Орталықтанған билік құрылымы: бір мезгілде халықтың нақты мемлекеттік биліктен ажырап, сол жерде биліктің орталықтағы бір қолға немесе өзара бірлескен бірнеше органдарға шоғырлануы



Дата14.05.2022
өлшемі19,6 Kb.
#143201
Байланысты:
Авторитарлы режім
phpcBSXyv yshyl-8, 17069596.a4 (1), 17069596.a4 (1), e0b25b1bbf849da1bfa828b53b8a01ee, 3а сыныбы (), есте сақтау қабілетін дамытуға тапсырмалар (1)

Авторитарлы режім. Авторитарлы (лат. auctoritas - билік, ықпал; auctor - негізін қалаушы, автор) режім тоталитарлық қоғамнан демократиялық қоғамға өтетін кезеңді қамтиды.
Авторитарлық режімде қоғамдағы мемлекеттік-саяси құрылымдағы саяси билік халықтың аз ықпалымен, нақты бір адам (тап, партия, элиталық топтар) арқылы іске асады. Мемлекет пен азаматтық қоғам арасындағы қатынастар, негізінен, сендіру арқылы емес, мәжбүрлеу аркылы орындалады.

Авторитаризм белгілері:


- орталықтанған билік құрылымы: бір мезгілде халықтың нақты мемлекеттік биліктен ажырап, сол жерде биліктің орталықтағы бір қолға немесе өзара бірлескен бірнеше органдарға шоғырлануы;
- көсемнің рөлі жоғары, бірақ тоталитарлық режімде көсем рөлінен төмендеу;
-билікті бөлу принципі ескерілмейді: атқарушы органдар өздеріне заң шығарушы және сотты бағындырып, олардың өкілеттіліктерін қоса атқарады;
- мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғаларды сайлау принциптері өзгереді, олардың халық алдындағы есеп беруі мен көпшілікке бағыныштылығы азаяды немесе болмайды. Сайлау жүйесі шартты көрсеткіш ретінде жүзеге асады. Сайлау нәтижелері алдын ала анықталғандықтан, саяси жүйе сипатына еш әсер етпейді;
- мемлекетті басқаруда командалық, әкімшілік әдіс үстемдікке ие болады, бірақ жаппай қудалау жүрмейді, террор қолданылмайды;
- күш құрылымдарын қоғам іс жүзінде бақылай алмайды және саяси мақсатқа пайдаланылуы мүмкін;
- идеологиялық біртұтас басқару болмайды;
-саяси әрекеттер мен көзкарас, ой-пікір плюрализмінде шектеу мен бақылау болады;
- жекелеген цензура сақталады;
-қоғамдық өмірдегі барлық салаларға жаппай бақылау орнатылмайды. Алайда режім нақты саяси оппозицияға, коғам өміріндегі манызды жайттарға халықтың іс жүзінде қатысуына жол бермейді. Билік үшін болатын нақты саяси күресте еш аяушылық танытпайды. Режімнің
белсенді қарсыластары репрессияға ұшырайды.
-адамның құқығы мен азаматтардың бостандығына байланысты бірқатар зандар жүзеге асады, бірақ олар (саяси тұрғыда) шектеулі жағдайда болады. Жеке тұлғаның билікпен қандай да бір байланысында
қауіпсіздік кепілі болмайды.

Авторитарлы режімнің түрлеріне :


- әскери режімдер (XХ ғасырдың екінші жартысындағы Латын Америкасындағы, XX ғасырдың 60 80-жылдардағы Корей Республикасындағы режімдер);
- азаматтық диктатуралар - бір қолға шоғырланған азаматтық билік түрі (Шығыс Араб елдеріндегі режімдер);
- теократиялық режімдер (Ирандағы аятолла Хомей режімі жатады).
Авторитаризм әр дәуірде, әр мемлекетте (Парсы, Спарта, Қытай, Испания, Чили және т.б.) түрлі қалыпта болды.

Демократия. Ең алғашында демократия азаматтарды тікелей басқару ретінде қарастырылып, монархиялық және ақсүйектік басқарумен салыстырғанда өзгеше сипатта болды. Алайда антикалық дәуірде демократия басқарудың «нашар түрі» ретінде саналды. Ол уақыттарда


билеушілер (қала-мемлекеттегі) грек азаматтарының мәдениеті төмен деп санап, «халық билігін» қолдамай, елді басқарды. Осы жағдайларға орай демократия режімі ұзақ уақыт орнамады, кейіннен оның орнын охлократия (тобыр билігі) басты, мұның нәтижесінде озбырлық орын алды. Осыған орай Аристотель демократияны саяси режім ретінде қолдамады.
Демократия (грек. demos - халық + kratos - билік) - қоғамдық құрылымдардағы түрлі деңгейдегі халық билігі, қоғамдағы либералдық құқық пен тұлға бостандығының бұлжымас құндылықтары, халықтың саяси процестерге қатысуын жақтайтын саяси режім.

Демократиялық тұжырымның қалыптасуының жаңа кезеңі Ұлы француз төнкерісінен басталды. Бұл қоғамдық институттардың пайда болуымен, тәуелсіздік талаптарымен және жекетұлғалардың әлеуметтік тендігі, басқарушылар мен бағыныштылар арасындағы қатынастың жаңа сипатқа сай қалыптасу қажеттілігінен туындады. Алайда XVIII ғасырдың өзінде демократияға деген жағымсыз көзқарас әлі де сақталған болатын. Бұл ұлттық мемлекеттер секілді үлкен саяси құрылымдарды басқаруға барлық азаматтарды күнделікті және тікелей қатысуға шақыратын идеалды демократиялық модельдің жүзеге асуы мүмкін еместігімен түсіндіріледі. Қоғамның қарқынды даму себебіне орай белең алып келе жаткан көптеген әлеуметтік мүдделер басқару қызметтерін күрделендірді. Нәтижесінде халық билігі ретінде демократияның өзіндік мағынасы билікті жүзеге асырудың нақты механизмдерінен ерекшеленеді.


Қазіргі заманғы демократиялық қоғамның тәжірибесі демократия негіздерін қалыптастыруға мүмкіндік береді:


-жекетұлғаның әлеуметтік және саяси құқығына азаматтық кепілі.
- барлық азаматтардың қоғамдық істер мен мемлекетті басқаруына қатысуын теңдей құқықпен қамтамасыз ету. Мұнда халық биліктің қайнар көзі - өздері сайлаған өкілдер арқылы басқарылады, ол бюрократиямен бірге бұқаралық ақпарат құралдары, саяси партиялар т.б. арқылы билікті бақылайды;
- жүйелі сайлау - билік органдарының негізі;
-басымдықпен қамтамасыз еткен нақты шараларды пайдалана отырып, азшылықтың құқығын құрметтейді;
-биліктің ауысуы мен басқару жүйелерінің абсолютті басымдылығы;
- бәсекелестік партиялық жүйе, халықтың қалауын білдіретін және үкіметке ыкпал етуді калыптастыратын негізгі механизм;
- манызды саяси шешімдер қабылдауда қоғамдық бақылау;
- идеялық плюрализм және пікір бәсекелестігі.

Қазіргі танда әлемде демократиялық саяси режім өкілдік демократия (ол заң шығарушы немесе биліктің атқарушы органдарына сайланған өз өкілдерінің қабылдайтын шешімдеріне азаматтарды жанама түрде


қатысуға үндейді) мүмкіндіктерін пайдаланып кұрылады немесе түрлі аралық құрылымдар (партиялар, коғамдық-саяси қозғалыстар) арқылы құрылады. Бұл механизмдер демократиялық басқару құрылымын қалыптастырады.

Демократия мынадай жағдайда тиімді болады:


-коғам экономикалық дамудың айтарлықтай жоғары деңгейіне жеткенде;
- азаматтық қоғамның неізгі шарттары қалыптасқанда;
- қоғам өзге пікірлер мен көзқарастарға толерантты (төзімділік) қатынас қалыптастырып, саяси мәдениеттің белгілі бір денгейін меңгергенде.
Халықтың билікке өз құқығын қалай жүзеге асыруына байланысты демократияның үш негізі қалыптасады.
Тікелей демократия - көпшілік Халық кеңесі арқылы тікелей шешім қабылдап, оның орындалуын қадағалайды. Демократияның бұл формасы алғашқы қалыбына тән. Ол туыстық қауымдарда, Ежелгі Грекияда, Ежелгі Римде, орта ғасырлардағы Новгород, Флоренция мемлекеттерінде қолданылды.
Плебисцитарлы демократия - халық белгілі бір жағдайларда ғана шешім қабылдайды, мысалы, референдум барысында қандай да бір мәселелер бойынша.
Өкілдік демократия - халық өз өкілдерін сайлайды, ал олар халық атынан мемлекетті немесе қандай да бір билік органдарын басқарады. Бүгінде демократияның осы түрі халық билігі ретінде кең таралып отыр.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет