Өсімдіктердің фотосинтетикалық және жалпы өнімділігі



Дата30.10.2019
өлшемі30,23 Kb.
#50810
Байланысты:
Фотосинтез


ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Өсімдіктердің фотосинтетикалық және жалпы өнімділігі

Ізденіс нәтижелерінен реферат




Нұғыман Жұмәділ




1. Фотосинтез, 2. Тыныс алу 3. Фотосинтез бен тыныс алудың арақатынасы 4. Факторлардың фотосинтезге әсері 5. Ассимиляттар


1. Жарық энергиясының су және көмірқышқыл газының химиялық байланысына әсер етіп, оттегі және минералды заттар бөлуі фотосинтез процесі д.а.

Өсімдік агрофитоценозын энергия ретінде күн сәулесін пайдаланып және көмірқышқыл газы мен суды пайдалана отырып, өсімдік массасын шығаратын (зауыт) үлкен жүйе ретінде қарастырған абзал.

Фотосинтезді толық түсіну үшін бар ақпараттарды біріктіру, жүйелеу керек. Және олардың өзара әсерін айқындау маңызды.

Фотосинтез, тыныс алу және өсімдік мүшелерін өсіру үшін ассимиляттарды тасымалдау және пайдалану – өсімдік түзілудегі ең маңызды процестер. Және олар өзара өте тығыз байланыста.

Ассимиляттар – фотосинтез процесінде күн радиациясының әсерінен жапырақтарда сіңірілген СО2 және тамыр жүйесі арқылы жерден сіңірілген минералға толы судың әрекеттесуі нәтижесінде пайда болған бірінші органикалық заттар. Осы кезде су транспирациясы жапырақтарда жүреді.



Тыныс алу процесінде органикалық заттар жұмсалады, және жаңа жасушаларды, ұлпалар мен ағзаларды түзуге қажетті заттарды синтездеу үшін энергия бөлінеді.

Өсу процесінде ассимиляттар жаңа ұлпалар, жасушалар, ағзалар түзуге кетеді.

Фотосинтез типіне қарай: С3 және С4 өсімдіктері: С3(тыныс алу процесінде СО2 қайта бөлінеді), С4(тыныс алу процесінде СО2 өте аз бөлінеді немесе мүлдем бөлінбейді).



Тыныс алу – өсімдіктің барлық мүшелерінде жүреді: 1) қараңғы кезең – жапырақ, сабақ, генеративті органдар және тамырда интенсивті жалпы барлық органдарда байқалады, 2) жарық кезең – жарықта фотосинтездеуші органдарда жүреді әрі жарық интенсивтілігі мен ауадағы О мен СО2 нің арақатынасынан тәуелді.

Жарық кезеңінің интенсивтілігі фотосинтез интенсивтілігіне тура пропорционал.

Фотосинтез бен тыныс алудың арақатынасы:

Фотосинтез интенсивтілігі тәуелді: жапырақ құрылысы және тығыздығы, саңылау (устьичный) аппарат.

Жапырақтың меншікті тығыздығы мен фотосинтез интенсивтілігі арасында сызықты тәуелділік бар.

Осындай тәуелділік меншікті тығыздық пен тыныс алу интенсивтілігі арасында бар.

Жапырақ тығыздығына тікелей байланысты жапырақ қалыңдығы өсімдік өсіп отырған жердегі жарық интенсивтілігінен тура пропорционал: жарық көбейген кезде қалыңдығы артады және керісінше.

Сонда жапырақтың меншікті тығыздығы және жарық интенсивтілігі газ алмасудың жоғарғы мәнініе тікелей әсер етеді: яғни әр жарық интенсивтілігіне лайықты жапырақты меншікті тығыздығы сай келеді.(газ алмасу максимал мәнге жетуі үшін). Ал өз кезегінде газ алмасу фотосинтез интенсивтілігін айқындайды.


Селекция үшін: өсімдіктің төменгі ярустарындағы жапырақтардың меншікті тығыздығы жоғарғы ярустан аз болса, өсімдік биомассасын интенсивті түрде жинайды.
Факторлар: жарық, су, СО2 көлемі, температура, ылғалдылық, минералды заттар.

Жарық интенсивтілігі фотосинтез интенсивтілігінің жоғарылауына әкеледі (басқа факторлар оптималды болған жағдайда). Бірақ жарықтың қанығу нүктесінен асар болса фотосинтез баяулайды.

Жарық бір өсімдіктегі жапырақтарда да өзгеше болады.

СО2 көлемі жиі фотосинтездің шектелуіне себеп болып жатады. СО2 көлеміне қатысты оптимум және минимум көлем мәндері орнатылған. С-4 өсімдіктерде максимум фотосинтез СО2-нің 0,03% көлемінде мүмкін болады. С-3 өсімдіктерде фотосинтез интенсивтілігі жарық интенсивтілігінің және СО2-нің қоса өсуімен(0,06-0,07%) мүмкін болады.

Температура. Ферментативтік реакцияларға тікелей әсері бар. Әр түрде тәуелділік графигіне қарай оптимум температура 12˚-тан 35˚-қа дейін құбылады. 0˚С-тан төмен жағдайда фотосинтез баяулайды.

Фотосинтез үшін оптималды температура жарық интенсивтілігіне қарай өзгереді.



Оптималды және минимум температура арасындағы айырма 25˚тан аспайды. Оптималды аралықтағы температурадан ауытқу байқалған жағдайда өсімдік өнімділігі 20%-ға дейін төмендейді.

Су. Судың жетіспеуі жапырақ саңылауларының (устьиц) ашылуына кедергі, СО2нің келуіне кедергі және фотосинтезді шектейді.

Минералды заттардың әсері де тікелей , олардың жетіспеуінен фотосинтез баяулайды.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет