Байланысты: Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар қолданылады
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар қолданылады: 1) баланың құқықтарын қорғау жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар - өз құзыретi мен өкiлеттiктерi шеңберiнде, заңдармен көзделген тәртiппен балалардың құқықтарын қорғау саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар (Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттiгi, Бiлiм және ғылым министрлiгi, Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi, Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Отбасы және әйелдер iстерi жөнiндегi ұлттық комиссия), сондай-ақ қорғаншылық және қамқоршылық органдары; 2) баланың заңды өкiлдерi - ата-аналары, асырап алушылары, қорғаншылары, патронат тәрбиешiлерi, отбасылық үлгiдегi балалар ауылының әкiмшiлiгi және заңдарға сәйкес өзге де адамдар; 3) елеусiз шығындар - баланың қалыпты өмiрiн қамтамасыз етуге және оның әлеуметтiк дамуына қажеттi шығындар; 4) баланың құқықтарын қорғау жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын ұйымдар - сәби үйлерi, интернат ұйымдары, балалар үйлерi, жалпы үлгiдегi жалпы бiлiм беру мектеп-интернаттары, ақыл-ойы кемiс балаларға арналған интернат-үйлерi, отбасылық үлгiдегi балалар ауылдары, Жасөспiрiмдер үйлерi және заңдармен көзделген тәртiппен баланың құқықтарын қорғау саласындағы қызметтi жүзеге асыратын өзге де тәрбиелеу және емдеу ұйымдары; а) сәби үйi - жетiм балалар мен ата-аналарының қамқоршылығынсыз қалған, сондай-ақ ақыл-ой мен дене дамуында мүкiсi бар балаларды тәрбиелеу және оларға медициналық көмек көрсету мақсатында заңдармен көзделген тәртiппен құрылатын мемлекеттік мекеме; б) интернат ұйымдары - заңдармен көзделген тәртiппен құрылатын, белгiлi бiр санаттардағы азаматтарға тұрғын орын бере отырып бiлiм алу құқығына мемлекеттiк кепiлдiктерді қамтамасыз ететiн орта бiлiм беру жүйесінің ұйымдары; в) жалпы үлгiдегi жалпы бiлiм беретiн мектеп-интернат (жалпы бiлiм беретiн мектептер жанындағы интернат) - тиiстi жалпы бiлiм беретiн мектептерi жоқ ауылдық елдi мекендерде тұратын оқушыларға бiлiм алу құқығын қамтамасыз етуге жағдай туғызу және балаларды отбасында тәрбиелеуге көмек көрсету мақсатында мектеп жанында жұмыс iстейтiн мектеп сияқты ұйымдық-құқықтық нысандағы ұйым; г) ақыл-ойы кемiс балаларға арналған интернат-үй - күтiмге, тұрмыстық және медициналық қызмет көрсетуге, сондай-ақ әлеуметтiк еңбекке бейiмделуге мұқтаж балалардың тұрақты тұруына арналған мемлекеттiк мекеме; д) отбасылық үлгiдегi балалар ауылдары мен Жасөспiрiмдер үйлерi - отбасылық үлгiдегi балалар ауылдары мен Жасөспiрiмдер үйлерi туралы заңдарға сәйкес құрылатын және жұмыс iстейтiн коммерциялық емес ұйымдар.