаны  жөн.  Оқушылардың  жазу 

жұмыстарындағы  көп  жіберетін  қателер  әсіресе  осы  шылаулардан  кездеседі.  Сондықтан  та 

түлғалық  жағынан  үқсастығы  бар  мүндай  бір  тектес  грамматикалық  категорияларды  ажырату 

үшін ең алдымен олардың магыналық жақтарын салыстырған жөн. Мысалы:

Ж атыс жалғаулы сөз: 

Ж алғаулы қ ш ылаулы сөз:

1. Асанда қызық кітап бар. 

Асан да жақсы оқиды.

2. Балықта өт жоқ. 

Мұнда балық та көп.

3. Үсен Қарағандыда оқиды. 

Қарағанды да көмірлі қала.

Комектес жалғаулы сөз: 

Ж алгаулы қ ш ылаулы сөздер:

1. Омар Әсиямен келді. 

Омар мен Әсия келді.

2. Мен сенімен барамын. 

Мені мен сені шақырды.

2. 

Окушылардың  сауаттылығын  арттыруда  бақылау-тексеру  әдісінің  де  маңызы  зор. 



Окушылар мұғалімнің айтқанын жэне оқулықган оқығандарын практика жүзінде өздері байқап, 

ездері  тексеріп,  өздері  анализ  жасап  отырса,  олардың  алған  білімдерІ  әрі  терең,  әрі  берік 

болатындыгы  даусыз.  Сондыктан  да  мүғалім  бақылау  эдісін  өз  тәжірибесінде  кең  қолданып, 

оқушылардың  логикалық  ойларын  үнемі  дамытуда  жэне  олардың  оқу  еңбегіне  ынта-жігерін 

арттыруда үнемі пайдаланып отыруы керек.

Бақылау  жүмыстары  тек  сабақ  үстінде  ғана  емес,  сонымен  қатар  эрбір  оқушының  әл- 

шамасы  үйде  де  келетіндей  етіп,  үнемі  творчестволық  немесе  орфографиялық  тапсырмалар 

беру  арқылы  да  еңбек  эрекетіне  тәрбиелеп  отырган  жөн.  Оқушылардың  өздігінен  істейтін 

тапсырмапардың кейбіреулері мынадай болуы мүмкін:

а)  Ауызша  әр  түрлі  айтылып,  әр  түрлі  жызылып  жүрген  сөздердің  дұрыс  деген 

вариантын  анықтап  көшіру:  сүйінші-шүйінші,  түгелдеу-түгендеу,  түпкір-түкпір,  байбіше- 

бәйбіше, қадырлы-қәдірлі, үйытқы-ұйтқы т.б.э)

б)  Берілген  сәздердің  синонимдес  болатындығын тауып,  ол  сөздерді  мағынасына  қарай 

топтап,  тізімдеп  жазу:  мүсін,  бет,шырай,  рай,  сұрық,  бүлік,  үлес,  көрік,  өң,  жарна,  күңкіл, 

мүлде, дана, нұсқа, сыбыс, тілек, күбір, талап,  қыр, жүз.

Үлгі:  мүсін, бет, нүсқатағы басқалар  ...

в)  Берілген  сөздерге  тапдау  жасау  арқылы  ондағы  й  жэне  и  әріптерінің жазылу  себебін 

түсіндіру: байитын, ұйиды, телиді, оқитын, кейитін, жібитін, қойитын, сүйитын.

г)  Берілген  түрақты  сөз  тіркестерін  көшіріп  алып,  мағыналарын  үлгі  бойынша  қатар 

жазу:  көз  жазды,  көңілі  жарым  адам,  төбесі  көкке  жетті,  көш жүре  түзеледі,  ашық жүзді,  ара 

түсті, кілт тоқтады, кілт бүрылды.

Үлгі:


Түраңты тіркестер 

олардыц мавынсиіары

1. көз жазды 

адасып калды

2. көңілі жарым адам 

қайғылы адам

Осы айтылғандардың бэрі де оқыту процесІн жандандырып,  оқушылардың белсенділігін

артгырады,  олардьщ  ғылым  негіздерінен  тиянақты  білім  және  саналы  тәрбие  алуына  игі  эсео 

ете алады. 

^

3.  Көрнекілік -   емлелік  сабақты  дұрыс  өткізудің  негізгі  тэсілдері  мен  әдістерінІң  бірі 



Оқушыларға  орфографияны  үйретуде  көрнекі  құралды  пайдалану  саба^ы   бейнелі,  нақгылы 

ету  Деген  сөз.  Окушыларды  сауаттылыққа  үйретіп,  дұрыс  жазуға  дағдыландыру  үшін 

колданылатъін  көрнекі  күралдың  негізгілері  -   емлелік  кесте  (таблица)  мен  схема  болып 

саналады.  Мүғалім  дауысты  дыбыстардың  қиын  деген  емле  ережесіне  байланысты  кейбір



фонетикалық  ерекшеліктерді  оқушылардың  көз  қабілетіне  сәйкестендІріп,  мынадай  таблица 

аркылы түсіндіруге болады:

Ә әрпінің жазылүы

Айтылуы


Жазылуы

Емлеге бағынбайтыны

Кітәп

Кітап


Сірэ

Күләш


Күлаш

Куә


Әлтэй

Әлтай


Кінэ

Дүдэмэл


Дүдамал

Іңкәр


¥,Ү  эріптерінің жазылуы

¥түс


¥тыс

Мазмүн


Құлүн

Құлын


Бұлбұл

Үтүр


Үтір

Дэстүр


Түлкү

Түлкі


Мэжбүр

Сондай-ақ,  мүғалім  окушылардың  өздігінен  жұмыс  жүргізуі  үшін  кейбір  емле 

ережелеріне  байланысты  орфографиялық  топшамаларды  жасап,  сол  бойынша  эр  түрлі 

жаттығуларды  да  үйымдастыруға  болады.  Мүндай  топшамаларда  істелетін  тапсырмалардың 

түрлері  мынадай болуы мүмкін:

Топшама


1.  Ауызша әр түрлі  айтылып  жүрген  мына сөздердің жазылуын  анықта:  қартаң-кәртең, 

қадірлі-кэдірлі, жайсыз-жәйсіз, қане-кәне, данышпан-дэнішпан.

2.  Мына э әрпі арқылы жазылған сөздердің мағыналарын түсіндір:  кәде, нәр, нәсіп, нэн. 

Үлгі:  кәде -  ырым, салт мағынасындағы сөз.

Қателермен жұмыс істеу процееінде мынадай мэселелер ескерілуі тиіс:

а) ¥мытып қалған ережені еске түсіру; 

э) Қате түсінген ережені қайталап оқу;

б) Қатенің түріне сәйкес арнаулы жеке тапсырма беру.

Сонда,  қателермен  жұмыс  істеу  оқушыларға  орфографияны  меңгертудің  басты  жолы 

болып табылады.

Орфографиялық қателерді түзету үшін орфографиялық шартты белгілерді қолдану керек. 

Мүндай белгілер оқушыға таныс болуы тиіс.

Ш артты белгілер: 

емле қатесі үшін 

//  бірге жазылуға тиіс сөздер 

/  бөлек жазылуға тиіс сөздер 

?  түсінІксіз сөздер

Сабақ соңында студенттердің алған бІлімдерін бағалау үшін мини-тест өткізуге болады. 

Сонымен,  студенттерге  орфографияны  оқытудың  ғылыми-практикалық  маңызы, 

міндеттері  мен  үстанымдары,  жүмыс  мазмұны,  орфографиялық  іскерлік  пен  дагдыларды 

қалыптастырудың  психологиялық  негіздерІ,  сөздіктерді  қолдану  әдістері,  ережелерді 

меңгертуді осындай эдістеме арқылы жүргізуге болады.




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет