Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті Педагогика және Психология институты
Орындаған:Қуролова Назерке
Төрехан Назым
Қуралбайқызы Гүлнұр
Жолдасхан Асель
Қабылдаған:Тукебаева С.А.
Эмоция. Эмоциональды интеллект. Алматы 2021 - 2022 Жоспар:
Кіріспе
Эмоциялық интеллект жайлы
Негізгі бөлім
Эмоциялық интеллект қашан пайда болды?
ЭИ: артықшылықтары мен кемшіліктері
Балалардың эмоциялық интеллектінің дамуы
ЭИ дамыту жолдары
Қорытынды
Кіріспе
Эмоциялық интеллект жайлы не білеміз? Эмоциялық интеллект ұғымына деген қызығушылық ХХ ғасырдың басында пайда болған. Оны классикалық IQ-тесттерінің (интеллект коэффициентін есептейтін сынақ) адам мінезі мен мотивациясын түсіндіруге қабілетсіздігі тудырған көрінеді. Алайда «эмоциялық интеллект» ұғымы сипаттамасына жақын анықтамаларды осыдан екі жарым мың жыл бұрынғы жазбалардан да кездестіре аламыз. Мәселен, ежелгі гректер ақылды адам санасын, логикасын және эмоцияларын бір деңгейде ұстай алатын адам деп есептеген.
Эмоциялық интеллект қашан пайда болды? 1990 жылдардың ортасында Дэниел Гоулман есімді журналистің "Эмоциялық интеллект: ол неліктен IQ-ден де маңызды?" деген психологиялық еңбегі батыс әлемін дүрліктіріп, қалың көпшілік жарыса оқыған нағыз бестселлерге айналды. Гоулман адам миы, эмоциялар тарихы және антропология фактілері жайлы америкалық ғалымдардың зерттеулерін пайдалана отырып, табысқа жеткен адамның өз нұсқасын жасап шығарды. Өз кезегінде, ол кездің зерттеушілері балалар мен ересектердің жетістіктерін, олардың когнитивті және әлеуметтік дағдыларын талдай отырып, табыстылықтың ингредиенттерін белсенді іздеумен айналысатын. Бүгін «эмоциялық интеллект» ұғымы өз әйгілілігінің шыңында деуге негіз бар. Оған талай кітап та, түрлі семинар-тренингтер де молынан арналып жүр. ЭИ-ді дамыту қажеттілігін ғалымдар дәлелдеп, кәдуілгі өмірдегі және бизнестегі әр алуан мысалдар қуаттап та жатыр.