Тренингтің міндеттері:
1) өз баласын түсіну мүмкіндіктерін кеңейту;
2) баламен өзара қатынасты жақсы түсіну;
3) баламен өзара әрекеттің жаңа дағдыларын меңгеру;
Балалармен бірге мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеудің жолдарын көрсету.бала тәрбиелеу сапасының аз да болса жоғарлауына ықпал ету.
Қажетті құрал- жабдықтар: үлестірмелі қағаздар,А4 формат,қалам, доп және мақал –мәтелдер жазылған плакат,т.б.
Әдістері: пікір алмасу, сұрақ-жауап, тест, психологиялық жаттығулар.
Тренинг Бағдарламасы:
1. «Танысу » жаттығуы.
2. Топқа бөлу.
4. Ой жинақтау.
5. «Жанұя ойыны» сергіту жаттығуы.
6. Ситуациялық сұрақтар.
7. Тест «Бала тәрбиесі».
8. «Ашық айтсам..» анкетасы.
9. Қорытынды.
Тренинг Бағдарламасы:
Сынып жетекші сөзі:
-Сәлеметсіздер ме, құрметті ата-аналар!
Бүгінгі біздің «Отбасы махаббаты неде?»
атты тренинг – сабағымызға қош келдіңіздер! Ата-ананың тілегі –баласының жақсы адам болуы, еңбексүйгіштігі, оқу мен еңбектегі табыстары.
Баланы бастан бақпасаң,
Жамандықтан қақпасаң,
Қадірден жұрдай қасқа боп,
Кешкенің өмір босқа тек, - дегендей, баланың ыстық-суығына күймейтін,жақсылығына сүйінбейтін ата –ана жоқ шығар.
Бүгінгі ұл –ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі.Бүгінгі қыз –ертеңгі ана,ол шешеге қарап өсіп, бой түзейді. Балаға білім,тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса, оны жалғастырушы, демеуші –ата –ана.
1. «Танысу» жаттығуы.
Ата-аналар шеңбер бойымен тұрып, әрқайсысы өз есімін және балаңыздың есімін, балаңыздың жағымды қылығын атаңыз Қандай әсер алдыңыздар ? Не қиындық келтірді ?
2. Топқа бөлу.
|