орта мерзімді, қысқа мерзімді жоспар 1.Оқу жоспары туралы түсінік 2.Орта мерзімді жоспар және оның құрылымы 3.Қысқа мерзімді жоспар және оның құрылымы Оқу жоспары – оқу орындарында пәндерінің құрамын, оқу жылы бойынша өту тәртібі мен бірізділігін, әр оқу пәніне берілетін уақыт мөлшерін және оқу жылының құрылымын белгілейтін құжат. Оқу жоспары оқу орнының мақсат-міндетіне сай жасалады. Оқу жоспарында көрсетілген білім бағыты мен сипаты оқу бағдарламалары мен оқулықтарда айқындалады. Оқу жоспары – оқу жылының, тоқсандардың, демалыс күндерінің мерзімін, оқытылуға тиісті оқу пәндерінің тізімін, әрбір оқу жылы (сыныптар) бойынша оқу тәртібін және ретін, әрбір пәнге бүкіл оқу мерзімінде және апта сайын әр пәнге бөлінетін сағаттардың мөлшерін анықтайтын нормативтік құжат.
Жоспар жасау дегеніміз – оқыту мен тәрбие жұмысын жақсарту бағытында көптеген шараларды белгілеу. Дәлелденген нақты жоспар – әрбір басқару циклінің дайындық кезеңі, сондықтан оған мектеп басқару ісінің ғылыми жолмен келе жатқандығын көрсетеді. Жоспар қысқа,нақты және айқын болу керек. Жоспар орындалатын мақсатты мерзіміне қарай 3-ке бөлінеді:
ҚМЖ (күнделікті сабақ жоспары)
Қысқа мерзімді жоспар ОМЖ (белгілі бір тарауға немесе көлемді тақырыпқа байланысты)
Орта мерзімді жоспар Ұзақ мерзімді жоспар ҰМЖ(тоқсанға немесе оқу жылына байланысты)
Орта мерзімді жоспар - мұғалім әр сыныпқа өз бетінше жоспарлау үшін қолдана алады. Тізбектелген сабақтардың орта мерзімдік жоспарындағы жеке сабақтың оқыту мақсаттары мұғалімнің оқушыларға нені үйретуге ұмтылатынын анықтайды. Осы орайда сабақ берудің және оқытудың мақсаттарында мынадай сұрақтар қамтылуы тиіс: Оқушылар қандай білімді меңгерулері тиіс?
Оқушылар қандай түйінді идеяларды түсінулері тиіс?
Оқушылар тарапынан қандай сұрақтарды зерттеп және оған талдау жасаулары тиіс?
Оқытудың нәтижесі сабақта оқушыларды оқыту үшін қойылған мақсат жетістікке жеткізетіндей сәтті түрде жоспар құрылды ма, сол туралы ақпараттар береді. Оқыту нәтижесі оқушыға бағытталуы тиіс, оқыту барысында оқушыда қалыптасатын дағдысы етістік түрінде айтылып (инфинити) және үлгерім нәтижесіне сай болуы тиіс. Тізбектелген сабақтар топтамасы бойынша рефлексия (пән бойынша мақсаттарға жетуі мен білім сапасының мониторингі), мұғалімнің өз іс-әрекетіне жаңаша тұжырым негізінде қарап, оқу мен оқыту тәжірибесіне жаңалықты ендіруі түйінді кезеңі болып табылады. Қысқа мерзімді жоспар және оның құрылымы:
жаңа тақырыпты қаншалықты меңгергенін анықтау үшін рефлексия ұйымдастыру.
сабақтың мазмұны бойынша қорытынды жасау;
оқушыларға өзін-өзі тексеруге және бағалауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар дайындау;
тақырыпты пысықтау үшін үй тапсырмасын әзірлеу.
Сабақ барысында қолданылатын педагогикалық әдіс –тәсілдер: оқушының қатесін табу үшін емес, қайта қателерін түзету үшін оқыту
оқушының жеке, өзіндік мүмкіндіктерін ескеру;
оқушыларға дебат тақырыбын таңдауға, зерттеуге және «жақтаушы, даттаушы» топтарын құруға мүмкіндік беру;
дәлелдер мен айғақтарды қолдана білу дағдыларын қалыптастыру;
өз ойын жеткізуге, таңдауға және келісімге келуге, өнім жасауға мүмкіндік беру;
тапсырмалар (белсенді іс-әрекеттер) арқылы оқу материалын өмірмен байланыстыра отырып, оқушыларды білімді өз бетімен меңгеруге талпындыру.
Қысқа мерзімді жоспар мұғалімге сабақты тиімді құруға көмектеседі. Ол үшін мұғалім оқу материалы мен сабақтағы әрекетті мұқият іріктеп алуы керек.
Әр сабақтан кейін мұғалім оқушылар меңгере алмаған немесе түсінбеген жерлерін анықтау мақсатында сабақты талдап, рефлексия жасап отыруы керек. Қысқа мерзімді жоспарды құрған кезде мұғалім төмендегі ұсыныстарды басшылыққа алуына болады:
сабақты ұйымдастырғанда оқу бағдарламасы мен оқу жоспарында көрсетілген оқу мақсаттарын басшылыққа алу қажет; сабақтың мақсатын анық тұжырымдау, яғни нақты, өлшемді, қолжетімді, шынайы мақсаттар қою; орта мерзімді жоспарда көрсетілген барлық іс-әрекеттерді, әдістемелік кеңестерді, ресурстарды мұқият зерделеу