Реферат: Тіс профилін түзету Орындаған: Рахметов Әділбек тмо 20-13 тобы Қабылдаған: Ангарбеков Улан Алматы 2022



бет1/3
Дата05.10.2022
өлшемі39,88 Kb.
#151809
түріРеферат
  1   2   3
Байланысты:
Тіс профилін түзету


Алматы Технологиялық Университеті
Инжиниринг және ақпараттық технологиялар факультеті
Пән: Машина бөлшектері және конструкция негіздері
Реферат: Тіс профилін түзету

Орындаған: Рахметов Әділбек


ТМО 20-13 тобы
Қабылдаған:Ангарбеков Улан

Алматы 2022
Жоспар
I.Кіріспе
1.Тісті беріліс
II.Негізгі Бөлім
1.2. Тіс профилін түзету
III.Қорытынды
IV.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

I.Кіріспе
Тісті беріліс деп, екі қозғалмалы тісті буындары қозғалмайтын буынымен айналмалы немесе ілгерлемелі жұп құратын, үш буынды механизмді айтамыз (тісті беріліс деп қозғалысты, қозғалыс моментін біліктер арасында беру үшін қозғалыстың бір түрін екінші түрге өзгертетін тісті ілінісуді айтады). Берілістің тісті буыны дөңгелек, сектор немесе рейка болуы мүмкін. Тісті берілістер айналмалы қозғалыстарды немесе айналмалы қозғалысты ілгерлемелі қозғалысқа түрлендіру үшін қолданылады.
Осы жерде тісті берілістерге қатысты, терминдер, анықтамалар, белгілеулер 16530-83 МЕСТ «Тісті берілістер», 16531-83 МЕСТ «Цилиндірлі тісті берілістер» және 19325-73 МЕСТ «Конусты тісті берілістер» стандарттарына сәйкес келеді.
Тісті іліністер жоғарғы кинематикалық жұптарды құрайды, өйткені теория бойынша тістер сызықтың бойымен немесе нүктелермен жанасады. Жұптағы тісті дөңгелектердің кішісін шестерня деп, ал үлкенін – дөңгелек деп атайды. Диаметрі шексіз үлкен тісті доңғалақтың секторын тісті рейка деп атайды.
Тісті берілістерді көптеген белгілеріне қатысты сұрыптауға болады: білік өстерінің орналасуына (параллель, қиылысатын, айқасатын және өстері сәйкес келетін); жұмыс істеу жағдайларына (жабық – майлы ваннада жұмыс істейтін және ашық – құрғақ жұмыс істейтін немесе оқтын-оқтын майланып тұратын); сатысына (бір сатылы, көп сатылы), дөңгелектердің өз-ара орналасуларына (ішкі және сыртқы іліністі); біліктердің айналу жіліктерінің өзгеруіне (төмендететін, жоғарлататын); тіс кесілетін беттерінің пішіндеріне (целиндрлі, конусты); доңғалақтардың шеңберлік жылдамдықтарына (баяу жүргіш – жылдамдығы 3 м/с дейінгі, орташа жылдамдықты – жылдамдығы 15 м/с дейінгі, жылдамжүргіш – жылдамдығы 15 м/с жоғары); доңғалақ бетіне тістердің орналасуларына (түзу тістілер, қиғаш тістілер, қисық сызықты шеврон тістілер); тістердің профильдерінің формасына (эвольвентті, шеңбер доғасымен шектелген, циклоидты) байланысты жіктеледі.


Артықшылықтары:
1. Тісті берілістер көмегімен өте үлкен қуат беруге болады (100 000 аттық күш) және олар басқа бepiлістерге қарағанда ықшамды, габариті шамалы келеді;
2. Басқа берілістерге қарағанда біліктерге және тіректерге аз күш түседі;
3. Ticтi берілістер өте шыдамды келеді. Жақсы күтсе олар ондаған жылдар бойы жұмыс істейді;
4. Пайдалы әсер коэффициенті жоғары (бip сатылы редукторлар үшін = 0,97.. .0,98) болады.
Кемшіліктері:
1. Дайындауы күрделі;
2. Жұмыс кезінде шу көп болады;
3. Қатаңдығы өте жоғары болғандықтан динамикалық күштерді қабылдау қабілеттілігі нашар болады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет