Қосымша -2
Зерттеу мен Интерпретация
Ж.Орталық Азия аймағының ерекшеліктерін анықтайды және ғалымдардың берген бағасына өзіндік пікірін білдіреді. Берілген пікір авторлары: Л.Н. Гумилев, Ш.Уәлиханов, Ш.Монтескье, С.Хантингтон, А.Вамбери, Э.Добльхофер.
|
Негізгі ойды анықта-ңыз
|
Автор көзқарасымен келісемін, себебі...
|
Автор көзқарасымен келіспеймін, себебі...
|
Сұрағым бар
|
Л.Н. Гумилев,
|
|
|
|
|
Ш.Уәлиханов
|
|
|
|
|
Ш.Монтескье
|
|
|
|
|
С.Хантингтон
|
|
|
|
|
Э.Добльхофер
|
|
|
|
|
А.Вамбери
|
|
|
|
|
Өзіндік пікір:
|
Бағалау критерийлері:
1)Орталық Азиядағы өркениеттер туралы зерттеген 5 ғалымды атай алады
2)Зерттеуші ғалымдардың Орталық Азиядағы өркениеттерге байланысты басты ұстанымдарын сипаттай алады
3)Орталық Азиядағы өркениеттерге байланысты 2 басты ұқсастықты анықтай алады
4)Орталық Азиядағы өркениеттерге байланысты 2 басты айырмашылықты анықтай алады
GREAT формуласы әдісімен Орталық Азия өркениетінің рөлін талдауда алдыңғы сабақтардағы білімдерін және ғалымдардың берген пікірлерін қолданады.
GREAT формуласы арқылы Орталық Азия аймағының әлемдік өркениеттегі рөлін (маңызын) талдайды:
G (Groundbreaking) пайдалануға болады – елеулі/бетбұрысты;
R (Remembered) – барлығының есінде сақталған;
E (Events) – кең таралуға ие оқиға;
A (Affected) – болашаққа әсер еткен;
T (Terrifying) – қауіп.
1. Л.Н.Гумилев «Ежелгі түріктер» еңбегінде: «Ежелгі грек мәдениеті скиф мәдениеті дәуірінде туындап жатқан еді, Рим туралы сөз де етпеймін, тіпті Қытайдың өзі де жазуды жаңа игеріп жатты. Ал скиф патшалары, көшпелі тайпа одақтарының көсемдері Египет пирамидаларымен көлемі жағынан тең келер жерлеу ескерткіштерін құрып, Тутанхамон қазыналарымен салыстыруға келетін байлыққа толтырған еді. Осының барлығы б.з.д. VIII-VII ғасырларда Орталық Азияда мықты держава болып, тамаша мәдениет гүлденді.»
2. А.Вамбери: «Мерв, Манғышлақ, Гёрген және Отырар секілді жеке аудандарда, сірә, өткен ғасырларда мәдениет болған, алайда Орталық Азияның шөл даласы әрқашан қорқыныш тудырар шөл еді. Бір тамшы суы жоқ бірнеше күндік жол аралығы, көптеген шақырымдық құмға батқан мекендер, табиғаттың қатаң қаһары – осының барлығына ешбір өнер, ғылым мен сананың рухани жетістіктері қарсы тұра алмас. Маған Орталық Азияның бір тұрғыны: «Түркістан мен оның тұрғындарын Жаратушы ашу-ызаға келгенде жаратқан, ...түркістандықтар өз жүрегінен өшпенділік пен ызаны жоя алмайды» - деген еді».
3.Неміс тарихшысы Э.Добльхофер: «Бүгінгі кезде біз ежелгі түрік ескерткіштерінің тіліне бейқұмар қарай алмаймыз... Ежелгі мәдени халықтармен тұрақты қатынас негізінде қалыптасқан осы халық VI ғасырда дамудың жоғары сатысына жеткен еді»
4.Өркениеттер қақтығысы теорисының негізін салушы С.Хантингтон: «Орталық Азия аймағының солтүстік, солтүстік-батыс және шығыс шекаралары басқа өркениеттермен шектесіп жатыр, солтүстік-батыста - ортодоксалды христиандық, шығысында – буддисттік, ал – оңтүстік-шығысында конфуцийлік өркениеттер тобымен тоғысып жатыр. Осылайша, ислам әлемінің перифериялық аудандарының арасында басқа өркениеттермен өзара байланыс тұрғысынан Орталық Азия – бірегей және бірден бір ерекше аймақ болып табылады».
5.Ш.Уәлиханов: «Еуропада қаһарлы ордалы, қатыгез жабайылар сипатында көшпелі тайпалар жайлы жалған түсінік үстем болып келеді, көшпелі ... қырғыз (қазақ) туралы түсінік қатыгез және мал тәріздес варвар идеясымен тығыз байланысты. Шындыққа сайып келсек, осы варварлардың басым бөлігінде өз жазба немесе ауызша әдебиеті мен аңыздары да баршылық.»
6.Француз философы Ш.Монтескье «Парсы жазбалары» еңбегінде: «Әлемдегі бірде бір халық татарларды өзінің ұлықтығымен немесе жаулаушылық даңқымен асып түсе алмады. Бұл халық шынымен де Жаһанның билеушісі болып табылады; ал қалған халықтар оған қызмет ету үшін жаралғандай тәрізді, ол империяның негізін құрушысы және жоюшы; барлық уақытта ол жер үстінде өз қуаттылығын айқындайтын, барлық заманда ол халықтардың қамшысы болған еді.»
Достарыңызбен бөлісу: |