ГЛОССАРИЙ
Орындаушы:Бекболатова Аружан
ЭТИОЛОГИЯ – АУРУДЫҢ ПАЙДА БОЛУ СЕБЕПТЕРІ МЕН ОҒАН ҚОЛАЙЛЫ ЖАҒДАЙЛАРДЫ ЗЕРТТЕЙТІН ІЛІМ. АУРУДЫҢ НЕГІЗГІ СЕБЕБІ ІШКІ (ЭНДОГЕНДІ) ЖӘНЕ СЫРТҚЫ (ЭКЗОГЕНДІ) ЖАҒДАЙЛАРДАН ТУЫНДАЙДЫ. СЫРТҚЫ ЭТИОЛОГИЯЛЫҚ СЕБЕПТЕРГЕ: ТҮРЛІ ЖАРАҚАТ, ТЕМПЕРАТУРА, АТМОСФ. ҚЫСЫМНЫҢ ӨЗГЕРУІ, СӘУЛЕ ЖӘНЕ ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯСЫНЫҢ ӘСЕРІ, ОРГАНИК. ЖӘНЕ ОРГАНИК. ЕМЕС УЛАР, МИКРОБТАР, ВИРУСТАР, ЗАТ АЛМАСУДЫҢ БҰЗЫЛУЫ (АШЫҒУ, ВИТАМИН ЖЕТІСПЕУШІЛІК, ҚҰНАРСЫЗ ТАМАҚ, Т.Б.) ЖАТАДЫ.
МУТИЗМ (ЛАТ. МUTUS- МЫЛҚАУ) - ТІЛ АППАРАТЫ САУ БОЛА ТҰРА, ТІЛДІК ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ЖАСАУДАН БАС ТАРТУ. КӨБІНЕ ҰЯЛШАҚ, ДЕНСАУЛЫҒЫ НАШАР, БАТЫЛ ЕМЕС АДАМДАРДА ОЛАРДЫ ҚОРҚЫТУ, РЕНІШ, ЖАНЖАЛ, ОЛАРДАН ҚОЛДАН КЕЛМЕЙТІНДІ ТАЛАП ЕТУДЕН БОЛАДЫ. КЕЙДЕ МУТИЗМ БАЛАМЕН ҚАРЫМ ҚАТЫНАС ЖАСАУДЫҢ ҚАТЕЛІГІНЕН, ОНЫҢ ӨЗІНЕ ТӘН ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ЕЛЕМЕУДЕН БОЛАДЫ. МУТИЗМ ПСИХИКАЛЫҚ АУРУЛАРМЕН БАЙЛАНЫСТЫ БОЛСА, ОНДА ПСИХОТЕРАПИЯЛЫҚ ЖОЛМЕН ЕМДЕЛЕДІ
ТИФЛОПЕДАГОГИКА (ГР. TYPHLOS – СОҚЫР ЖӘНЕ ПЕДАГОГИКА) – ПЕДАГОГИКА ҒЫЛЫМЫНЫҢ КӨРУ ҚАБІЛЕТІ БҰЗЫЛҒАН БАЛАЛАРДЫ ОҚЫТУ ЖӘНЕ ТӘРБИЕЛЕУ ЖӨНІНДЕГІ САЛАСЫ. ҒЫЛЫМ САЛАСЫ РЕТІНДЕ 19 ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДА ДАМИ БАСТАДЫ. КЕҢЕС ОДАҒЫ КЕЗІНДЕ ӘР ТҮРЛІ АУЫТҚУЫ БАР БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ОҚЫТУ-ТӘРБИЕЛЕУ МЕКЕМЕЛЕРІ АШЫЛЫП, ОЛАР ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНЕ КІРДІ
ХОЛДИНГ-ТЕРАПИЯ АУТИЗМ АҢҒАРЫМЫ БАР БАЛАЛАРДЫҢ БАРЛЫҒЫНА ДА ҚАЖЕТ, ӘСІРЕСЕ АУТИЗМНІҢ ЕҢ КҮРДЕЛІ ТҮРІ – БАРЛЫҒЫНА САЛҚЫН ҚАРАЙТЫН , АЙНАЛАСЫНДАҒЫЛАРМЕН БАЙЛАНЫСТЫҢ КЕЗ КЕЛГЕН ТҮРІНЕН БАС ТАРТҚАНДАРҒА ЕРЕКШЕ КӨРСЕТІЛГЕН .
ОФТАЛЬМОЛОГИЯ (ГР. OPHTHALMOS – КӨЗ ЖӘНЕ ГР. LOGOS – ІЛІМ) — КӨЗ АУРУЛАРЫ, ОЛАРДЫ АНЫҚТАУ, ЕМДЕУ ӘДІСТЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДАН САҚТАНУ ШАРАЛАРЫН ЗЕРТТЕЙТІН ІЛІМ; КЛИНИКАЛЫҚ МЕДИЦИНАНЫҢ БІР САЛАСЫ. ҚАЗАҚСТАНДА КӨЗ АУРУЛАРЫН ЗЕРТТЕУ 20 Ғ-ДЫҢ 20-ЖЫЛДАРЫНДА БАСТАЛДЫ. РЕСПУБЛИКАДАҒЫ ОФТАЛЬМОЛОГИЯ МӘСЕЛЕЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН ЖҮЙЕЛІ ЗЕРТТЕУЛЕР 1933 Ж. АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДА ӨЛКЕЛІК ПРАКТИК. ОФТАЛЬМОЛОГИЯ ҒЫЛ.-ЗЕРТ. ИН-ТЫ АШЫЛҒАННАН КЕЙІН БАСТАЛДЫ.
КОММУНИКАЦИЯ — "МЕН"-НІҢ ӨЗІН БАСҚАДАН ТАБУЫНА КӨМЕКТЕСЕТІН, ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТЫ БІЛДІРЕТІН ФИЛОСОФИЯНЫҢ КАТЕГОРИЯСЫ. К.ЯСПЕРСТІҢ ЭКЗИСТЕНЦИАЛИЗМІНДЕ, СОНДАЙ-АҚ КАЗІРГІ ФРАНЦУЗ ПЕРСОНАЛИЗМІНДЕ МЕЙЛІНШЕ ТОЛЫҚ КӨРІНІС ТАПТЫ. ТАРИХИ ЖАҒЫНАН КОММУНИКАЦИЯ ТУРАЛЫ ІЛІМ АҒАРТУШЫЛЫҚҚА ҚАРАЙ ӨРЛЕЙТІН ҚОҒАМДЫҚ ШАРТ ДОКТРИНАСЫНА ҚАРАМА-ҚАРСЫ ҚАЛЫПТАСТЫ.
ОЛИГОФРЕНИЯ (ГРЕК ТІЛІНДЕ КЕМAҚЫЛ ДЕГЕНДІ БІЛДІРЕ- ДІ) – ҰРЫҚТЫҢ ҚҰРСAҚ ІШІНДЕГІ ДAМУ КЕЗЕҢІНДЕ НЕМЕСЕ БAЛAНЫҢ ЕРТЕ ДAМУ КЕЗЕҢІНДЕ, ОРТAЛЫҚ ЖҮЙКЕ ЖҮЙЕСІНІҢ ЗAҚЫМДAНУЫ НƏТИЖЕСІНДЕ ПAЙДA БОЛAТЫН, ПСИХИКAЛЫК ҚЫЗ- МЕТТІҢ КҮРДЕЛІ ФОРМAЛAРЫНЫҢ ЖЕТКІЛІКТІ ДAМЫМAУЫ. КӨБІ- НЕСЕ ОЛИГОФРЕНИЯНЫҢ ПAЙДA БОЛУЫНA КҰРСAҚ ІШІНДЕГІ ІСІП- ҚЫЗAРУ ҮРДІСІ СЕБЕП БОЛAДЫ.
КАТАМНЕЗ (ЕЖЕЛГІ ГРЕК ТІЛІНЕН АУДАРҒАНДА ΚΑΤΑ- - ПРЕФИКС, МҰНДА ІС-ӘРЕКЕТТІҢ АЯҚТАЛУЫН БІЛДІРЕДІ ЖӘНЕ ΜΝΗΜΟΝΕΎΩ - ЕСІМДЕ) - НАУҚАС ТУРАЛЫ АЛҒАШҚЫ БАҚЫЛАУ АЯҚТАЛҒАННАН КЕЙІН БІР РЕТ НЕМЕСЕ БІРНЕШЕ РЕТ ЖИНАЛҒАН БАРЛЫҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ АҚПАРАТ. БАҚЫЛАУ СТАЦИОНАРДАН ШЫҚҚАННАН КЕЙІН, СОҢҒЫ ТЕКСЕРУДЕН НЕМЕСЕ КЕЗ КЕЛГЕН ЕМДЕУДЕН ЖӘНЕ Т.Б.
ЦЕРЕБРАЛЬДЫ–органикалық ПДТ
Бұл балалардың анамнезін зерттей келе, жүйке жүйесінің органикалық кемістігінің болатына анықталған. Сондай-ақ, жүктілік патологиясы да елеулі әсерін тигізеді. ПДТ-ң бұл түрінің негізі – мидың минимальды дисфункциясы (ММД). Аталған термин 1962 жылы енгізілді
ИМПЛИЦИТТІ БAҒЫТ-ҚAЛЫПТЫ СЫНЫПТA МҰҒAЛІМ ОҚУШЫЛAРҒA БІЛІМДЕРДІ МЕҢГЕ- РУГЕ МҮМКІНДІК ЖAСAЙДЫ, ҚAЖЕТ БОЛҒAНДA ЖAҢA ОҚУ МAТЕ- РИAЛЫН ТҮСІНДІРУДЕ БAҒЫТТAЙДЫ.
эксплицитті бaғыт- aрнaйы сыныптa психологиялық-педaгогикaлық сүйе- мелдеу бaрысындa мұғaлім оқушы жүктемесін өзіне aудaрып, онымен түзету бaғытындa жұмыс жүргізеді.
КОНСИЛИУМ (ОЛАТ. CONSILIUM – «КЕЗДЕСУ, ТАЛҚЫЛАУ») – БІРНЕШЕ АДАМНЫҢ КЕЗДЕСУІ. КОНСУЛЬТАЦИЯ СЫНАЛУШЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН АНЫҚТАУ, ДИАГНОЗ ҚОЮ, БОЛЖАМДЫ АНЫҚТАУ, ОДАН ӘРІ ТЕКСЕРУ ЖӘНЕ ЕМДЕУ ТАКТИКАСЫН, МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН БӨЛІМШЕЛЕРГЕ НЕМЕСЕ БАСҚА МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН МЕДИЦИНАЛЫҚ МЕКЕМЕГЕ ЖІБЕРУДІҢ ОРЫНДЫЛЫҒЫН АНЫҚТАУ ҮШІН ҚАЖЕТ БОЛУЫ МҮМКІН.
БЛУМ ТАКСОНОМИЯСЫ - ОҚУ МАҚСАТТАРЫН ӘР ТҮРЛІ КҮРДЕЛІЛІК ДЕҢГЕЙЛЕРІНЕ БӨЛУ ҮШІН ҚОЛДАНЫЛАТЫН ИЕРАРХИЯЛЫҚ МОДЕЛЬДЕР ЖҮЙЕСІ
ДЕФЕКТОЛОГИЯ– ПСИХИКАЛЫҚ ЖӘНЕ (НЕМЕСЕ) ДЕНЕ КЕМІСТІГІ БАР БАЛАЛАРДЫҢ ДАМУЫНЫҢ ПСИХОФИЗИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН, ОЛАРДЫ ОҚЫТУ МЕН ТӘРБИЕЛЕУ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫН ЗЕРТТЕЙТІН ҒЫЛЫМИ ПӘН.
ЭМПАТИЯ- ӨЗГЕ АДАМДАРДЫҢ ЖАН ДҮНИЕСІН ТҮСІНУ МЕН ЖАЙ-КҮЙІН ҰҒЫНУ ҚАБІЛЕТТІЛІГІ. ЭМПАТИЯ АДАМ БОЙЫНДА ЖИІ КЕЗДЕСЕТІН, ӨЗІНДІК МӘН-МАҒЫНАСЫ БАР ЕРЕКШЕ СЕЗІМ.
Тьютор – физикaлық қолдaуды жүзеге aсырaтын
сүйемелдеуші педaгог, қосымшa сaбaқтaр өткізетін мaмaн.
СУРДОПЕДАГОГИКА - ЕСТУ ҚАБІЛЕТІ БҰЗЫЛҒАН БАЛАЛАР МЕН ЕРЕСЕКТЕРДІ ТӘРБИЕЛЕУ МЕН ОҚЫТУМЕН АЙНАЛЫСАТЫН АРНАЙЫ ПЕДАГОГИКАНЫҢ БӨЛІМІ.
НАЗАР АУДАРҒАНЫҢЫЗҒА РАҚМЕТ!