Орындаған: Иемберді Инабат Арманқызы Әл-Фараби атындағы ҚазҰу филология және әлем тілдері факультеті



Pdf көрінісі
бет1/2
Дата07.02.2022
өлшемі293,94 Kb.
#87195
  1   2
Байланысты:
мфжін 6 семинар Иемберді Инабат ҚФ-305



Орындаған: Иемберді Инабат Арманқызы 
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Филология және әлем тілдері факультеті 
«5В020500»-Қазақ филологиясы мамандығының 3-курс студенті; 
305-топ 
 
Тексерген: Жусанбаева Сәуле Бейсентайқызы 
Филология ғылымдарының кандидаты, доцент 
Филология және әлем тілдері факультеті 
 
Суреттеу, баяндау, пайымдау және аралас типтеріне мысалдар талдау
Баяндау 
Жолаушыларды күткен ауылдағы барлық екек, барлық қатын-қалаш 
Әміренің үйінің сыртына шығып, екі жаққа жарылып тұрғанда, ауылға жарты 
шақырымдай жерде қатты жүріп келе жатқан қоңыраулы тройка көрінді. Ат 
басын ұстаған жігіт жолаушыларды қарсы алуға шыққан топты көріп, 
бұрынғысынан да екіленіп алып, тер басқан үш қоңыр атты бишігімен 
ығыстырып, шаптырып келеді. Бірін-бірі көруге асыққан жақындардың 
шыдамсыздығы ұзаққа созылған жоқ. Аттардың тұмсығы Әміренің үлкен ақ 
үйінің сыртына келіп тірелді. Жолаушылар арбадан түсіп алды. Аздан соң 
әйелдердің бәрі де Қадишаны жағалап, Қамаррия сияқты үлкендері оның да 
бетінен сүйісті. Біраз сөзбен амандық айтысып, хал-жай білген соң жұрттың 
бәрі үйге кірді. 
М.Әуезов 
(Абай жолы «Қайтқанда») 
Пайымдау
Шабуыл – жеңіс емес те, шегіну – жеңіліс емес. Көбік атып кеп жағаға 
соғылған толқын кейін лықсығанда күш алып қайта ма, күшінен айрыла ма? 
Әлде сол жағада өле ме? Жай көзге толқын жағаға соғылып, күш алып кейін 
шалқып, қайта кеп соғылып, үздіксіз қайталанып жатқандай көрінеді. 
Майдандағы ұқсастықтар да осындай.
Ғ.Мүсірепов
«Қазақ солдаты» 
Бүгінгі 
Қазақстан 
картасына 
бажайлап 
қарасаңыз, 
алабажақ 
«ақтаңдақтардан» - шұбарланған атаулардан көзің тұнады. 


Қазақ халқы ғасырлар бойы жасап келген құтты мекенінің өзіне тән 
атауларын шұбарландырған, бөтендендіре бармалаған, адам танығысыз күйге 
ұшыратқан қандай құдірет? Қандай күш? 
Шынында да, «ел аман, жұрт тынышта» өз атамекенінде отырған жұрттың 
әлімсақтан бері қалыптасқан елдік сана, ұлттық дәстүрінің аяққа басылып 
тапталуына, тағдырдың тәлкегіне ұшырауына, оның бедеріне айғыздандыра 
дақ салып, алабажақ «ақтаңдақ түсіруіне нендей себептер болды, бұған кім 
кінәлі?» деген сұрақтың тууы заңды. 
(Ә.Қайдар). 
Суреттеу 
Жұрт қағаздарын алған қуыстарына қайта салып, тағы да бет-бетімен 
қимылдады. Біреулер шығады, біреулер кіреді. Біреулер қақтығысып 
топырлап жүреді. Біреулер жатыр, біреулер отыр, поезд жоқ. 
(С.Сейфуллин) 
Жылай-жылай сілесі қатқан бала бұл шақта әбден көгеріп, ықылық атып 
жатыр екен. Ол баланы жұбатам деп өткен түні таң атқанша ұйқы көрмей, 
арпалысып шығып еді; өзі жұмысқа кеткесін баланы бір жан жұбатпаған. 
Ауру кемпір іргесе қарап жатыр. Өлер алдында үй ішіндегі жанжалдың жүзін 
көргісі келмей, қатты түңіліп безініп алғандай. Екі ағасы – Төлеу мен Қалау 
екі жерде сазарып отыр. Балжан болса күндесінің баласына бауыры 
жібімейтін әшиіндегі безбүйрек қаталдығына басып бір шетте өз баласымен 
оңашаланып алыпты. 
(Ә.Нұрпейісов) 
(баяндау)
Жоғарыда берілген мәтінді зер салып оқитын болсақ, әрқайсысы әр 
түрлі сөйлеу формасы арқылы баяндалып отыр. Алғашқы мәтінде ауылдағы 
адамдардың жолаушыларды тосу сәті, яғни тройканың көрінуі, 
жолаушыларды қарсылап алуы, үйге кіруі туралы баяндалған. 
(пайымдау)
Келесі мәтінде жазушы майдандағы іс-әрекеттерді табиғат 
құбылысы – толқынмен параллель ала отырып, ой-тұжырымдары арқылы 
жеткізген. Одан кейінгі мысалда автордың елді-мекендер атауларының 
өзгеруіне байланысты толғаныстары жазылған. Екі мәтінде де автордың 
пайымдаулары баяндалып, пайымдауға құрылып отыр. 


(суреттеу)
Соңғы екі мәтінде баяндау қабатын суреттеу құрайды. 
Алғашқысында поезд күтушілер әрекеттері, екіншісінде бөлме ішінде бөлме 
ішінде қалыптасып отырған жағдай суреттелген.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет