Тезис Тақырыбы: “Ортопедиялық стоматологиядағы металлокерамикалық сауыттардың маңызы”.
Автордың аты-жөні:Асилбеков Талгат, Құмаров Темірлан, Мухамадиев Жандос, Рахметов Ертуган, Сарбаева Зере.
Ғылыми жетекшісі: “Семей Медицина университетінің” КеАҚ “Стоматологиялық пәндер және жақ-бет хирургиясы кафедрасының” ассистенті Калиханова Куралай Ергалиевна.
Оқу орны: “Семей Медицина университеті” КеАҚ, 5 курс, 504kz топ Стоматология.
Жұмыс мақсаты: Қазіргі таңда ортопедиялық стоматологияда кеңінен қолданатын металлокерамикалық сауыттардың маңызы мен рөлін анықтау.
Тақырыптың өзектілігі: Металлокерамикалық сауыттардың жеке сауыт ретінде және тұтас құрылым бөлшегі ретінде қолданыста болуы болып саналады. Сауыттардың эстетикаға сай болып, тістің анатомиялық функциясын толығымен орындауы. Ал, протез ретінде, жоқ тістердің орынын толықтырып, түсетін жүктемеге берік әсер етуі.
Металлокерамикалық сауыттар-негізі металл қаңқадан тұратын және сыртқы жабындысы керамикамен қапталған, екі компоненттен тұратын ортопедиялық конструкция. Бұл конструкцияны жеке сауыт және көпіртәрізді құрылымның бөлшегі ретінде алып, қарастыруға болады. Металлокерамикалық сауыттар өте қатты, тозуға төзімді және ең ерекшесі, ол ауыз қуысы тіндерімен биологиялық үйлесімді болады.[1]
Металлокерамикалық сауыттар қазіргі таңда қолданыста ең жиі пайдаланылады. Оның дәлелі ретінде, қорытпасының мықтылығының жоғары болуы, ұзақ уақытқа дейін қызмет етуі, бағасы жағынан тиімді болуы, эстетика жағынан әдемі көрінуі және науқастардың конструкцияға тез үйренісіп кетуі. Металлокерамикалық сауыттарды тіс кіреукесінің гипоплазиясында, патологиялық қажалуда, табиғи тістің сынып немесе шытынауында, салмалар ретінде қолдануында және пародонт ауыруларымен ауыратын науқастардағы шендеуіш материал ретінде қызмет атқаруы болып табылады. Сондықтанда, Отандық стоматологиялар мен Семей қаласындағы стоматологиялардың көпшілігінде осы ортопедиялық конструкцияға деген сұраныс өте жоғары. Оның себебіне, жоғарыда айтылған деректер түрткі бола алады. Осыған қоса, қазіргі кезде ең жиі қолданатын ортопедиялық конструкцияның бірі цирконий сауыттары мен протездері болса, екіншісіне осы металлокерамикалық сауыттар мен протездерді жатқызуға болады.[2]
Металлокерамикалық конструкцияның сауыт, көпіртәрізді протезде және тұтас тіс қатарының ақауы кезінде кеңінен қолданып келеді. Бұл құрылым түрлі тіс қатарларының ақауында, деформациясында, сауыт ретінде, көпіртәрізді құрылымның бөлігі ретінде, доғалы протездердің құрамына қосуға болатындығында және т.б. клиникалық жағдайларда пайдалануға болатын таптырмас конструкция. Болашақта осы конструкцияның кем тұстарын жетілдіретін болса, цирконий сауыттары мен протездерінен бір саты кем түспейтін құрылым болатыны сөзсіз.[3]
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 1. Аболмасов Н.Г. Ортопедическая стоматология: учебн. для студ. 8 изд. – М.: МЕДпресс-информ, 2013. – 512 с.
2. Артюнов С.Д., Лебеденко И.Ю. Одонтопрепарирование под ортопедические конструкции зубных протезов. – М.: Практическая медицина, 2007. – 80с.
3. Гаврилов Е.И., Оксман И.М. Ортопедическая стоматология. 2-е изд., перераб. и доп. — М.: Медицина, 1978. — 464 с.
4. Каламкаров Х.А. Ортопедическое лечение с применением металлокерамических протезов. – М.: МИА,2003. -216с.
5. Жулев Е. Н. Ортопедическая стоматология: Учебник. – М.: МИА, 2012. – 824 с.