Қарағанды медицина университеті
Патология кафедрасы
Орындаған Бекділлаев Нұрдәулет
3-021 топ
Тақырып
«Қанның физикалық - химиялық қасиетінің бұзылысы. Қанның жалпы көлемінің бұзылысы»
Жағдайлық есеп №1
Науқас құрсағына операция жасалған соң көк тамыр ішіне 500 мл тамшы түрінде реополиглюкин енгізілді. Сол кезде дәрігер науқаста созылмалы бүйрек жеткіліксіздігінің болуына көңіл бөлмеді. Трансфузиядан кейін науқас жүрек соғуына және жалпы әлсіздіктің пайда болғанына шағымданды. Қанның физико-химиялық қасиетін зерттегенде: гематокриттік көрсеткіш 0,32 г/л, тұтқырлығы 3 сантипуаза, ЭТЖ – 16 мм/сағ., тығыздығы – 1,040 тең екендігі анықталды.
Науқаста қанның жалпы көлемінің қандай өзгерісі дамыған?
Гемотокриттік көрсеткіш кішкене төмендеген, ол нормада гемотокрит ерлерде 0,40-0,48 ал әйелдерде 0,36-0,46 болса,бұл науқаста 0,32 болып тұр
Жалпы қанның тұтқырлығы бұл науқаста төмендеген яғни 3 сантипуаза,ал негізінен есейген балалардан бастап қан тұтқырлығы калыптыда 4,6-5 , ал плазма тұтқырлығы 1,7-2,2. Қанның тығыздығы ересек адамда 1,055-1,063 кг/м3 болса нормада ,ал мына науқаста 1,040 төмендеген екенін байқаймыз, Этж кішкене жоғарылаған
Жалпы Реополиглюкин сұйықтықтың тіндерден қан арнасына ауысуына ықпал етеді, бұның салдары қанның суспензиялық қасиеті жоғарылауы, оның тұтқырлығының төмендеуі, ұсақ қылтамырларда қан ағымын қалпына келтіру, қанның формалық элементтерінің агрегациясы азаюы болып табылады.
Реополиглюкинді қолдануға болмайтын жағдайлардың біріне осы бүйрек аурулары жатады,дәрігер соны ескермеген,содан жағымсыз- жанама әсерлер бүйрек жеткіліксіздігі ,қан айналым бұзылыстары дамиды
Корытынды:Науқаста созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі болған, Науқаста жалпы қан көлемі ,қан мөлшері артқан,яғни олигоцитемиялық гиперволемияға тән болып келеді
Қанның туындаған физико-химиялық қасиеттерінің өзгерістерінің механизмдерін түсіндіріңіз.
Жалпы осы созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі бар науқасқа қан алмастырушы сұйықтық гиперперфузиясын яғни Реополиглюкинді, плазманың жоғарлауынан жалпы қан көлемінің жоғарлауы болады. Қанның физико-химиялық қасиетінің бұзылысы, олигоцитемиялық гиперволемияға тән болады. Жүрекке күш түсу артады,одан жүрек соғуына шағымданады,содан компенсаторлы тахикардия дамыған.
Науқастағы жалпы қан көлемінің және қанның физико-химиялық қасиеті бұзылысының дамуындағы элементтердің дұрыс реттілігін жазыңыз:
3. созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі бар науқасқа қан алмастырушы сұйықтық гиперперфузиясын жасау
4. плазма жоғарлауынан жалпы қан көлемінің жоғарлауы
5. қанның физико-химиялық қасиетінің бұзылысы, олигоцитемиялық
1. жүрекке күш түсудің жоғарлауы
2. жүрек соғуынына шағамдану
6. компенсаторлы тахикардияның дамуы
Жағдайлық есеп №2
Науқас Н., ауруханаға ауыр жарақаттан соң және көп қанжоғалтумен (1л) түсті. Түскен кезде қан құрамында эритроциттер саны 4,7 *1012/л, гемоглобин – 140 г/л. Болды. Үш күннен кейін қан дағы эритроциттер саны 3,6*1012/л, гемоглобин – 110 г/л. түсті.
Жедел қан жоғалтудан кейін жалпы қан көлемінің, сонымен қатар 3 күн өткен соң бұзылыстың дамуындағы элементтердің дұрыс реттілігін жазыңыз:
Жауабы:
3. жедел көп қан жоғалту
6. қан көлемінің азаюы (оның құрамы өзгермеген) → қарапайым гиповолемия
2. ағзада компенсаторлы түрде судың ұсталынуы (вазопрессин), қанға тіндік сұйықтықтардың түсуі
5. олигоцитемиялық гиповолемияның дамуы (немесе нормоволемия)
1.айналымдағы қан көлемінің жоғарлауы
4. қан көлемі бірлігінде эритроциттер санының азаюы, нормохромды анемияның дамуы
Жағдайлық есеп №3
Күйік орталығында II дәрежелі терінің ауқымды күйігімен науқас емделуде. Науқаста қанның жалпы көлемінің қандай бұзылысы дамыған? Бұл жағдайда қандағы эритроциттер мөлшері қалай өзгереді? Неге?
Жоғары температураның тікелей әсерінен эритроциттердің гемолизі жүреді, сонымен қатар эритроциттер тамырлы арнадан плазмамен бірге тінге шығуы мүмкін. Күйік кезеңінде нысанды элементтердің саны азаяды, гемоглобин концентрациясы төмендейді, лейкоцитоздың дамуы басталады, ісіну қаупі бар. Күйік ауруындағы гемолиз дененің 20% -дан астам бөлігін күйдірген жағдайда байқалады. Гемолиздің пайда болуы дененің күйген бөліктерінің капиллярларындағы эритроциттерге жоғары температураның тікелей деструктивті әсерімен де, аутоиммунды эритроциттерге қарсы антиденелердің пайда болуын тудыратын денатуратталған ақуыздардың пайда болуымен де байланысты. Күйік ауруы бар гемолитикалық синдром бірден анықталмайды - күйгеннен кейін бірден шок пен плазманың жоғалуы нәтижесінде пайда болатын қанның қоюлануымен бүркемеленеді. Анемия белгілері - эритроциттер мен гемоглобин санының азаюы - компенсаторлық гидремия фазасында пайда болады. Анемиямен бір уақытта гемолитикалық сарғаю дамиды. Ауыр жағдайларда, бүйректің зақымдануымен асқынады, уремияның дамуына дейін гемоглобинурия мен гемоглобинемия байқалады.
Жағдайлық есеп №4
56 жасар ер адам Иценко-Кушинг ауруымен зардап шегеді, қан анализінде эритроциттер мөлшері - 5,8х1012/л, гемоглобин – 165 г/л, түстік көрсеткіш - 0,85.
Науқаста қанның жалпы көлемінің қандай өзгерісі орын алады, және неге?
Жалпы Иценко-Кушинг ауруы кезінде глюкокортикоид гормондары бүйрекүсті безінің қыртысты қабатынан көп шығарылады.Кейін глюкостероидтардың артуынан қанда гемоглобин мен эритроциттердің деңгейін жоғарылайды жане де эритропоэтиннің өндірілуі артады да,канда гипергемоглобинемия, эритроцитоз, нейтрофильді лейкоцитоз, эозинопения және лимфоцитопения байқалады. Аурудың белсенді кезеңінде фибриноген концентрациясының жоғарылауы, бір мезгілде гипергепаринемия кезінде қанның фибринолитикалық белсенділігінің төмендеуі байқалады, бұл геморрагиялық асқынулардың даму себептерінің бірі.
Достарыңызбен бөлісу: |