Организмдердің химиялық құрамы



бет1/2
Дата27.05.2022
өлшемі23,33 Kb.
#145251
түріҚұрамы
  1   2
Байланысты:
Жаратылыстану СӨЖ9


СӨЖ №9
Тапсырма: Биохимияның жетістіктері. Экстремальды жағдайлар химиясы
Организмдердің химиялық құрамы.
Биологиялық химия, немесе биохимия –организмдердің химиялық құрамын және организмнің тіршілік әрекеті барысында бұл құрамның химиялық өзгеріске ұшырау процестерін зерттейді. Биохимия деген сөз гректің вios – тіршілік деген сөзінен шыққан. Яғни, тірі табиғаттың химиялық тілі, тіршілік химиясы дегенс өз. Осыған орай биохимияның өзі бірнеше салаларғаб өлінеді :адам биохимиясы, медициналық биохимия, өсімдіктер, микроорганизмдер, техникалық, космостық және клиникалық, эволюциялық, радиациялықт.б. Организмдерді зерттеу бағыты бойынша биохимияны статикалық зерттелетін заттардың химиялықт абиғаты және қасиеттері жайында динамикалық заттардың организмге түсу кезеңінен олардың зат алмасудың нақтық өнімдерінің шығуына дейінг іөзгерістері жәнефункциональдық органдардың, ткандердің және клеткалардың, жалпы біртұтас организмнің физиологиялық әрекетінің химиялық негіздері жөнінде биохимияғабөлінеді.Биохимияның дамуы бір – бірі меншектес басқа пәндермен жалпы биологиямен, гистологиямен, цитологиямен, генетикамен, физикамен, биофизикамен, бейорганикалық, аналитикалық, органикалық, физикалық, коллоидтық, биофизикалық химия мен молекулярлық биологиямен және физиологиямен тығыз байланысты. Биохимияның аса маңызды міндеті – студентті тірі организмдердің химиялық құрамымен және тірі материалардың тіршілігін қамтамасыз ететін химиялық заңдылықтармен таныстыру.Биохимия ғылым ретінде ХVI – XIX ғасырларда пайда болды. Алғашқы биохимиялық мағлұматтар адамзатқа өте көнез аманнан таныс. Мысалы, адамбаласы өте ерте кезден – ақнан пісіруді, шарап, дәрі – дәрмек жасауда, тері илеуде жәнет.б. биохимиялық процестерді пайдаланған. Бірақ, бұл адам баласының тәжірибесіне ғана негізделген эмпиризндік білімдер еді.Биохимияның ғылым ретінде қалыптасуында маңызды роль атқарған көптеген мәліметтерқайта өрлеу дәуірінде қорланды. Ұлығалым Леонардо да Винчи 1452- 1519 барлық тіршілік процестерінің оттегінің қатысуымен өтетіндігін дәлелдеді. Биохимияның тарихы – материалистік және идиалистік екі көзқарастар күресінің тарихы. Өзінің дамуының алғашқы кезеңінде биохимия химиялық жаңылыс флогистон теориясымен соқтығысты. Бұл теория бойынша заттардың жиынтығы олардың құрамындағы “отты материяға” байланыстыб олды. Тіршілікке деген материалистік көзқарастың негізін салушы алғашқы ғалым М. В. Ломоносов, табиғатта ешқандай флогистон жоқ және болуы мүмкін еместігін дәлелдеді. ІХ ғасырдың басында дамып келе жатқан биохимия идеалистік витализм / лат vita – өмір, тіршілік теориясы мен тартысқа түсті. Көп ұзамай виталистердің ілімін практика және химиялық тәжірибелер теріске шығарды. Ф. Велер бейорганикалық заттардан қымыздық қышқылын 1824ж және несеп нәрін алды. Орыс ғалымы Н.Н.Зинин, өсімдік шикі затынан өндірілетін анилинді 1842ж алды. 1845жылы немісхимигі А. Кольбе с іркеқышқылын, француз ғалымы М. Бертло майларды, ал 1861ж А.М. Бутлеров тұңғыш рет синтетикалық қанты бар заттарды синтездеді.Отандық биохимияның негізін салушы А. Я. Данилевский 1838- 1923ж болып есептеледі. Ол, Россияда физиолог – химиктердің алғашқы мектебін ашты. Мектеп көптеген белоктардың құрамын, қасиеттерін зерттеді. 1891ж Петербургте М.В. Ненцкий бірінші биохимиялық лабораторияны ашты. Гемнің құрылысын зерттеп, гемоглобин мен хлорофиллдың ұқсастығын тапты.ХХ ғасырдыңбірінші жартысында биохимияның жаңасалалары –адамбиохимиясы, медициналық биохимия, жануар, өсімдік, микробтаржәневирустар биохимиясы қалыптасты.1925ж Харьковте А. В. Палладин бірінші биохимия инстетутын ашты. Адамзаттың қазіргі кезеңдегі назары биохимиялық ғылымдаралдына тіршілік құбылысының мәнін анықтау, органикалық дүние дамуының биологиялық заңдылықтарын ашу, тіршілік физикасы мен химиясын, заталмасу, тұқымқуалаушылықты зерттеу жөнінде бір қатар басты- басты міндеттер қойып отыр.Д.И.Менделеевтің периодтық таблицасының 100 элементінің 27-сі тірі организмдер құрайтынэ лементтер болып табылады. Химиялық қосылыстардың ішінде организм үшін судың маңызыерекше.Химиялық таза су иіссіз, дәмсіз мөлдірсұйық болып келеді. Су молекуласында 11,19 % сутекжәне 88,81 % оттек бар. Судың молекулалық массасы 18, 016, қату нүктесі –00С, қайнау шегі –100 0С, судың тығыздығы +4 С0 –да1г /см–гетең. Судың көптеген органикалық және минералдық заттардың өте жақсы еріткіші болуы, оның молекуласының құрылымы мен байланысты. Су органдарда, тканьдерде, клеткаларда бос, гидраттық және иммобильдік күйдеболады. Бос су көптеген биологиялықс ұйықтықтардың / қан, лимфа/ негізін құрайды. Клетка құрамындағы биополимерлер ерітіндіде коллоидтық қасиет білдіреді. Олар судың біраз мөлшерін өздеріне тартып, оларды электростатикалық күшпен, немесе Н – байланысар қылы ұстап т ұрады. Судың бұл қабаты гидраттық деп аталады. Клетка ішінде гидраттық қабықшаның құрамына кірмейтін суды иммобильдық су депатайды.Минералдық заттарға Д. И. Менделеевтің периодтық кестесіндегі жүзден аса элементтер жатады. Осы кестедег і төрт элемент – сутек, көміртек, оттек және азот-органикалық элементтер деп аталып, бүкілорганикалық қосылыстардытүзеді. Көлемі жағынан ең көп кездесетін алғашқы жеті минералды элементті ғылымда макроэлементтер деп атайды. Ол гректің “макрос” – көп, үлкен деген сөзінен шыққан. Макроэлементтерге жататын мыналар – Са, Мq, K, Na, P, Cl және т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет