Орындаған: Кемпиралиев Медет Тобы: 1503-22 Қабылдаған



Дата24.10.2022
өлшемі15,72 Kb.
#154738
Байланысты:
әлеуметтану эссе


Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті


Эссе


Орындау пәні:Әлеуметтану
Тақырыбы:Девиация әрбір қоғамның қалыпты құрамдас бөлігі

Орындаған:Кемпиралиев Медет
Тобы:1503-22
Қабылдаған:Сағындықова.Б
Девиация әрбір қоғамның қалыпты құрамдас бөлігі
Қоғам - жалпы мағынасында, мәдениеті ортақ, белгілі бір аумақта тұратын және өздерін біртұтас, өзгеше бірлестік деп білетін адамдар тобы.Ал енді осы қоғамда біз күнделікті түрлі өзгерістер көріп жатамыз.Мысалы, төтенше жағдайлар, өзгерістер, қылмыстар деген секілді т.б жағдайлар. Ал бізде осындай өзгерістердің барлығының түбі девиациялық мінез құлықтың өзгеруінен пайда болады деуге болады.Осы айтып отырған девиация дегеніміз не, және ол қоғамның қалыпты құрамдас бөлігі ме?! Осыған тоқталсақ.
Жалпы Девиация дегеніміз не?! Девиация «қалыпты» болып есептелетін немесе қоғамдағы, не әлеуметтік контекстегі қалыптасқан мінез-құлықтан ауытқитын әлеуметтік мінез-құлық.Яғни, қалыпты мінез құлықтан тыс, бізге жат бір мінез пайда болуы. Біз қоғамда девиацияның өзін үшке бөлеміз. Олар девиантты, делинквентті және криминалды. Жоғарыда айтып кеткен өзгерістер дәл осы үш мінез құлық арқылы жүзеге асады. Мысалы, агрессия, наркомания, қоғамға жат қылықтар, суицид секілді нәрселер бізде девиантты мінез құлықтың тарапынан шығады. Ал заң бұзушылық яғни дөрекілік төбелестер, ұрлықтар, агрессивті зорлаушылық бұлар делинквентті мінез құлық тарапына ойнайды. Қарап тұрсақ бұның барлығы күнделікті өмірде болатын, тіпті жиі орын алатын нәрселердің бірі.
Негізгі тақырыпқа оралсақ. Девиация қоғамның қалыпты құрамдас бөлігі ма?! Менің айтып кеткен мысалдарымнан ақ белгілі деп ойлаймын. Яғни девиация тарапынан болатын өзгерістің барлығы ол күнделікті әрі үйреншікті жағдайлар. Демек девиация ол біздің қоғамның ажырамас бір бөлігі деуге болады. Ол болып жатқан оқиғалар тоқтамайды, тоқтатқан күннің өзінде келесі бір адам девиациялық ауытқуға ұшырайды. Э.Дюркгеймнің өзі айтып кеткен емес пе: " Девиация әрбір қоғамның қалыпты құрамдас бөлігі" деп.
Міне осындай мысалдар мен аргументтерден кейін біз девиацияның біздің қоғамда қалыптасып кеткенін, оның үйреншікті жағдай екенін байқай аламыз.Тіпті девиациялықмінез құлықсыз қоғамды елестету мүмкін емес деуге де келеді. Мен де еркін түрде “Девиация қоғамда қалыптасқан қалыпты құрамдас бөлігі” деп айта аламын.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет