ҰОС ардагерлері мен мүгедектеріне және теңестірілген азаматтарға Жеңістің 70 жылдығына орай салтанатты мерекелік банкетті ұйымдастыру жәнемерекелік далалық ботқасын ұйымдастыруқызметіне мемлекеттік сатып алулар қызметтеріне мемлекеттік әлеуметтік тапсырыспен қарастырылған қызметтерді іске асырудың ерекше тәртібін қолданумен үкіметтік емес ұйымдармен мемлекеттік сатып алуды іске асыру жөнінде
Х А Б А Р Л А Н Д Ы Р У
«Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (160011, ОҚО Шымкент қаласы, Жангелдин көшесі №13 а, 1 корпус, интернет-ресурс: shymkent.gov.kz) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында ҰОС ардагерлері мен мүгедектеріне және теңестірілген азаматтарға Жеңістің 70 жылдығына орай салтанатты мерекелік банкетті ұйымдастыру және мерекелік далалық ботқасын ұйымдастыру қызметіне мемлекеттік сатып алулар қызметтеріне мемлекеттік әлеуметтік тапсырыспен қарастырылған қызметтерді іске асырудың ерекше тәртібін қолданумен үкіметтік емес ұйымдармен мемлекеттік сатып алуды іске асыру жөніндежариялайды.
Жоғарыда аталған қызметтер Шымкент қаласында тұратын ҰОС ардагерлері мен мүгедектеріне және теңестірілген азаматтарға көрсетілуі қажет.
Сатып алатын қызметтердің толық тізілімі, олардың саны мен ерекшелігі туралы толық ақпарат конкурстық құжаттамада көрсетілген.
Қызметтерді көрсетуді талап ететін мерзім – 2015 жылғы келісім шартқа қол қойған күннен бастап -31 мамырға дейін.
Конкурсқа Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының талаптарына жауап беретін барлық әлеуетті жеткізушілер қатыса алады.
Конкурстық құжаттама көшірмесінің пакетін 2015 жылдың 28 сәуір алуға болады, мекен-жайы: (160011 ОҚО, Шымкент қаласы, Жангелдин көшесі №13 а, 1 корпус, интернет-ресурс: www.shymkent.gov.kz) № 4 кабинет, сағат 09:00 – 19:00 дейін немесе мына интернет-ресурстан: www shymkent.gov.kz.
Конкурстық құжаттаманы алу үшін әлеуетті жеткізушінің өкілінде конкурстық құжаттаманы алуға арналған сенімхаты болуы қажет.
Конкурстық құжаттамалар тегін беріледі.
Конверттерге салынып-желімделген конкурсқа қатысу өтініштерін әлеуетті жеткізушілер «Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне тапсырады: ОҚО, Шымкент қаласы, Жангелдин көшесі №13 а, 1 корпус, № 4 кабинет.
Конкурсқа қатысуға арналған өтініштерді ұсынудың соңғы мерзімі – 2015 жылдың 29 сәуір сағат 14-50 дейін.
Конкурсқа қатысуға арналған өтініштері салынған конверттер 2015 жылғы 29 сәуір сағат 15:00 ашылатын болады, мекен-жайы: ОҚО, Шымкент қаласы, Жангелдин көшесі №13 а, 1 корпус, «Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ, № 4 кабинет.
Қосымша ақпарат пен анықтаманы мына телефон арқылы алуға болады:
8 (7252) 56-14-91
Конкурстық комиссияның хатшысы: Сейдакбар Раушан Ерболқызы – аз қамтамасыз етілген азаматтар, мүгедектермен және ардагерлермен жұмыс жүргізу секторының бас маманы, тел. 8 (7252) 56-14-91
Бекітемін
«Шымкент қаласының
жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі» ММ-ң басшысы
Ж.Ш.Байғонов
2015 жылғы «23» сәуір
№64-ө бұйрық
2015 жылға ҰОС ардагерлері мен мүгедектеріне және теңестірілген азаматтарға Жеңістің 70жылдығына орай қала әкімінің салтанатты меркелік қабылдау ұйымдастыру және «Дала ботқасын» ұйымдастыру қызметіне мемлекеттік сатып алулар қызметтеріне мемлекеттік әлеуметтік тапсырыспен қарастырылған қызметтерді іске асырудың ерекше тәртібін қолданумен мемлекеттік сатып алу конкурсының
мемлекеттік сатып алуды іске асыру жөнінде
КОНКУРСТЫҚ ҚҰЖАТТАМА
Тапсырыс беруші: «ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР БӨЛІМІ» МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ, ЗАҢДЫ МЕКЕН-ЖАЙЫ: ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ, ЖАНГЕЛДИН КӨШЕСІ, 13 А, 1 КОРПУС. тел. 8(7252) 56-19-35, 8 (7252) 56-14-91 СТН 582100242634, БСН 050140002444, БСК KKMFKZ2A, ЖСК KZ24070103KSN5821000, ОҚО бойынша Қазынашылық Департаменті, Шымкент қ.
Тапсырыс берушінің өкілі: Р.Сейдакбар - конкурстық комиссияның хатшысы
тел., 8 (7252) 56-14-91
Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы: «ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР БӨЛІМІ» МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ, ЗАҢДЫ МЕКЕН-ЖАЙЫ: ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ, ЖАНГЕЛДИН КӨШЕСІ, 13 А, 1 КОРПУС. тел. 8(7252) 56-19-35, 8 (7252) 56-14-91 СТН 582100242634, БСН 050140002444, БСК KKMFKZ2A, ЖСК KZ24070103KSN5821000, ОҚО бойынша Қазынашылық Департаменті, Шымкент қ.
Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының өкілі:
Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің аз қаматамасыз етілген азаматтар, мүгедектермен және ардагерлермен жұмыс жүргізу секторының бас маманы, 8 (7252) 56-14-91 , ОҚО, шымкент қаласы, Жангелдин көшесі, 13-А үй, 1 корпус, 5 іс-бөлме Р.Сейдакбар
Конкурстық құжаттаманың құны: конкурстық құжаттама тегін ұсынылады.
1. 2015 жылға ҰОС ардагерлері мен мүгедектеріне және теңестірілген азаматтарға Жеңістің 70жылдығына орай қала әкімінің салтанатты меркелік қабылдау ұйымдастыру және «Дала ботқасын» ұйымдастыру қызметіне мемлекеттік сатып алулар қызметтеріне мемлекеттік әлеуметтік тапсырыспен қарастырылған қызметтерді іске асырудың ерекше тәртібін қолданумен мемлекеттік сатып алу конкурсының мемлекеттік сатып бойынша жеткізушіні таңдау мақсатында өткізіледі
2. Қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша осы конкурс үшін бөлінген сома
5 490 000,00 (бес миллион төрт жүз тоқсан мың) теңге:
Лот № 1 – 2015 жылға ҰОС ардагерлері мен мүгедектеріне және теңестірілген азаматтарға Жеңістің 70жылдығына орай қала әкімінің салтанатты меркелік қабылдау ұйымдастыру – сомасы 3 250 000,00 (үш миллион екі жүз елу мың ) теңге,
Лот № 2 – 2015 жылға ҰОС ардагерлері мен мүгедектеріне және теңестірілген азаматтарға Жеңістің 70жылдығына орай «Дала ботқасын» ұйымдастыру қызметіне - сомасы 2 240 000,00 (екі миллион екі жүз қырық мың) теңге.
3. Осы конкурстық құжаттама мыналарды қамтиды:
1) Осы конкурстық құжаттаманың 1 қосымшасына сәйкес сатып алатын қызметтің тізбесі;
2) техникалық ерекшеліктерді қоса алғанда, сатып алынатын қызметтерге талап етілетін техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамасын конкурстық құжаттаманың 2 қосымшасына сәйкес
3) осы конкурстық құжаттаманы 3 қосымшаға сәйкес заңды тұлғалар үшін конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді;
4) Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 17-ба-бына 4-тармағына (бұдан әрі – Заң) және әрбір критериінің пайыздық маңызын көрсе-тумен Мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асыру ережелеріне сәйкес ең жақсы сапалы қызметтерді ұсынатын қатысушыларды және Конкурсқа қатысушыны анықтау мақсатында, жеңімпазды анықтау кезінде конкурстық комиссиямен есепке алынатын міндетті критерийлер тізбесі:
Конкурсқа қатысуға өтінімнің қолданыс мерзімі 35 күн.
Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының конкурстық
құжаттаманың көшірмесін алған әлеуетті өнім берушілерге оның ережелерін түсіндіруі.
4. Конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті өнім беруші 2015 жылғы 28 сәуірден кешіктірмей конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру туралы жазбаша сұрау салумен жүгінуге тиіс. Әлеуетті өнім берушілердің сұрау салуларын мына мекенжай бойынша жіберу қажет: 160011, Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, Жангелдин көшесі №13-А, 1 корпус.
5. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы сұрау салуды алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оған жауап беруге және сұрау салу кімнен келіп түскенін көрсетусіз:
1) олар туралы мәліметтер конкурстық құжаттаманы алған тұлғаларды тіркеу журналына енгізілген тұлғаларға конкурстық құжаттама ережелерін түсіндіруді жіберуге; 2) конкурстық құжаттамасын түсіндіру мәтінін тапсырыс берушінің интернет қорына жариялау.
6. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы 2015 жылғы 29 сәуір 14 сағат 50 минут мерзімнен кешіктірмей жеке бастамашылығы бойынша немесе мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманың көшірмесін берген әлеуетті өнім берушінің сұрауына жауап ретінде конкурстық құжаттамаға өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізуге тиіс. Конкурстық құжаттамаға өзгерістер енгізу конкурстық құжаттаманы бекітудегі сияқты тәртіппен ресімделеді.
Енгізілген өзгерістердің міндетті күші болады және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы оларды конкурстық құжаттамаға өзгерістер бекітілген күннен бастап бір жұмыс күнінен аспайтын мерзімде өтеусіз негізде конкурстық құжаттаманың көшірмесі берілген барлық әлеуетті өнім берушілерге жібереді. Бұл ретте конкурсқа қатысуға өтінімдерді берудің түпкілікті мерзімін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтінімдерде осы өзгерістерді әлеуетті өнім берушілердің есепке алуы үшін кемінде он бес күні мерзіміне ұзартады.
Ұйымдастырушы енгізілген өзгерістер мен (немесе) толықтыруларды көрсете отырып, нақтыланған конкурстық құжаттаманы тапсырыс берушінің интернет қорына жариялайды.
7. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттама ұсынылған әлеуетті өнім берушілермен немесе олардың уәкілетті өкілдерімен конкурстық құжаттаманың қағидаларын түсіндіру үшін кездесу өткізуге құқылы, мекенжайы: Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, Жангелдин көшесі №13 а, 1 корпус, 4 кабинет, 2015 жылғы 28 сәуір .
8. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушілермен кездесу хаттамасының мәтінін тапсырыс берушінің www.shymkent.gov.kzинтернет қорында жариялайды.
3. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімді ресімдеуге қойылатын талаптар және конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімдер салынған конверттерді әлеуетті өнім берушілердің ұсынуы
Конкурсқа қатысуға өтінім
10. Конкурсқа қатысуға өтінім осы конкурстық құжаттамада көзделген талаптар мен шарттарға сәйкес (қызметтер көрсетуге) конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті өнім берушінің келісім білдіру нысаны болып табылады.
11.Конкурсқа қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға беретін конкурсқа қатысуға өтінім мыналарды қамтуға тиіс:
1) әлеуетті өнім беруші осы Үлгі конкурстық құжаттамаға 4 -қосымшаларға сәйкес толтырған және қол қойылған өтінімді;
2) әлеуетті өнім беруші оның жалпы біліктілік талаптарына сәйкестігін растау ретінде ұсынатын құжаттардың тізбесін:
құқықтық қабілеттілігін (заңды тұлғалар үшін), жеке тұлғалар үшін – азаматтық қабілеттілігін (кәсіпкерлік субъектісі ретінде тіркелгені туралы құжат, жеке басын растайтын куәлігінің көшірмесі) растайтын нотариалды куәландырылған құжаттарды;
заңды тұлға қызметті жарғының негізінде жүзеге асыратын жағдайда қоспағанда, заңды тұлға заңнамада белгiленген тәртiппен бекiтiлген жарғының нотариалды куәландырылған көшiрмесiн ұсынады. Қазақстан Республикасының резидент еместері қазақ және (немесе) орыс тiлдерiне аудармасымен сауда тiзiлiмiнен нотариалды куәландырылған, заңдастырылған үзiндi көшiрмесiн ұсынады;
лицензиялардың не электрондық құжаттың қағаз көшірмесі түріндегі лицензияның және (немесе) патенттердiң, куәлiктердiң, сертификаттардың, рұқсаттардың, әлеуеттi өнiм берушiнiң сатып алынатын тауарларды өндiруге, қайта өңдеуге, жеткізуге және өткiзуге, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген, жұмыстарды орындауға және қызметтердi көрсетуге арналған құқығын растайтын басқа да құжаттардың нотариалды куәландырылған көшiрмелерiн;
заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің* немесе анықтаманың нотариалды куәландырылған көшірмесі. Егер заңды тұлға қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Үлгі жарғы негізінде жүзеге асыратын болса, онда мемлекеттік тіркеу туралы өтініштің нотариалды куәландырылған көшірмесі.
Ескертпе: *«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметi тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады;
құрылтайшы немесе құрылтайшылардың құрамы туралы мәліметтерді қамтитын құрылтай құжаттарынан (егер жарғыда құрылтайшылар немесе құрылтайшылардың құрамы қамтылмаған жағдайда) нотариалдық куәландырылған үзіндісін не конверттерді ашу күнінің алдындағы бір айдан кеш емес берілген акция ұстаушылардың тілімінен белгіленген тәртіппен қол қойылған және куәландырылған үзіндінің түпнұсқасын;
төлем қабілетін растайтын құжаттарды:
осы конкурстық құжаттамаға 10-қосымшаға сәйкес әлеуетті берушіге қызмет көрсететін банктің немесе банк филиалының қолы мен мөрі бар әлеуетті берушінің Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердегі, кредиттік серіктестіктердегі және ипотекалық компаниялардағы бухгалтерлік есеп шоттарының үлгі жоспарына сәйкес банктің немесе банк филиалының алдындағы міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша анықтама берілген күннің алдындағы үш айдан астам созылған мерзімі өткен берешектің жоқтығы туралы анықтаманың түпнұсқасы (егер әлеуетті өнім беруші екінші деңгейдегі бірнеше банктің немесе филиалдарының, сондай-ақ шетелдік банктің клиенті болып табылса, осы анықтама осындай банктердің әрқайсысынан ұсынылады). Анықтама конкурстық өтінімдер салынған конверттер ашылатын күннің алдындағы бір айдың ішінде берілуі тиіс;
конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашу күнінің алдындағы бір айдың ішінде берілген үш айдан астам (Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлеу мерзімі кейінге қалдырылған кездегі жағдайларды қоспағанда) салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ екені туралы не бір теңгеден кем салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің бар екені туралы тиісті салық органының белгіленген нысандағы анықтамасының түпнұсқасын.
3) көрсетiлетiн қызметтердiң техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамаларын және (немесе) қызметтердi көрсету көлемдерi мен сапасына, қызмет көрсету шығыстарына кепiлдiк беру суреттелген техникалық ерекшелiктердi;
4) әлеуетті өнім берушінің жарғысына сәйкес сенімхатсыз қол қою құқығы бар әлеуетті өнім берушінің бірінші басшысын қоспағанда, әлеуетті өнім берушінің мүдделерін білдіретін адамға (адамдарға) конкурсқа қатысуға өтінімге қол қою және конкурстық комиссияның отырыстарына қатысу құқығына берілетін сенімхат.
Конкурсқа қатысуға өтінімді ресімдеуге қойылатын талаптар
11. Конкурсқа қатысуға өтінімді әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға тігілген түрде, нөмірленген беттерімен береді және соңғы бетіне оның қолымен, мөрімен куәландырылады.( егер жеке тұлға болса).
Конкурсқа қатысуға өтінімнің техникалық бөлігі (тігілген, нөмірленген беттерімен, соңғы беті әлеуетті өнім берушінің қолымен, мөрімен куәландырылған түрде және конкурсқа қатысуға өтінімнің қамтамасыз етуін растайтын құжаттың түпнұсқасы жеке беріледі.
12. Конкурсқа қатысуға өтінімнің нысаны басылуы немесе өшірілмейтін сиямен жазылуы және оған әлеуетті өнім беруші қол қоюы, әлеуетті өнім берушінің мөрімен бекітілуі тиіс (егер жеке тұлға болса)
13. Конкурстық өтінімде әлеуетті өнім берушінің грамматикалық немесе арифметикалық қателерді түзетуі қажет болатын жағдайларды қоспағанда, жолдар арасында ешқандай өшірілген сөздер немесе толықтырулар болмауы тиіс.
14. Әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінімді конвертке желімдейді, оның беткі жағында әлеуетті өнім берушінің толық атауы мен почталық мекен-жайы (егер ол "кешікті" деп жарияланса, конкурсқа қатысуға өтінімді ашпаған күйінде қайтару мақсатында), мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының толық атауы мен почталық мекен-жайы, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың дәл атауы, сондай-ақ мынадай мазмұндағы мәтін тиіс: «жұмыстарды сатып алулар бойынша конкурс»: Мүгедектің жеке оңалту бағдарламасына сәйкес жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектер үшін жеке көмекшінің және естуі бойынша мүгедектер үшін ымдау тілі мамандарының қызметіне мемлекеттік сатып алулар қызметтеріне мемлекеттік әлеуметтік тапсырыспен қарастырылған қызметтерді іске асырудың ерекше тәртібін қолданумен үкіметтік емес ұйымдармен мемлекеттік сатып алуды іске асыру жөнінде САТЫП АЛУ БОЙЫНША КОНКУРС және 2015 жылдың 29 сәуір 15-00 сағат "ДЕЙІН АШПАҢЫЗ"
Конкурсқа қатысуға өтінімді беру тәртібі
15. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді әлеуетті өнім берушілер не олардың уәкілетті өкілдері мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға қолма-қол немесе мекенжайы бойынша тапсырысты почталық байланысты пайдалана отырып, 2015 жылдың 29 сәуір қоса алғанда 14-50 сағатқа дейін «Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі 160011, Оңтүстік Қазахстан облысы, Шымкент қаласы, Жангелдин көшесі №13 а, 1 корпус, 5 бөлме, Раушан Ерболқызы Сейдакбар.
16. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық өтінімдерді берудің соңғы мерзімі біткеннен кейін алған барлық конкурстық өтінімдер ашылмайды және конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерде көрсетілген деректемелер бойынша оларды ұсынған әлеуетті өнім берушілерге не алғаны туралы қолхатпен әлеуетті өнім берушілердің тиісті уәкілетті өкілдеріне жеке өздеріне қайтарылады.
17. Әлеуетті өнім берушілер немесе олардың уәкілетті өкілдері ұсынған конкурсқа қатысуға өтінімдерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының жауапты адамы конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау күні мен уақытын көрсете отырып, тиісті журналға тіркейді.
18. Осы конкурстық құжаттамада көзделген конкурсқа қатысуға өтінімдерді ресімдеуге қойылатын талаптары бұзылған конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған кон-верттер қабылданбайды және тіркелмейді.
Конкурстық өтінімдерді өзгерту және оларды қайтарып алу
19. Әлеуетті өнім беруші өзінің конкурсқа қатысуға өтінімін конкурстық өтінімдерді берудің соңғы мерзімі біткенге дейін өзі енгізген қамтамасыз етуді қайтарып алу құқығын жоғалтпастан, өзінің конкурсқа қатысуға өтінімін өзгертуі немесе қайтарып алуы мүмкін. Өзгеріс енгізу конкурсқа қатысуға өтінімнің өзі сияқты дайындалуы, желімделуі және ұсынылуы тиіс.
Конкурсқа қатысуға өтінімді қайтарып алу туралы хабарлама, әлеуетті өнім беруші қол қойып, бекітілген сатып алуды ұйымдастырушының атына еркін түрде жазылған өтініш түрінде ресімделеді.( егер жеке тұлға болса),
Конкурсқа қатысуға өтінімге өзгеріс енгізу не конкурсқа қатысуға өтінімді қайтарып алу, егер оларды мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтінімдерді берудің түпкілікті мерзімі аяқталғанға дейін алған болса, жарамды болып табылады.
20. Конкурсқа қатысуға өтінім салынған конвертті ұсынудың түпкілікті мерзімі аяқталғаннан кейін конкурсқа қатысуға өтінімдерді қайтарып алу сияқты, оларға өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізуге жол берілмейді.
21. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттамада белгі-ленген конкурсқа қатысуға өтінімдердің қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін он күн-тізбелік күннен кешіктірмей нақты уақыт кезеңіне арналған өтінімнің қолданылу мерзімін ұзарту туралы әлеуетті өнім берушілердің сұрау салуын жасауға құқылы. Әлеуетті өнім беруші мыналарды жоғалтпастан мұндай сұрау салудан бас тартуға құқылы:
1) оның конкурсқа қатысуға өтінімінің мерзімі ішінде конкурс тәсілімен жүргізілетін мемлекеттік сатып алуға қатысу.
22. Әлеуетті өнім беруші конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға оның қатысуымен байланысты барлық шығыстарды көтереді. Тапсырыс беруші, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы, конкурстық комиссия, сараптама комиссиясы, сарапшы конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың нәтижелеріне қарамастан, осы шығыстарды өтеу жөніндегі міндеттемелерді көтермейді.
4. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімдер салынған конверттерді конкурстық комиссияның ашуы
23. Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашуды келген барлық әлеуетті өнім берушілердің немесе олардың уәкілетті өкілдерінің қатысуымен конкурстық комиссия жүргізеді 2015 жылдың 29 сәуір 15 сағ. 00 мин «Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ, Жангелдин көшесі №13а, 1 корпус № 4 бөлме
Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының хабарландыруында және осы кон-курстық құжаттамада белгіленген мерзімде және тәртіппен ұсынылған әлеуетті өнім беру-шілердің өтінімдер салынған конверттер ашылуға жатады.
Егер конкурсқа қатысуға арналған бір ғана өтінім ұсынылса, онда конкурсқа қаты-суға арналған осы өтінім де ашылады.
24. Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу рәсіміне қатысып отырған әлеуетті өнім берушілердің уәкілетті өкілдері өздерінің қатысуын растай отырып, олардың өкілеттіктерін растайтын құжаттарды көрсетуге және әлеуетті өнім берушілерді тіркеу журналына тіркелуге тиіс, «Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ, Жангелдин көшесі №13а, 1 корпус № 4 бөлме, 2015 жылдың 29 сәуірінде 14 сағ. 50 мин.
Әлеуетті өнім берушілер мен олардың уәкілетті өкілдері конкурстық комиссияға конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу рәсімін жазу үшін пайдалануға ниет етіп отырған аудио және бейне жазбаның техникалық құралдары туралы хабардар етуге тиіс.
25. Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу жөніндегі конкурстық комиссияның отырысына қатысып отырған әлеуетті өнім берушілердің және оның уәкілетті өкілдерінің мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының уәкілетті өкілінің, конкурстық комиссияның, конкурстық комиссия хатшысының қызметіне араласуына жол берілмейді.
26. Конкурстық комиссияның көрсетілген отырысында:
1) осы конкурстық құжаттамада ол туралы мәліметтер көрсетілген конкурстық комиссияның хатшысы қатысушыларды мыналар туралы хабардар етеді:
конкурстық комиссияның құрамы, конкурстық комиссияның хатшысы туралы;
конкурстық құжаттаманың көшірмесін алған әлеуетті өнім берушілердің саны;
конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру жөніндегі әлеуетті өнім берушілердің өтінімдерінің бар немесе жоқ екендігі,
конкурстық құжаттамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу фактісінің бар немесе жоқ екендігі, сондай-ақ себептері;
тиісті тіркеу журналына тіркелген конкурсқа қатысуға өтінімдерді белгіленген мерзімде ұсынған әлеуетті өнім берушілер;
2) конкурстық комиссияның өкілі не конкурстық комиссия мүшелерінің қатарынан төраға белгілеген тұлға:
конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашады және өтінімде қамтылған құжаттардың тізбесін және олардың қысқаша мазмұнын жария етеді;
3) конкурстық комиссияның хатшысы:
тиісті конверттерді ашу хаттамасын ресімдейді;
әлеуетті өнім берушінің уәкілетті өкілдерін конкурстық комиссия отырысының көрсетілген хаттамасының көшірмесін ала алатын мерзім туралы хабардар етеді.
Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу жөніндегі конкурстық комиссия отырысының хаттамасына конкурстық комиссияның отырысқа қатысып отырған барлық мүшелері, оның төрағасы, оның орынбасары, сондай-ақ конкурстық комис-сияның хатшысы әр бетіне қол қояды.
Конкурстық комиссияның көрсетілген отырысы хаттамасының көшірмесін кон-курсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу жөніндегі конкурстық комис-сияның отырысына қатысқан әлеуетті өнім берушіге немесе уәкілетті өкіліне конкурстық комиссияның көрсетілген отырысы өткізілген күннен кейінгі екі жұмыс күнінен кешік-тірмей, ал қатыспағандарға - олардың жазбаша сұрауы бойынша сұрау алынған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынылады.
5. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімдерді олардың конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестігі мәніне конкурстық комиссияның қарауы және әлеуетті өнім берушілерді конкурсқа қатысуға жіберу
27. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарауды конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті өнім берушілердің арасынан біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілерді анықтау және оларды конкурсқа қатысушы деп тану мақсатында конкурстық комиссия жүзеге асырады.
28. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау кезінде конкурстық комиссия:
1) конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті өнім берушілерден конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарауды, бағалауды және салыстыруды жеңілдету үшін олардың өтінімдеріне байланысты материалдар мен түсіндірулерді жазбаша нысанда сұратуға;
2) конкурсқа қатысуға өтінімдерде қамтылған мәліметтерді нақтылау мақсатында тиісті мемлекеттік органдардан, жеке және заңды тұлғалардан қажетті ақпаратты жазбаша нысанда сұратуға құқылы.
Конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға өтінімдерді конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келтіруге байланысты сұратулары мен өзге де әрекеттеріне жол берілмейді. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келтіру деп конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға өтінімді жеткіліксіз құжат-тармен толықтыруға, конкурсқа қатысуға өтінімде ұсынылған құжаттарды ауыстыруға, тиісінше ресімделмеген құжаттарды сәйкес келтіруге бағытталған әрекеттері түсініледі.
Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға өтінімді, егер онда ұсынылған өтінімнің мәнін қозғамай түзетуге болатын грамматикалық немесе арифметикалық қателер болса, конкурстық құжаттаманың талаптарына жауап береді деп қарайды.
29. Конкурстық комиссия мынадай жағдайларда әлеуетті өнім берушіні біліктілік талаптарына сәйкес емес деп таниды:
1) әлеуетті өнім берушінің көрсетілетін қызметке бірлесіп орындаушыны тартқан жағдайда;
2) біліктілік талаптары жөнінде жалған ақпарат ұсынған.
Әлеуетті өнім берушіні Заңның 9-бабының 1-тармағында қарастырылмаған негіз-демелер бойынша біліктілік талаптарына сәйкес емес деп тануға жол берілмейді.
30. Конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті өнім беруші, егер:
1) олбіліктілік талаптарына сәйкес емес деп айқындалса;
2) Заңның 6-бабының талаптарына сәйкес келмесе.
Егер әлеуетті өнім беруші осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген негіздемелер бойынша конкурсқа қатысуға жіберілмесе, онда:
конкурсқа қатысуға жіберу туралы хаттамада осындай әлеуетті өнім берушінің конкурсқа қатысуға өтінімін кейінге қалдыру негіздемесі көрсетіледі;
Заңның 6-бабының талаптарын бұзған әлеуетті өнім беруші туралы мәліметтер белгіленген тәртіппен мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушыларының тізіліміне енгізілуге жатады.
31. Конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға отырысқа қатысқан барлық мүшелері, сондай-ақ конкурстық комиссияның хатшысы қол қояды.
Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға қол қойылған күннен кейінгі бір жұмыс күні ішінде көрсетілген хаттаманың көшірмесін конкурсқа қатысуға өтінім берген барлық әлеуетті өнім берушілерге береді немесе жібереді, сондай-ақ қол қойылған хаттаманың мәтінін тапсырыс берушінің нтернет қорында орналастырады. Конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға жіберу туралы шешімі Заңның 45-бабында белгіленген тәртіппен шағымдалуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |