Орындаған: Калдай Гулим Жас ерекшелігі психологиясының пәні, зерттеу объектісі мен негізгі ұғымдары Жас ерекшелігі психологиясы - адамның психикалық процестерімен психологиялық қасиеттерінің уақытқа қарай өзгеру онтоногенезін зерттейді. Жас ерекшелік психологиясы фундаменталды теориялық пән бола отырып, мынадай мәселелерді қарастырады: адамның психологиялық және жекелік даму деңгейлерін,олардың статистикалық жас ерекшелік даму нормаларына сәйкестігін, әр түрлі факторлардың психика мен адамның жасаралық дамуына әсерін талдау, онтогенездегі әр түрлі өмір этаптарындағы адамның психикалық даму жолын болжау,т.б.
Жас ерекшелігі психологиясының пәні - адамның өмір сүру барысындағы психикасы мен іс-әрекетінің өзгеруінің заңдылықтары мен тенденциялары. Жас ерекшелігі психологиясының орталық ғылыми категориясы - психикалық даму.
Даму дегеніміз жаңа механизмдердің, процестердің, құрылымдардың жаңадан туындауы және сапалық өзгеруі. Адамның даму тұтас процесінің үш негізгі жағын бөліп көрсетуге болады.
1. Жеке адамның жалпы қасиеттерінің (мінез-құлқы, қызығушылығы, бағыттылығы, санасы, т.б.) дамуы.
2. Оқыту процесінде білім мен іс-әрекет тәсілдерінің дамуы;
3.Игерілген тәсілдерді қолданудың психологиялық механизмдерінің дамуы;
Дамудың көрсетілген бағыттарының әрқайсысы өзіне тән өзгешеліктерімен сипатталып, ақиқат түрде барлығы өзара байланыста болады, ал біріккен күйде психикалық даму деп аталатын жеке адамның өзгеріс процесін құрайды.
Ғалымдардың зерттеулеріне негізделе отырып, даму өзгерістері мынадай сипатта болуы мүмкін деп, тұжырымдауға болады:
Прогрессивті (революциялық) және регрессивті (инволюциялық).
Десе де, даму алдымен сапалық өзгерумен сипатталады.Атақты психолог-ғалымдар Х.Вернер, Л.С.Выготский және т.б. дамудың негізгі себептерін сипаттады. Олардың ішіндегі ең маңыздысы: дифференциалды түрде өзгерудің арқасында дамудың жаңа элементтерінің пайда болуы.