Жамбыл облысы, Талас ауданы,
Майтөбе ауылы
А.Дәулетбеков атындағы орта мектебінің
Бастауыш сынып мұғалімі: Кемелбекова Раушан
Сериккараевна
Сабақтың тақырыбы: Құстар .
Сабақтың мақсаты: 1. Құстар туралы түсінік беру. 2. Экологиялық тәрбие беру.
3. Олардың пайдасы мекен орнымен таныстыру.
Сабақтың көрнекілігі: Суреттер.
Оқыту әдісі: Әңгімелеу, сұрақ-жауап.
Сабақтың мазмұны.
І .Ұйымдастыру.
1. Оқушыларды түгендеу
2. Зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Өткен сабақты еске түсіру:
-Жануарлардың қандай түрлерін білесіңдер?
-Жабайы жануарларды атаңдар?
-Үй құстары деп қандай құстарды айтамыз? Атаңдар.
ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.
ІҮ. Жаңа сабақ:а) Құстар туралы түсінік беру.
ә) Құстар екіге бөлінеді:1. Үй құстары.2. Жабайы құстар.
б) Үй құстарын көрнекілік көмегімен атау.
Ү. Жаңа білімді бекіту:
-Қандай үй құстарын білесіңдер?
-Қандай құстар жабайы құстар деп аталады?
б) Үй құстарына дыбыстық талдау жасау: Мына сөздерде қанша дыбыс бар?
Қаз,әтеш,тауық,үйрек, балапан,үндік.
в) Бір құсты ата, сол сөзді буынға бөл.
Ақ-қу.
-Сөзде неше дауысты дыбыс болса., сонша буын болады.
Олай болса мен сіздерге қазір осы аққу туралы бір әңгіме айтып берейін.
Айдар айналада болып жатқан өзгерістерді, табиғатты бақылағанды жақсы көреді.Бірде ол хайуанаттар паркіне барды. Торда отырған алуан түрлі құстарды, олардың дауыстарын естіп, таң-тамаша болды. Кенет көлшіктің ортасында ашылып тұрған аппақ гүлге көзі түсті. Гүл көз алдында ашылып, лезде ғайып болды. Гүл деген аққу екен.
Айдардың сол күні құстардың алуан түрлілігіне көзі жетті.
Біздің Қазақстанның Батысында Үлкен каспий теңізі бар. Сол теңізде көптеген құстар мекендейді. Бірақ сол құстардың ішіндегі ең сұлуы ол аққу.
Аққудың 6 түрі бар. Ал біздің Қазақстанда аққудың 2 түрі қыстайды. Оларды ғалым ағаларымыз сұңқылдақ және сыбырлақ деп атайды.
Аққу құсының аяғы мен тұмсығы қызыл, көзінің айналасы қалың ғып сүрме тартқандай қарайып тұрады. Сондықтан да біздің әсем сұлу қыздарымызды осы әдемі құс аққуға теңейді екен. Бұл құстың даусы ащы, мойнын тік ұстап, басын имейді және иілмейді. Суда жүзгенде кеудесін суға салып, құйрығын көтеріп жүреді екен. Кез келген аққу 30-40 жыл өмір сүреді екен.
Сергіту сәтін өткізу.
д) Электронды оқулықпен жұмыс.
ҮІ.Сабақты қорытындылау:Бүгін біз сендермен құстар,үй құстары туралы білдік.
Жұмбақ шешу.
Достарыңызбен бөлісу: |