Орындаған: Жумагалиева. А



Дата24.04.2023
өлшемі18,98 Kb.
#175289
Байланысты:
срс метео


Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

Әл – Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті


Факультеті «__География___және____табиғатты__пайдалану___»

Кафедрасы «_____Метеорология____және___Гидрология_______________________________»

СӨЖ


Тақырыбы: _________Жергілікті____желдер_______________________

Орындаған: Жумагалиева.А.

Тексерген:Жексенбаева.А.К

Алматы, 2022


Жергілікті желдер — белгілі бір аймақтың табиғи-географиялық ерекшеліктеріне (орографиялық құрылымына, үлкен су қоймаларының болуы, т.б.) байланысты болатын табиғи құбылыс. Олар жылдамдығы, бағыты, қайталанып соғуы, т.б. ерекшеліктерімен байқалады. Жергілікті желдер жергілікті атмосфералық айналымға байланысты да туады (бриз, тау-аңғар желі, мұздық желі, бора, фен, т.б.). Сонымен қатар, жергілікті жердің табиғи ерекшеліктеріне байланысты туындайтын жергілікті желдер бар (Ауған желі, сирокко, хамсин, Құралай желі, Ебі желі, Шілік желі, т.б.)

Ебі желі — Жоңғар Алатауының оңтүстік шығысында Қытайда орналасқан Эбі -Нұр көлі қазаңшұңқырында, жоғарғы қысым пайда болғанда соғады. Мұндай антициклонда шығыс желі тұрады да, Қазақстан аумағындағы Алакөл көліне қарай соғады. Осы кезде төменгі қысым аймағы пайда болады. Ауа тау жоталарының арасымен қысылып, үйкеліске ұшырап өтеді, жылдамдығы секундына 60-80 м-ге жетеді. Қыс кезінде қысылып өткен ауаның температурасы қоршаған ортасынан 8-10 C жоғары болады. Сондықтан ол жылы желге жатады. Бұл жел жыл ішінде орта есеппен 70-100 күндей соғады. Ебі желін алғаш рет сипаттап жазған қазақтың ғұлама ғалымы Шоқан Уәлиханов. Жоңғар қақпасынан ескен күшті жел Алакөл көлі маңынан балық аулауды қиындатады, жол қатынасына, басқа да шаруашылыққа зиянын тигізеді.

Сайқан желі – Ебі желіне кері бағытта Жоңғар қақпасы арқылы Орталық Азияға қарай соғып тұратын жел. Алакөл үстінде жоғары қысым орнағанда, антициклон тұрақтап күшіне енген кезде, Сайқан желі солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай соғады. Желдің жылдамдығы 50-60 м/с. Алакөл ойысында температура 30-37°С-қадейін төмендейді. Сайқан жоталарын қуалай соғатын жел болғандықтан, сайқан желі деп аталады. Жел қыркүйек пен көкек айлары аралығында күшті соғып, көктем мен күзде бәсеңдейді. Қатты соққан кезде Алакөлдің су деңгейі 1 м-ге дейін көтеріледі. Тигізер зияны көп. Сайқан желі уақыты 2-3 тәулікке созылуы мүмкін. Жауған қарды ұшырып әкетеді, топырақты құрғатады, мал басын шығынға ұшыратып, жол қатынасын қиындатады, балық аулауға зиянын тигізеді.

Арыстанды-Қарабас Желі– Түркістан облысы Бәйдібек, Ордабасы аудандары және Түркістан қалалық әкімдігі аумағында байқалатын табиғат құбылысы. Қаратаудан бастау алатын Арыстанды өзенінің аңғарын бойлай соғады. Қаратаудың батыс және шығыс биік жоталары аралығындағы тар асудың әсерінен үдеп, атмосфераның өзімен бағыттас ауа ағынымен қосылған кезде күшейе түседі. Жылдамдығы 25 м/с-қа жетеді. Жел солтүстіктегі құмды өңірден соққан кезде қара құйынды болып басталады. «Қарабас желі» деп аталуы да сол құбылысқа байланысты. Жел Арыстанды өзені алабының климатына әсерін тигізеді: қыста ауа райы күрт суйиды, жазда аңызақты қуаңшылық қалыптасып, апталап соғады

Мұғалжар желі– Мұғалжар тауы атырабындағы дауылды жел. Мұғалжар желінің әсері Батыс Қазақстан, Атырау облыстарында және Ақтөбе облысында жерінің оңтүстігінде байқалады. Жел осы өңірге солтүстік-батыс және батыстан келетін циклонға Арал теңізінің солтүстік-шығыс жағалауындағы ойпат ауасының сорылып тартылуынан және өте кең аймақтағы орография элементтердің әсерінен кейде күшті дауылға айналады. Шығыс, оңтүстік-шығыс бағытта соғатын желдің жылдамдығы 20 – 30 м/с, кейде 50 м/с-қа жетеді. Мұндай жел жылына 30 шақты рет қайталанады. Көбіне Қазақстан жеріне Сібір антициклоны (қаңтар – наурыз және қараша – желтоқсан айларында) қарлы боран әкеледі, ал көктемде жауын-шашынның көбірек түсуіне әсер етеді.


Шілік желі – Іле арнасы бойымен соғатын күшті жел. Жылдамдығы 20 м/с-тен 60 м/с-қа дейін жетеді. Тау мұздықтары үстіндегі салқын ауа массасының үнемі Іле аңғарымен шығыстан батысқа қарай ойысуына байланысты қалыптасады. Сібір антициклоны Іле өңірі үстінен өткен кезде ең күшті деңгейіне жетеді.



Қордай желі, Жетіжол мен Кіндіктас жоталары аралығындағы Қордай асуынан соғады. Солтүстіктен суық ауа массасының тау аңғарына енуінен пайда болады. Асудың орналасуына байланысты күшті желдің 93%-ы солтүстік-шығыстан соғады. Әр айда 2 – 4 күн, кей жылдары 10 – 15 күнге созылатын желді бұрқасын борайды. Мұзбел ауданындағы (бұрынғы Қордай кенті) метеостанса маңында ақпандағы желдің орташа жылдамдығы 7 м/с-қа жетеді. Бұл айда орта есеппен 8 күн күшті (15 м/с, онан да артық) жел соғады. Көктемдегі және жаздағы желдің жылдамдығы 5 – 7 м/с. Кейбір деректер бойынша Қордай желінің ең жоғарғы жылдамдығы жазда 28 м/с-қа, көктем және күзде 34, қыста 40 м/с-қа жетеді. Бір жыл ішінде орта есеппен 55 күн күшті жел соғатыны анықталған.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет