Орындаған: Қуролова Назерке Төрехан Назым


Эмоциялық интеллект: артықшылықтары мен кемшіліктері



бет2/4
Дата21.10.2023
өлшемі9,1 Mb.
#187293
1   2   3   4
Байланысты:
3 - топ ПМНО БИ Психология
Қазақ әдебиеті 10 сынып, Невр-5-курс-22
Эмоциялық интеллект: артықшылықтары мен кемшіліктері
Эмоциялық интеллект деңгейі жоғары адамдар қиын жағдайда тиімді әрекет етіп, оң шешім қабылдай алады, айналасындағылармен дұрыс әрекеттесе алады. Бұл, тиісінше, олардың мансаптық жолының нәтижелі құрылуына, дамуына ықпал етеді. Сондай-ақ, өзіңнің және алдыңда тұрған өзгенің оң және теріс сезімдерін мойындай алу, фактіден жеке сезімді, эмоцияны ажырата алу, көңіл күй мен темпераментті сезінуге дағдылану да эмоциялық интеллекті жоғары жанға ғана тән. Осылайша, аталмыш қабілет бизнесті жүргізудегі, сондай-ақ, коммуникация мен басқару жүйесін ұтымды орнатудағы жаңа нәтижелі құралға айналып отыр.
Өз кезегінде, эмоциялық интеллекттің маңыздылығы турасындағы теорияға қарсы шыққан ғалымдар да баршылық. Бұл қабілеттер топтамасын өзінде дамытуға ниетті адам қарсы топтың да дәлел-дәйектеріне құлақ асуы тиіс.
Эмоциялық интеллект неден тұрады?
Жоғарыда есімі аталған Дэниел Гоулман өз еңбегінде эмоциялық интеллект теориясын өмірде және жұмыста практикалық түрде қолдануға көп ден қояды. Сол үшін оны бес негізгі құрамдас бөлікке жіктейді. Олар:
Сана-сезім – өзіңнің қабілеттеріңді, мықты және әлсіз жақтарыңды объективті бағалау, өзіндік эмоцияңды жете түсіну арқылы шешім қабылдау қабілеті.
Өзін-өзі реттеу – жұмысыңа бөгет жасамауы үшін өз эмоцияларыңды бақылау қабілеті; ұзақ мерзімді мақсатқа жету жолында бір сәттік дүниелерден бас тартуға даяр болу;
Мотивация – өзіндік бейімділіктерің мен артықшылықтарыңды мақсатқа жету жолында пайдалану, бастама білдіру, сәтсіздіктерге бола кері шегінбеу және көңіл түсірмеу қабілеті.
Эмпатия – басқа адамдардың сезімдерін түсіну, өзіңді солардың орнына қоя алу қабілеті.
Әлеуметтік дағдылар – адамдар арасындағы қарым-қатынастардағы эмоцияларды ұғыну қабілеті; Мұны келіссөздер жүргізу, дау-дамайларды реттеу/басу, басшылықты немесе топтық жұмыс ұйымын сендіру барысында қолдана алу.

Балалардың эмоциялық интеллектін қалай дамытуға болады?


Эмоциялық интеллектті дамыту мектепке дейінгі балалар тәрбиесіндегі маңызды дүние саналады. Оған көбінде ересектер қауымымен әрекеттесу негіз болады. Осы ретте ескеретін нәрсе эмоциялық интеллект тек баланың өзіндік сезімдерін қабылдау атмосферасында ғана дамиды. Сол арқылы бала эмоциялар мен адамдардың көптігін түсініп, қабылдап өседі. Мәселен, кей отбасыларда қандай да бір эмоцияны (ашу, қорқыныш, т.б.) танытуға тыйым салынып жатады. Өз кезегінде, эмоция атаулы еріксіз пайда болатынын ескеру міндет. Ересек адамға жеңіл болғанымен, балаға бұл қиындық тудырады. Баланың эмоциясын тұншықтырудың салдары үлкен екендігін ата-ана түсінуі керек. Мәселен, «ашуланба» деп балаға тыйым етуге болмайды. Дұрысы – оның ашуын түсініп, тиімді жолмен шығаруына жол көрсету.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет