Мүгедектікті белгілеу. Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу тәртібі
«Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңына сәйкес мүгедек – бұл тұрмыс-тіршілігінің шектелуiне және оны әлеуметтiк қорғау қажеттiгiне әкеп соқтыратын, ауруларға, мертігулерге (жаралануға, жарақаттарға, контузияларға), олардың зардаптарына, кемiстiктерге байланысты организм функциялары тұрақты бұзылып, денсаулығы нашарлаған адам.
Мүгедектікті, оның себептері мен мерзімдерін, еңбек ету қабілетінен айрылу дәрежесін белгілеу тәртібі ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 бұйрығымен бекітілген Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларымен регламенттелген.
Неден бастау керек?
Алдымен сізге тұрғылықты/тіркелген жеріңіз бойынша медициналық ұйымға өзіңіздің учаскелік дәрігеріңізге не денсаулық сақтау ұйымының бейінді маманына бару керек, ол қажетті диагностикалық және емдеу іс-шараларының көлемін, оның ішінде көрсеткіштер бойынша стационарлық тексеру мен емдеу көлемін анықтайды, диагнозды және функционалдық бұзылулар дәрежесін белгілейді.
Диагностикалық, емдеу және оңалту іс-шаралары кешенін жүргізгеннен кейін, организм функцияларының тұрақты бұзылуы болған кезде, медициналық ұйымдар, анатомиялық ақаулары бар адамдарды және организм функцияларының елеулі немесе айқын білінетін бұзылулары бар және оңалту әлеуеті жоқ жазылмайтын ауруларды қоспағанда, еңбекке уақытша жарамсыздық басталған немесе диагноз қойылған сәттен бастап төрт айдан ерте емес адамдарды МӘС-ке жібереді.
Бұл ретте, медициналық тексерудің толықтығы, көлемі және адамдарды медициналық-әлеуметтік сараптамаға жіберудің негізділігін жіберген медициналық ұйымның дәрігерлік-консультациялық комиссиясының (ДКК) төрағасы қамтамасыз етеді.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтық бөлімшелері (МӘС бөлімдері) МӘС жүргізіеді.
МСЭ бөлімінің мамандары куәландырылатын адамды қарау, оның организм функцияларының бұзылу дәрежесін және тіршілік-тынысының шектелуін, оның ішінде еңбек ету қабілетін бағалау және ұсынылған құжаттарды (клиникалық-функционалдық, әлеуметтік, кәсіби және басқа да деректер) қарау негізінде алқалы түрде сараптамалық қорытынды шығарады.
МӘС тұрақты тұратын (тіркелген) жері бойынша жүргізіледі, бірақ бірқатар жағдайларда ДКК қорытындысы бойынша үйде, стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарында, қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде, тергеу изоляторларында немесе сырттай емдеуде тұрған жері бойынша жүргізіледі.
Қандай құжаттарды ұсыну қажет?
Куәландыру (қайта куәландыру) медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізуге өтініш бойынша мынадай құжаттарды (ашып көрсету) ұсына отырып жүргізіледі:
денсаулық сақтау ұйымдарының мамандары толтыратын медициналық-әлеуметтік сараптамаға жолдама. Куәландыру осы жолдаманың негізінде, онда көрсетілген жолдама күнінен бастап бір айдан кешіктірілмей жүргізіледі;
медициналық ұйым әзірлеген жағдайда пациентті (мүгедекті) оңалтудың жеке бағдарламасының медициналық бөлігінің көшірмесі;
куәландырылатын адамның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі және салыстыру үшін түпнұсқа;
Адамды қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде немесе тергеу изоляторында ұстау фактісін растайтын анықтама (еркін нысанда);
аурудың динамикасын талдау үшін амбулаториялық пациенттің медициналық картасы. Ауру тарихынан үзінділердің, мамандардың қорытындылары мен тексеру нәтижелерінің көшірмелері - болған жағдайда;
Сонымен қатар, белгілі бір жағдайларда келесі құжаттар ұсынылады:
тұрақты тұратын (тіркелген) орнынан тыс жерде МСАК ұйымына тіркелген жағдайда – медициналық ұйымға тіркеу анықтамасының (талонының) көшірмесі;
еңбекке уақытша жарамсыздық парағы (анықтамасы) – сараптамалық қорытынды туралы деректерді енгізу үшін жұмыс істейтін адам ұсынады;
еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі және (немесе) өндірістегі еңбек сипаты мен жағдайлары туралы мәліметтер (жұмыс беруші толтырады) – алғашқы куәландыру кезінде еңбек етуге қабілетті жастағы адам ұсынады (болған жағдайда), өндірістік жарақаттар немесе кәсіптік аурулар болған жағдайларда ұсыну міндетті;
ресімделген күнінен бастап бір айдан кешіктірмей ұсынылған ДКК қорытындысы – консультацияға жіберген, үйде, стационарда немесе сырттай куәландыру (қайта куәландыру) қажет болған, ОЖБ қалыптастыруға немесе түзетуге жіберген жағдайларда;
міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу (немесе қатыспау) фактісін растайтын құжат – осы әлеуметтік қатер бойынша жалпы еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі (ЖЕА) алғаш рет белгіленген жағдайларда ұсынылады;
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің "Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру материалдарын ресімдеу бойынша нысандарды бекіту туралы" 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1055 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиға туралы актінің көшірмесі және салыстырып тексеру үшін төлнұсқасы – өндірістік жарақат алған немесе кәсіптік ауруға шалдыққан адам осы жазатайым оқиға бойынша КЕА және (немесе) мүгедектіктің себебін белгілеу үшін КЕА дәрежесін алғашқы рет белгілеу кезінде ұсынады;
Еңбек гигиенасы мен кәсіптік аурулар ұлттық орталығынан берілгеніне екі жылдан аспаған қорытындының көшірмесі (еркін нысанда) және салыстырып тексеру үшін төлнұсқасы – кәсіптік ауруға шалдыққан адам ұсынады;
себеп-салдарлық байланысты белгілеген тиісті қызмет саласындағы уәкілетті орган берген құжаттың көшірмесі және салыстырып тексеру үшін төлнұсқасы – жараланумен, контузиямен, жарақаттанумен, мертігумен, аурумен байланысты мүгедектіктің себебін айқындау үшін бір рет ұсынылады;
жарақаттың немесе аурудың еңбек (қызметтік) міндеттерін орындаумен себеп-салдарлық байланысы туралы сот шешімінің көшірмесі және салыстырып тексеру үшін төлнұсқасы – жұмыс беруші – дара кәсіпкердің жұмысы тоқтатылған немесе заңды тұлға таратылған жағдайда өндірістік жарақат алған немесе кәсіптік ауруға шалдыққан адам ұсынады;
мүгедектің тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларын тексеру актісі – тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларды жақсартуға ОЖБ-ның әлеуметтік және кәсіптік бөлігін әзірлеу үшін мүгедек немесе оның заңды өкілі ұсынады. Тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларды тексеру актісін жергілікті атқарушы органдардың мамандары жүргізеді;
өтінішті заңды өкілі берген кезде – заңды өкілінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі; қамқоршылықты (қорғаншылықты) белгілеген жағдайда, қамқоршылықты (қорғаншылықты) белгілеуді растайтын құжаттың көшірмесі және салыстырып тексеру үшін төлнұсқасы ұсынылады;
денсаулық жағдайы нашарлаған кезде мүгедектіктің себебін өзгерту мақсатында дәйексіз құжаттарды ұсыну, сараптама қорытындысын негізсіз шығару фактілері анықталған кезде мерзімінен бұрын қайта куәландырған жағдайда – мүгедектігі туралы анықтама және жалпы еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі туралы анықтама ұсынылады;
"Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу актісі кітаптарының нысандарын және осы кітаптардағы жазбалардың негізінде берілетін куәліктердің нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 12 қаңтардағы № 9 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша атын, әкесінің атын, тегін ауыстыру туралы куәліктің көшірмесі және салыстырып тексеру үшін төлнұсқасы куәландырылатын адам атын, әкесінің атын (бар болған кезде), тегін ауыстыруды мемлекеттік тіркеуден өткізген жағдайларда қайта куәладандыру кезінде ұсынылады.
Егер тізбеде көрсетілген құжаттардағы мәліметтер мемлекеттік ақпараттық жүйелерде болса және электрондық форматта сұралса, онда оларды ұсыну қажет емес.
Куәландырылатын адам немесе оның заңды өкілі жоғарыда белгіленген құжаттарды МӘС бөліміне ұсынған күн мүгедектікті, еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу күні болып есептеледі.
МӘС бөлімінің сараптамалық қорытындысы өтініш берген күні не МӘС әдіснама және бақылау бөліміне консультацияға жіберу кезінде өтініш берген күннен бастап он жұмыс күні ішінде шығарылады.
Организм функцияларының бұзылуы мен тіршілік-тынысының, оның ішінде еңбек ету қабілетінің шектелуі дәрежесіне қарай мүгедек деп танылған адамға бірінші, екінші немесе үшінші топтағы мүгедектік, ал он алты жасқа дейінгі адамға "мүгедек бала" санаты, ал он алты жастан он сегіз жасқа дейінгі адамға бірінші, екінші, үшінші топтағы "мүгедек бала" санаты белгіленеді.
МӘС жүргізу кезінде мынадай мүгедектік себептері және (немесе) ЖЕА дәрежелері айқындалады:
жалпы ауру;
еңбек жарақаты;
кәсіптік ауру;
бала кезінен мүгедек;
он алты жасқа дейінгі мүгедек балалар;
он алтыдан он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балалар;
тиісті қызмет саласындағы уәкілетті орган себептік-салдарлық байланысты белгілеген жағдайда, қызмет мiндеттерiн атқару кезiнде, әскери қызмет өткеру кезiнде, азаматтық немесе әскери мақсаттағы ядролық объектiлердегi авариялардың зардаптарын жою кезiнде не ядролық объектiлердегi авариялық жағдайлар нәтижесінде алған жарақат, контузия, мертiгу, ауру, әскери қызмет міндеттерін (қызметтік мiндеттерiн) атқаруға байланысты емес жазатайым жағдайдың салдарынан болған мертiгу не әскери және қызметтік борышын орындауға байланысты емес ауру;
тиісті қызмет саласындағы уәкілетті орган себеп-салдарлық байланысты белгілеген жағдайда төтенше экологиялық жағдайлар, оның iшiнде ядролық жарылыстар мен сынақтар кезiндегi радиациялық әсер етудiң салдарынан және (немесе) олардың зардаптарынан болған мүгедектер.
Өзінің еңбек (қызметтік) міндеттерін атқару кезінде өндірістік жарақат алған және (немесе) кәсіптік ауруға шалдыққан қызметкерді МӘС жүргізу кезінде кәсіби еңбекке жарамдылықтан айырылудың (КЕА) мынадай себептері белгіленеді:
еңбек жарақаты;
кәсіптік ауру.
Адамды мүгедек деп тану үшін мынадай бірнеше міндетті шарттардың бір мезгілде болуы:
организм функцияларының тұрақты бұзылуынан денсаулықтың бұзылуы;
тіршілік-тынысының шектелуі (адамның өзіне өзі қызмет көрсету, өздігінен жүріп-тұру, бағдарлану, қарым-қатынас жасау, өзінің мінез-құлқын бақылау, оқу немесе еңбек қызметімен айналысу қабілетінен немесе мүмкіндігінен толық немесе ішінара айырылуы);
әлеуметтік қорғау шараларын жүзеге асыру қажеттігі негіздеме болып табылады.
Жас мөлшеріне қарай организмде пайда болатын өзгерістер мүгедектік тобын белгілеу үшін негіздеме болып табылмайды
Мүгедектікті белгілеу критерийлері
Тіршілік-тынысының мынадай санаттарының бірінің:
үшінші дәрежедегі өзіне-өзі қызмет көрсетуге;
үшінші дәрежедегі жүріп-тұруға;
үшінші дәрежедегі еңбек қызметіне (еңбек ету қабілеті);
үшінші дәрежедегі оқуға;
үшінші дәрежедегі бағдарлай білуге;
үшінші дәрежедегі қарым-қатынас жасауға;
үшінші дәрежедегі өзінің мінез-құлқын бақылауға қабілетінің өте айқын білінетін шектелуіне немесе олардың ұштасуына әкеп соқтыратын аурулардан, жарақаттар немесе кемістіктер салдарынан болатын организм функцияларының тұрақты едәуір немесе өте айқын білінетін бұзылуы бірінші топ мүгедектігін белгілеу үшін критерий болып табылады.
Тіршілік-тынысының мынадай санаттарының бірінің:
екінші дәрежедегі өзіне-өзі қызмет көрсетуге;
екінші дәрежедегі жүріп-тұруға;
екінші дәрежедегі еңбек қызметіне (еңбек ету қабілеті);
екінші дәрежедегі оқуға;
екінші дәрежедегі бағдарлай білуге;
екінші дәрежедегі қарым-қатынас жасауға;
екінші дәрежедегі өзінің мінез-құлқын бақылауға қабілетінің айқын білінетін шектелуіне немесе олардың ұштасуына әкеп соқтыратын аурулардан, жарақаттар немесе кемістіктер салдарынан болатын организм функцияларының тұрақты айқын білінетін бұзылуы екінші топ мүгедектігін белгілеу үшін критерий болып табылады.
Тіршілік-тынысының мынадай санаттарының бірінің:
бірінші дәрежедегі өзіне-өзі қызмет көрсетуге;
бірінші дәрежедегі жүріп-тұруға;
бірінші дәрежедегі еңбек қызметіне (еңбек ету қабілеті);
бірінші дәрежедегі оқуға;
бірінші дәрежедегі бағдарлай білуге;
бірінші дәрежедегі қарым-қатынас жасауға;
бірінші дәрежедегі өзінің мінез-құлқын бақылауға қабілетінің орташа білінетін шектелуіне немесе олардың ұштасуына әкеп соқтыратын аурулардан, жарақаттар немесе кемістіктер салдарынан болатын организм функцияларының тұрақты орташа бұзылуы үшінші топ мүгедектігін белгілеу үшін критерий болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |