Қосылған құн салығынан босатылған айналымдар және импорт



Дата25.11.2019
өлшемі107,9 Kb.
#52416
Байланысты:
ққсссс
95d239ff8043982a54103f3b6ee7d072b3bd22cf, 95d239ff8043982a54103f3b6ee7d072b3bd22cf, 95d239ff8043982a54103f3b6ee7d072b3bd22cf, toymataev, toymataev, әк. құқық, әк. құқық
Жоспар


  1. Қосылған құн салығының экономикалық мазмұны, төлеушілер және салық салу объектілері................................................................................................3

    1. Қосылған құн салығынан босатылған айналымдар және импорт......8

  2. Қосылған құн салығын есептеу және төлеу тәртібі.....................................11

  3. Дамыған мемлекеттердегі ҚҚС.....................................................................14

  4. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..................................................................16



  1. Қосылған құн салығының экономикалық мазмұны, төлеушілер және салық салу объектілері

Қосылған құн салығы ең маңызды жанама салық түрі бола отырып, салықтардың қазынашылық және реттеушілік қызметтерін атқарады. Бірінші қызметті салық салудың нақты базасының және салықтың жиналуының оңайлығының есебінен бюджет табысы берілген салық бойынша түсімдерді көбейтуді жүзеге асырады. Ал реттеушілік қызметі өз кезегінде тауар айналымының мерзіміне және оның сапасына бақылауды күшейтеді, сонымен қатар өндірістік қорлануды ынталандыруда көрінеді (1 – сурет).

1 – сурет. Қосылған құн салығының элементтері

Салықтың көзі Қосылған құн

Салық салу объектісі Салық салынатын айналым және импорт

Салық субьектілері Салық комитетінде есепте тұрған тұлғалар

Салық салу бірлігі Ақшалай

Салық ставкасы Негізгі – 12%, 0%

Салық алу әдісі Баға жүйесі арқылы

Жанама салықтар – тікелей емес жанама түрде тауар немесе қызмет құны арқылы алынады. Жанама салықтарды сатушы емес тұтынушы төлейді. Тауар немесе қызмет бағасына алдын-ала салық енгізілмегендіктен, іс жүзінде оны бюджетке сатушы аударады. Біздің елімізде мұндай салықтарға акциздер, ҚҚС және кедендік баж салығы жатады.

ҚҚС аударылуын 2-суреттен көруімізге болады.

2- сурет. Қосылған құн салығын өндіріп алу процесі



Сатушы


Өзіндік құн + табыс + ҚҚС = тауар құны сатып алушы

Сатушы арқылы


Мемлекеттік бюджет



ҚҚС-тың басқа салықтарға қарағанда артықшылықтары мен кемшіліктері төмендегі кестеде келтірілген (1-кесте).

ҚҚС артықшылықтары мен кемшіліктерінде аталған тұлғалар қосылған құнға салынатын салық төлеушілерге жатпайды.
1-кесте. ҚҚС-тың артықшылықтары мен кемшіліктері



Артықшылықтары

Кемшіліктері

1

2

3

1

Ставкаларының тұрақтылығына қарамастан салықтық түсімдерді бағалардың өсімімен тікелей байланыстырып отырады және бюджеттік қаржылардың қолданылуын инфляциялық процестердің әсерінен сақтап отырады.

ҚҚС ставкасының жоғары болуы нарықтағы сатып алушылық қабілетті төмендетеді.

2

ҚҚС ставкаларын пайдалану арқылы тұтынушылардың сұранысын реттеп отырады

Белгілі бір дәрежеде кемімелі салық болып табылады, себебі соңғы тұтынушға салық ауыртпалығы түседі

3

Қазыналық қызмет атқара отырып, баға және инфляция деңгейін реттеп отырады

ҚҚС төлеу шикізатпен жабдықтаушының төлейтін уақыты мен тауарды сатып алушының уақыты кезінде бір біріне сәйкес келмейді

4

Өнімді артығымен өндіру дағдарысына қарс әрекет ету және мемлекеттің экономиканы реттеу құралы болып табылады

Салықтық есептегі салықты алу әдісі айналымнан қаржыларды алып отыруына алып келеді

5

ҚҚС тауарлардың тек деңгейі емес сонымен бірге сапасы бойынша әлемдік тәжірибеде ерекшеленеді. Төмендетілген ставкалар азық-түлікке, жоғарылатылған ставкалар сәндік бұйымдарға белгіленеді

ҚҚС ставкасының жоғары деңгейі бағаның өсіміне алып келеді

6

Әлемдік тәжірибеде бәсекеге қабілеті төмен өнім өндірушілерді нарықтан ығыстыру құралы болып табылады

ҚҚС реттеушілік қызметін дұрыс пайдаланбау кәсіпкерлік белсенділікті төмендетеді

Өзінің экономикалық мазмұны бойынша бұл – ақырғы тұтынушыға толығымен аударылатын салықтың әмбебап жанама түрі болып табылады. ҚҚС-ты 1954 жылы Морис Лоре (француз экономисті) енгізіп, айналымға салынатын салықты алмастыруға қабілетті салық ретінде бейнеленеді. Бұл салық Франция жерінде 1968 жылы толығымен енгізіліп болды. Кейін келе Европалық Одаққа мүше болғысы келетін мемлекетке қойылатын алғышарттардың бірі болып саналады.

ҚҚС-ты есептеу барысында негізінен 4 әдіс қолданылады (3-сурет):


  • Тікелей аддитивтік немесе бухгалтерлік;

  • Жанама аддитивтік;

  • Тікелей шегерім жасау әдісі;

  • Жанама шегерім жасау әдісі.

Аддитивті – қосу жолымен алынатын шама. Бірінші және үшінші әдістер балансқа негізделген, анығын айтқанда ол табысты анықтау негізінде есептеледі. Бірақ компанияның балансында жасалған мәмілелер жалпылама түрде көрсетіліп, тауарлар түрлері бойнша жіктелмейді.

Үшінші әдіс өндірілген өнім құнынан жұмсалған шығындарды шегеріп тастағаннан кейін ғана салық ставкасын қолданған жағдайда ғана пайдаланады.

Ал тәжірибеде негізінен төртінші әдіс кеңінен тараған. Бұл әдіс арқылы дифференцияланған салық ставкасы мәміле жасаған сәтте бірден қолданылады, сондай-ақ шот-фактураны толтыру арқылы жасалған мәміле туралы , компанияның салық міндеттемелері туралыы ақпар алып отыруға мүмкіндік туады.

Көптеген елдерде ҚҚС-тан экспорттық операциялар азық-түлік тауарлары, дәрі-дәрмек, кітап, газет-журнал өнімдері, пошта, сақтандыру, жолаушы тасымалдау қызметтері босатылды.

Тұтынуға салынатын салықтардың ішіндегі ең күрделісі-1992 жылы енгізілген ҚҚС. Қазіргі кезде ҚҚС Қазақстан Республикасының бюджет кірістерінің ең негізгі көздерінің қатарынан саналады. Мемлекеттік бюджет кірістерінің 27,1 пайызын құрайды.

ҚҚС дүниежүзінің 40-тан астам елдерінде, соның ішінде Еуропа экономикалық одағының 17 мемлекетінде қолданылады. Бұл салықтың артықшылығы:

-біріншіден, ол жаңа құн жасалынған орын бойынша салық төлеушілердің үлкен тобынан алынады;

-екіншіден, төлеушілер үшін де есептеудің салыстырмалы қарапайымдылығымен ерекшеленеді;

-үшіншіден, бағалардың өзгеруіне, төлеушінің қаржылық ахуалына, инфляция деңгейіне қарамастан мемлекет бюджетінің кірістерін қалыптастырудың сенімді және тұрақты базасын қамтамасыз етеді.

ҚҚС төлеушілер (3-сурет):

1)Қазақстан Республикасында ҚҚС бойынша тіркеу есебіне тұрған мынадай тұлғалар:

-дара кәсіпкерлер;

-Резидент-заңды тұлғалар (мемлекеттік мекемелерді қоспағанда);

-қызметін Қазақстан Республикасында филиал, өкілдік арқылы жүзеге асыратын резидент еместер;

-сенімгерлікпен басқару құрылтайшыларымен не сенімгерлікпен басқару тауындайтын өзге жағдайларда пайда алушылармен сенімгерлікпен басқару шарттары бойынша тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді өткізу бойынша айналымды жүзеге асыратын сенімгерлікпен басқарушылар;

2)Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды импорттаушы тұлғалар.


3-сурет. Қосылған құн салығын төлеушілер




ҚҚС төлеушілер

  1. Қазақстан Респуликасында ҚҚС бойынша тіркеу есебіне тұрған тұлғалар

2) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды импорттаушы тұлғалар

Дара кәсіпкер

Резидент-заңды тұлғалар (мемлекеттік мекемелерді қоспағанда)

Қызметін Қазақстан Республикасында филиал, өкілдік арқылы жүзеге асыратын резидент еместер

Сенімгерлікпен басқару құрылтайшыларымен не сенімгерлікпен басқару туындайтын өзге жағдайларда пайда алушылармен сенімгерліпен басқару шарттары бойынша айналымды жүзеге асыратын сенімгерлікпен басқарушылар


ҚҚС-тың салық салу объектілері: Қазақстан Республикасында ҚҚС-тың негізінен екі салық салу объектілері бар:

1)салық салынатын айналым;

2)салық салынатын импорт.

ҚҚС-тың салық салу объектілеріне кеңірек тоқталатын болсақ, салық салынатын айналым:

1)салық салынбайтын айналымды қоспағанда, Қазақстан Республикасында тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді өткізу бойынша;

2)Қазақстан Республикасында ҚҚС төлеуші болып табылмайтын және қызметін филиал, өкілдік арқылы жүзеге асырмайтын резидент еместен жұмыстарды, қызмет көрсетулерді сатып алу бойынша қосылған құн салығын төлеуші жасайтын айналым.

Тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді өткізу бойынша айналым. Тауарларды өткізу бойынша айналымның құрамы:

1)тауарға меншік құқығын беру, оның ішінде:

-тауарды сату;

-кәсіпорынды тұтастай мүліктік кешен ретінде сату;

-тауардыы тиеп-жөнелту, оның ішінде басқа тауарларға, жұмыстарға, қызмет көрсетулерге айырбастау;

-тауар экспорты;

-тауарды өтеусіз беру;

-жұмыс берушінің тауарды қызметкерге жалақы есебінен беру;

-кепіл берушінің кепілге берілген мүлікті (тауарды) борыштың төленбеуі жағдайында беру;

2)тауарды бөліп-бөліп төлеу шартымен тиеп-жөнелту;

3)мүлікті қаржы лизингіне беру;

4)тауарды комиссия шарты бойынша тиеп-жөнелту;

5)бұрын экспорт кедендік рәсімінде шығарылған тауарды кері импорт кедендік рәсімінде қайтару.

Жұмыстарды, қызмет көрсетулерді өткізу бойынша айналым жұмыстарды кез келген, оның ішінде өтеусіз орындауды немесе қызмет көрсетулерді, сондай-ақ тауарды өткізуден ерекшеленетін, сыйақы үшін кез келген қызметті, оның ішінде:

1)мүліктік жалдау шарттары бойынша мүлікті уақытша иелікке және пайдалануға беруді;

2)зияткерлік меншік объектілеріне құқықтар беруді;

3)жұмыс берушінің қызметкерге жалақы есебінен жұмыстарды орындауын, қызмет көрсетулерін;

4)аванстарды және айыппұл санкцияларын қоспағанда, тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді өткізуге байланысты талап ету құқықтарын беруді;

5)сыйақы үшін кәсіпкерлік қызметті шектеуге немесе тоқтатуға келісім беруді қамтиды.

Салық салынбайтын айналымға жататындар:


  1. ҚҚС-тан босатылған айналымдар;

  2. Өткізу орны Қазақстан Республикасы болып табылмайтын тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді өткізу бойынша айналымдар.

Тауарды, жұмысты, қызмет көрсетулерді өткізу орны бойынша: тауарды өткіз орны:

  1. Егер тауарды беруші, алушы немесе үшінші тұлға тасымалдайтын (жіберетін) болса, тауарды тасымалдау басталған орын;

  2. Басқа жағдайларда – тауарды алушыға беру орны.

Жұмыстарды, қызмет көрсетулерді өткізу орны:

  1. Егер жұмыстар, қызмет көрсетулерді жылжымайтын мүлікпен тікелей байланысты болса, осы мүліктің орналасқан жері. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу орны немесе мұндай мүлікті мемлекеттік тіркеу жөніндегі міндеттеме болмаған жағдайда-нақты орналасқан жері жылжымайтын мүлік орналасқан жер болып танылады. Осы мақсатта ғимараттар, құрылыстар, көп жылдық көшеттер және жермен тығыз байланысты өзге де мүлік, яғни олардың не мақсатқа арналғанына шамадан тыс нұқсан келтірілмей көшірілуі мүмкін болмайтын объектілер, сондай-ақ құбырлар, электр беру желілері, ғарыш объектілері, мүліктік кешен ретіндегі кәсіпорын жылжымайтын мүлік болып танылады;

  2. Егер олар жылжымалы мүлікпен байланысты болса, жұмыстар, қызмет көрсетулер нақты жүзеге асырылатын орын. Мұндай жұмыстарға, қызмет көрсетулерге монтаждау, құрастыру, жөндеу, техникалық қызмет көрсету жатады;

  3. Егер осындай қызмет көрсетулер мәдениет, ойын-сауық, ғылым, өнер, білім, дене тәрбиесі немесе спорт саласындағы қызмет көрсетулерге жататын болса, нақты қызмет көрсетулер көрсетілетін орын. Осы мақсатта ойын-сауық саласындағы қызмет көрсетулерге ойын-сауық демалу мақсатындағы қызмет көрсетулер жатады, олар ойын-сауық орындарында (ойын орыын-жайлары, түнгі клубтар, кафе-барлар, мейрамханалар, интернет-кафелер, компьютерлер, бильярд, боулинг клубтары және кинотеатрлар, өзге де ғимараттар, үй-жайлар, құрылыстар) көрсетіледі;

  4. Жұмыстарды, қызмет көрсетулерді сатып алушының кәіпкерлік немесе кез келген басқа да қызметті жүзеге асыратын орны.


    1. Қосылған құн салығынан босатылған айналымдар және импорт

Мынадай тауар өткізулер, жұмыстар мен қызмет көрсетулер ҚҚС-тан босатылады:



  1. Почта төлемақысының мемлекеттік белгілері;

  2. Акциздік маркалар (акцизделетін тауарларды таңбалауға арналған есепке алу-бақылау маркалары);

  3. Уәкілетті мемлекеттік органдар жүзеге асыратын, соларға байланысты мемлекеттік баж алынатын қызмет көрсетулер;

  4. ҚР-ның заңнамасына сәйкес мемлекет мекемелерге немесе мемлекеттік кәсіпорындарға өтеусіз негізде берілетін негізгі құралдар, жылжымайтын мүлікке салынған инвестициялар, материалдық емес және биологиялық активтер;

  5. ҚР-ның заңнамасына сәйкес мемлекет мұқтаждары үшін сатып алынған мүліктер;

  6. Жерлеу бюроларының салт-жора қызмет көрсетулері, зираттар мен крематорийлердің қызмет көрсетулері;

  7. Лотерияларды өткізу жөніндегі қыызмет көрсетлерді қоспағанда, лотереялық билеттер;

  8. Төлем карточкаларымен жасалатын операциялар бойынша есеп-қисаптарды қатысушыларға жинау, өңдеу және таратып беру жөнінде қызмет көрсетулерді қоса алғанда, есеп-қисаптарға қатысушылар арасында ақпараттық және технологиялық өзара іс-қимылды қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетулер;

  9. ҚР-ның кеден аумағына «ҚР-ның кеден аумағында тауарларды қайта өңдеу» кеден режимінде әкелінген тауарларды қайта өңдеу және жөндеу жөніндегі қыызмет көрсетулер;

10)Халықаралық тасымалдауға байланысты жұмыстар мен қызмет көрсетулер, атап айтқанда: ҚР-ның аумағынан экспортталатын тауарлар, оныың ішінде, почта, тиеу, түсіру, қайта тиеу (ағызу-құю), жөнелту жөніндегі жұмыстар, қызмет көрсетулер, сондай-ақ транзиттік жүктер; әуежай қызметіне техникалық және аэронавигациялық қызмет көрсетулер жөніндегі қызмет көрсетулер; халықаралық рейстерге қызмет көрсету жөнінде теңіз айлақтарындағы қызмет көрсетулер;

11) тұрғын үй қорын басқару, ұстау мен пайдалану жөніндегі қызмет көрсетулер;

12) ұлттық валюта банкноттары мен монеталары;

13) егер мүгедектердің қоғамдық бірлестіктері, сондай-ақ өндірістік ұйымдар мына шарттарға сәйкес келсе:

-осындай өндірістік ұйымдардың қызметкерлері жалпы санының кемінде 51 пайызын мүгедектер құраса;

-мүгедектерге еңбекақы төлеу бойынша шығыстар еңбекақы төлеу бойынша жалпы шығыстардың кемінде 51 пайызын (есту, сөйлеу, көру қабілетінен айрылған мүгедектер жұмыс істейтін мамандандырылған ұйымдарда –кемінде 35 пайызын ) құраса, осындай бірлестіктер мен ұйымдардың, сауда-делдалдық қызметтен түскен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналыымдарынан және акцизделетін тауарларды өндіру мен өткізу бойынша айналымдардан басқа, тауарларын, жұмыстарын, қызмет көрсетулерін;

14) ҚР-ның тұрғын үй қатынастары туралы заңнамасына сәйкес жалға берілетін үйдің үй-жайларын жалға беру бойынша қызмет көрсетулер;

15) егер мәміле шарттарында салық төлеушінің өткізген тауарларының, орындалған жұмыстарының, қызмет көрсетулерінің сапасына кепілдік беру көзделсе, тауарларды пайдаланудың мәміледе белгіленген кепілдік мерзімі кезеңінде, олардың қосалқы бөлшектері мен бөлшектерінің құнын қоса алғанда, оларды өтеусіз жөндеу және оларға техникалық қызмет көрсету бойынша жұмыстар мен қызмет көрсетулер;

16) тазартылған қыымбат бағалы металдар-өз өндірісі шикізатынан дайындалған алтын мен платиналар;

17) ойын бизнесі салығы бойынша қызмет көрсетулер;

18) жерге және тұрғын үй ғимараттарына байланысты айналымдар, қаржылық қызметтер көрсету, мүлікті қаржы лизингіне беру, коммерциялық емес ұйымдар көрсететін қызметтер, мәдениет, ғылым және білім беру саласындағы қызмет көрсетулер мен жұмыстар, медициналық және ветеринариялық қызмет саласындағы тауарлар мен қызмет көрсетулер;

19) нотариаттық іс-әрекеттер, адвокаттық қызметті жүзеге асыру бойынша қызмет көрсетулер;

20) ұлттық басқарушы холдинг және дауыс беретін акцияларының 100 пайызын ұлттық басқарушы холдингке тиесілі заңды тұлғалар төлемдік, оралымдылық және қайтарымдық жағдайларында жүзеге асыратын ақшалай нысандағы қарыз операциялары;

Аталған заңды тұлғалардың тізбесін ҚР-ның Үкіметі бекітеді.

21) бажсыз сауда дүкенінің кеден режиміне орналастырылған тауарларды өткізу бойынша айналымдар.

22) ҚР-дағы табысы аз азаматтарды қолдауға (оларға көмек көрсетуге) бағытталған, ҚР-сы қатысушысы болып табылатын үкіметарлық келісім шеңберіндегі грант қаражаты есебінен көрсетілген резидент емсетің қызметтер көрсетуі.




  1. Қосылған құн салығын есептеу және төлеу тәртібі

Шот-фактура – ҚҚС төлейтін барлық төлеушілер үшін міндетті құжат.

ҚҚС төлеуші тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді өткізу бойынша айналымдарды жүзеге асырған кезде, аталған тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді алушыға шот-фактураны жазып беруге міндетті.

ҚҚС төлеуші шот-фактурада көрсетеді:



  1. ҚҚС салынатын айналымдар бойынша – ҚҚС-тың сомасын;

  2. ҚҚС-тан босатылған айналымдар бойынша «ҚҚС-сыз» белгісін.

Егер өнім беруші ҚҚС төлеуші болып табылмаса, берілетін шот-фактура немесе басқа да құжат «ҚҚС-сыз» белгісімен жазылады.

ҚҚС-ты есепке жатқызу үшін негіздеме болып табылатын шот-фактурада қамтылатын мәліметтер:



  1. Шот –фактураның араб цифрларымен көрсетілетін реттік нөмірі;

  2. Шот-фактураның жазып берілген күні;

  3. Тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді беруші мен алушының тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) не толық атауы, мекен-жайы;

3-1) өнім берушінің комитент немесе комиссионер мәртебесі;

  1. Тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді беруші мен алушының сәйкестендіру нөмірі;

  2. Өнім беруші –ҚҚС төлеушінің ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қойылғаны туралы куәлігінің нөмірі;

  3. Өткізілетін тауарлардың, жұмыстардың, қызмет көрсетулердің атауы;

  4. Салық салынатын айналымның мөлшері;

  5. ҚҚС-тың ставкасы;

  6. ҚҚС-тың сомасы;

10)ҚҚС ескеріле отырып, тауарлардың, жұмыстардың, қызмет көрсетулердің құны.

Шот-фактура айналым жасалған күннен бұрын жазылмайды және өткізу бойынша айналым жасалғаннан күннен кейінгі бес күннен кешіктірілмей жазып беріледі.

ҚҚС төлеуші шот-фактураны жазып беруге құқылы:

*ҚҚС салынатын электр энергиясын, суды, газды, байланыс қызметін көрсетуді, коммуналдық қызмет көрсетіуді, темір жол тасымалдарын, сондай-ақ көлік-экспедиторлық қызмет көрсетуді, банк операцияларын өткізу кезінде оның қорытындыысы бойынша шот-фактура жазып берілетін айдан кейінгі айдың 20-шы күннен кешіктірмей күнтізбелік айдың қорытындыларыы бойынша;

*есептелген сыйақы сомасы бөлігінде мүлікті қаржы лизінгіне беру кезінде оның қорытындысы бойынша шот-фактура жазып берілетін тоқсаннан кейінгі айдың 20-шы күнінен кешіктірмей күнтізбелік тоқсанның қорытындылары бойынша.

Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделетін негіздер бойынша салық төлеушінің мөрі болмаған жағдайларды қоспағанда, шот-фактура өнім берушінің басшысы мен бас бухгалтерінің қолдарымен, сондай-ақ салық төлеушінің мөрімен куәландырылады.

Шот-фактураны рәсімдеу мынадай жағдайларда талап етілмейді:


  1. Есеп айырысу бухгалтерлік есеп жүргізген кезде негіз болып табылатын бастапқы есепке алу құжаттарын қолдана отырып, халыққа коммуналдық қызмет көрсетулер, байланыстық қызмет көрсетулер үшін банктер арқылы жүзеге асырылғанда;

  2. Жолаушы тасымалдау жол билетімен, оның ішінде әуе көлігінде берілетін электрондық билеттермен рәсімделгенде;

  3. Халыққа тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызмет көрсетулерді қолма-қол есеп айырысумен өткізген жағдайда сатып алушыға бақылау-касса машинасының чегі берілгенде;

  4. Қаржылық қызмет көрсетулер кезінде.

ҚҚС-тың ставкалары бірнеше мәрте өзгерістерге ұшырады (4-сурет). Елбасымыздың тапсырмасымен кәсіпкерлікті қолдау мақсатында салық ставкасы екі еседен аса мөлшерге төмендетілді.

Бүгінгі таңдағы ҚҚС-тың ставкалары:



  1. Салық салынатын айналым мен салық салынатын импорттың мөлгеріне 12 пайыз;

  2. Нөлдік ставка бойынша салық салынатын тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді өткізу бойынша айналымдар.



1992 жылы

Бірыңғай 28%

4-сурет. Қосылған құн салығының ставкалары


1995 жылы

ССА -20 %, 0 %; ССИ – 20 %



1999 жылы

ССА-20%, 0 %; ССИ-20%, 10%



2002-2003 ж.ж

ССА-16%, 0%; ССИ-16%



2004-2006 ж.ж

ССА-15%, 0%; ССИ-15%




2007 жылы

ССА-14%, 0%; ССИ-14%



2008 жылы

ССА-13%, 0%; ССИ-13%



2009-2010 ж.ж.

ССА-12%, 0%; ССИ-12%

Қосылған құнға салынатын салықты есептеу механизмі. Мысалы: «А» кәсіпорны «Б» кәсіпорнынан 120000 теңгеге өнім сатып алды, оның 12857 теңгесі 12%-дық ставка бойынша қосылған құнға салынатын салықты құрайды. «Б» кәсіпорны 120000 теңгенің тауарын сатқаны үшңн бюджетке 12857 теңге салық төлеуі тиіс.

«А» кәсіпорны бюджетке «Б» кәсіпорны арқылы қосылған құнға салынатын салықты төлейді.

12000*12%/112%=12857

Сосын «А» кәсіпорны өз тауарын сатып, 180000 теңге кіріс кіргізді (180000*12%*112%=19286 теңге). Қосылған құнға салынатын салық 19286 теңгені құрайды.

Енді «А» кәсіпорны бюджетке қосылған құнға салынатын салық төлеуі керек. Алдында «А» ксәпорны «Б» кәсіпорнына 12857 теңге қосылған құнға салынатын салықты төлеген, ендеше «А» кәсіпорны бюджетке 19286-12857=6429 теңге ғана төлеуі керек.

Осылайша кәсіпорындар шаруашылық қатынас арқылы байланысын қарай келе, сатылым пайдасын ала отырып және бюджетке қосылған құн салығын төлей жүріп, алдыңғы мекеменің қосылған құн салығы бойынша міндеттемелерін азайтады, сонымен қатар біреулерге тауар немесе қызмет көрсету бағасымен қосылған құн салығын төлеу арқылы бюджет алдындағы өз міндеттерін де азайтады.

Бюджетке төленетін қосылған құн салығы құны есептеу сомасына жатады да, жеткізушіге төленген – есепке жатқызу сомасы болып есептеледі. Бюджетке есептелген сома мен есепке жатқызу сомасының айырмасы аударылады. Есептелгені 19286-12857 есепке жатқызылғаны = 6429.





  1. Дамыған мемлекеттердегі ҚҚС

Алғашқы рет ҚҚС-ты Францияда француз экономисты Лоре 1949 жылы ұсынған, бірақ Үкімет бұл салықта экономикаға енгізудің маңызы жоқ деп шешті. Бірнеше жылдар өткен соң ғана (1954 жылы) мемлекеттегі экономикалық жағдай жақсарғаннан кейін ҚҚС қайта қарастырылып, енгізілді. 1968 жылы Францияда ҚҚС-ы толық енгізілді. Бұған дейін салық таза күйінде ешбір мемлекетте қолданылған жоқ, тек 1968 жлдан бастап салықтың тартылуы интенсивті қарқын алды. Оған әсер еткен 1967 жылдың сәірінде Еуропалық Одаққа (ЕЭС) кіретін мемлекеттерде ҚҚС-ын жанама салықтың негізгі түрінде енгізуді қабылдаған бірінші және үшінші Еуропалық Одақ Директивасы болды және оны 1972 жылға дейін енгізу мерзімі анықталды. Болашақта қауыымдастыққа кіруге мүдделі мемлекеттерге ҚҚС жүйесінің жұмыс істеуі міндетті болды. ҚҚС-ын қолданудың нұсқаулары төртінші Директиввамен бекітілді.

Жалпы Францияның салықтарын үш ірі топ бойынша жіктеуге болады:


  • Табыс салығы: бұл салықтар табыстан ұсталынады;

  • Тұтыну салықтары: бұл салықтар табыстың жұмсалуы кезінде ұсталынады;

  • Капиталға салынатын салық: мүліктен ұсталынады, яғни табыстың затқа ауысуы.

ҚҚС салық салу объектісі – тауар немесе қызметтің сату бағасы. Салық ставкасы – 18,5 пайыз. Автокөлік, кинотауарлары, темекі бұйымдары, парфюмерия, бағалы былғары өнімдеріне – 22 пайыз. Азық-түлік және ауылшаруашылық өнімдеріне, кітап, дәрі-дәрмектерге, сондай-ақ туристік және қонақ үй, жүк және көлік тасымалы қызметтеріне – 5,5 пайыз. Әкімшілік, әлеуметтік, тәрбие беру, мәдениет, спорт салаларында жұмыс жасайтын мемлекеттік мекемелер, ауылшаруашылық өнлірісі, жеке білім беру, емдеу, рухани салада қызмет көрсететін тұлғалар қосылған құн салығынан босатылған.

Дамыған елдерде ҚҚС-ты анықтаудың бірнеше әдіс-тәсілдері бар. Франция да осы әдістер мен тәсілдердің бірі қолданылады. Сол тәсілдердің біріншісі – еңбек ақы сомасы мен алынған пайданың сомасы деп есептейді.

Екіншісі – қосылған құнды тауарды сатқаннан түскен пайда мен шығынның арасындағы айырма деп есептейді. Екінші әдіс біріншіге қарағанда кең тараған. Себебі, пайда мен еңбек ақыдан басқа есепке оперативтік-шаруашылық шығындар да жатқызылады.

Америка Құрама Штаттарында конституциялық принциптеріне негізделіп, салықты жинау уәкілеттілігі үкіметке, штаттардың үкіметіне, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына бекітілген.

АҚШ-тың салық жүйесі 1986 жылы қыркүйек айында қабылднған «Салық реформасы туралы» Заңның негізінде әрекет етеді, бұл соңғы кезеңдерде салыққа байланысты ең ірі іс-шараларының бірі болып табылады.

Тұрғындар табыс салығының үш түрін төлейді (федералдық, штаттық және жергілікті), екі мүлік салығын төлейді (штаттық және жергілікті).

Көпшілік тұтынатын тауарлардың бағасының құрамына бес салық түрі кіреді: федералдық, акциз, әмбебап және мамандандырылған акциздер.

Ұлыбританияда ҚҚС 1973 жылы 1-сәуірінде Еуропалық Экономикалық Қауымдастыққа кіргеннен бастап енгізілді. Бұл салық 1983 жлы қабылданған Заң негізінде реттеледі. Кейіннен ол біршама өзгертіліп, толықтырылды. Мемлекеттік бюджеттің орта есеппен 17-20 %-ын құрайды. ҚҚС-тың ставкасы – 17,5%.

Қазіргі таңда Германияда ҚҚС негізгі салықтардың бірі болып табылады. Бюджет кірісіндегі үлесі - 28-30 %-ға жуық. Салық салу объектісі – айналым болып саналады.

Салық екі түрлі ставкамен алынады:



  • 7 пайыз – азық-түлік, газет-журнал, кітаптарға, ауыл шаруашылығының өнімдеріне, жолаушы тасымалы қызметіне қолданылса,

  • Жоғарыда аталғандардан басқалардың барлығына 15 пайыздық ставка қолданылады.

Канада мемлекетінде ҚҚС 1991 жылдан бастап енгізілді. негізгі салық ставкасы - 7%. Азық-түлікке, медициналық препараттар мен жабдықтарға, денсаулық сақтау мен білім беру қызметтеріне салық салынбайды.

Италияда ҚҚС 1973 жылы 1-қаңтардан бастап енгізілді. қазіргі кезде салық сомасы барлық жанама салықтың 65-70 пайызын құрауда. ҚҚС түскен табыс пен өнімнің өзіндік құны арасындағы айырмадан есептеледі. Салықты тұтынушы төлейді, бюджетке сатушы аударады.

Үш түрлі салық ставкасы қолданылады:


  • Мемлекеттік кәсіпорындарға – 4 пайыздық ставка;

  • Азық-түлік өнімдеріне – 13,9 пайыздық ставка;

  • Жоғарыда аталғандардың басқаларының бәріне 19 пайыздық ставка.

Швеция елінде ҚҚС ел аумағында коммерциялық мақсатта жүргізілген барлық тауарлардың, қызметтердің саудасына салынады. ҚҚС бойынша салық салу объектісі бар компаниялар, кәсіпорындар, жеке тұлғалар ҚҚС төлеушілер ретінде есепке тұрулары керек. Жылдық айналымы 200 мың кроннан кем тұлғалар ҚҚС төлеуден босатылады.

Жалпы ҚҚС ставкасы келесідей тәртіпте орналасқан:



  • азық-түлік өнімдеріне - 21%;

  • қонақ үй қызметтеріне - 12%;

  • қалған тауарларға, жұмыстарға, қызметтерге - 25% ставкасы қолданылады.

Нидерландияда - 19%, Данияда - 25%-дық ставкамен ҚҚС әрекет етеді.

Ресейде 1991 жылдың 6-желтоқсанындағы РСФСР Заңына сәйкес ҚҚС 1992 жылдың 1-қаңтарынан бастап Ресейің барлық аумағында енгізілген. ҚҚС үш түрлі ставкамен алынады. Олар: нөлдік, 10% және 20%.



Пайдаланылған әдебиеттер тізімі


  1. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі), 2019ж.

  2. Салық және салық салу, I том. А.Д.Үмбеталиев, Ғ.Е.Керімбек. Алматы, 2014ж.

  3. Салықтар және салық салу. Б.Ж.Ермекбаева, А.А.Нурумов, А.С.Бекболсынова, М.Ж.Арзаева. Алматы, 2014ж.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет