Орындаған: Қайжан Әдемі Берікқызы Топ: дпмно-301с



Дата28.10.2023
өлшемі211 Kb.
#188952
Байланысты:
Қайжан Әдемі СРО-1 Педагогика


Орындаған: Қайжан Әдемі Берікқызы
Топ: ДПМНО-301с

12 жылдық білім беру мақсаты 


12 жылдық білім беру үрдісіне көшу қажеттігін айқындап отыр. Еліміздегі жаңа білім беру реформасы 12 жылдық білім беруге көшу арқылы шығармашылықпен дамыған жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған жаңа ұлттық үлгіні жасауды, “жалпыға арналған білімнен”, “білім әркімге өмір бойы” үлгісіне көшуді және әлемдік білім беру кеңістігіне жедел енуді қамтамасыз етуді мақсат етеді. 
2008-2009 оқу жылынан бастап 12 жылдық білім беруге кезең-кезеңмен көшу басталады. Бүгінгі күні білім беру мазмұнын жаңартуды көздейтін Қазақстан Республикасының білім беру тұжырымдамасы жан-жақты талқыланып, Білім және ғылым министрлігінің алқа мәжілісінде мақұлданды. 
Бұл тұжырымдама Қазақстан Республикасының “Білім туралы” Заңына; “Қазақстан Республикасын 2010 жылға дейін дамытудың стратегиялық жоспарына”, “Қазақстан Республикасында білім беруді 2005-2010 жылға дейін дамытудың мемлекеттік бағ­дарламасына”, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың “Қазақстан экономикалық, әлеуметтік, саяси жаңғырудың қарқынды жолында” атты Жолдауына, Болоньдегі Еуропа елдері білім министрлерінің кеңесіне, ЮНЕСКО-ның үздіксіз білім беру туралы ұсыныстарына сәйкес әзірленді.
Біздің еліміздегі қалыптасқан білім жүйесі академиялы, түбегейлі деп бағаланатынын айта кетуіміз керек. Бірақ жыл асқан сайын оқу бағдарламалары бойынша 11 жылда берілетін білім көлемінің ауқымдылығы оқу жүктемесінің шектен тыс көбеюіне әкеліп, білім сапасы мен оқушылар денсаулығына кері әсерін тигізіп отыр. Қалыптасқан бұл жағдай оқушылардың оқуға ынтасын да төмендететінін тәжірибеден байқап жүрміз. Осыған орай қазіргі білім беру тәжірибесінде білім көлемін жинақтай отырып, оқу материалын жеңілдетуді, сондай-ақ құзырлылыққа жетуге бағдарланған білім мазмұнын қарастырып отыр. Бүгінгі таңдағы еліміздің білім ұйымдарының басты міндеті – баланың денсаулығына жағымды ықпал етуді көздейтін білім беру ортасын құру. Біз өмір сүріп отырған уақыт алдыңғы толқынның заманына мүлдем ұқсамайды. Бала болашағы оның жаңа тұжырымдарды түсінуі мен қабылдай білуіне, дұрыс таңдау жасауына, бүкіл өмір бойына өзгермелі жағдайларға тез икемделе білу қабілетіне байланысты болмақ. Осыған байланысты мұндай тұлғаға қойылатын бірінші кезектегі нақты талап: ойлылық, салмақтылық, белсенділік, әлеуметтік жауапкершілік, терең білімділік, кәсіби сауаттылық т.б. Бұл оқушының бойында қалыптасатын түпкілікті мақсат, міндеттерін айқындауға тікелей мұрындық болады. 
12 жылдық мектептің басты ерекшелігі – баланың жан-жақты дамуына, өз пікірі мен ойын ашық жеткізуіне, әр адамға табиғатынан берілген шығармашылық әлеуетін толық іске асыруына ықпал ететін, өзін-өзі танып, келешегін айқындауға саналы түрде дайын болуға, қоғамның экономикалық, мәдени, саяси, өміріне белсенді араласуға мүмкіндік беретін психологиялық-педагогикалық институт ретінде қалыптасуында болып отыр. Оның жаңа құрылымына тоқталатын болсақ, 12 жылдық білім беру жүйесі 5+5+2 сатыларынан тұрады. Бүгінгі күні осы құрылым мен жаңа мазмұнға негізделген жалпыға міндетті білім стандарттары әзірленуде. 

Бүгінгі күні әлемде жалпы білім берудің 12-жылдық мектепке арналған халықаралық стандарты қалыптасып отыр. Орта мектептегі 12-жылдық білім АҚШ, Канада, Жапония, Швеция, Францияда; Германия, Чехия, Италия, Швейцарияда – 13 жылдық ; Голландияда – 14 жылдық жүйе қабылданған.


12 жылдық білім берудің негізі адамның жеке тұлғалық қасиетін қалыптастыру болып табылады. Адам тұлға болып тумайды, ол өмір сүру барысында тәрбие арқылы қалыптасады. Тұлғалық туралы адам өзін-өзі танып, өз өмірін өзі жасай бастағанда сөз ету керек. Білімді, шығармашыл, бәсекелік қабілеті мол тұлға тәрбиелеу негізінде Қазақстан Республикасында 12 жылдық жалпы орта білім беру тұжырымдамасы жасалып отыр.2005-2008 жылдарға арналған орта жалпы білім беру орындарының құрылымы мен мазмұнын құруда республикалық эксперимент шеңберінде тәжірибелік-эксперменталды жұмыс жүргізілуде. Егер 2003-2004 оқу жылдарында бұл экспериментке 52 мектеп қатысса, 2004-2005 оқу жылында олардың саны 104 ке жетті, ал ауылдық жерлерде олардың 45-і, қалалық 59 мектепті құрайды. Қазірдің өзінде 12-жылдық білім модельдерін байқаудан өткізу жөніндегі эксперименталды ұйымдар туралы оң деректер бар.
12 жылдық білім 3 сатыдан тұрады. Бірінші – бастауыш (1-4 сыныптар) сыныптардың педагогтары олардың оқуға деген ынтасын арттыруға көп көңіл бөледі, екінші – (5-10) сыныптар оқушылардың базалық білімін анықтап, қарым-қатынас мәдениетін, ғылыми әдістерді түсінуге баулу, ал үшінші – (11-12 сыныптар) болашақ мамандық таңдауды негізге алады. Бұлардан басқа да толықтыратын, өзгертетін проблемалар, 12 жылдық оқуға ауысудың басқа да әдістерін табу мәселелері толып жатыр. Осы іспеттес тапсырма дәл осы мақсатта арнайы құрылған Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «12-жылдық білім мәселелерінің Республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның құзырына берілген.

Қазақстан Республикасындағы 12 жылдық жалпы орта білім беру тұжырымдамасы


Кіріспе
Қазақстан Республикасындағы 12 жылдық жалпы орта білім беру Тұжырымдамасы (бұдан әрі - Тұжырымдама) – жалпы орта білім беру жүйесінің мақсаты, міндеттері, ұйымдастыру ұстанымдары мен бағыттары бейнеленетін негізгі құжат болып табылады.
Бұл Тұжырымдама Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Занына; "Казақстан Республикасын 2010 жылға дейін дамытудың стратегиялық жоспарына"; Қазақстан Республикасында білім беруді 2010 жылға дейін дамытудың мемлекеттік бағдарламасы-на; Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың "Казакстан экономикалық, әлеуметтік, саяси жаңғырудың каркынды жолында" атты жолдауына, Болоньдегі Еуропа елдері білім министрлерінің кеңесіне, ЮНЕСКО-ның үздіксіз білім беру туралы ұсыныстарына сәйкес әзірленді.
Жоғары динамикалы, жаһандану дәуірінде өмір сүру үрдісін, ойлау мен қарым-қатынасты түбегейлі өзгертетін байланыс құралының қарқынды дамуы, сондай-ақ адамның интеллектісіне, әлаукаттылығына, оның икемділігінё, жасампаздык іс-әрекетіне қол жеткізетін тәсілдер қоғамның негізгі капиталы бола бастады.
Қазақстан қоғамындағы мұндай жағдайда өзекті мәселелердің бірі — өзгермелі әлеуметтік және экономикалық жағдайда өмір сүруге дайын ғана емес, айналасындағы шынайы өмірге белсенді қатынасын байқатып, оны жақсартуға ықпал ете алатын, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады. Осыған байланысты жеке тұлғаға қойылатын мынадай талаптар алдыңғы орынға шығады: креативтілік, белсенділік, әлеуметтілік жауапкершілік, ой-өрісінің кендігі, жоғары кәсіби деңгейлі сауаттылык, танымдық әрекетке қызығушылығының басымдығы.
Қазақстандық жалпы орта білім мазмүны оқушының өмірдегі құзыреттілігі үшін жеткіліксіз болып отырған әрбір оқу пәні бойынша білімі, білігі және дағдысын алу тәртібімен ғана сипатталады. Білім мазмұнының артық ақпараттылығы оқушының окуға ынтасының төмендеуіне және денсаулығының нашарлауына себепші болады.
Мектеп бітірушінің әлеуметтік және қоғамдық өмірдегі тұрақты өзгерістерді ескере отырып, қоғам өміріне еркін енуіне дайындығын камтамасыз ететін жалпы орта білімді дамытудың каркынын арттыру кажеттілігін әлемдік тәжірибе көрсетіп отыр. Оқушыны тұлғалык дамыту міндеттерін іске асырудағы, оның психикалық және физио-логиялық денсаулығын сақтаудағы, әлеуметтендірудегі мектеп білімінің рөлін күшейтудің маңызы зор.
Тұжырымдаманың мақсаты — 12 жылдық мектеп жағдайында Қазакстан Республикасының жалпы орта білім беру жүйесін жаңарту жолдары мен дамыту стратегиясын айқындау.
Тұжырымдаманың міңдеттері:
12 жылдық мектептегі білім беру максатын, міндеттерін, құрылымын, мазмұнын және оку-тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктерін ашып көрсету;
12 жылдық білім беруге көшудің қаржылык-экономикалық негіздемесін дайындау;
осы Тұжырымдаманың күтілетін нәтижелерін анықтау.
Тұжырымдама төмендегі бөлімдерден тұрады:
· Әлемдік үрдістер мен отандык тәжірибеге сүйене отырып, 12 жылдык жалпы орта білім беруге көшудін негіздемесі.
· 12 жылдық жалпы орта білім берудің мақсаты мен күтілетін нәтижелері.
· Жалпы орта білім беру құрылымы.
· Білім беру мазмүнын жаңартудың негізгі бағыттары.
· Білім беру процесін үйымдастырудың ерекшеліктері.
· Педагогикалық кадрлар.
· Білім берудің күтілетін нәтижелерін бағалау жүйесі.
· Жалпы орта білім беру жүйесін басқару.
· 12 жылдық жалпы білім беру тұжырымдамасын іске асыру жағдайлары.
I. Әлемдік және отандық тәжірибеге сүйене отырып, 12 жылдық жалпы орта білім беруге көшудің негіздемесі
Білім беру жүйесіндегі өзгерістерге негізделген әлемдік дамудың негізгі үрдістері мыналар болып табылады:
· қоғам дамуынын карқындылығы;
· постиндустриалдық, ақпараттық қоғамға көшу, мәдениаралық өзара қатынас ауқымының кеңеюі;
· халықаралык ынтымақтастык, нәтижесінде шешілуі мүмкін ғаламдық проблемалардың туындауы және өсуі;
· қоғамның демократиялануы;
· экономиканың қарқынды дамуы, бәсекелестіктің өсуі;
· адам капиталы мәнінің артуы.
Осыған сәйкес дамыған елдердің білім беру жүйесінде білім беру философиясы мен әдіснамасын жаңарту үрдістері, білім беру мазмұның құру әдістерінің өзгеруі, білім беру мазмұнындағы жетілдірілген модельдердің жасалуы, білім беруді басқарудың тиімді тәсілдерін іздеу және т.б. үрдістер байқалып отыр.
Оқытудын дәстүрлі өнімсіз стилін ығыстыру және оқушылардың танымдық белсенділігі мен өзіндік ойлауын қамтамасыз ететін жаңа дамытушы, сындарлы білім беру моделіне көшу әлемдік білім берудің стратегиялық бағыттарының бірі болып табылады.
Қазақстандық жалпы орта білім беретін мектеп сонғы жылдары өзінің келбетін өзгертті. Білім беруді жаңарту жүйесін қолдайтын нақты қадамдар жасалды. Олардың ішінде мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарттарының әзірленуі және енгізілуі, кредиттік технология негізіндегі үш сатылы жоғары білім моделінің енгізілуі, вариативті білім берудін енгізілуі, білім сапасын бағалау критерийлерін әзірлеу жөнінде жүмыстар басталды.
Бірақ қол жеткен жетістіктер адам капиталының дамуы мен орнықты экономикалық есуді толық камтамасыз ете алмайды. Қазақстанның білім беру жүйесінің даму деңгейіне кері ыкпал ететін мынадай факторлар қалып отыр:
Орта білім беру жүйесінде диагностикалық мақсаттылыктың болмауы.
Білім берудің жеке тұлғаның дамуына емес, формальды нәтижелерге бағдарлануы.
Оқу жетістіктерін бағалауда оқушыны қызықтырмайтын, шынайылықты қамта-
масыз етпейтін және қиындық тудыратын жағдайға душар ететін ескірген жүйенің сақ- талуы.
Жасөспірімдердің тұлғалық, азаматтық және адамгершілік касиеттерінің жеткілікті дамымауы, өзін-өзі аныктау мотивтерінін болмауы, өзіндік кызығушылығы мен болашақ жоспарын сезіну деңгейінің төмендігі.
Қазақстан қоғамының қазіргі геосаяси, экономикалық және әлеуметтік жағдайы, әлемдік білім кеңістігіне кірігуі Қазақстан Реслубликасының жалпы орта білім жүйесін жаңғыртуды, атап айтканда, орта білім мазмұны мен құрылымын, мақсаттарын қайта қарауды және оқыту мерзімін кеңейтуді талап етеді.
Қазіргі кезеңде 12 жылдық мектепке есептелген белгілі бір халықаралық білім беру стандарты қалыптасты.
Еуропа кеңесінің (1992 ж.) Декларациясына сәйкес 12 жылдық білім беру әлемдік білім кеңістігінде 136 елде жүзеге асырылуда. Олардын ішінде дамыған еддерден: АКШ., Жапония, Германия, Франция және т.б. ТМД елдерінен 12 жылдык окыту мерзімін Беларусь, Украина, Өзбекстан және Балтық елдері таңдады.
Қазақстанның 12 жылдық. білім беруге көшуі білім берудің жаңа ұлттық моделін жобалаудың стратегиялык міндеттерін табысты шешуге мүмкіндік береді.
II. 12 жылдык жалпы орта білім берудін максаты мен күтілетін нәтижелері
12 жылдық білім берудің басты максаты: Өзінің және қоғамның мүддесінде өзін~өзі белсенді етуге дайын, өзгермелі даму үстіндегі ортада өмір сүруге бейім, бәсекеге қабілетті және құзыретті, шығармашыл, білімді тұлғаны дамыту және қалыптастыру.
Білім берудің күтілетін нәтижелері белгіленген мақсатқа сәйкес мектеп түлегінің негізгі құзырлылығы төмендегіше аныкталады:
Құндылықты-бағдарлы құзыреттілік — оқушының қоршаған ортаны бірдей қабылдайтын кабілеті, жоғары әдептілік. кұндылықтар негізіңде жасампаз коғам өмірінде өзінің рөлін таба білу біліктілігі, азаматгылығы мен елжандылығы. Бұл құзыреттілік өмірдегі түрлі жағдайларда шешім қабылдай білу білігін қамтамасыз етеді. Ең бастысы, өзінің Отаны Қазақстан патриоты болу, азаматтык, белсенділігін көрсету, саяси жүйені түсіну, болып жатқан әлеуметтік жағдайларға баға бере білу.
Мәдениеттанымдық құзыреттілік — жалпы адамзаттық мәдениет жетістіктері негізіндегі іс-әреқет тәжірибесін және қоғамдағы дәстүрлер мен жеке, отбасылық және әлеуметтік өмірдік мәдениет негіздерін, этномәдениеттік құбылыстарды игеруге мүмкіндік беретін ұлттық ерекшеліктерін тани білу. Адам мен қоғамның дамуындағы ғылымның рөлін түсіну. Өзі халқының мәдениеті мен әлемнің мәдени көптүрлілігін түсінуге және бағалауға мүмкіндік беретін мәдени-демалыс кызметін тиімді үйымдастыру тәсілдерін игеру; рухани келісім мен толеранттылық идеяларына бейім болу.
Оку-танымдык құзыреттілік — окушының зерттеу әрекеті мен езіндік оку-танымдық процесін қамтамасыз ететін кешенді құзырлылық. Бұл құзырет өзінің білімділік қызметін ұйымдастыра білуді, тиімді жоспарлай білуді, сәйкес функционалдық сауатгылық талаптары негізіндегі білімді игеруде әлемнің ғылыми бағытын түсінуге ізденушілік - зерттеушілік әрекет дағдыларын игеруге мүмкіндік беретін өзінің әрекетіне талдау және қорытынды жасау тәсілдерін карастырады.
Коммуникативті құзыреттілік — адамдармен өзара әрекет пен қарым-қатынас тәсілдерін білуді, түрлі әлеуметтік топтарда жүмыс істеу дағдыларын, қоғамдағы түрлі әлеуметтік рөлдерді орындауды, өмірдегі нақты жағдайларда шешім қабылдау үшін байланыстың түрлі объектілерін қолдана алу білігін, мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілінде, халықаралық қатынаста шетел тілінде қатынас дағдылары болуын қарастырады.
Ақпараттык-технологиялык құзыреттілік — бағдарлай білу, өз бетінше іздей білу, талдай, тандай білу, өзгерте білу, сақтай білу, білім мен акпаратты акпараттық технологиялар мен техникалык объектілердің көмегімен жеткізуді жүзеге асыра білу және интерпретациялау білігі.
Әлеуметтік-еңбек қузыреттілік отбасылық, еңбек, экономикалық, саяси, қоғамдық қатынастар саласындағы белсенді азаматтық-қоғамдық тәжірибе мен білімге ие болуды білдіреді. Бұл құзырет әлеуметтік қоғамдық жағдайларға накты талдау жасай білуді, шешім қабылдай білуді, түрлі өмірлік жағдайларда жеке басына және қоғам мүдде сіне сәйкес ықпал ете білуді қарастырады.
Тұлғалық өзін-өзі дамыту құзыреттілік. Бұл құзырет отбасылық, енбек, экономикалық және саяси қоғамдық қатынастар саласындағы белсенді азаматтық-қоғамдық қызмет білімі мен тәжірибесінің болуын білдіреді. Құзырет нақты әлеуметтік-қоғамдық жағдайларға таддау жасай білуді, түрлі өмірлік жағдайларда {өзінің мүмкіндігін нақты перспективалық жоспарлаумен салыстыра білу және қызметін өзіндік кадір-касиет сезімімен үйымдастыра білу, өзінің өмірі мен ісіне жауапты карау) жеке және коғам пайдасына сәйкес шешім қабылдауды және ыкдал етуді қарастырады.
III. Жалпы орта білім беру құрылымы
Жалпы орта білім беру кұрылымын жаңарту білім беру процесіне катысушылардың талабын, мүмкіндігі мен қызығушылығын толық ескеруді, оқыту сатылары бойынша оқу материалдарын бірдей қайта бөлуді, оқытуды дараландыруға жағдай жасауды көздейді.
12 жылдық жалпы орта бідім берудің құрылымдық-мазмүндық моделі төмендегі ұстанымдар негізінде үйымдастырылды:
· жеке түлғаның жас кезендерінің ескерілуі;
· күтілетін нәтижелердің жетістіктеріне бағыттылығы;
· окытудың сабақтастығы;
· әрбір окыту сатысының даралығы.
12 жыддық білім беру жағдайында мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру денгейі ерекше мәнге ие болып отыр. 5 жастағы балаларды мектепалды даярлау олардың психологиялык, педагогикалык, дене және физилогиялық талаптарын ескере отырып, бастауыш мектепке окытуға дайындау сапасының басты жағдайы ретінде жүзеге асырылуы тиіс.
1-саты
Жалпы орта білім беру (1—4-сыныптар)
Оқуды бастау жасы — 6 жас
Оқыту ұзақтыгы — 4 жыл
1-сатыдағы негізгі бағдар — окушының өзін-езі таныту мүмкіндігі мен қоршаған ортасының шынайылығы туралы білімді игерудегі даралығын ашу, оқуға талабын және білігін қалыптастыру, яғни окытудың келесі сатыларына қажетті танымдық қызығушылы-ғын арттыру, кіші жастағы окушылардың біртұтас оку әрекетін қалыптастыруға ықпал ету.
Баланың тұлғалык қалыптасуын, оның қабілеттерінің түтастай дамуын қамтамасыз ету. Бастауыш мектепте кажетті біліктер мен дағдыларды игеруге, оқу, жазу, санау, шы-ғармашылықпен ойлау элементгерінің, жеке гигиенасы мен денсаулығын сақтау негізде-рінің болуына ыкпал ететін оку әрекетін ұйымдастыру.
2-саты
Жалпы орта білім беру (5—10-сыныптар)
Оқыту ұзақтыгы — 6 жыл
2-сатының негізгі бағдары — негізгі жалпы білім алуға жағдай жасау, адамдар арасындағы және этносаралық катынастар мәдениетін, тұлғаның біртүтас көзқарасын, өзін-өзі анықтауын қалыптастыру, тұлғаның өзін-өзі ұйымдастыру тетіктерін, кәсіби және танымдық ой-пікірінің туындауына, теориялық ойлау тәсілдері мен ғылыми таным әдістерін игеруіне ықпал ететін оқу әрекетін ұйымдастыру.
Негізгі мектеп оқытуды бейіндік мектепте немесе кәсіптік бастауыш және орта білім беру ұйымдарында жалғастырудың базасы болып табылады.
Бүл сатыныд ерекшелігі оқушының мектептегі үшінші сатыдағы бейіндік окытуға саналы тандау жасауға бағдар көрсететін бейіналды дайындықтың жүргізілуі болып есептеледі.
3-саты
Жалпы орта білім беру (11~12~сыныптар)
Оқыту узақтыгы —- 2 жыл
Үшінші сатының бағдары — жалпы орта білім берудің сонғы кезеңі болып табылатын, окытудын саралануы мен даралануына, окушылардын білімін жалғастыруға қатысты жеке және өмірлік өзін-өзі танытуына ыкпал ететін талабымен, кызығушылык ниетімен сәйкес әлеуметтендіруге бағдарланған бейіндік окытуды іске асыруға жағдай жасау.
Бейіндік окыту жаратылыстану-математикалық, әлеуметтік-гуманитарлық және технологиялық бағыттар бойынша жүзеге асырылады.
Бейіндеу (профилизация) нысандары мектептің педагогикалық әлеуетін, білімдік инфрақұрылымының мүмкіндігін, облыстың, каланын, ауданның сұранысын ескере отырып аныкталуы тиіс.
Бейіндік оқытуды іске асыру жалпы білім беретін мектептерде, гимназияларда, лицейлерде, дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерде, мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған арнайы мектептерде жүзеге асырылады.
Материалдык-техникалық жағдайын, кадрлық әлеуеті мен оку-әдістемелік камтамасыз етуді ескере отырып, үшінші сатыдағы бейіндік окыту төмендегі үйымдастыру ны-сандары бойынша карастырылады:
Бір бейінді мектеп —бір бейінді оқытуды іске асыру.
Көп бейінді мектеп — бірнеше бейінді оқытуды ұйымдастыру.
Жалпы білім беретін мектептердегі, гимназиялардағы, лицейлердегі, дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептердегі бейінді окыту сыныптары.
Өңірлік ресурстық орталық — материалдық және кадрлық әлеуеті жеткілікті,басқа мектептер бейіндік окытуға пайдалана алатын ресурсы бар білім беру ұйымы. Ресурстық орталықтар ЖОО (жоғары оку орындары), колледждер немесе білім беру орталықтары жанынан үйымдастырылуы мүмкін. (Ауыл мектебі жағдайындағы ауылдық ресурстык орталык — айналасындағы мек-тептердің материалдық-техникалық, оку-әдістемелік және кадрлық әлеуетін кіріктіре алатын ауылда толықканды база мен бейіндік окытуды қамтамасыз ете алатын, куатты білім беру үйымдарының бірлестігі.)
Сырттай оқытатын және кешкі мектептер еліміздің ЖОО, облыстык БАИ жанынан ашылған бейіндік мектептер мен ресурстық орталықтардың базасында жүзеге асырылады.
Ауылдық жер жағдайында шалғай ауылдан келетін оқушылардың тұруына мынадай жағдайлар жасалады:
· ауыл оқушыларына арналған бейіндік окытудың барлык түрі ұсынылған мектеп-интернат;
· нтернат типіндегі пансионат — шағын комплектілі ауыл мектептерінен келген оқушыларды тандаған бейіндеріне немесе ресурстық орталықтарына карай аудан орталықтарындағы орта мектептерде жүзеге асырылады.
IV. Білім беру мазмұнын жаңартудың негізгі бағыттары
Білім беру мазмұнын жанартудың негізгі бағыттары мыналар:
· білім беру мазмұнын коғамның казіргі әлеуметтік-экономикалық сұранысына сәйкестендіру;
· білім беру мазмұнын ізгілендіруді, онын вариативтілігін камтамасыз ету;
· өз бетімен білім алуға, оны практикада колдана білуге және қажеттілікке тәрбиелеуге бағытталған, негізгі кұзырлылық қалыптастыруға ыкдал ететін білім беру мазмүнымен қамтамасыз ету;
· танымдық уәждемелерін қалыптастыруға бағытталған білім беру мазмұнын іріктеу;
· білім беру мазмұның оқушының ғылыми тәсілмен тануына, өз бетімен ізденуіне мақсатты және жүйелі тартуға бағдарлау;
· білім мазмүнын ұлттық мәдениетті құрметтеуге, өзге мәдени бастамаларға ашық болуға тәрбиелеуге бағдарлау.
Отандық және халықаралык мектептердің орта білім беру мазмұнын үйымдасты-рудағы тәжірибесін ескере отырып, Қазақстан Республикасының білім беру мазмүны құрамына 8 білім саласы енгізілді: "Тіл және әдебиет", "Математика", "Жаратылыстану", "Қоғамтану", "Технология", "Өнер", "Дене шыныктыру", "Адамтану".
Білім беру саласынын мазмүны Мемлекеттік базистік оқу жоспарында карастырылған пәндер аркылы іске асырылады.
Білім мазмүнына инварианттық компонент (өзінің мазмүны мен жүйесі бойынша мемлекеттік базалық білім беру стандартгарының талаптарына жауап беретін оку бағ-дарламасының жалпы міндетті бөлігі) және вариативтік компонент(оқушылар мектеп ұсынған арнаулы курстардан өздерінің калауы және таңдауы бойынша игерілетін оку жоспарының вариативті бөлігі) кіреді. Мүнда оқушының өзіндік зерттеушілік дағдыларын қалыптастыруға арналған "Зерттеу мөдениетінің негіздері" атты арнаулы курсы беріле-ді), жоғары сатыға (11—12-сыныптар) бейіндік компонент (таңдауы бойынша тереңдетіліп окытылатын, өзінін мазмұны мен жүйесі бойынша бейінді білім стандарттарына жауап беретін оқу пәндерінін, модульдердің, курстардың жиынтығы) қосылады.
______________________________

V. Білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері


12 жылдық мектептегі білім беру процесінің моделі түрлі деңгейлі вариативті білім беру мазмұны негізінде және оқытудың репродуктивтілігі мен шығармашылык тех-нологиялары үйлесімді кабысқан мұғалім мен окушының ынтымақтастығы негізінде қалыптастырылуы тиіс.
12 жылдық мектепте окытуды ұйымдастыру жалпы дидактикалық ұстанымдармен бірге шешуші мәні бар мынадай принциптерге ие болады:
· жеке тұлғаның жас және психофизиологиялық даму ерекшелігінің ескерілуі;
· күтілген нәтижеге жетуге бағдарлығы;
· ашықтығы;
· интерактивтігі.
Нәтижеге бағдарланған білім беру моделінде оқыту оқушы (үйрену) мен мүғалімнің (оқыту) өзара байланыс әрекетіне әр оқу процесі компоненттерінің мақсаттарын шектеуді талап етуді мақсатты ұйымдастырылған болып табылады.
Мүғалім кызметінің мақсаты (окыту):
· білім беру саласының пәндік және негізгі (ключевых) максаттарын ескере отырып, оқу процесінің накты мақсаттарын жобалау;
· оқу процесін оқу материалдарын игеруді ұйымдастыру бойынша міндеттер кешенін шешуге бағдарланған білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес конструкциялау;
· оқу материалдарын даярлау және оку мақсаттарына сәйкес оқытуды ұйымдастыру;
· оқу процесін жобалауға және іс жүзінде іске асыруда акпараттық ортаның әлеуетін пайдалану;
· оқушының оку материалын игеруінің тұлғалық-әрекеттік бағыттылығын реттеу;
· окушының озық дамуын ұйымдастыру үшін толыққанды жағдай жасау (дамудың жакын зонасына жетуі);
· құзыреттілік түрінде жеке қол жеткізген нәтижелеріне жағымды эмоция туғызу,
қолдау көрсету және психологиялық жағымды орта күру;
· оқушының өзінің алған білімін қолдана білудегі жеке тәжірибесі мен өзін-өзі анықтау, өзін таныту, өзіндік білімін көтеруге дайындығы бойынша білім алу кеңістігін кеңейту мүмкіндіктерін қарастыру;
· ағымдағы нәтижелерді бағалау, қойылған мақсаттарға жетуге бағытталған оқытуды уакытында түзету;
Оқушы қызметінің мақсаты (үйрену):
· жеке білім беру траекториясын қоя білуге берілген мүмкіндікті қолдану (оқу материалын игеру деңгейі, карқыны);
· әрекет ету әдістерін, тәсілдерін, біліктілігін оку мен әлеуметтік кұзыреттіліктің құрамдық бөлігі ретінде игеру;
· оқу жағдайларын шешуге немесе кұзыреттіліктің пайда болуына арналған жұмыстардың әдістері мен тәсілдерін, біліктері мен дағдыларын кіріктіру;
· жалпы орта білім беретін мектептегі білім беру мазмұнын игеруге және оны өзінің жеке білімдік капиталына енгізуге арналған ақпараттық ортадағы (оқулықтар, оқу-
әдістемелік әдебиеттер, мультимедиялық бағдарламалар, қашықтан оқыту технологиялары, интернет желісі және т.б.) берілген мүмкіндікті қолдану.
Оқулыкты әзірлеу және басып шығару - мемлекеттік басым міндеттердің бірі. Әзірленетін оқулықтар мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттың талаптарына сәйкес болуы тиіс және оқыту мазмұнын таңдау нәтижеге бағдарланған білімді ескере отырып жүргізіледі.
Сабақты конструкциялауда кезек оқушының өзін-өзі таныту мақсаттарына, оқу материалдарын модельдеуіне, оқушының өнімді әрекетін ұйымдастыруға мүмкіндік туғызатын оқытудың формалары мен әдістеріне кезек беріледі.
12 жылдық мектептегі оқыту мен тәрбиелеуде жеке тұлғаның қабілеттерін толық көрсетіп, дамытатын негізгі тәсілдердің бірі — әрекеттік тәсіл. Әрекеттік тәсілге сәйкес адамның дамуы кезінде осы жас кезеңіндегі жетекші әрекетке зор үлес қосады.
Әрекеттік қатынас оқушының әлеуеттік мүмкіндігін дамытуға және есепке алуға көзделген, әрекетті сабақтан тыс ұйымдастыру нысандарымен, саралау тапсырмаларымен, вариативті бағдарламарлармен жететін, жеке білім алу міндеттерін толығымен шешуге мүмкіндік беретін тұлғалық – бағдарлық тәсілмен тығыз байланысты.
Құзыреттілік тәсіл 12 жылдық мектепте жаңа тәсіл болып табылады және мектеп түлегінің өзгермелі жағдайда әлеуметтік икемділігі мен әрекетін жүзеге асыру қабілетінде пайда болатын окушылардың сапалық кешенін дамытуды көздейді.
Оқытудағы тұлғаның психологиялық және физиологиялық денсаулығын дамытудың міндеттерін білім беру процесін ұйымдастыруда біртұтас қарастырылатын денсаулық сақтаудың пәндік-кеңістік ортасын құрудың маңызы зор.
Дәстүрлі қатынастармен қатар білім беру процесін ұйымдастыруда оқыту процесінің жалғасу циклдерінің түрлі нұсқаларының мүмкіндігін қарастыратын оку-тәрбие процесінің топтамаблокты: апталык, екі апталык, айлық, токсандық, жартыжылдық жүйесі қолданылады.
Осы ретте білім беру процесінде күтілетін нәтижеге сәйкес бакылау жасауға және түзету енгізуге мүмкіндігі болатын педагогтардың қызметі жеткізіледі.
Жаңа педагогикалық технологияларда педагогтың акпарат беруші қызметімен бірге үйлестіруші, кеңесші, оқушының шығармашылық белсенділігі мен өзіндік танымдық қызметін ұйымдастырушы қызметіне көшіріледі.
Нәтижеге бағдарланған білім беру моделінде негізгі қызметті оқушының оқыту кезеңдерінде тұлғалық ішкі ресурстарын дамытуды қадағалау болып табылатын психоло-гиялық кызметінің рөлі артады.
Тұлғалық-бағдарлық окытудың міңдеттерін табысты іске асыру үшін ұйымдар жұмыс аптасының бес күндік ұйымдастыру тәртібін тиімді қолдануды карастырады. Сенбі — оқушының жеке бағдарлы білімін камтамасыз ететін сабақтарды үйымдастыруға бағытталған дамыту күні болып табылады.
Оқытудың ұзақтығын тоқсаңдар (8 апта) мен каникул уақыттары бойынша реттеу балалардың денсаулығын сақтауға игі ықпал етеді.

VI. Педагогикалық кадрлар


Мемлекеттік кадр саясатындағы маңызды мақсат — қазақстандық сапалы білімсіз дамуы мүмкін емес, елімізді әлеуметтік-экономикалық жоғары карқынмен дамуын камтамасыз етуге қабілетті, интеллектуалдық және кәсіби ресурсын кұру.
Нәтижеге бағдарланған жалпы орта білім берудің жаңа жүйесіне көшу психологиялық-педагогикалық кадрларды кәсіби даярлауды ұйымдастырудың мазмұны мен техно-логияларын, мақсаттар проблемаларын өзектендіреді. Әдіснамалық шешімдердің бірі кәсіби дайындыктың мақсатты бағдарына сәйкес басшының, мұғалімнің, мектеп психо-логының кәсіби-тұлғалық құзыреттілігін калыптастыру болып табылады.
12 жылдық мектептің педагогы жоғары денгейде қалыптастырудың бірнеше құзыреттілігін игеруге міндетті.
Арнайы құзыреттілік — өзінің кәсіби кызметпен жоғары денгейде айналысатын және өзінің кәсіби дамуын одан әрі жобалай білетін кабілет.
Әлеуметтік құзыреттілік бірлескен кәсіптік кызметпен айналысу кабілеті (ұжыммен, топпен), кызмет ету, баскару кәсібінде кабылданған кәсіби қарым-қатынас тәсілдерін қолдана білу.
Білім беру құзыреттілігі — білім беру қызметінде кәсіби білімді, білік пен дағдыны, мақсат қоюшылықты игеруге деген кызығушылық және білім беру қызметінде субъектілік пен креативтіліктің дамуына ынталылық, педагогикалык және әлеуметтік психологияның негіздерін колдана білу қабілеті.
12 жылдық мектепте психологтың түзету-дамыту жұмыстары мен жеке .тұлғаның қалыптасуының түрлі жастағы мөлшеріне бағдарланған ағарту жүмыстарына бағытталуға тиіс қызметіне зор көніл бөлінеді. Осыған сәйкес психолог психодиагностикалаудың, кенес берудің, түзету мен түсіндірудің кажетті әдістерін білуі тиіс.
VII. Білім беру нәтижелерінен күтілетін жетістіктерді бағалау жүйесі
Білім беру моделіндегі нәтижеге бағдарланған оқу жетістіктерін бағалау жеке оқушының, мүғалімнің, мектептің, өңірлік және ұлттық тұтас жүйенің білім беру нәтиже-лерін бағалауға барабар тәсілдерін карастырады.
Мектептегі оқытудың нәтижелері — әрбір окушының окудағы күтілетін нәтижеге қол жеткізудегі табыстары, оның окуға катынасы мен тұлғаның тұтас даму динамикасы жан-жақты және әділ бағалауды талап етеді.
Күтілетін нәтижеге жетуді бағалау жүйесін жетілдіру бағалаудың екі жолын бірдей дамытуды карастырады:
· білім берудің жалпыға міндетті стандартын игеру денгейі (сыртқы нәтижелер);
· оқушының жеке тұлғалық жетістіктері (ішкі нәтижелер).
Оқытудан күтілетін нәтижелер, игерген дағдылар, қалыптаскан құзыреттер төмендегідей бағаланады:
· жалпы білім беру дайындығы деңгейінін талаптарына сәйкес оқушының оқу жетістіктерін бақылаумен;
· білім беру салалары бойынша жалпы орта білім берудің әрбір сатыларын аяқтауы
бойынша межелік және қорытынды емтихандар өткізумен;
· мектептің әрбір сатысында аралық мемлекеттік бакылау жүргізумен;
· оқытудын 10, 12 жылын аяктаған соң біртұтас ұлттық емтихан өткізумен;
· ұлтгық масштабта мониторингті зерттеулер жүргізумен.
Әр оқушының мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының оку нәтижелеріне жету сәйкестігін бақылау мен бағалау максатындағы диагностикалык зерттеулер жүргізу төмендегілердің негізінде жүзеге асырылады:
· күтілетін оқыту нәтижелерін сипаттайтын өлшеуіштерді тандау;
· оқушының әрекет нәтижелерін сандық және сапалық көрсеткіштерімен өлшеуге
арналған құралдарды әзірлеу;
· тестілік тапсырмалар, портфолио, бақылау жұмыстары, ауызша жауаптар, сондайақ оқушылармен жүргізілген сауалнама нәтижелері негізінде орындалған оқыту нәтижелерін рейтингтік бағалаудың ғылыми негізделген әдістерін әзірлеу.
Оқушылардың нәтижелерін бағалау жетістіктері және рәсімдеріне бакылау жасау жүйесі жеке, мектептік, өңірлік, халықаралық деңгейлерде карастырылады.
Ұлттық Біртұтас емтихандар, Мемлекеттік Аралық бақылау, Мониторингтік зерттеулер Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің шешімімен ұйымдас-тырылады және күтілетін нәтижелерді бағалау үшін білім беру процесіне бақылау, мек-тепте басқару мен түзету, оқушының күтілетін нәтижелеріне жету деңгейін ұлттық көлемде салыстыру, білім беру жүйесіндегі туындаған үрдістерді анықтау жүргізіледі.
VIII. 12 жылдық білім беру жүйесін басқару
12 жылдық білім беру жүйесін тиімді басқару мен сапалы оқытуды камтамасыз ету үшін мектептің, жергілікті қауымдастықтың, әлеуметтік әріптестер мен мемлекеттік басқару органдарының қызметін нақты бөлу кажет.
Мектепті баскаруда білім берудің сапасын үнемі өзіндік тәртіппен бағалауды қамтамасыз ету маңызды мәселе болып табылады. Жаңа жағдайда сапалы білім беру білім алушылардың түрлі саладағы кызметте проблемаларды өз бетімен шешу мүмкіндігін камтамасыз ететін олардың білімдік және жеке жетістіктері деп түсіндіріледі.
Тұтастай алғанда қазақстандық жалпы орта білім беру мемлекеттің даму міндеттерімен сәйкес келуі тиіс және қазіргі замандағы бәсекелестікті қамтамасыз етуі кажет. Білім беру сапасын арттырудың ықпалы мынадай болуы тиіс:
есеп беру және басшылық, баскару, тиісті құжаттарды әзірлеу жүйесін жетілдіру;
білім сапасын диагностикалау мен мониторингтеу мектеп қызметінің жүйесіне;
түлғалық-қызметтік, құзыреттілік тәсілдерге негізделген окытудың әдістемелік
жүйесіне;
ойластырылған әкімшілік орталықтандыруды, мектептерді баскаруды жүзеге
асыруға;
әр түрлі қажеттіліктермен бірге балалардың құқығын қамтамасыз ету мақсатында балаларды ерте жастан диагностикалау үшін отбасы мен мектепке дейінгі үйымдардың жауапкершілігін арттыруға және оларды дамыту үшін білім беру орталарын құруға;
білім сапасын бағалаудың жана рейтингтік жүйесін енгізуге.
Білім беру ұйымдары білім беру процесіндегі өзін-өзі дамытуға көшуіне ықпал ететін жетекші технологияларды игеруі тиіс.
IX. 12 жылдық жалпы орта білім беру тұжырымдамасын іске асыру жағдайлары
12 жылдық жалпы орта білім беру Тұжырымдамасын іске асыру жолдары мынадай:
12 жылдық жалпы орта білім берудің мемлекеттік (үлттық) жалпыға міндетті стандартын әзірлеу;
білім берудің пәндік стандарттарының тұжырымдамалық-әдістемелік негіздері мен мазмүнын әзірлеу;
Қазақстан Республикасының "Білім туралы" жаңа заң жобасын және тиісті нормативтік-күқықтык актілерді өзірлеу;
күтілетін нәтижеге жетуді бағалаудың рейтингтік жүйесін әзірлеу;
оқу-әдістемелік және материалдық техникалық құралдармен камтамасыз ету;
ел көлемінде психологиялык кызметтті бейіндік оқытудың жаңа нысандарын қүру;
мұғалімдерді қайта даярлау мен біліктіліктерін арттыру аркылы нәтижеге бағдарланған оқытуға бейімдеу;
12 жылдық окытуға көшуді қаржылық және материалдық-техникалық камтамасыз ету.
Осы Тұжырымдаманы іске асыруға жауапты орындаушылар 12 жылдық білім беру проблемаларының республикалық ғылыми-практикалық орталығы, Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясы, Ұлттық білім беру сапасын бағалау орталығы, Білім беруді ақпараттандырудың республикалық ғылыми-практикалық орталығы, Білім беру мен тестілеудің мемлекеттік стандарттарының ұлттық орталығы, "Оқулық" республи-калық орталығы, Білім беру жүйесіндегі басшы және ғылыми-педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыратын республикалық институты, білім беруді баскару органдары мен оған қарасты үйымдар болып анықталды.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет