Орындағандар:
Сапарбай Мерей
Мұрат Айбота
Таурбек Ақжарқын
Әбілғазы Арайлым
Сисенбай Арай
Қабылдаған:
ф.ғ.к. Каримова Г.
ҚР ғылым және білім министірлігі
Абай атындағы ҚазҰПУ
Филология институты
Академик С. Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы
1.1 Грек-Рим әдебиеті- көне әдебиет.
1.2 Қазақ ғылымындағы антика әдебиетінің көрінісі.
Грек әдебиеті грек халқының құл иелену заманында туған, Еуропадағыең көне әдебиет.
Грек әдебиетінің алғашқы ескерткіштері б.з.б. VІІІ ғасырға жатса, ал рим әдебиетінің алғашқы жазба ескерткіштері б.з.б. ІІІ ғасырға жатады. Рим әдебиеті әлемдік аренаға грек әдебиетінен 400-500 жыл кейін шықты.
Профессор И.М.Тронский рим әдебиеті латын тілінде жазылғандықтан, оның даму кезеңін латын әдеби тілінің даму кезеңдерімен байланысты қарастыру қалыптасқанын айта келе, осы тұрғыдан рим әдебиеті:
Ежелгі кезең: Римде грек үлгісі бойынша әдебиет пайда болғанға дейін (б.з.б. 240 жыл).
Архаикалық кезең: Цицеронның әдеби шығармашылығы басталғанға дейінгі кезең (б.з.б. 240-81 жылдар).
Рим әдебиетінің алтын ғасыры: а) Цицерон уақыты – рим прозасының гүлденуі (б.з.б. 81-43 жылдар);
б) Август заманы – рим поэзиясының гүлденуі (б.з.б. 43-14 жылдар).
Рим әдебиетінің күміс ғасыры: император Траянның өліміне дейінгі кезең (14-117 жылдар).
Кейінгі императорлық кезең: (117-476 жылдар) деп бөлінетінін жазады.
Негізінен грек шығармаларын өңдеп жазатын римдік ақындар Ливий Андроник, Гней Невий, Квинт Эннийларболды.
Ливий Андроник (б.з.б. 204 жылдар шамасында қайтыс болған) грек үлгілері бойынша рим фольклорлық дәстүрінің негізінде жазылған трагедиялар мен комедиялардың авторы, белгілі драматург. Ливий драмаларында хор мүлде болмады, тек латын өлеңдерінің ерекшеліктері ескеріліп отырды.
Ливий Андроник грек тілінен латын тіліне сатурндық өлең үлгісінде Гомердің «Одиссейін» аударды. Оның шығармалары сақталмаса да, рим әдебиетінің даму тарихына қосқан үлесі зор болды. Драматург рим қауымын грек эпосымен, грек театрымен таныстырды, гректің көркем шығармаларын бірінші болып латын тіліне аударды. Ол Таренттен шыққан алғашқы рим ақыны болып есептеледі.
Өзінің латын тілінде жазылған алғашқы пьесасын б.з.б. 240 жылы «Рим ойындарында» көрсетті. Ғылымда Ливий Андрониктің пьесалары қойылған уақыттан бастап рим көркем әдебиеті басталды деп санау қалыптасқан.
Ливий Андроник
Рим әдебиетінің дамуындағы маңызды орынды Энний шығармашылығы алады