Саяси биліктің мазмұны мемлекеттік биліктен де кеңірек



бет1/3
Дата04.01.2022
өлшемі19,47 Kb.
#108998
  1   2   3
Байланысты:
саяси билік


Саясаттың негізгі мәселесі билік болғандықтан, саясатта билік теориясы үлкен орын алады. Билік саясаттың саяси институттар мен барлық саяси әлемнің мінін түсініп-білуге көмектеседі.Шығыстың көрнекті ойшылы Ибн-Халдун (1332-1406) адамның басқа жан-жануарлардан ерекшелігі - ол билік үшін күреседі деген екен.Ағылшын философы, қоғам қайраткері Бертран Рассель (1872-1970) физикада басты ұғым энергия болса, қоғамдық ғылымдарда негізгі ұғым билік болып табылады деген.Американың әйгілі әлеуметтанушысы Талкотт Парсонс {1902 - 1979) экономпкалық жүйеде ақша қандай орын алса, саяси жүйеде билік те соншалықты орын алады деп тұжырымдаған.

Билік туралы мынандай тұжырымдамалар бар: Телеологиялық, бихевиористік, инструменталистік, структуралистік, конфликтілік.

Сонымен билік деп біреудің екіншілерге әмірін жүргізіп, олардың іс-әрекеті, қызметіне ықпал етуін айтады.

Саяси биліктің мазмұны мемлекеттік биліктен де кеңірек. Саяси билік – ол мемлекеттік биліктің құрамын қалыптастыратын жүйе. Саяси билікке жататындар: қоғамда ресми қабылданған саяси топтар, саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар, сайлау жүйелері мен сайлаушылар. Кейбір елдерде парламентті қалыптастыратын көппартиялық жүйе (Франция, Италия), ал кейбір елдерде екіпартиялық жүйе (АҚШ, Англия) орныққан.

Саяси билік адамзат тарихында ежелгі заманнан бар. Мысалы, қазақ даласы тарихындағы ақсақалдар, ақсүйектер, билер кеңесі болса, ал славян халықтарында X-XIV ғасырларда вече, рада болды. Бұл саяси билік өзі тікелей билік етпегенмен, әулеттің көптеген өкілдерінің ішінен кім хан, кім князь болуын ұйғарып отырды. Бұл қазіргі демократия тәртібіндегі саяси партиялар мен әртүрлі қоғамдық топтарға ұқсайды.

Ал мемлекеттік билік ол саяси биліктің ұйғарған уәкілділігін іске асыратын жүйе. Сайлаушылар, саяси партиялар президент сайлайды, парламент қалыптастырады, яғни мемлекеттік биліктің құрамын құрастырады. Осы мемлекеттік билікке қоғамның барлық мүшелері тегіс бағынады. Ал саяси билікте ондай өкілеттік болмайды. Мысалы, саяси партия саяси биліктің құрамында болғанымен саяси партиядан қоғам мүшелері тәуелсіз, партияға бағынатындар әрбір партияның өз мүшелері ғана.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет