Орындаған: ПӘ 17/5-к/о студенті Бердібекова Г



Дата07.03.2020
өлшемі37,46 Kb.
#59756
Байланысты:
Бастауыш мектептегі музыкалық тәрбие теориясы
Бастауыш мектептегі музыкалық тәрбие теориясы
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Қазақстан Теңіз университеті




Бақылау жұмысы


Пәні: Бастауыш мектептегі музыкалық тәрбие теориясы мен әдістемесі

Тақырыбы: «Музыкалық тәрбие психологиясы

Орындаған: ПӘ 17/5-к/о студенті Бердібекова Г. М

Тексерген: Кабакова М.

Ақтау – 2020



Жоспар.

  1. Кіріспе.

  2. Негізгі бөлім.

  1. Музыка мұғалімінің кәсіби-маңыздылық сапалығы

  2. Музыкалық қабылдау

  1. Қорытынды бөлім.

  2. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.


Кіріспе.

Педагог, орындаушы, музыкант-ізденуші болам деген мамандарға кәсіби музыкант болып қалыптасу үрдісінде психологиялық дайындық маңызды роль атқарады. Музыкалық білім беру үрдісінде психология, оның ішінде музыкалық білім беру психологиясы (іс-әрекет психологиясы) оқу-білім процесіне қойылған мақсаттар мен міндеттерге ықпал тигізеді: жалпы және арнайы қабілетінің қалыптасуына, көркем-бейнелі ойлауының дамуына, техникалық дағды мен икемділігін түйсінуіне және т.б.

Берілген пән бойынша практикалық дәрістер оқушы-музыканттың практикалық іс-әрекетіне байланысты (осы атауды «музыкалық іс-әрекеті психологиясы» дәлелдейді). Оның атауын, мазмұнын, тақырыптарын оқу құралы ашады дегенге сенеміз. Студенттің музыкалық-психологиялық мәселелерге кіруін және де өз-өзін осы саладан хабардар етуін үйретеді. Ең негізі өзін-өзі музыкалық психологияға бейімдейді және берілген материалдарды білім жүйесінде, өз білімінде де қолданады.

Оқу құралында жалпы және арнайы психология саласындағы белгілі өкілдердің пікірі, көзқарастары және ғылыми позициясы берілген. Бір байқайтын нәрсе: психология саласына үлес қосқан, музыкаға әуес психологтар және музыканттар психологиямен шұғылданатындардың да пікірлері аз емес.



Негізгі бөлім.

Музыка мұғалімінің кәсіби-маңыздылық сапалығы

Музыка сабағы өнер сабағы ретінде өте маңызды. Бұл тұрғыда музыкалық, педагогикалық, және басқа да білім, дағды мен икемділік қажет, онсыз музыка сабағы болмайды. Ең қажеті мұғалімнің жеке тұлға ретінде оқушыларды музыкамен қызықтыра алуы, музыканы ләззат ала орындауға, тыңдауға деген сезімін оята білуі. Музыкант-мұғалімде «интелегентный» деген қасиет болады. «Интелегент» - тұлғаның негізгі бөлігі болып табылады. Өйткені - ол музыкант. Сондықтан музыка мұғалімінің қасиетіне жататыны:

- музыкалығы, өзін музыкант деп санауы;

- балаларға деген махаббаты, эмпатийлығы;

- кәсіби ойшылдығы мен өзіндік сезімі;

- музыкалық-педагогикалық сезгіштігі;

- мұғалімнің әртістігі;

- музыка мұғалімінің тұлғалық позициясы.

Ең негізі, музыка мұғалімінің кәсіби шеберлігінің деңгейін көтеру – оның әдіснамалық мәдениеті. Әдіснама – ғылымның бір саласы, ізденіс жолының әдісі ретінде қолданылады. Әдіснаманың оқу-ізденіс жұмысында алғаш рет аннотация, рецензия, баяндама дайындау болса, келесі ізденістің шыңы – шешім, гипотеза, нәтиже ретінде кәсіби әрекетінің жетілуі.
1.3 Музыка сабағындағы педагогикалық қатынас. Мақсаттары, функциясы, қазіргі талап, қатынас әдісі

Мұғалімнің кәсіби сапалылығы мен қасиеті – музыка сабағында жалпы сыныппен қарым-қатынасының икемділігі және әр оқушымен жеке қатынасы. Музыкалық-педагогикалық қатынас педагог музыканттың кәсіби шығармашылығының бір бөлігі ретінде қаралады да, ол функция жүйесі ретінде қалыптасады.

Музыкалық-педагогикалық функция қатынасына жататындары:

- коммуникативтік - ақпараттық – музыка сабағында

оқушыларға ақпаратты жеткізуі мен қабылдауы;

- функциялық реттеу – музыкамен көркем қатынас процесіндегі

басқару және оқушы мен мұғалімнің арасындағы реттеуі.

Сондықтан музыкалық-педагогикалық құрылысында келесі элементтер көрінеді: мотивация, мазмұнды-мағыналы, коммуникативті-орындаушылық.



Мотивациялық элемент – музыкалық - педагогикалық қатынастың негізі (көркем - эстетикалық табиғаты).

Мазмұнды-мағыналы – көркем - коммуникативтік мақсаты ретінде қаралады. Ол – көркем - эстетикалық бағыт, мұғалім мен оқушының музыкалық қатынас ерекшелігі, және де ең негізі – музыка сабағында коммуникативтік эстетикалық ситуацияны жасау.

Музыкалық - педагогикалық қатынасқа музыкалық-орындаушылық элементі жатады. Олар: музыка мұғалімінің елесі, функция, эмпатия, рефлексия, зейіні, аффектілік есте сақтау, мимика, пантомимика, өз-өзін ұстау және музыкант-педагогтың көркем-интеллектуалды саласындағы тұлғалығы.




1.4 Еріктілік – психологиялық категория. Еріктілік әрекетіне талдау және жіктелісі

Еріктілік деген – адамның өз мақсатына жету жолындағы

кездесетін қиыншылықтар мен бөгеттерден өте білу, адамның ерекше мінездемелік қасиеті. Еріктілік деп мақсат бағытындағы адамның өзінің қиыншылықтарын жоя алатынын, өз мінез-құлқын ұстай білетінін, жүріс-тұрысын бақылай білетінін айтамыз. Еріктілік әрекетінің психологиялық логикасы: маған керек мен істеймін, ештеңеге қарамай міндетті түрде жасау керек. Ол істегісі келе ме, жоқ па, оған қарамай қандай іс әрекет болмасын, ол істеу керек.

Еріктілік импульс адамның сана сезімінен келеді, не іштей сезімінен болады.

Музыкалық қабылдау

Музыкалық қабылдау музыкалық мәдениетте көп қырлы да маңызды:

1 - ншіден, композитордың, орындаушының музыка қабылдауының қорытынды мақсаты;

2 - ншіден, композициялық тәсілдердің, стилистикалық ізденістері мен жаңашылдықты бекітуі және таңдау құралдары тыңдармандардың сезінушілік қабылдауы және музыкалық мәдениетінің бір бөлігі ретінде өзінің жанасуы;

3 - ншіден музыкалық қабылдау – оқушының музыкада алғашқы қадамынан композитор болу деңгейінің музыкалық әрекеті түрлерінің бірлігі: қандай да музыкант өз-өзінің тыңдаушысы.

Оқырманға, көрерменге, тыңдаушыға қазіргі мәдениеттің шыңы көпқырлы мәдениет «өнімінен» айырмашылығы бар. Көпқырлылығы әсіресе музыкада байқалады, тыңдаушыны өзіне бәсекеге тарту үшін жай ғана музыка жанрлары мен стилі, оның түрлері де жатады: классика, джаз, эстрада және рок-музыка.

Классикалық музыканың осындай «бәсекеде» жағдайы өте нашар. Бір жағынан ғасырлар бойы қалыптасқан классикалық музыка, атақты композитор-тұлғалар, дарынды музыканттар – композитор, орындаушы, дирижер, хормейстер т.б. халық компазиторлары. Бір жағынан бұл - мәдени мұра, жоғарғы рух, тарих, музыкалық сұлулықтың деңгейі, орындаушылық мүмкіншілігі (мемлекеттің қолдауы - концерттер, филармония, хор-оркестр, мекемеде симфониялық оркестрдің бары, академиялық хордың барысы т.с.). Бірақ мынандай жағдайды бәсеке деп айтуға болмайды, шамамен тыңдаушыны өзіне тарту, тыңдаушыны әсемдікті сезіне білуге, тәрбиелеуі т.с.с.

Ал енді классикалық музыканың басқа музыкадан кейін қалуы – ол өзімізге байланысты. Әліде де музыкаға демеушілік керек, тыңдаушыны, музыка сүйер адамды бала жастан тәрбиелеу – бұл қоғамның міндеті. Сондықтан, классикалық музыкаға кең мағынадағы аудитория керек. Жоғары музыка әлеміне кіру үшін адамды музыкалық мәдениетке оқыту, тәрбиелеу. Ол деген: оқушыларды музыканы қабылдауына үйретуден бас тартпай, үлкен кісіні де тыс қалдырмай тыңдау мәдениетіне үйрету.

Музыка сабағындағы іс-әрекеттер

 Бастауыш сынып оқушыларының музыкалық қабылдауының қалыптасуы: әдістемелік аспектісі

Ол баланың психофизиологиялық ерекшелігі мен қасиетіне байланысты. Жас ерекшелігіне байланысты музыка мұғалімі балаларды музыка қабылдауға үйретеді, тәрбиелейді. Оқудың даму мен тәрбиесі баланың психологиялық дамуына бағытталады және музыка қабылдау да осы процестегі негізгі бағыттар анықталады. Қалыпты, дені сау бала зерделі, білгіш, оны бәрі (әр нәрсе) қызықтырады, зейіні көз тартады.

Баланың таңырқауы: музыка қоршаған ортаны, адамдарды, жануар әлемін, түрлі көріністерді, табиғат көріністерін суреттейді; музыка көңілін ашады, жылатады, билейді, адымдайды, «өмірден» алынған көріністерді ойнайды ... Мұғалім музыканың суреттеу-бейнелеу мүмкіншілігін балаға жеткізе білуі керек – бұл музыкалық тәрбиенің негізгі мақсаты, музыканы қабылдау қабілеттілігінің қалыптасуы мен дамуы болып есептеледі.

Бұл мақсаттар қалай шешіледі?

- оқушылардың қызығушылығын арттыру, қолдау, ұстап тұру деген мағына;

- мұғалімнің сөзі – музыкалық көрінісін дәл, жанды айта білу (бірақ та - жүгіріп тұрған «зайчик», сайрап тұрған «птенчик», төмен ырылдап тұрған «мишка» деген сөздер болмасын);

- музыка сабағындағы іс-әрекеттерді түрлендіріп, сабақ бөлімдерінің кезектігін ауыстырып отырған жөн:

- репертуардың маңыздылығы.

Музыка сабағындағы іс-әрекеттерді түрлендіріп, кезектігін ауыстырып отырған жөн.

Музыка тыңдауда:

- кріспе сөзбен (қысқа да нұсқа, маңызының байлығы, балаларды қызықтыру, композитор туралы, шығу тарихы, кезеңі, шығармашылық тапсырмалар беру және де қандай да болсын диалогқа ынталандыруы қажет: өз пікірі қалыптасады, өзінің позициясы тұрақталады);



ән орындау, үйрету, қайталау, еске салу т.с. (хор, ансамбль, жеке, әдебиет мәтінімен байланысы, жас ерекшелігі, репертуары, диапазоны т.с.);

қарапайым аспаптарда орындау (бір топ аспап – шулы-соқпалы аспаптар, екінші топ – сыбызғылыр, блокфлейталар, ксилофондар, металлафондар, сырнай, домбыры т.с.);

аудиотаспа, бейне таспаны қолдану (сонда да жанды орындау бірінші қатарда тұр);

теориялық негіздері (биіктігі, ұзақтылығы, бояуы, екпін, ырғақ, музыкалық терминдер, жанрлар, аспаптар т.б.);

Ең негізі – көркем - бейнелік ойлауына, эмоциялық атмосфераға, қызығуына, эстетикалық талаптарға т.б. оқушыға жан жақты өсуіне, дамуына жағдай жасау.


2.4 Музыкант және музыкант емес: қабылдаудың түрлері және дамуының айырмашылығы

Музыкалық қабылдаудың музыкалық қабілетінің негізгі даму жолдары, нақты мақсатқа жету үшін педагог-музыканттың кәсіби деңгейлігі – ол: бірінші рет естілген музыкалық шығарма болашақ музыканттың шығарманы партитура ретінде (түрінде) елестетуі.



Қорытынды бөлім.

Музыка сабағында композициялық, шығармашылық кезеңдер ойынмен ашылатыны дәлелденген. Ойнау арқылы балалар түрлі шығармаларды, әуендерді, әндерді т.б. әуенді шығара (жаза) алады (музыканы олар ертегі, аңыз, мультфильм, ойыншықтар, хайуанаттар арқылы тез қабылдайды). Ол үшін балаларға музыкалық сауатының негізін үйрету, көрсету керек: қарапайым норма, қатегория, өнердің заңдылықтары т.б. Әуен үнемі қозғалыста: дамуда, жоғары, төмен, бір жерде, дыбыс биікте, төменде, бір жерде, қатты, ақырын, ырғағы бар екен, екпіні, көңілді, мұңды, тез және баяу музыка болады.



Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

  1. Baribar.kz

  2. Музыкалық психологика


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет