Темірғали Көпбай өлеңдеріндегі метафоралар Темірғали Көпбай(1962 ж. туылған)-ақын, журналист, баспагер. Ақынның бүгінгі күнге дейін алты жыр жинағы жарыққа шықты. Олар: «Көзмоншақ» («Қазақ университеті» баспасы, 1998), «Жаңғырық» («Қазығұрт» баспасы, 2007), «Кие» («Жазушы» баспасы, 2009), «Оңтүстік» («Әдебиет» баспасы, 2009), «Аңсар» («Ой-Сана» баспасы, 2012) және «Аққұмда оянған арман» («Қазығұрт» баспасы, 2019).
Темірғали Көпбайдың «Аққұмда оянған арманында» соңғы жылдары жазған философиялық және лирикалық жырлары топтастырылған. Бұл өздік жұмыста ақынның сол жинағындағы метафораларды теріп, тақырыптық топқа жіктейтін боламыз.
Киеге, ғажайыпқа, Құдайға, қандай да бір құдіретті күшке сену нәтижесінде туған метафоралар: