Организация и регистрация предпринимательской фирмы



бет1/2
Дата30.04.2020
өлшемі63,09 Kb.
#65213
  1   2

Кәсіпкерлік фирманы тіркеу және ұйымдастыру


Заңды тұлғаны тіркеу әзірлеу үшін барлық қажетті құжаттарды дайындау - өзінің ісін құрудың бастапқы кезеңі. Мемлекеттік тіркеу, жаңа шаруашылық субъектіні құруда, таңдауға негіз болатын меншік түріне қарамастан міндетті болып табылады. Жеке кәсіпкерлер (мәліметтер ЖКМБТ еңгізіледі - жеке кәсіпкерлердің мемлекеттік бірыңғай тізілімі) және заңды тұлғалар (олар туралы мәліметтер ЗТМБТ еңгізіледі – заңды тұлғалардың мемлекеттік бірыңғай тізілімі) тіркеуге жатады: ЖШС, ЖАҚ, ААҚ.

Кәсіпкерліктің әрбір субъектісіне заңнама, міндетті түрде қанағаттандыруға жататын, өзінің жеке талаптарын көрсетеді. Қарсы жағдайда тіркеу жүзеге асырылмайды. Егер субъект дербес, тіркеусіз жұмыс жасайтын болса, бұндай қызмет заңды емес болып танылады, яғни заңмен бекітілген талаптарды орындауға мәжбүрленеді және айыппұл төлейді.

Өз бизнесін ұйымдастыру – өте қиын және еңбекті көп қажет ететін процесс. Бірақ сауатты дайындалған бизнес-жоспарды сәтті жүзеге асырған жағдайда, кәсіпкердің тұрақты табыс алуға көп мүмкіндіктері бар. Сонымен қатар, адам, жалдамалы жұмыскер рөлінде қатысатын, негізгі жұмысқа бағынышты болғаннан жалығады. Бұнда қаржылық тәуелсіздікке әкелетін шешім қабылдауға жауапкершілікті өзі көтереді.

Ұйымдық-құқықтық нысанды таңдағаннан кейін және фирманы мемлекеттік тіркегеннен кейін, қаржылық операциялар орындалатын есеп шотты ашу қажет. Бұл операция міндетті болып табылады. Шотты ашу салық органдарына операцияларды бақылауға және салық декларация мәліметтерімен салыстыруға мүмкіндік береді. Барлық тіркеу рәсімдерінен өткеннен кейін, кәсіпорында бухгалтерлік есеппен заңды кім орындайды деген кәсіпкерге ой туады. Жалдамалы маман немесе нақты қызмет түрін көрсететін мамандандырылған ұйым? Бүгінгі таңда соңғы нұсқа, яғни бизнесті бухгалтерлік және заңдық қолдау сыртқары ұйыммен орындалуы кеңінен қолданылады.

Бұл жағдайда артықшылықтарды көрсету керек:

Тапсырыс берушімен орындаушының шарттық қарым-қатынасы бизнеске нақты кепілдік береді. Сапалы нәтиже мен өзінің уақытын тиімді үлестіруге, жұмысты бекітілген уақытта орындауға көмектеседі;

Шыны керек, ай сайын жалақы төлеуді қажет ететін бухгалтерлер мен заңгерлерді құрайтын толық штатпен салыстырғанда, мамандандырылған ұйымдар қызметі тапсырыс берушіге арзанырақ болады. Көрсетілген жағдайда кәсіпкер ақшасын үнемдейді және жұмыс орнында өткен уақытқа төлемейді, яғни тек нәтижеге ғана төлейді.

Бухгалтерлік және заңдық алып жүру – бұл тәуелсіз мамандандырылған ұйымның тек бір маманының көмегі емес, барлық ұжымның. Өзінің фирмасын ашу, егер барлық кезеңде мұқият жұмыс жасаса, өте қызықты іс және сүйікті жұмысқа айналуы мүмкін – кәсіпорынды тіркеуден оны кеңейтуге дейін.

Кәсіпкерлік фирманы құрудың

ұйымдастыру кезеңі

Бұл кезең нақты ұйымдастыру-құқықтық нысанда, заңды тұлғаны құру үшін шешімдер қабылдайтын құрылтайшыларды жинаудан басталады. Шешім кәсіпорынды құру туралы “Хаттама 1” әзірленеді. Онда бас директор мен бас бухгалтер тағайындалады. Олардың қолдары банктік карточкаға еңгізіледі, олардың фирманың барлық құжаттарына қол коюға құқығы болады.

Фирма қызметін құру және тіркеу үшін құрылтайшылық құжаттар:

- жарғы;

- құрылтай шарты.



Егер сізде өз бизнесіңізбен айналысуға ықыласыңыз және мүмкіндіктеріңіз болса, сіз арнайы рәсім, кәсіпорынды мемлекеттік тіркеусіз ешқайда бара алмайсыз. Бұл өзіңнің жеке ісіңді құру жолындағы алғашқы және өте жауапты қадам. Оны қалай істейсіз, оған көбінесе сіздің бизнесіңіздің заңдылығы және қаржылық жетістігі байланысты.

Тіркеу рәсімін бастамас бұрын, сізге құрып жатқан кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысанын таңдайсыз соны анықтау керек. Бұндай таңдау көбінесе сіз айналысқыңыз келген кәсіпкерлік қызмет түріне байланысты. Бұл сұрақтың дұрыс шешімі алдағы уақытта, бақылаушы және салық органы тарапынан болатын көптеген мәселелерден құтылуға көмектеседі. Қате табылған жағдайда қайта құру, жаңа кәсіпорынды құру қаупі бар. Ресей Заңнамасы кәсіпорынды келесідей негізгі нысандарда құруды қарастырады:

ЖШҚ (жауапкершілігі шектеулі қоғам)

ААҚ (ашық акционерлік қоғам)

ЖАҚ (жабық акционерлік қоғам)

ЗТҚК (заңды тұлға құрусыз кәсіпорын)

Статистика бойынша кәсіпорындарды тіркеу Жауапкершілігі шектеулі қоғам (ЖШҚ) нысанында жүргізіледі. Бұл көптеген жағдайларда өз бизнесіңді жүргізудің және құрудың жеткілікті тиімді нысаны. Бірақ кейбір жағдайларда Жабық акционерлік қоғам (ЖАҚ) және Ашық акционерлік қоғам (ААҚ) нысанында жаңа кәсіпорын құрудың артықшылығы бар. Бұл қадамның негізгі артықшылықтары:

ЖАҚ және ААҚ ЖШҚ-ға қарағанда жақсырақ естіледі;

ЖАҚ және ААҚ құру және тіркеу жағдайында заң жинақ шот ашуды және оны тіркегенге дейін ақшаны кәсіпорынның Жарғылық капиталына салуды қарастырмайды;

Заңнама кәсіпкерлік саласында ЖАҚ және ААҚ жағдайында үлкен дәрежеде акционерді емес, Қоғамды қорғайды. Акционердің Акционерлік қоғамнан шығу жағдайында, ол өзінің акциясын, құны Акционерлік Қоғам директорларының шешімімен анықталатын ақшалай түрде алуға құқығы бар.

Көптеген шетелдік әріптестер және инвесторлар көбінесе, үлкен бизнес тұрғысынан өте сенімді, Акционерлік Қоғам ретінде тіркелген мемлекеттік кәсіпорындармен бірге жұмыс істегенді дұрыс деп есептейді.

Кәсіпорынды тіркеу, заңды тұлғаны тіркеу тәртібімен реттелетін рәсім. Заңды тұлға ретінде ұйымдастырушылық қызметінің негізгі мақсаты – пайда табуды көздейтін ұйымдар, сонымен қатар пайда табу бастапқы кезектегі міндетке жатпайтындар (коммерциялық емес ұйымдар) болып танылады. Тіркеу тәртібі кәсіпорынның құрылтай құжаттарына ұсынылатын нақты талаптарды түсіндіреді. Бұл құрылтай құжаттары кәсіпорынды тіркеу тәртібі бекітілетін талаптармен сәйкес құрылуы керек. Сол жағдайда ғана бас директормен құрылтайшылардың қызығушылықтары толығымен қорғалады. Кәсіпорынды тіркеу тәртібі өте маңызды, тіпті кәсіпорынды тіркеу процесінің өзі оңай жұмыс емес. Сондықтан Сізге фирманы тіркеумен және шағын кәсіпорындарды тіркеумен айналысатын көп жылдық тәжірибесі, білімі және қажетті байланыстары бар мамандарға жүгінуге кеңес береміз.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет