Тіл – қоғамдық құбылыс. Ол қоғамның қажеттіліктерінен пайда болған және қоғамда пайдаланылатын құрал. Бұдан тілдің келесі басты қызметі шығады. Яғни тіл – адамдар арасындағы қарым-қатынас құралы.
Тіл – қоғамдық құбылыс. Сондықтан оның тарихы мен дамуы қоғамның тарихы мен дамуына байланысты болды. Осыдан тілді және оның даму заңдылығының сол тілді иеленушілердің тарихымен тығыз байланысында қарастыру міндеті келіп туады.
Адам баласы қоғам пайда болғаннан бері тіл қоғамға қатынас құралы ретінде қызмет етпей тұра алмайды.