Орындаан Уайділдә Айдын 302-топ Жамбыл шығармаларының Ұлы Отан соғысы кезіндегі әсері, тәрбиелік мәні



бет1/9
Дата07.02.2022
өлшемі44,17 Kb.
#82301
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
20 ғас Уайділдә Айдын 302-топ
қазақ.әдебиеті оқ.УАЙДІЛДӘ Айдын 302-топ, қ.ә.о.ә Д.Анель 302 топ, қ.ә.о.ә Д.Анель 302 топ, қ.ә.о.ә Д.Анель 302 топ, Біржан сал

Орындаан Уайділдә Айдын 302-топ
Жамбыл шығармаларының Ұлы Отан соғысы кезіндегі әсері, тәрбиелік мәні
Жамбыл Жабаев – ақын-импровизатор, Қазақстанның ең танымал ақындарының бірі. Ол 1846 жылы 28 ақпанда Шапрашты руынан шыққан Жабай есімді көшпенді қазақтың отбасында дүниеге келді. Отбасылық тарих бойынша, Жамбылдың анасы Ұлдан, Жамбылдың атасы Ыстыбайдың ауылы шапқыншылардан қашып жүрген кезде босанған. Яғни, ұлт мақтанышы Жамбыл тауынының маңында, қазіргі Отар станциясының солтүстік-шығысында, Шу өзенінің жоғарғы жағында дүниеге келген. Сөйтіп, баланы таудың құрметіне орай Жамбыл деп атады.
Екінші дүниежүзілік соғыстың басталуы туралы хабар Жамбыл жайлауда болған кезде келді. Сол жылдары Жамбыл Мәскеу мен Ленинград туралы ең жақсы өлеңдер жазды. 1941-1942 жылдары қыс мезгілінде Ленинград қоршауынан аман қалғандар 1941 жылдың қыркүйегінде Жамбылдың қала тұрғындарына жолдаған өлең жолдауын ешқашан ұмытпайды. Жамбылдың тіпті, орыс тіліне аударылған жолдауы Ленинградта радио арқылы таратылып, онда плакаттар түрінде жарияланды. Жамбылдың жолдауы үйлердің қабырғаларына және бүкіл қаланың дүкендерінің терезелеріне ілінді. Қазақ ақыны ол жолдауда ұлы қаланың қорғаушыларына сүйіспеншілікпен, алаңдаушылықпен батыл ынталандыру сөзін жеткізеді.
Жамбылдың Ленинград тұрғындарына арнаған үндеуі қалада үлкен патриоттық жігер тудырды. Оның шығармаларын орыстың көптеген ақындары аударған. Ал бұл аудармалар үлкен жұмыс атқарды. Олар оқырмандарды Жамбылдың шығармашылығына қызықтырып, қазақ ақынының бейнесі мен ойларын әлемнің ең алыс бұрыштарына жеткізді.
Ленинградтық өренім!
Мақтанышым сен едің!
Нева өзенін сүйкімді!
Бұлағымдай көремін.

Көпіріне қарасам,


Көмкерген су көлемін,
Өркеш-өркеш жарасқан
Шоқылардай дер едім.
Бүгінде Жамбыл шығармаларын, оның идеялық нысанасына емес, көркемдік кестесіне байланысты бағалағанда ғана, ақынның, сол арқылы сол кезеңдегі жалпы халық поэзиясының, ауыз әдебиетінің көркемдік айырмашылықтарын тереңірек түсінуге болады. Бірінен бірі асып түсетін небір айшықты теңеулер, образдар, тұтқиылдан тап басатын эпитеттер, айтыс ақындарында жиі кездесетін тәсіл – градацияны шебер пайдалану сол қызумен, сол шеберлігімен жазба әдебиетке, оның ішінде поэзияға ықпал жасау заман, кезең шындығын образ-категориялар арқылы да айшықтау сол арқылы халқымыздың ұлттық рухының басылмай, заман ауыртпалығының астында тапталып жаншылмай, қайта іштей буырқанып, булыға қайраттанып, қор жинай беруіне, ұлттық көркемдік ойдың салалана, тармақтала беруіне, көркемдік танымның көкжиегі кеңи түсуіне, халықтың эстетикалық талғамын өз тұрғысынан кемелдендіруіне, рухани ширығып жігерленіп өсуіне зор ықпал жасағанының нақты мысалдары.
Бұл орайда бір-екі мысал келтірумен шектелейік. Ұлы жырау Жамбылдың ұлы Алғадай майданда мерт болғанда, көз жасын төгіп, жылап айтқан жыры бүкіл қазақ даласының, қазақ халқының көз жасы, ауыр қайғысы болып, байтақ сахараға кең тарады. Жамбыл «Аттандыру өлеңінде» Алғадай ұлын соғысқа өлең жырмен шығаып салған.
Атаңнан бата ал, балам,
Алшайып атқа мін, балам.
Ақ сақалым желбіреп
Артыңнан қарап мен қалам.
Құлағыңда құлыным,
Дауысым жүрсін жырлаған:
Алғадайым арлы едің,
Ата сөзін сыйлаған;
Перзентімнің алды едің
Көңілімді қыймаған.
Алғадай өлімін естігенде ақынның баласына арнаған жыры.
Түне күнгі кеткеннен
Ғали жаңа келдің бе?
Алғадайдың мүрдесін
Жол-жөнекей көрдің бе?
Топырағың торқа боп,
Тыныш ұйқта дедің бе?
—Қалай қыйып қалдырдың
Қарт әкеңді еліңде?
Елжірейді өзегім,
Ауырады белім де...
Қаза болып көзелім,
Халім қыйын менің де
Мәселен, Жамбылдың «Майдан жыры» («Москваға», «Қаһарлы Москва қамалы», «Совет гвардецтеріне», т.б. болып келеді. Немесе Нұрпейіс Байғаниннің таңдамалы шығармаларында (1945) «Зор майданға шапшаң бар», «Сталиндік сұңқарлар», т.т. тәрізді туындылар бар. Бұл сипат сол кездегі халық ақындарына да, жазба поэзия өкілдеріне де тән.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет